Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СӨЖ-дің тақырыптық жоспарлары

Балалар стоматологиясы» пәні бойынша силлабус

 

Сағаттардың көлемі – 405 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Тәжірибелік сабақтар -120 сағат

Оқытушының жетекшілігімен бірге жасалатын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 135 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 135 сағат

 

 

Курс – бесінші

Семестр – IX, X

Тексеру түрі: семестр емтихан

Қорытынды мемлекеттік аттестация – Мемлекеттік емтихан

 

Алматы 2014

 

 

Силлабус балалар стоматология модулінің қызметкерлерімен құрастырылған (проф. Ермуханова Г.Т., доц. Сабитова К.Е.,асс. Камиева З.Р.) медициналық жоғарғы оқу орындарында студенттердің балалар стоматологиясының негізгі Типтік бағдарламасына сай. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің уақытша атқарушы бұйрығымен бекітілген 17 қыркүйек 2010 ж. № 731. Балалар стоматология модулінің «29» тамыз 2014 ж, хаттама № 1 отырысында бекітілген.

 

Модуль меңгерушісі, профессор Ермуханова Г.Т.

 

 

1. Жалпы мағлұматтар:

1.1.Қазақ ұлттық медицина университеті

1.2.Балалар стоматология, модулі

1.3. Сабақтың түрі-Балалар стоматология код ПДО 5308

1.4. Мамандығы-051302 Стоматология

1.5. Оқу сағатының көлемі-405

1.6. Курс- 5, Семестр 9,10

1.7. Ұстаздар туралы мағлұматтар:

 

Р/н № Профессорлар және ұстаздардың аты-жөні Дәрежелі, лауазымы Ғылыми жұмыстарының басымдығы
1. Ермуханова Г.Т. М.ғ.д., профессор «Бас және мойын ісіктері мен ісік тәріздес өсінділері»
2. Есім Ә.Ж. М.ғ.д., профессор «Шықшыт буын аурулары, туа біткен ауытқулар»
3. Кабулбеков А.А. М.ғ.д., профессор «Стоматологиялық аурулардын алдын алу»
4. Камиева З.Р. ассистент «Балалардың қалқанша бездерінің ауытқулары кезіндегі тіс жақ жүйесініңжағдайы мен стоматологиялық көмектің ерекшеліктері»
5. Ибрагимова К.Х. ассистент «Балалардың тіс жегісінің алдын алу инновациялық әдістері»
6. Король Л.У. ассистент «Балалардың бет-әлпеті қабыну аурулары және хирургиялық емдеу әдістері»
7. Коробкина Т.В. ассистент «Йод жетіспейтін аймақта фтор деңгейі жеткілікті болғанда балалрдың тіс ауруларының алдын алу және емдеу ерекшеліктері»
8. Утепов Д.К. ассистент Ерін және таңдайдың туа пайда болған жырықтары бар балаларды реабилитациялау
9. Ахмед Х.И. м.ғ.к., ассистент Балалардың бет-әлпеті қабыну аурулары
10. Фазылов Ж.А. м.ғ.к., ассистент Балалардың бет-әлпеті қабыну аурулары

1.8. Мекен-жайы:Модулдің орналасқан жері:

1.8. Мекен-жайы:Модулдің орналасқан жері:

Алматы қаласы, Толе би 88, «Балалар стоматологиясы» модулі, тел:

Модулдің электронды адресі stomdetskaya@mail.ru

 

1.9. Пәннің мәні:

Тәжірибені өту барысында студент келесі талаптарды орындау керек:

- күн тәртібі бойынша уақытылы келіп қатысу;

- емдеу жұмыстарына қатысуға рұқсаты бар санитарлы кітапшасы болу керек ;

- ауыстырып киетін киімі, аяқ киімі болу керек (таза халат немесе хирургиялық костюм, бас

киім, маска, қолғап);

- жұмыс жасайтын орында өзін-өзі сақтау техникасын және еңбек қорғанысы туралы

ережелерді оқып, тәжірибелік санитарияны толық қадағалау керек;

- клиникалық базадағы ішкі ережелерді сақтау керек;

- балалар стоматологиясының алдын алу пропедевтикасы бойынша дәрістік

дәптерлері болуы керек.

