Болымды, болымсыз сөйлемдер

Болымды сөйлем - объективті болмыстың, ойлаған ойдың, іс-әрекеттін орындалғаның не орындалатының хабарлайтын сөйлем. Болымды сөйлем болымсыз сөйлемге қарама-қарсы қойылып қаралады. Мысалы: Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, (Абай). Ескіге жаңа өлшеуіш (мақал). Сөйлемдер мағынасына, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып сараланьш бөлінеді. Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде қалыптасқан. Сондықтан да аталған сөйлемдердің мазмұны болымды, болымсыз пікірлер болып саналады.Болымдыпікір затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екені жөнінде қалыптасады . Мыс: Шойын — металл.Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапа тән емес, қатысты емес екені жөнінде қалыптасады: Ағаш металл емес.Логика ғылымы пікірді түрлі жақтан топтап бөледі. Пікірдің болымды, болымсыз болуы оның сапалық көрінісі деп есептеледі.Логикадағы пікірді топтау принципінің тіл ғылымына да қатысы бар.Тіл ғылымында сөйлемдердің болымды, болымсыз түрлерін көп ғалымдар модальдықтың көрінісі деп түсіндіріп келді. Қазақ тіл білімінде, сол сияқты түркология да, басқа индоеуропа тілдерін зерттеушілердің еңбектерінде де сөйлемдердің болымды, болымсыз болып бөлінуін дербес грамматикалық-семантикалық дәрежедегі бөлініс деп түсіндіреді. Болымды, болымсыз сөйлемдер өзара грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырайды. Болымсыз сөйлем болымды сөйлемнің формаларының негізінде жасалады. Болымдылық, болымсыздық форма баяндауыштардың тұлғасы арқылы көрінеді. Өйткені болымды және болымсыз пікір субъект пен предикаттық сапаның қатынасына байланысты: Көше кең, көше кең емес. Сөйлемнің құрамында болымсыздық мағыналы сөз бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсала береді. Бірақ бұндай сөйлемдер болымсыз қатарына жатпайды. Өйткені олар ілгергі талапқа сай емес, яғни субъект зат пен предикат сапаның қатынасың білдірмейді. Болымсыз сөйлем - объективті болмыстың, ойлаған ойдың, іс-әрекеттің болмайтының, орындалмағаның хабарлайтын сөйлем. Болымсыз сөйлем болымды сөйлем негізінде жасалады, бірақ оған қарама-қарсы мағынаны білдіреді. Сонымен бірге айтылған ойға стильдік реңк, эмоционалды-экпрессивті сипат береді. Болымсыз сөйлемнің грамматикалық белгісі негізінен баяндауыш мүше тұлғасынан көрінеді.- А. Н. Кононовтың «болымсыздық мағына баяндауыштың бойынан табылады деуі» ‘ сондықтан болуға тиіс. Сөйлемге болымсыз мағына беретін баяндауыш мүше ерекше амалдармен жасалады. Бұл баяндауышты құрауға морфологиялық амалдармен қатар тек синтаксис аясында жұмсалатын амалдар қатысады. Морфологиялық амал деп отырғанымыз етістіктің -ма, -ме тұлғалы болымсыз түрі, синтаксистік амалдар деп атайтынымыз емес, жоқ сияқты көмекші сөздердің қатысуы. Баяндауыш қызметіне түскен сөз тек өзінің морфологиялық сипатының шегінде қалып қоймайды, синтаксиске тән амалдарды қабылдап өрісін кеңейтеді. Мысалы, есімше сөз баяндауыш ретінде тек келмеген, алмаған тәрізді морфологиялық тұлғада ғана жұмсалып қоймайды, алған жоқ, алған емес тәрізді болып синтаксистік форма алады. Осының өзі сездің морфологиялық формасы мен оның баяндауыштық қызметінің ылғи тепе-тең түсе бермейтінін байқатады.Жасалу жолдары:

1) Болымсыз сөйлемдер -ма/-ме тұлғалы болымсыз етістіктердің баяндауыш қызметінде не баяндауыш құрамында жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Торсанның бейітіне ешкім келіп, құран оқымайды екен (Ғ.Мүсірепов);

2) есім мен есімшелі баяндауыштардың кұрамында емес көмекші етістігінің жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Бірақ оның не екенін, қандай адамдар екенін Демеқул түсінген емес (С.Ерубаев);

3) жоқ сөзі баяндауыш кызметінде немесе күрделі баяндауыштың кұрамында айтылу арқылы жасалады. Мысалы: Сол сәттен бастап жас босанған анаға салмақ түсірген жоқ (К. Жұмаділов);

4) -сыз/-сіз формалысын есімдер баяндауыш кызметінде жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Бұрын осы балалар тумай тұрған кезде, қалай өмір сүріп келгені белгісіз (К.Жұмаділов);

5) сөйлем кұрамында ешкім, ештеме, ешбір, дәнекте, тук тағы басқа болымсыз есімдіктер жұмсалуы арқылы болымсыздық мән күшейе түседі. Мысалы: Жүрегінде ешкімге алдырмайтын, түкпірге тыққан бір қатты беріш бар (К. Жұмаділов);

сөйлем кұрамында болымсыздық мағына беретін сөздердің (безу, қашу, тайсақтау, кері кету, жоғалу, ғайып болу, бой тарту тағы басқа) жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Ол заманнан бұл ел бір жола безініп болған (Ғ.Мүсірепов)