Сымдар мен кабельдердіорналастыру (тарту) әдісі

Кабельдер мен сымдарды төсеу әдістері

Электрэнергиясын өндірістік кәсіпорындарының тұтынушыларына жеткізу, таратуы электр желісі арқылы іске асады. Электр қабылдағыштар цех ішінде қосалқы станция мен тарату құрылғыларына қорғаныстық, қосқыш аппараттар арқылы қосылады.

Өндірістік кәсіпорындарында электр желісі ішкі (цехтік) және сыртқы болып орындалады. Ішкі желі ашық болуы мүмкін: қабырға, төбе және басқа элементтерінің (құбырларда, коробкаларда, лотокторда) бетінде орналасады және де жасырылған болуы мүмкін: ғимараттардың конструктивті элементтерінің ішінде орналасады (қабырға ішінде, еденнің астында, фундаментте, т.б). Ал сыртқы желі ғимараттың сыртында орналасады, ғимараттар арасында және тіреулерде.

Электр желісінің өткізгіштері оқшауланған және оқшауланбаған болуы мүмкін. Оқшауланған өткізгіштер қорғалған және қорғалмаған түрде орындалады. Қорғалған өткізгіштер оқшауламасының сыртынан металл қаптамамен қапталады, ол механикалық бұзылудан қорғау үшін қажет. Қорғалмаған өткізгіштерде ондай қаптамалар болмайды.

Сымның, кабельдің маркаларын, желінің түрін, орындау әдісін таңдау қоршаған ортаның сипаттамаларына байланысты анықталады, цех ішінде технологиялық жабдықтардың орналасуына және корек көзімен, басқа да сипаттамалармен анықталады.

Өндірістік кәсіпорындардың электр желісінде шинаөткізгіш кеңінен қолданылады. Олар құрылымы бойынша - ашық және жабық, тағайындалуына қарай - радиальды таратушы (ШМА, ШРА) және магистральді болады. ШМА айнымалы токқа, ШМАД тұрақты токқа арналған. Олар алюминийден жасалған, ШРА - алюминийден және мыстан жасалады.

1кВ-қа дейін және одан жоғары электр желісінде күштік кабельдер қолданылады.. Механиканы зақымданудан қорғау үшін кабельдерді ғимарат ішінде жанбайтын плиталармен жабылған каналдарда орналастырады. Қимасы үлкен кабель желілері ерекше шарттарда ие ортада орналасқан ірі электр қабылдағыштарды қоректеу үшін қолданылады.

Сымдарды қорғаныс құбырларда төсеу

Бұл қорғаныс механикалық зақымдалудан қорғайды, ол құбырлардың қосымша шығынымен байланысты.

Кемшілігі: мұндай төсеу, әсіресе болаттан жасалған құбырларда, оқшауламаның зақымдану мүмкіндігімен байланысты және зақымданған сымдарды ауыстыруға қажеттілік туғанда ыңғайлы болады. Мұндай төсеу ПУЭ-ға сәйкес жарамысқа қауіпті бөлмелерде жасау қажет және арнайы ВБВ, АВБВ типті кабельдер қолданылады.

Сымдарды ашық жағдайда төсеу

Бұл кезде сымдар арнайы роликтерде, құрам оқшаулағыштарда, тростарда төселеді, ол өте қарапайым және арзан, бірақ сымдарды механикалық зақымдаудан қорғау сенімділігі жеткіліксіз.

Сымдарды лотоктар мен коробшаларда төсеу күдіктірек болып табылады, әсіресе күрделі көпқозғалтқышты агрегаттар мен автоматты жолдар үшін сымдар мен кабельдер саны өте көп болған кезде мұндай төсеу ынғайлы болып табылады.

Жарықтандыру желісінде ШОС түрлі шина өткізгіштер кеңінен қолданылады, ол алюминий немесе мыстан жасалған төрт өткізгіштен тұрады. Шамдар штепселді терезе арқылы қосылады.

Троллейлік торапты төсеу

Мұндай төсеу қозғалмалы қозғалтқыштардың қорегі үшін қолданылады (көпірлік кран, тележкалар, т.б.) Троллейлік тораптар ШТМ (Iн=100,200, 400 А) болаттан жасалады, арнайы троллейлікшинаөткізгіштер арқылы іске асырылады.

ПУЭ бойынша өндірістік ғимараттарды қоршаған ортаның сипаттамасына байланысты құрғақ, ылғал, ыстық, шаңды, химиялық орта, өртке қауіпті, жарылысқа қауіпті деп бөледі. Сондықтан тораптарды төсеу түрін, кабельдер мен сымдардың маркасын таңдауды ғимараттың қоршаған орта сипаттамасына байланысты жүргізеді. Электр желілер үшін талшықтары алюминийден жасалған өткізгіштерді қолданған жөн. Талшықтары мыстан жасалған өткізгіштер мыстың тапшылығына байланысты тек арнайы жағдайларда қолданылады, мысалы: өткізгіштері мыстан жасалған ауа желілерінен ғимараттарға кететін тармақтарда; жылжымалы кран қондырғыларының механизмдерінің электржетектерін қоректендіру үшін. Өртке қауіпті В-I, В-Iа класты бөлімдерде алюминийден жасалған өткізгіштерді қолдануға болмайды.