Лдырау кезеңі – XIV – XV ғғ. – Негізгі өкілдері: Ульям Оккам, Жан Буридан,Дунс Скот т.б

Ортағасырлық философиядағы негізгі тартыс, айтыс универсалий деп аталған ұғымдар, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Схоластикаға оппозициялық көзқарас ұстанған Р.Бэкон болды.

Жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық, деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша , «жалпы адам» дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады.

Реализмнің басты өкілдері Ансельм Кентерберийский, П.Абеляр, Фома Аквинский. П.Абеляр бойынша, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірfқ олар өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізінде жалпы ұғымдар қалыптасты. Бұл жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр, ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек.

Фома Аквинский,(ілімі -томизм),схоластиканың шарықтау шегі.Оның ілімі христиандық теология мен перипатетизм арасындағы ымыраға келушілік . Ф.Аквинский ілімі бойынша, материя формадан бөлек жекеше өмір сүре алмайды, ал форма материядан бөлек өмір сүре алады. Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, сондықтан, құдай – таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет. Жалпы идеялар заттарңа дейін құдайдың ақыл-ойында өмір сүреді деп, реалистермен келісетінін көрсетеді. Сонымен қатар ол жалпы идеялар заттардан кейін адамның ақыл-ойының жемісі ретінде ойда өмір сүреді, сөйтіп олар заттарды жарата алмайды, қайта олардың нәтижесі болып табыла отырып, белгілі бір дәрежеде номиналистерді жақтауға әрекет жасайды. Мәселені бұлайша шешу философия тарихында идеялар тек заттардан тыс бұрын өмір сүреді дейтін атауға ие болды. Заттардың мәні олардың түп негізі – құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамның мақсаты- соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.

Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистр.Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері: Роджер Бэкон, Уильям Оккам, Николай Уразмский. Олар жалпы заттарды зерттеуге шақырды. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді.Нақты затқа жалпының да, жалқының да керегі жоқ деді Ульям Оккам. Әмбебаптар – олар үшін тек белгілер, бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді, Роджер Бэкон схоластиканы сынады. «Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу қажет»,-деді, Николай Уразмский де ғалым болған, дінге сенбестік білдірген.

Арабмұсылман философиясы дегеніміз мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының орта ғасырлар дәуіріндегі ілімдерінің жиынтығы.

Фәлсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени – тарихи, саяси - әлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени-әлеуметтік жағдайлар: ислам діні, оны таратушы басты саяси күш – Араб халифаты. Араб тілі осы империаның мемлекеттік тілі болатын.

1. Араб тілін меңгеру- білімділіктің әрі мұсылмандықтың белгісі. Осы жағдайға сай оқу, білім беру жүйесі арабша қалыптасып, ендігі жерде араб тілі мұсылман өркениетінің тіліне айналды.

2. Фәлсафа мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл, негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным.

3. Фәлсафа антиктік философияны араб тілінде, мұсылмандық дүниетаным негізінде қайта жандандырған.

ХХ ғ. көрнекті ғалымы Б.Рассел , біріншіден, антик дәуіріндегі Платон мен Аристотельдің арасалмағы туралы, Платон Аристотельден әлдеқайда басым болған. Арабтар осы мәселеде философия тарихында өзгеше бастау жасады, олар Аристотельді бірінші орынға шығарған. Екіншіден, ұмыт болған антиктік философияны тірілтіп, аударып, онымен Еуропа жұртшылығын таныстырып, грек философиясындағы дәстүрді жалғастырушылар, сөзсіз фәлсафашылар. Осындай істің нәтижесінде Еуропада грек, латын тілдері қайта жанданды, олар ғылым, білім, өнер, философия тілдеріне айналды. Үшіншіден, арабтар салған дәстүр немесе грек философиясын қайта жаңғырту XI ғ. Батыс Еуропа схоластикасына негіз болды. Бұл туралы кезінде И.Г.Гердер былай деп жазған: «Арабтар болмаса, Гербер де, Альберт Великий де, Роджер Бекон де, Луллия Раймунд та болмас еді Олардың барлығы Испанияда арабтардан оқыды немесе солардың шығармаларын оқыды». Схоластика деп танылған орта ғасырлық философия: мұсылмандық, иудейлік және христиандықболып бөлінеді. Төртіншіден, араб философтары Еуропалық Қайта өрлеу заманындағы интелектуалдық халге әсері айтарлықтай болған. Фәлсафа араб тілі негізінде ғана емес, ол саяси негіздерде жүзеге асқан феномен. Осы тұрғыдан оның үш тарихи кезеңін көрсетуге болады.