- жылдың соңында оқу бағдарламасы аяқтағаннан кейін студент балалар жасындағы

стоматологияның пропедевтикасы бойынша емтихан тапсырады;

- балалар стоматологиялық пропедевтика бойынша емтихан қалыптасқан балды-

рейтингті әріпті жүйе бойынша бағаланады, нәтижесі сынақ кітапшасына енгізіледі;

- емтиханның нәтижесімен сынақ ведомості офис-регистраторға ертесіне апарып тапсырылады.

- пәнді оқу үрдісінде, КазҰМУ медициналық білім үлгісіне сәйкес, арнайы білім бағдарламасымен

анықталған компетенциялар бағаланады.

 

Пәнді оқу уақытында ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісіне сәйкес, білім беру бағдарламасымен анықталған компетенциялар бағаланады:

- әр сабақта когнитивті және операциональды білім;

- коммуникативті дағдылар – балалар терапиялық стоматология бойынша 2 рет, балалар хирургиялық стоматология бойынша 2 рет – аурухана, емхана);

- студенттің өзіндік дамуы – 9 рет (4- балалар терапиялық стоматологиясы, 5- балалар хирургиялық стоматологиясы);

- рубеждік бақылау- 4 рет.

Сабақ кестесі: 1 ауысым – 8.00-14.20; 2 ауысым - 13.00-19.20, үзіліс 11.00-11.30; 16.00-16.30.

 

Айыппұл шаралары:

Сабақтан қалған студент сабақты өткізген күндерін қайта оқу керек:

- егер себебі нақты болса-ауырса, онда студеттер емханасының дәрігерінен анықтама алып келу

керек;

- дәрістердің және тәжірибелік сабақтардың 30 % қалған студент, сабақққа бармаған пәні бойынша

қайта барлық циклды оқып шығу керек немесе мүлдем оқу орнынан шығарылу керек;

- ай сайын жіберілген сабақтар және сабағын тапсырғаны бойынша офис-регистраторға

мәліметтер беріліп отырады.

 

Бағарлама

Кіріспе

Оқу-әдістемелік программаға сәйкес теориялық және тәжірибелік дайындық

-пародонт аурулары бар балаларды қарап тексеру әдістерін үйрену;

-клиникалық ағымның ерекшеліктерін үйрену;

-балаларда пародонт ауруын нақтамалау әдісі,емдеу және алдын алу;

-балаларда ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларының ағамының ерекшелігін үйрену;

- ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары бар балаларға жоспар құру және емдеу.

Бет-әлпеті аймағындағы патологиялық үрдістердің ағымы және көріністеріне сәйкес баланың жасының өзерекшеліктері бар, жаңа туылған кездегі және емшекте болған жасында, бет, жақ сүйегі және тістердің қатты тіндерінің құрылымы қалыптасып келе жатқанда. Анасының және баласының денсаулығының жағдайына байланысты тұқым қуалайтын факторлардың әсер етуінен тұқым қуалайтын патология дамиды немесе өз көрінісін береді немесе тістердің қатты тіндерінің дамуының зақымдануы пайда болады.Сондықтан тәжірибелік дәрігер баланың жасына байланысты анатомиясы мен патологиясын білуге; уақытын анықтап және аурулардың алдын алу әдістерін таңдауға, консервативті немесе хирургиялық ем қолдануға, туа пайда болған ауытқуларды уақытылы анықтап және бет-жақ жүйесінің ауытқулары мен деформацияларын әрі қарай дамуын алдын алуға міндетті.

Дәрігер-стоматолог балаларға стоматологиялық көмекті көрсетудің заманауи принциптерін жақсы білу керек, балалардағы негізгі стоматологиялық аурулардың алдын алуын құрастырып, балаларға ауыз қуысын жоспарлы сауықтыруын жүргізуге және шағымданып келген баларларға да сауықтыруды жүргізу керек.

 

2.2. Пәннің мақсаты:аурудың дамуының себебін, клиникалық ағымының ерекшелігін, нақтамалау әдістерін, емдеу тәсілдерін және бет-жақ аймағының патологиялары мен стоматологиялық аурулары бар балалар мен жасөспірімдердің реабилитация принциптерін оқып үйрену.

