Б) Қазақтың атақты техника ғалымдары

а) Ө.Жолдасбеков – көрнекті ғалым, талантты ұйымдастырушы.

¾ Өмірбек Арысланұлының туылған жылы мен туған өлкесінің қайда екенін білесіз бе?

¾ Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы 1931 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қызылсу ауылында дүниеге келген.

¾ Өмірбек Жолдасбековтің ғылым жолында жасаған ауқымды еңбектерін атап бере аласыз ба?

¾ Бала кезінен техникаға жақын Өмірбек Арысланбекұлы мектепті тәмәмдағаннан кейін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1954 жылы бітіріп шығады. Өмірбек Жолдасбеков жазық және кеңістіктік жоғары класты механизмдер мен манипуляциялауыш құрылғылардың графиктік-аналитикалық және аналитикалық теориясын негіздеп, соның нәтижесінде әлемдік практикадағы теңдесі жоқ жаңа жүк көтергіш, жүк тиегіш-түсіргіш, грейферлік, жүк қармауыш және манипуляциялауыш құрылғыларды ойлап тауып, өндіріске енгізіп, ғылымға үлкен еңбегін сіңірді.

¾ Жолдасбековтің еңбек жолындағы атқарған қызметтерін білесіз бе?

¾ Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтына оқытушы болып келеді. Оқытушыдан аға оқытушы болып, одан механика факультетінің деканы болып, 1958 жылға дейін аталған мекемеде қызмет етеді. Араға біраз жылдар салып 1964 жылы қазіргі Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне проректор болып тағайындалады. Сол қызметте жүріп 1970 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ректор болып қызметіне жоғарылайды. 1986 жылға дейін ҚазҰУ студенттер қалашығының салынуына ұйытқы болып, университетте жаңа кафедралардың негізін қалайды. Сөйтіп ҚазҰУ-дың Кеңес Одағындағы жетекші жоғарғы оқу орындарының біріне айналуына үлкен септігін тигізеді. 1986-1988 жылдар аралығында ҚазҰУ-дың «Қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет еткен. 1991 жылы қазіргі Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының негізін қалаушылардың бірі Өмірбек Жолдасбеков сол жылы дүние жүзі мойындаған ғалым ретінде Мәскеу қаласындағы Халықаралық Инженерлік академияның академигі мен вице-президенті болып сайланады. Ал 1992-1994 жылдар аралығында ҚР Инженерлік Академиясының академигі мен президенті болды. Осы аралықта Пәкістанның Инженерлік академиясының құрметті академигі, Ислам елдерінің инженерлік академиялары Федерациясының вице-президенті және АҚШ-ның инженер-механиктер Қауымдастығының толық мүшесі болған. 1995 жылы ғалым Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатында 1 жылдай еңбек етіп, 1996 жылдан өмірінің соңына дейін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, әрі Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы болып жұмыс істейді.

¾ Өмірбек Арысланұлының қандай еңбектерін білесіз?

¾ Өмірбек Жолдасбеков ең алғашқы болып қазақ тілінде машинатанудың терминологиялық сөздігін жасап, машиналар мен механизмдер теориясы туралы оқулықтар жазған. Осы салада жазған 380 ғылыми жұмысының 14-і монография, 24-і оқу-әдістемелік құралдар. Ол 102-і КСРО және 10 шетелдік патенттің авторы.

¾ Жолдасбековты шәкірттері мен қоғамның сыйлағандығы мен зор алғысының белгілерін атап бере аласыз ба?

¾ Өзінің ғылыми мектебін қалыптастырған тұлға Өмірбек Жолдасбековтың атына көзі тірісінде Д.Қонаев 162-ші үйде және ҚазҰУ-дың ғимаратында мемориалды тақта қойылған. Ғалымның атымен аталатын Студенттер сарайы маңында 2011 жылдың наурыз айында ескерткіш орнатылды. Оның атында сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Механика және машинатану институты», ҚР Инжинерлік академиясында премия мен 2003 жылдан бастап жас ғалымдарға (студенттерге) тағайындалатын жылдық шәкіртақы, Шымкент, Тараз қалаларындағы орта мектептер мен Шымкент, Алматы қалаларында көшелер аталынады.