Бірінші кезең, Бағдат халифатына қатысты, ӘЛ-Кинди, «Таза ағайындар» еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи мәдени кеңістік.

Екінші кезең: Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның бір көрінісі – Орта Азия мен Қазақстан аумағында ерекше түрде дамыған фәлсафа, оның өкілдері: әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хаям, әл-Ғазали. Бұлар парсы-түркі жұртының ойшылдары.

Үшінші кезең: Мұсылман Испаниясындағы(Кордово халифаты) Еуропалық фәлсафаның тарихи-мәдени кеңістігі, оның өкілдері: Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Араби, Ибн Рушд.

Әдетте ортағасырлық мұсылман философиясын Әл-Киндиден бастап, Ибн-Рушдпен аяқтайды.

Әл Кинди ( 800 жылы туған ) жан-жақты білімді, терең ойлы ғұлама. Еңбектері: метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология, музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Әл Киндидің ерекше ерлігі Аристотель еңбекткрін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, герменевтикалық талдау беруінде. Оның айтуынша, философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастауы керек. «Әрине, әрбір істің басшысы Алла,-дейді, бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде». Ол Аристотель шығармаларын төрт түрге бөліп, топтаған. Бірінші топтамаға – логика, екіншіге физика туралы кітаптар, үшінші топтамаға- өздігінен өмір сүріп, нақтылы нәрселерді қажет етпейтін, бірақ солармен бірге өмір сүріп, бірге байланыс тәсіліне болатын білімдер туралы кітаптар. Төртінші- нәрселерді қажет ететін және олармен ешқандай байланыста емес білімдер туралы кітаптар. «Категориялар» деп аталатын кітабында – сөз ұғымдар(категориялар), сипаттар (атрибуттар) туралы. Субстрат дегеніміз – субстанция(зат). Сипат(атрибут) дегеніміз – акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып, не өзінің аталуы, не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта, әл-Кинди айтуынша, тоғыз акциденталдық ұғым бар, олар: сан, сапа, қатынас, орын(кеңістік), уақыт, әрекет, өзгеріске түсу, қабылдану(обладание) және орын алу немесе орналасу.

«Алғашқы философия туралы» трактатында мынандай мәселелерге тоқталған:

1. Философияның мәні туралы. Ол шындықты танудағы адам қабілетінің мөлшерін білдіреді. Өйткені нағыз философия дегеніміз – ақиқатты тану.

2. Нағыз биік әрі ізгілікті, әрі рухани философия, ол қандайда ақиқаттың себебі болатын алғашқы ақиқат туралы ғылым.

3. Таным туралы. Адам танымының екі түрі бар;сезімдік таным, ақылмен тану.

4. Егер нәрсенің өзі болмай, оның мәні болса, ол ештеңе де емес. Ал ештеңе емес нәрсенің пайда болуына себеп бола алмайды.

Ол мән, субстанция, акциденция, бүтін, жалғыз,қатынас, айырмашылық, қайшылық, тыныштық, қозғалыс, басқа да философиялық ұғымдар мен түсініктер туралы ой пікірлерін білдірген.

Әл Фараби– Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»атанған данышпан ойшыл. Әбу Насыр әл-Фараби ілімінің ерекшелігі:

1. Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау жасаған.

2. Дін мәселесіне келгенде, Құдай деген идеяны жоққа шығармаған.Ол аристотель ілімі негізінде әлемнің алғашқы себебін мойындайды, алғашқы себеп ол құдай. Фараби форма үздіксіз өзгерісте, ал материя мәңгі деген.

3. Ғылым, Фарабидің айтуынша, ақылдың нәтижесі, оның екі түрі болады: теориялық және практикалық. Теориялықғылымдар: логика, табиғаттану ғылымдары, метафизика, практикалық – этика мен саясат.

Фарабидің мемлекет, саясат, қала өмірі туралы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы»және «Азаматтық саясат» деген емші ретінде кеңірек мәлім, медицина тақырыбына 43 трактат жазған.