 

2.3.Оқудың мақсаты:

- балалардың және жасөспірімдердің бетінің, сүйектерінің, ауыз қуысындағы

ағзалардың туа пайда болған патологиясының клиникалық көріністерін анықтауды үйрету;

- балалар жасындағы онкостматология мәселелерін білу, балалар мен жасөспірімдерде жұмсақ

тіндердің, бет сүйегінің қаңқасының, ауыз қуысындағы ағзалардың қатерлі ісіктері мен ісік

тәрізді түзілістердің әр түрлі нозологиялық түрлерінің арасында салыстырмалы нақтамалау

жүргізілген;

- балаларда уақытша және тұрақты тістердің жарақаттары кезінде емдеу тәсілін дұрыс таңдау;

- балалардағы беттің жұмсақ тіндеріндегі жараларды алғашқы өңдеуді жүргізудің принциптерін

білу;

- балалардың және жасөспірімдердің жақ және бет сүйектерінің сынықтары кезінде алғашқы

медициналық және квалификациялық стоматологиялық көмекті көрсете алу керек.

- балалар мен жасөспірімдердің шықшыт буынының туа пайда болған және жүре пайда

болған патологияларын анықтап білу.

2.4. Оқудың соңғы нәтижелері:

- баланы қарап тексеру әдісін үйрету;

- PMA,CPITN, ГИ қолданып пародонт тіндерінің жағдайын зерттеу әдістеріне үйрену;

- пародонттың,ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жиегінің ауруларын

жергілікті медикаментозды емдеуді жүргізу әдістерін үйрену;

- стоматологиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру, стоматологиялық аспаптармен жұмыс

істегенде қорғаныштық техникасын білу керек;

- балалардың бет-жақ аймағының іріңді-қабынулы ауруларында зерттеу әдістерін жүргізуді

үйрену;

- балалардың бет-жақ аймағының іріңді-қабынулы ауруларында дренаж қою әдістерін үйрену;

- жоғарғы және төменгі еріндердің және тілдің үзеңгілерінің орналасуын, ауыз қуысының

кіреберісінің тереңдігін анықтау;

- френулотомия, френулоэктомия, вестибулопластика операцияларын жүргізу әдістерін үйрету;

- шықшыт буынының патологиясы бар балалар мен жасөспірімдердің зерттеу әдістерін

үйрену;

- беттің жұмсақ тіндерін, ауыз қуысының ағзаларын, бет сүйектерінің қатерсіз ісіктері

мен ісік тәрізді түзілістердің емдеудің әр түрлі көрсеткіштерін анықтау;

- ерін мен таңдай жырықтары бар балаларды кезеңмен реабилитациялауға жоспар құру.

 

2.5. Реквизитке дейін:балалардың аурулары, стоматологиялық ауруларды алдын алу, балалар стоматологиялық пропедевтикасы және ортодонтия, фармакология, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, психология негіздері, коммуникативті дағдылар, стоматологиялық ауруларды алдын алу, балалар стоматологиясының алдын алу және ортодонтия, ішкі аурулар, оториноларингология.

2.5. Реквизиттен кейін:интернатура бойынша стоматологиялық пәндер.

 

2.6. Сабақтың қысқаша мазмұны:Балаларға стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Балаларға арналған стоматологиялық бөлімдердің негізгі және қосымша санитарлы нормалары, оларды жабдықтандыру.Балалар дәрігер-стоматологының, медбикенің, санитарканың жұмыс орындары.Дәрігерлер штаты және қосымша жұмыскерлер. Күнделікті және отчет жазылатын құжаттар. Этика және деонтология

Балалардың пародонт тіндерінің құлымының ерекшелігі. Пародонт аурулары бар балаларды тексеру әдістері. Балалардағы қызыл иек қабынуы. Этоилогия, патогенез, клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі. Пародонт қабынуы. Этоилогия, патогенез, клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі. Балалардағы жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы. Этоилогия, патогенез, клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі. Балалардағы пародонт қабынуын алдын алу.

