Дәріс Театр және мұражай оның түрлері

1. Театр түсінігі,

2. Театр тарихы

3. Театр , мұражай түрлерімен атқаратын қызметі

Театр оқушыларының шығармашылық іс - әрекет қалыптастыруды бағыт етеді. Құжаттарда арнайы дәрістер оқытылмай онда іс - әрекетті үйреніп, меңгереді. Роль жаттап театрда қалыптасқан заңдылықтарды үйренеді.

Театр дегеніміз – тіршілік иесінің жинақталған бейнесі. Бос уақытында мәдени орындарға бару адамның ақыл ойында ежелден бері орын алған. Мәдени орындарда жастардың бос уақытын өткізу ежелгі Египет, Греция, Римнен бастау алған. 16 – ғасырдағы Азия мен таяу Шығыста көлеңкелі театрлар танымал болған. Италияда «Маска» театры, Вьетнам театры су үстінде болған. Кеңес дәуірінде алғашқы балалар театры 1918 жылы пайда болды. Ең алғашқы қуыршақтар театрына И.А. Крыловтың мысалы қойылды. 1990 жылдарда кеңестер одағында жасөспірімдердің бос уақытын мәдени орындарға бару арқылы қамтамасыз ету оларды мәдениеттіліке баулуға жетелеген. С.Б.Оброзцов мәдени орындарда жастарды жақсылыққа, мейірімділікке, мәдениеттіліке, қарым-қатынас жасай білуге үйрететіндігін айтып өтеді. Мәдени орындарда адам өмірімен өмір сүріп ойлай алатын.

Отбасы бос уақытының ерекше ұйымдастырылған түрі – мұражайғаэкскурсияға бару болып табылады.Музейдегі экспозицицялармен танысу арқылы адам дүниедегі атақты тарихи оқиғаларды біледі, атақты ғалымдар мен көркемсуретшілердің жұмыстарымен танысады.

Грек тілінен аударғанда «мұражай»сөзі музалар өмір сүретін шіркеу дегенді білдіреді.Мұражай кешендік, мемориялдық, салалық болып үш түрге бөлінеді.

Мұражай түрлерін мына кесте арқылы көруге болады

Салалық Кешендік Мемориялдық
Тарихи Өлкетану Қорық мұражайы
Көркемөнерлік   Үй-жай мұражайы
Әдебиөнерлік    
Музыкалық    
Этнографиялық    
Техникалық    
Дүниетанымдық    

 

Тарихи мұражайлардың жұмысы тарихи оқиғаларды, ескерткіштердің, археологиялардың қазбаларды зерттеумен тығыз байланысты болып табылады.Көркемөнерлік мұражайларкөркем суреттер мен сәндік бұйымдарды зерттеумен тығыз байланысты.Әдебиөнерлік мұражайлардаатақты ақын - жазушылардың өмірі жайлы мағлұматтар жинақталады.Музыкалық мұражайлардамузыкалық мәдениеттің мемориялдары және музыкалық аспаптар сақталады.

Кейбір музыкалық аспаптардың түрлері этнографиялық мұражайларда сақталған.Сондай ақ этнографиялық мұражайларда түрлі халықтардың рухани мәдениеті сақталып, ұрпақтарға жеткізілген.

Техникалық мұражайларғылым мен техниканың жеткізген жетістіктерімен таныстырады.Дүниетанымдық мұражайлардатірі және өлі табиғатпен, ауылшаруашылық салаларымен тығыз байланысты. Кешендік мұражайлар өлке жайында, оның табиғатын, аңдарын зерттеп, таныстырады.

Мемориялдық мұражайларархитектуралар ескерткіштерін, тірі табиғатты, әдебиетті және музыкалық аспаптарды таныстырады.

Мұражайға экскурсияға барғаннан кейін бала өз Отанының тарихын, атақты жазушыларын, түрлі музыкалық аспаптарын, аңдарын танып біледі.Осыдан келетін қорытынды мұражайға бару арқылы адамның танымдық қасиеттері дамитынын байқаймыз.

Бос уақытты ұйымдастыру арқылы адам болмысының бағыттылығы және күрделілігі бойынша әр алуан сұрақтарының туатын және шешілетін саласы, сондықтан оның мазмұндық- мағыналық маңызы – оның құрамында адам субъективтілігі ішкі дүниесінің терең антологиясы оның құндылық қатынастарына негізделген талпынысы, адам болмысының әр түрлі дүниетанымдық түсініктерінің болуында. Осының арқасында дүниеге қатынас рухани - өнегелік мақсатқа ие болады.

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің ұрпақ тәрбиесі саласында жиі айтылатын халықтық педагогиканың толық мағынасы, астарлы ролі жайлы түсінік әркімде әр қилы. Оның негізгі бағыты, жас ұрпақты ұлттық таным, салт –дәстүріміз рухында тәрбиелеу, халықтық тәрбиеде әбден шыныққан асыл қасиеттерді бабалар үрдісі мен олардың санасына сіңіру. Ал, ұлттық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, дүниетанымы жоғары азамат тәрбиелеу.