б) Қазақтың атақты техника ғалымдары.

¾ Қазақ елінің ғылыми-техникалық жағын өркендетіп жатқан ғалымдарды білесіз бе?

¾ Қазақтың маңдайына біткен талантты техника ғалымдары көп болған. Олар біздің елімізді ғылыми-техникалық революция кезінде өзге елдерден артта қалдырмай, күтпеген жаңалықтарды ашып, үлкен жетістіктерге жетеледі. Олардың қатарында: Ө.Жолдасбеков, Ш.Смағұлов, У.Өмірбеков, Сарбасов К.Е., Темирболат С.Е., және т.б. тұлғалар бар.

¾ Өзіңіз атаған Шалтай Смағұловқа ерекше тоқталып кете аласыз ба?

¾ Шалтай Смағұлұлы – көрнекті ғалым, педагог, ғылым мен білім ұйымдастырушысы. Шалтай Самағұлов 1949 жылы Балхаш көлінің жағасындағы балылықшылар поселкесінде дүниеге келген. Нақты ғылымдарға, әсіресе математикаға деген қызығушылығы орта мектепте байқалған. Қарапайым балықшы болған әкесі баласының университетте оқуына және өзін ғылымға арнауына бөгет болмаған. Сондықтан Шалтай Смағұлұлы 1967 жылы сол кездегі С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің механика-математика факультетінің студенті атанды. Үшінші курсты тәмәмдағаннан кейін ол екі жылға Новосібір Мемлекеттік Университетіне жіберілген болатын.

¾ Шалтай Смағұлұлының еңбек жолындағы атқарған қызметтерін білесіз бе?

¾ 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітіргеннен кейін Шалтай Смағұлұлы еңбек қызметін КСРО ҒА Сібір бөлімінің Есептеу орталығында өтілгер-зерттеуші ретінде бастаған. 1978 жылы КСРО ҒА-ның Теория және қолданбалы механика институтының аспирантурасын бітірген және 1983 жылға дейін ғылым қызметкері лауазымында жұмыс жасаған. 1984 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауыстырылған. 1984-2001 жылдары ҚР ҰҒА-ның әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті маңындағы механика және математика ғылыми зерттеу институтының директоры, қолданбалы анализ кафедрасының меңгерушісі. 2001 жылдан бастап – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің деканы болған.

¾ Ш.Смағұловтың ғылыми-техникалық прогресске қосқан үлесін айтып бере аласыз ба?

¾ Ол есептеу математикасы мен математикалық модельдеу бойынша ғылыми мектеп құрған. Шалтай Смағұлұлы Навье-Стокстың теңдеулерінің шешімінің үнемді сандық тәсілдерін ойлап табуға үлкен үлес қосты. Ол ең алғаш рет магниттік гидродинамиканың сызықты емес тудырушы теңдеулерге бастапқы-соңғы есебінің орындылығын дәлелдеген, айнымалы тоқтың функцияларында тұтқыр сығылмайтын сұйықтықтың теңдеулерлін шешудің жаңа сандық әдісін ұсынған, дәлелдеу мен жалған облыстар әдісін қолдануда іргелі нәтижелерге қол жеткізді. Смағұловтың бастауымен Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіне арналған ақпараттық технологиялар жасап шығарылған.

¾ Шалтай Смағұлұлының қандай еңбектерін білесіз?

¾ Смағұлов докторлық диссертацияларды қорғаудың диссертациялық кеңестің басқарушысы болып, республиканың квалификацияланған ғылыми және инженерлік-техникалық кадрларын жасап шығаруға елеулі үлес қосты. Оның басшылығымен есептеу және қолданбалы математиканың көкейтесті мәселелелері бойынша 50-ден аса кандидаттық және 10 докторлық диссертациялар қорғалды.

Оның 120-дан аса ғылыми жұмысы жарық көрген. 1994 жылы “Сұйықтық пен газдың динамикасын сандық модельдеу”, “Теория және есептеу тәжірибесі” ғылыми жұмыстардың циклы үшін ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйақысымен марапатталған.