Бос уақытты ұйымдастыру» пәнінен студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

 

Студенттерді қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша өздік жұмыстары студенттердің курстың мазмұны бойынша материалдарды оқуы керек. Студенттерге берілген өздік жұмыс мамандыққа және сағат санына байланысты анықталынған.

№ 1,2 тақырыптарды өткеннен кейін студенттер оқытушыға № 1 Өздік жұмысты орындап, жіберуі қажет.

№ 3 тақырыптарды өткеннен кейін студенттер оқытушыға № 2 Өздік жұмысты орындап, жіберуі қажет.

№ 4,5 тақырыптарды өткеннен кейін студенттер оқытушыға № 3 Өздік жұмысты орындап, жіберуі қажет.

№ 6 тақырыпты өткеннен кейін студенттер оқытушыға № 4 Өздік жұмысты орындап, жіберуі қажет.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттер теориялық материалдарды өз бетімен ізденіп оқуы керек, семинар-практикалық сабақтарды, өздік жұмыстың тапсырмаларын орындап, тест сұрақтарына жауап берулері керек.

№1,2,3,4 тақырыптарды оқып біткеннен кейін № 1 Аралық бақылауды тапсыру керек.

№5,6,7 тақырыптарды оқып біткеннен кейін № 2 Аралық бақылауды тапсыру керек.

Пәнді оқу үшін қажетті әдебиеттерді іріктеп, таңдаудан бастайды, сонымен бірге силлабуста берілген әдебиеттерден басқа да мамандығына сәйкес әдебиеттерді қарастырып оқуға болады.

«Бос уақытты йымдастыру» курсы білімгерлер бойында психологиялық сауаттылықтың, компоненттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттердің дамуына ықпал етеді. Негізгі мақсат – болашақ педагог білімгерлер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру.

Бос уақытты ұйымдастыру іс-әрекеттің барлық түрі тұлғаның әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыруға, жан-жақты дамуы мен жетілуіне бағыттау мен белсенділігін арттыруы.

 

Бос уақытты ұйымдастыру» пәнінің СӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тапсырмалар мазмұны Сағат саны мерзімі Бақылау түрі
  1.Бос уақытты ұйымдастыру түрлері мен классификациясы бойынша кесте құрыңыз 4 апта   кесте
2. Бос уақытты ұйымдастыру жөнінде ұғымдар мен ғалымдар сөздері Сөздік
3. Бос уақытты ұйымдастырудың жоспарын құру жоспар
  1.Баланың мәдени тынығуын ұйымдастыру педагогикасының тарихы. 7апта конспект
2.Ежелгі Қазақстандағы бос уақытты ұйымдастыру іс-әрекеті реферат
  1 Баларға арналған қуыршақ театры оның құрылымымен қойылымы. 11апта   сценари
2.«Жас қуыршақтар» мектеп клубының жұмыс. жоспар
3.Театр ұжымындағы оқу сабақтары жөнінде. конспект
4. 1. Баланың мәдени тынығуын ұйымдастырудағы дене тәрбиесінің маңызы 14 апта реферат
2. Сүйікті эстафета ойындарына сценари құрыңыз.
3.Дене жаттығуларының түрлерін жинақтау.
4.Хореграфия бәріміз үшін, би түрлері
5. Мерекелер түрлеріне байланысты безендіру эскизін жасау. эскиз
6.В.М Лизинскидің ата –аналарға арналған сауалнамасымен танысыңыз және тағы басқада қандай сауалнамалар қосасыз .Сауалнама құрастыру сауалнама
  Барлығы :    

 

 

Рефераттардың үлгі тақырыптары

1 - такырып. Бос уақытты ұйымдастырудын тарихи калыптасуы қоғамдағы

әлеуметті-мәдени құбылыс ретінде.

4- тақырып. Бос уақыттың әлеуметтік-мәдени табиғаты.

5- тақырып. Әлеуметтік тәрбие жүйесіндегі мәдени-бос уақытты ұйымдастыру

іс-әрекетінің мәні.

7- такырып. Отбасындағы бос уақытты ұйымдастыру.

8- тақырып. Клубтағы жұмыстың педагогикасы.

9- тақырып. Мәдени-бос уакытты ұйымдастыру шарасын өткізу процессі және

оның даму динамикасы.

