Бу Насыр әл-Фараби - энциклопедист ғалым

а) Ш.Смағұлов - дарынды ғалым.

¾ Шалтай Смағұловтың туылған жылы мен туған өлкесінің қайда екенін білесіз бе?

¾ Шалтай Самағұлов 1949 жылы Балхаш көлінің жағасындағы балықшылар поселкесінде дүниеге келген.

¾ Шалтай Смағұловтың ғылым жолында жасаған қанша ауқымды еңбегі бар? Және сол еңбектері үшін марапатталды ма?

¾ Оның 120-дан аса ғылыми жұмысы жарық көрген. 1994 жылы “Сұйықтық пен газдың динамикасын сандық модельдеу”, “Теория және есептеу тәжірибесі” ғылыми жұмыстардың циклы үшін ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйақысымен марапатталған.

¾ Смағұловтың еңбек жолындағы атқарған қызметтерін білесіз бе? Өмір жолын айтып кетсеңіз?

¾ 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірген. Еңбек қызметін КСРО ҒА Сібір бөлімінің Есептеу орталығында өтілгер-зерттеуші ретінде бастаған. 1978 жылы КСРО ҒА-ның Теория және қолданбалы механика институтының аспирантурасын бітірген және 1983 жылға дейін ғылым қызметкері лауазымында жұмыс жасаған. 1984 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауыстырылған. 1984-2001 жылдары ҚР ҰҒА-ның әл-Фаараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті маңындағы механика және математика ғылыми зерттеу институтының директоры, қолданбалы анализ кафедрасының меңгерушісі. 2001 жылдан бастап – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің деканы болған.

¾ Шалтай Смағұловтың қандай еңбектерін білесіз?

¾ Смағұлов докторлық диссертацияларды қорғаудың диссертациялық кеңестің басқарушысы болып, республиканың квалификацияланған ғылыми және инженерлік-техникалық кадрларын жасап шығаруға елеулі үлес қосты. Оның басшылығымен есептеу және қолданбалы математиканың көкейтесті мәселелелері бойынша 50-ден аса кандидаттық және 10 докторлық диссертациялар қорғалды.

¾ Ш.Смағұловтың ғылыми-техникалық прогресске қосқан үлесін айтып бере аласыз ба?

¾ Ол есептеу математикасы мен математикалық модельдеу бойынша ғылыми мектеп құрған. Шалтай Смағұлұлы Навье-Стокстың теңдеулерінің шешімінің үнемді сандық тәсілдерін ойлап табуға үлкен үлес қосты. Ол ең алғаш рет магниттік гидродинамиканың сызықты емес тудырушы теңдеулерге бастапқы-соңғы есебінің орындылығын дәлелдеген, айнымалы тоқтың функцияларында тұтқыр сығылмайтын сұйықтықтың теңдеулерлін шешудің жаңа сандық әдісін ұсынған, дәлелдеу мен жалған облыстар әдісін қолдануда іргелі нәтижелерге қол жеткізді. Смағұловтың бастауымен Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіне арналған ақпараттық технологиялар жасап шығарылған.

ә) Әбу Насыр әл-Фараби - энциклопедист ғалым.

¾ Әбу Насыр әл-Фарабидің толық аты-жөнін білесіз бе?

¾ Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ, ал арғы атасының аты – Тархан .

¾ Әбу Насыр әл-Фарабидің туылған жылы мен туған өлкесінің қайда екенін білесіз бе?

¾ Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген.

¾ Оның есімі неге байланысты қойылған деп ойлайсыз?

¾ Оның туған жері – ежелгі қазақ қаласы Отырарды Арабтар Барфа, (Фараб) деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады.

¾ Әбу Насыр бастауыш білімді қайда алған?

¾ Әбу Насыр әл – Фараби бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алды. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол 150 тарта еңбек жазған.

¾ Әбу Насыр әл-Фарабидің қандай еңбектерін білесіз?

¾ "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", "Философияны аңсап үйрену үшін алдан-ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік-этникалық трактаттар".

 

31. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

Сіз бағдарламашысыз. Досыңыз Веб-сайт құрғысы келеді, бірақ сайт құру жолдарын жақсы білмейді. Сіз қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?

Ол менің досым болғандықтан, оған барынша көмектесіп, ақылымды айтар едім. Мен сол кәсіптің маманымын, сондықтан оған жақсылап отырғызып, сайтты қалай құру керектігін түсіндірер едім. Егер болмай бара жатса, досымнан сайт құру жолдарынан қосымша сабақ алуын өтінер едім. Өйткені сайт құруды білсе, одан алған білім болашақта көп пайдасын тигізеді.

32. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

Сіздің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша алған біліміңіз бар. Банкте жұмыс істегіңіз келеді. Бірақ банкке қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген маман керек. Сіз өзіңізді қалай таныстырар едіңіз?

