Есептік жүктеменің анықтамасы

Есептік жүктемелерді анықтау

Өндірістік кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйесінде электрлік жүктемені анықтаудың бірнеше арнаулы орындары бар (9 сурет).

1. 1000В-тан аспайтын бір қабылдағыштың есептік жүктемесін анықтау (1 жүктеме); берілген электр қабылдағышқа келетін сым немесе кабельдің қимасын анықтауға және қабылдағышты күштік тарату шкафына немесе тарату желісіне жалғауға арналған аппаратты таңдау үшін керек.

2. 1000В-тан аспайтын қабылдағыштар тобының есептік жүктемесін анықтау (2 жүктеме); берілген қабылдағыштар тобын қоректендіретін тарату магистральінің, радиалды желілерінің қимасын анықтау үшін және берілген қабылдағыштар тобын негізгі күштік тарату шкафына немесе трансформатор-магистраль блогының сұлбасындағы қоректендіруші магистральіне жалғау аппаратын таңдау үшін керек.

3. Жеке қабылдағыштарды немесе қабылдағыштар тобын қоректендіретін күштік тарату шкафтары немесе жеке ірі қабылдағыштар кернеуі 0,69-0,4/0,23кВ цехтік қосалқы станцияның шиналарындағы есептік жүктемені анықтау (3 жүктеме). Бұл жүктемені анықтау цехтік ҚС 0,69 немесе 0,4/0,23 кВ шиналарынан шығатын жоғарыда айтылған қабылдағыштарды қоректендіретін желілердің қимасын және цех ҚС төменгі кернеу шинасына желілерді қосатын аппараттарды таңдау үшін қажет.

4. Трансформатордағы шығындарды есепке ала отырып, жеке цехтік трансформаторлардың немесе жеке қабылдағыштардың тарату орындарының 6-20кВ шиналарында тудыратын есептік жүктемесін анықтау (4 жүктеме). Цехтік трансформаторлар мен жоғарғы кернеулі қабылдағыштарды қоректендіретін тарату пункттарының шиналарынан шығатын желі сымының қимасын және сол желілерде орнатылған ажырату аппараттарын таңдау үшін керек.

5.Тарату пунктінің әрбір секцияларының шиналарындағы жалпы есептік жүктемені анықтау. Тарату пунктінің 6-20кВ шиналарының материалын және қимасын, желінің қимасын, басты төмендететін қосалқы станция (БТҚС) (ГПП) шинасы жағындағы ажырату аппараттарын таңдау үшін керек (5 жүктеме). Егер БТҚС-ның 6-20кВ шинасынан цехтік транформаторлар немесе қабылдағыштар қоректеніп жатса, онда 5-жүктеме 4-жүктеменің мағынасын білдіреді, тек БТҚС-ң 6-20кВ шиналарына қатысты.

6. БТҚС-ң әрбір секцияларында 6-20кВ шиналарындағы жалпы есептік жүктемесін анықтау (6 жүктеме). БТҚС-да орнатылған төмендеткіш трансформаторларының қуаты мен санын, БТҚС шинасының материалы мен қимасын, БТҚС трансформаторларының 6-20кВ-тық төменгі кернеу жағында орнатылған ажырату аппараттарын таңдау үшін керек.

7. Трансформатордағы шығынды есепке ала отырып, БТҚС трансформаторларының 35-220кВ-тық жоғарғы кернеулі жағындағы есептік жүктемесін анықтау. БТҚС трансформаторларын қоректендіретін желілерді жалғайтын аппараттарды таңдау үшін керек.

Есептік жүктемені анықтау

Есептік жүктемені анықтаудың бірнеше әдістері бар.

Электрлік жүктемені анықтаудың негізгі тәсілдеріне келесіні жатқызуға болады:

а) бекітілген (номиналды) қуат және сұраныс коэффициенті арқылы;

б)орташа қуат және максимум коэффициенті арқылы (жүктеме графигінің реттелген диаграммалар әдісі);

в) орташа қуат және жүктеме графигінің пішін коэффициенті арқылы;

г) орташа қуат және орташа есептік жүктемеден ауытқуы арқылы (статистикалық әдіс).

Есептік жүктемені анықтаудың қосымша тәсілдеріне келесіні жатқызуға болады:

а) қандай да бір уақыт аралығында берілген көлемдегі өнімнің шығарылу кезеңін өнімнің бірлігіне кететін электр энергияның меншікті шығыны арқылы;

б) өндіріс ауданының бірлігіне кететін меншікті жүктеме арқылы.

 
 

 

Бекітілген (номиналды) қуат және сұраныс коэффициенті арқылы есептік жүктемені анықтау

Жұмыс режімі біркелкі электр қабылдағыштар тобының есептік жүктемесі келесідей анықталады

,

,

мұндағы Кса­ – берілген сипаттаманың топ үшін анықтамадан алынған

сұраныс коэффициенті;

tg  – берілген қабылдағыштар тобына сәйкес анықтамадан алынған Соs

– ға сәйкес келеді.

Электр жабдықтау жүйе (цех, корпус, кәсіпорын) түйінінің есептік жүктемесі қабылдағыштардың жеке тобының есептік жүктемелерін қосу арқылы табылады

мұндағы – жеке қабылдағыштардың топтарының есептік активті

жүктемелерінің қосындысы;

– жоғарыда айтылған реактивті қуатқа қатысты;

Кр.м – жүктеме максимумдарының әр мезгілдік коэффициенті. Электрмен жабдықтау жүйесіндегі түйіннің орналасқанына байланысты 0,85-1,0 деп алады.