Азақ ғалымдарының техника саласында ашқан жаңалықтары» деген тақырып бойынша эссе жазыңыз

Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев қоғам алдына елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуына елеулі үлес қосар бірқатар маңызды міндеттерді қойды. Аса ірі міндеттер Қазақстан Республикасының ғылыми қауымдастығына да жүктелді.

Негізінде, біздің ғалымдарымыз ғылым жолында ізденуден, ашқан жаңалығының жобасын жарқыратып көрсете білуден кенде емес. Арамызда білікті, ізденімпаз, ғылымға шын жанашырлықпен қарайтын азаматтар баршылық. Олардың қайсыбірінің ашқан жаңалықтарына азуын айға білеген Батыстың өзі тамсанып қарайтын кездер де бар.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 2013 жылғы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық 14 авторға тағайындалып отыр.

«Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:

Қазақстан Республикасында жоғары технологиялы инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақовқа; «Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменовке және тағы да басқа авторларға берілді.

Біздің мемлекетіміз жаһандық технологиялық революцияның бір бөлшегі болуы тиіс. Сондықтан да мемлекет басшысының 2050 жылға дейін әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына ену туралы мақсаты ғылыми қауымдастықтың тарапынан жанкешті еңбекті талап етеді. Түптеп келгенде, біздің ғалымдар біліктілігі мен қабілеттілігі жағынан Елбасы соңғы Жолдауында көрсетіп берген тапсырмаларды орындап, елді дамытуға үлес қосуға әбден дайын деп айтуға болады.

 

49.«Әлемнің ең үздік университеттері» деген тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Кез келген бала мектепте жүріп жоғары оқу орнына түссем дейді. Тәтті қиял, асқақ арманмен болашаққа көз тігеді. Әр баланың ой-мақсаты әр алуан. Дегенмен, әлемнің ең үздік университеттерінде оқуды армандамаған жас кемде кем шығар. Солардың қатарына өзім де бармын. Әлемнің ең үздік университеттер қатарына қандай жоғары оқу орындарын жатқызуға болады?

Ақпарат бойынша, зерттеу барысында дүние жүзіндегі 16,5 мың ғалым мен әртүрлі сала мамандар арасында сауалнама жүргізілген. Миллионнан астам ғылыми жұмыс пен мақала зерттелген. Соның нәтижесі бойынша АҚШ-тағы Калифорния технологиялық институты әлемдегі ең үздік университет ретінде танылды. Екінші орынды бірдей бал жинаған ұлыбританиялық Оксфорд пен америкалық Стэнфорд университеті иеленген. Алдыңғы ондықта сонымен бірге Гарвард, Кэмбридж, Массачусетс технологиялық университеті мен Чикаго университеттері де бар.

Азия бойынша, үздіктер қатарына Қытай, Сингупар, Тайланд, Кореяның оқу орындары кірген. Батыс басылымдары мұны сол елдерде жалпы ішкі өнімнен білім саласына молырақ қаржы жұмсалғанынан көреді.

Қазақстандық оқу орындарының да әлемдік рейтингке шығу мақсатында жан-жақты ізденістер жүргізіп, біршама жұмыстар атқарып жатқанын ақпарат бетіндегі материалдардан көруге болады. Соңғы жүргізілген зерттеулер бойынша Қазақстандағы ең үздік университеттердің үштігі қатарына Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті кірген.

Сонымен өзім білім алып жүрген әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті әлемнің ең үздік оқу орындарының арасынан ойып орын алатын күн де жақын деп болашаққа үмітпен қараймын.

50. «ҚазҰУ-дың атақты түлектері»деген тақырып бойынша эссе жазыңыз.

80 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық университетінен елімізге танымал қайраткерлердің, ғалымдардың шығуы - біз үшін үлкен мақтаныш. Олардан дәріс алмасақ та, еңбектерін оқу арқылы және өмір жолдарын зерделей отырып, өзімізге қажетті көп нәрсені аларымыз сөзсіз. Біз үшін Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков, Қадыр Мырза Әлі,Тұманбай Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов, Мырзатай Жолдасбеков т.б. сияқты әйгілі тұлғалардың өмір тәжірибесі – үлкен өнеге.

Жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Зейнолла Қабдолов -ҚазҰУ атақты түлектерінің бірі. Ол Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген. Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған. «Ұшқын» және «Жалын» романдарының, «Адам», «Сыр» атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы. «Менің Әуезовым» романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған. Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горкийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аударған.

«Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты. Көркем шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.

Оқу орнымыздың 1957 жылғы түлектерінің бірі - Әбіш Кекілбаев. Ол университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істейді. Ол ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары, «Қазақфильм» студиясының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып қызмет атқарады. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланған және Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болған.

Мен оқитын оқу орнынан осындай атақты түлектердің шығуы – біз үшін үлкен мәртебе.

 

51. «Сандар әлеміндегі қызықтар» деген тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Грек ғалымы Пифагор «Сандар дегеніміз — барлығы» деген екен, «Сан-математика ғылымының іргетасы» деп Орынбек Жәутіков айтқан, яғни математиканың тілі ол сандар. Бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік,сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз, сондықтан, сандарды ойлап табу қажет болды

Ғалымдар сандарды дүниетаныммен байланысты қарастырып, сан ұғымының сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ашуға талпынған. Әр санда өзіндік кие болатыны, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болатынын көрсетуге тырысқан.

Мәселен, 4 саны - Қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар 4 саны бар жер­ге жоламауға тырысады. Өйт­кені бұл - «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті кейбір биік ғимараттардан 4 және 14 нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, 4 қа­сірет саны болып саналады. Дегенмен бұл санның да өзіндік мағынасы зор. 4 мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн және Ай. Жылдың 4 мезгілі бар. 4 мифологиялық жануар бар - Жалғызмүйіз, Феникс, Пан­голин және Айдаһар. Жарықтың 4 көзі бар - жұлдыздар, плане­талар, Күн мен Ай. Бізде төрт саны «Төрт құбыламыз түгел» деген ұғымды білдіреді.

5 - аса құрметті сан. Айналадағы болатын барлық құбылыстар мен өзгерістерді қадағалайды деп саналатын негізгі бес планета бар - Меркурий, Венера, Марс, Юпитер және Сатурн. Жер бетінде бес негізгі элемент бар - су, металл, от, ағаш және топырақ. Адамда бес негізгі сезім мүшесі бар, бес негізгі мүше бар. Негізгі бес түс бар, бес дәм бар. Бал ашу кезінде бестік императорлықты білдірген. Шарықтау шегіне жету­дің белгісі. 5 саны ауқатты, күшті, белсенді де сабырлы және биіктен көрінер сан болып есептеледі. Сондықтан оны белеске теңейді. Қытайша «бес» сөзінің омонимі «ештеңе де емес, бос» деген ұғым­ды білдіреді.

6-дан 12-ге дейінгі сандар осы негізгі бестіктің қайталанып қосылуы болып саналады. Дегенмен олар­дың да өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, 6 саны дыбысталғанда «байлық» дегенді білдіріп, құрмет тұтатын сандар қатарына кіреді. 7-ге ерекше көңіл бөлінетін себебі, ол өміріміздің негізгі цик­лы - аптаны, сол апта ішіндегі 7 күнді білдіреді. 8 саны да ды­бысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Оның омонимi - «гүлдену». Екі «өлімнің» (төрт) қосындысы соңында бәрібір де «гүлденуге» жетелеп әкеледі. Бұл - қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкел­сін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлды­зы, сағат 8-ден 8 минут 8 се­кунд өткен мезгілге бел­гі­ленді.