Мен өзімді осы маман иесі ретінде таныстырамын. Себебі менің білім алған мамандығым мен банктегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мамандығы бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жылдам оқыту курстарына қатысып, білімімді одан әрі жетілдіре түсемін. Себебі, ақпараттық технологиялар күннен-күнге қарыштап дами береді. Оларды меңгеру қиын болғанымен, көп күшті талап етеді.

33. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

«100 кітап» жобасы негізінде оқыған қазақ жазушыларының шығармаларынан киелі сандарға қатысты мысалдар немесе үзінділер жазуға тапсырылды делік. Сіздің шығармалардан келтірген мысалдарыңыз.

Менің келтіретім мысалым :

Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлендері.

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Абай «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде бес нәрседен қашық болуды көрсетеді.

Оны бес дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ-дейді. Бес асыл іске талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды жатқызады.

34. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

Cізді факультет басшысы етіп сайлады. Өзіңіз оқыған факультеттің гүлденуі үшін және студенттер үшін қандай жағдайлар жасар едіңіз. Жоспарларыңызбен бөлісіңіз.

Факультет басшысы болу өте қиын, ауыр жұмыстардың бірі. Өйткені барлық факультеттің ішінде болып жатқан іс-шаралар сенің мойныңда. Факультетте оқып жатқан әрбір студентке, әрбір оқытушыға, ол жерде жұмыс істеп жүрген жұмысшыларға жауап бересің. Егер мен факультет басшысы болсам, тек факультеттің ғана емес, университетің гүлденуіне өз үлесімді қосар едім. Мысалы, ең алдымен студенттердің біліміне көңіл аударатын едім. Олардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасайтын едім. Студенттерге медициналық көмек көрсету үшін факультетке медициналық бөлімше ашатын едім, өйткені біздің факультетте ондай пунктер жоқ. Студент немесе оқытушы ауырып қалса университеттің емханасын абару керек, бірақ ол емхана факультеттен алыс орналасқан. Факультеттің гүлденуі үшін, студенттерді сергіту үшін әр түрлі қызық іс-шаралар, концерттер ұйымдастыратын едім. Өйткені, біздің факультетте ондай іс- шаралар аз. Студенттердің оқуға қызықушылығын арттыру үшін кейбір сабақтарды ойын немесе тренинг ретінде өткізетін едім.

35. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

Сізге кәсіби біліктілігіңізді жетілдіру үшін алыс шетелге баруға ұсыныс түсті. Болашағыңыз үшін бұл сапардың маңызы бар. Өзіңіз барғыңыз келгенімен, анаңыз қарсы. Сіздің әрекетіңіз?

Болашағым үшін маңызы бар іс сапар болса анамды көндіруге тырысар едім. Менің болашағым үшін анам міндетті түрде батасын беретініне сенемін. Егер келіспесе, анамнан асып еш жаққа кете алмаймын. Анамның разылығынсыз, ісім оңға баса қояр деп ойламаймын. Егер маған осы жолы ұсыныстар түссе, келесі жолы одан да жақсысы түсетініне сенемін. Жұмысымды баяғысынша құлшыныспен жасай берер едім.

36. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

Сіз Қазақстандағы өте жоғарғы деңгейдегі web-бағдарламашысыз. Оқуды үздік бітіріп, Қазақстанның ең атақты IT-компаниясында 10 жылдан бері жұмыс атқарасыз, жұмыс уақытыңызды өзіңіз белгілейсіз, табысыңыз өте жақсы, бастықтар сізге ешқандай талаптарын қоя бермейді. Университетте бірге оқыған досыңыз көп жылдан кейін хабарласып, бірге компания ашуды ұсынды. Сіз не істер едіңіз?

Жауабы :Бұл жағдайда әрине мен ең бірінші досыммен кездесіп, ол қандай компания құрмақ, болашақта қандай деңгейде жұмыс істегісі келетінін, сонымен қкһатар бизнес-жоспарын сұрап алып, мұқият танысып шығар едім. Және де бұл идея мені толық қанағаттандырса, досыма хабарласып, келісімімді берер едім. Болашақта бұл компанияның жетістікке жететініне толықтай сенімді болар едім.

37. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

Қазіргі таңдағы компьютерлердегі операциялық жүйелерге көңіліңіз тола ма? Егерде толмаса қандай өзгерістер енгізер едіңіз?