Әр түрлі жастағы ауыз қуысының шырышты қабатының құрылымының ерекшеліктері. Т.Ф.Виноградова бойынша балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларының жіктемесі. Ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары бар балаларды тексеру әдістері. Ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаттық зақымдануы. Клиникасы, емі. Жұқпалы және соматикалық аурулары бар кезінде ауыз қуысының шырышты қабатының өзгеруі. Клиникасы, емі. Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатында СПИД-тің және спецификалық аурулардың көрінісі. Нақтамалау әдісі, клиникалық ағамының ерекшеліктері, емдеу принциптері және алдын алу. Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының вирусты аурулары. Жедел герпетикалық стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Қайталамалы герпетикалық стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы вирусты сүйелдер, герпангина, везикулярлы стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы саңырауқұлақ аурулары. Жедел псевдомембраналық кандидоз. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы созылмалы кандидоз. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының аллергиялық аурулары. Дәрілік стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардың ауыз қуысының қайталамалы афталары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы көптүрлі жалқықты эритема. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы ерін аурулары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.

Бет-жақ аймағының қабыну аурулары (одонтогенді және одонтогенді емес). Балалардың бет-жақ аймағындағы абсцесстер мен флегмоналар. Клиникалық ағымының ерекшелігі және нақтамасы. Емдеу принциптері. Балалардың жақ сүйектерінің жедел және созылмалы остеомиелиттері.

 

Балалар жасындағы стоматология. Анықтамасы, түсініктемессі, тарихы, мақсаты және міндеті. Басқа да медициналық және техникалық сабақтармен байланысы. Заманауи жағдайы, дамудың болашағы, Қазақстан ғылымдарының рөлі. Балаларды квалификациялық стоматологиялық көмекпен қамтамасыз ету.

Балаларда тістердің жарақаттары. Жіктемесі. Балалардың уақытша тістерінің зақымдануы, шығып кетуі. Клиникалық ағымының ерекшелігі және емі. Балалардың тұрақты тістерінің шығып кетуі, сынып кетуі, жасына байланысты клиникалық ағымының ерекшелігі. Балалардың жұмсақ тіндерінің зақымдануы, клиникалық ағамының ерекшелігі, жараларды біріншілік хирургиялық өңдеу. Бет қаңқасының сүйегінің сынуы, клиникалық ерекшелігі, емі. Балалардың жақ-бет аймағының қосалқы зақымданулары.

Дәрігер-стоматологпен баланы тексеру әдістері, баламен және оның ата-анасымен жақсы психологиялық қатынасты қалыптастыру. Ата-анасының шағымдарын тыңдап, анамнезін толық жинау, жүктілік кезі қалай өткенін, тұқым қуалайтын ауруларының бар жоқтығы туралы. Баланың физикалық және жүйкелі-психологиялық дамуы туралы анамнезін жинау. Баланың жеке өмірінің ерекшеліктері, оны қалай қарап өсіргені. Жалпы тұлғасын, баланың жасына сәйкес физикалық және психикалық дамуының сәйкестігіна анықтау.

Балаларда тіндердің, ағзалардың және жүйелердің туа пайда болған ауытқулары. Жіктемесі. Этиологиялық факторлар. Еріннің туа пайда болған жырығы, клиникалық көрінісі, оны жоюдың хирургиялық әдістері. Таңдайдың туа пайда болған жырығы, клиникалық көріністері, оны жою үшін қолданылатын хирургиялық әдістер. Жоғарғы ерін мен таңдайдың жырығы бар балалардың кезеңмен реабилитациялау принциптері. Ерін мен таңдай жырығы бар балаларды арнайы орталықтарға диспансеризациялау.

Балалардың бет қаңқасының сүйегіндегі қатерсіз ісіктер мен ісік тәрізді түзілістер. Жіктемесі. Клиникалық көрінісі. Хирургиялық емнің принциптері. Болатын асқынулар. Жақ сүйекерінің ақаулары бар балаларды реабилитациялау.

Балалардың жақ сүйектерінің және жұмсақ тіндерінің қатерлі ісіктері. Клиникалық көріністері, нақтамалау әдістері, қатерлі ісіктері бар балаларды емдеу принциптерін ұйымдастыру.

 

Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СӨЖ-дің тақырыптық жоспарлары