9- тақырып. Мәдени-бос уақытты ұйымдастыру шарасын өткізу әдістемесі.

10- тақырып. Мәдени бос уақыт ұйымдастыру саласындагы зерттеу әдістері.

9 - тақырып. Тұрғындардың әртүрлі категорияларымен мәдени-бос уакытын

ұйымдастыру іс-әрекетінің формалары.

12 - тақырап. Түтас педагогикалык процессті есепке ала отырып оқу
мекемелеріндегі мөдени-бос уақытты ұйымдастырудың әдістемесі.

13 - тақырып. Жастардың мәдени-бос уакьтты ұйымдастыру орталығын

жобалау ерекшеліктері.

15- тақырып. Ұйымдық-шығармашылық жүмыстарды өткізу әдістемесі.

16- тақырып. КТК (КВН) өткізу әдістемесі.

17- тақырып. Мәдени-бос уақытты ұйымдастыру саласының мамандары және

түрғындарға мәдени бос уақытты ұйымдастырудағы олардың іс-әрекеті.

 

Глоссарий

Бос уақыт- жеке тұлғаның кеңітілген рухани өндірісінің міндетті түрдегі шарты болып қарастырылады. Бос уақыт - бұл «демалыс» сөзінің синонимі.

Бос уақыт – негізгі жұмыстан, тіршілік қарекетінен босап, өзге бір нәрсемен айналысуға кететін уақыт.Бос уақыт – бұл жұмыс уақытынан тыс уақыт.

Тарихи мұражайлардың жұмысы тарихи оқиғаларды, ескерткіштердің, археологиялардың қазбаларды зерттеумен тығыз байланысты болып табылады.

Көркемөнерлік мұражайларкөркем суреттер мен сәндік бұйымдарды зерттеумен тығыз байланысты.

Әдебиөнерлік мұражайлардаатақты ақын - жазушылардың өмірі жайлы мағлұматтар жинақталады.

Музыкалық мұражайлардамузыкалық мәдениеттің мемориялдары және музыкалық аспаптар сақталады.

Этнографиялық мұражайларда түрлі халықтардың рухани мәдениеті сақталып, ұрпақтарға жеткізілген.

Техникалық мұражайларғылым мен техниканың жеткізген жетістіктерімен таныстырады.

Дүниетанымдық мұражайлардатірі және өлі табиғатпен, ауылшаруашылық салаларымен тығыз байланысты.

Кешендік мұражайлар өлке жайында, оның табиғатын, аңдарын зерттеп, таныстырады.

Мемориялдық мұражайларархитектуралар ескерткіштерін, тірі табиғатты, әдебиетті және музыкалық аспаптарды таныстырады

Театр оқушыларының шығармашылық іс - әрекет қалыптастыруды бағыт етеді. Роль жаттап театрда қалыптасқан заңдылықтарды үйренеді.

Театр дегеніміз – тіршілік иесінің жинақталған бейнесі

«Деэнергизация теориясы», бұл артық энергиядан арылу болып табылады.Шиллер, Спенсер деген авторлар бос уақыт негізінде адам ағзасынан физиологиялық жағынан «артық» энергия кетеді деп жазған.Бұл өмір бойына қажетті энергия емес, ал оның артығы.

«Өмірге дайындық теориясы».Бұл теорияның қолдаушысы К.Гросс және т.б. Ол бос уақытта, индивид өміріне қажетті тәжірибені игереді және де болашақта өмірінде қолданады деп қарастырған.

«Суммирлеу» Холлдың теориясы, индивид ойын кезінде өз ата-тегінің әрекеттерін қайталайтыны туралы жазылған. Бұл жағдайда тұқымқуалаушылық факторына үлкен мағына беріледі.

«Интеллект» теориясы. авторы Джеймс, Макдугол және тағы басқалары, ойынды толығымен инстинктивті және автоматты импульстерде негізделеді деп есептеген.

«Релаксация» Г.Т.Патриктың теориясы бос уақыт жұмыстан, өмір үшін күрестен босаған уақыт болып саналады. Бос уақыт және ойын стресстен және т.б. босатып, жағымды эмоциялардың пайда болуына көмектеседі.

Дәрістер кешені