Жауабы:Жалпы қазіргі таңдағы операциялық жүйелердің бәрі де жақсы дәрежеде дамыған. Мысалы соңғы шыққан Windows 8-де интерфейсы де, дизайны да, жұмыс істеу принципі өте жақсы дамыған яғни операцияларды өте тез орындайды және ең бір жақсы артықшылығы антивирус орнатудың қажеті жоқ, себебі мұнда антивурис басынан бастап орнатылып қойған. Бірақ менің тағы да қосқым келетіні ол осы Windows 8-дің ұялы телефондарға да орнатылатындай мүмкіншілігі болса. Қазір 21 ғасыр және барлық адамдардың 86 пайызы дерлік уялы телефондарды пайдаланады бірақ олардың жұмыс істеу принципі компьютерлердікіне қарағанда өте баяу жұмыс жасайды. Ал ұялы телефоның кодтарды операцияларды өте жылдам орындаса ол өзімізге жақсы болар еді. Сондықтан да мен операциялық жүйеге осындай қосымша мүмкіндікті қосып бергім келеді.

38. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

Өзіміздің күнделікті пайдаланып жүрген univer.kaznu.kz сайтына қандай жаңа мүмкіндіктер қосар едіңіз?

ҚазҰУ бұл сайтының кемшіліктері өте көп: сайт дизайнынан бастап, сайттың мобильдік құрылғыларда мүмкінліктерінің шектелуіне дейін. Оларға жеке-жеке тоқалар болсам, сайттың ПОӘК сілтемесі мобильдік құрылғыларда жұмыс жасамайды. Қазіргі күндері студенттердің көпшілігі пән материалдарын электронды түрде телефондарында салып жүруді жөн көреді, сондықтан бұл қателіктің шешімін бірінші табу керек.

Тағы ұсыныс айтар болсам, әр кез студенттің сабаққа қатысу және үлгерім журналына немесе ағымдағы аттестацияға балл қойылғанда студенттің әлеуметтік желісіне немесе нөміріне хабарлама жіберіліп отырса, студенттерге ыңғайлы болар еді деп ойлаймын.

Сайт дизайнына келер болсақ, біз, қазіргі жастар, минималдауды ұнататындықтан, сайттың жазуларын, жалпы құрылымын, қысқаша айтқанда дизайнының артық заттарын алу керек және оны заманауи стильге өзгерту керек.

39. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

Бәрімізге белгілі, қазіргі таңдағы ақпараттық технология саласында пайдаланылып келетін программалардың барлығы дерлік орыс не ағылшын тілдерінде жазылған. Егерде мүмкіншілік болса Сіз программаларды қазақ тіліне аударар ма едіңіз? Қандай программаларды?

Жауабы:Егерде мүмкіншілік болса мен ВКОНТАКТЕ программасын түгелдей дерлік қазақ тіліне аударар едім. Мысалы, американдықтардың «ФЭЙСБУК» программасын Павел Дуров орыс тіліне аударып оны «ВКОНТАКТЕ» деп атаған.Барлық мүмкіншіліктерді түсінікті етіп жеткізген болатын. Сол сияқты мен де оны түгелдей дерлік қазақ тіліне аударып, өзіміздің қазақстандық жеке меншікке айналдырғым келеді. Басқа елдің азаматтары да біздің қазақстандық нұсқасын пайдаланғанын қалаймын.

 

40. Жағдаяттық тапсырманы жазбаша орындаңыз:

ЖОО-да өзіңіздің жаныңызға жақын web-бағдарламашы мамандығын игеріп шықтыңыз. Сол сала бойынша талай биіктерге жетсем деген мақсатыңыз да бар. Бірақ ата-анаңыздың жақсы жұмыс істеп тұрған отбасылық бизнесі ол да бар. Ата-анаңыз ол бизнесті басы бүтін сізге сыйға тартпақ ойы бар. Бірақ ол сіздің сүйікті ісіңізбен мүлдем байланысы жоқ. Қай таңдауды таңдайсыз? Неге?

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген мақал тегіннен тегін айтылмаса керек. Кез-келген адам өмірге келген соң болашағының жақсы болғанын армандайды. Ол үшін өзі ұнататын мамандықтың иесі болуға талпынады. Сондай мақсатпен мен web-бағдарламашы мамандығын таңдап алдым. Қазір болашағымның жарқын болуы үшін алдыма үлкен міндеттер қойып, жан-жақты білім алудамын. Болашақта қоғамның қазіргі жағдайына сәйкес келетін сайдтар ашып, қалың көпшілікке өз көмегімді көрсеткім келеді. Әлі де жұртшылыққа мәлім болмаған ақпараттар легі менің келешектегі жұмысымның көзі болары анық..

Өзің ұнатпаған іспен айналысу нәтиже бермейтіндігі, одан ләззат ала алмайтынымыз бәрімізге белгілі нәрсе. Ендеше ата-анам ұсынған отбасылық бизнеске айтар жауабым біреу-ақ.: «Мен web-бағдарламашы боламын...».

Өз ойымды дәлелді пікірлермен ата-анама дұрыс жеткізсем, бәрі оңынан болады деп ойлаймын.