Ибн сина ,басты еңбегі «Емшілік ілімінің каноны». Ибн Сина грек философы Аристотель еңбектерін жоғары бағалай келіп, оның ізбасарларын(Шығыс перпатетиктерін) сынға алған, себебі, олар өз ұстаздарының ойларын түсініп алуға бар күштерін жұмсап, оның кемшіліктерін көре білмеген. Ибн Сина метафизиканы Аристотельдік түсінікте ала отырып, оның предметін анықтаумен бірге, субстанция, дене, форма, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, мән, қозғалыс сияқты негізгі ұғымдарға талдау берген. Ал «Жан туралы кітабында» ол Аристотельден гөрі Плотиндік концепцияға жақын. Дене мен жан деген проблема – Ибн Сина дүниетанымының басты арнасы.

Ибн Рушд ( 1126 – 1198). Ол жас шағынан бастап теология, заң білімі, араб әдебиетін меңгеріп, медицинаға ерекше ықыласын танытқан. Оның шығармаларының формалары: түсініктер және арнайы шығармалар. Ибн Рушдтың барлығы 38 шығармасы болған, оның 28-і араб тілінде, 36-сы көне еврей тілінде,34-ті латын тілінде сақталған. Мұның көбісі Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау. Ибн Рушд еңбектерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі-әл-Ғазалиге қарсы жазылған «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактаты. Ибн Рушд фәлсафа мен дін туралы көптеген терең ойлар айтқан, оның «Әрбір пайғамбар-данышпан, ал әрбір данышпан-пайғамбар емес» деген қанатты сөзі бар. Алайда ғұлама діни ортодоксия өкілдерімен таласқа түспеген, себебі, оның ғылым үшін қажеті шамалы. Талас діни дүниетаныммен «шығыстық перипатетиктер» арасында болған. Сол замандағы, тіптен қазіргі күннің де басты проблемасы-дүниенің мәңгілігі немесе оның пайда болуы туралы. Ибн Рушд «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактатындағы пікір таласы әл-Ғазалидің әлемнің жаратылмағандығы туралы ұсынған төрт дәлелдемесіне Ибн Рушд өз дәлелдерін келтірген.

1. Егер әлем жаратылған болса, онда оның пайда болуын мүмкін еткен әлдененің болуы керек.

2. Ибн Рушд «дейінгі», «кейінгі» дегенге қарсы. Себебі, мәңгіліктің өлшемі жоқ, әлем болса, сол мәңгіліктен тыс емес.

3. Философтар әлемнің мәңгілігі мүмкін болса, оның болуы да мәңгілік дегенді негізге алады. Мұндай жағдайда оның мүмкін болмауы мүмкін емес.

4. Қандай болсын нәрсе-өзінің пайда болуына дейін мүмкіндігі бар мән немесе мүмкіндігі жоқ мән немесе қажетті мән.

Ибн Рущд өзінің қарсыласы әл-Ғазалиге қарсы келтірген дәлелдерін қорытындылай келіп, мынандай түйін жасайды: әлдебір нәрсенің басталуы болса, оның аяқталуы да болмақ, ал басталуы жоқ нәрсе шексіз болмақ.

Мұсылман философиясын шартты түрде мынадай бағыттарға бөлуге болады:1.”Таза ағайындар ”ілімі. Xғ.Мақсаты: исламға еніп кеткен қоқыстарды философия арқылы тазарту.

2.Шығыс перипатетизмі(фәлсафа) рационалдық көзқарасты ұстанушылар,Аристотель ізбасарлары: әл-Кинди, әл-Фараби,ибн-Сина,ибн-Рушд т.б.

3.Суфизм – исламдағы мистикалық бағыт:әл-Араби, әл-Газали,Ахмет Яссауи т.б.Негізгі мәселесі жеке адамның құдайды тануы .Ол эзотерикалық білім арқылы экстаз күйінде жүзеге асады.Суфизмде жетілген адам(инсан камил) идеясы дамытылады.

4.Калам(мутазилизм, мутакалим):әл-Ашари,матуриди т.б. Мутазилизм исламға сын қөзбен қараушылар,Құран сөзін догмаға айналдыруға қарсы болған,рационализмге жақын. Мутакалим ислам беделін толық мойындаушылар, оны логикалық тәсілмен түсіндіруге ұмтылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. А. Августиннің еңбектерін ата. Қандай мәселелер көтерілді?
  2. Ф.Аквинский кімнің философиясына сүйенді?
  3. Реализм деген не? Номинанизм деген не?
  4. Бірінші араб философы, шығыс перипатетизмінің негізін қалаушы.
  5. Авиценна кім? Негізгі еңбегі.
  6. Фәлсафа деген не? Өкілдерін ата.
  7. Инсан камил қай философияның іргелі ұғымы? Мағынасы нені білдіреді?
  8. Аверроэс кім? Ілімі қалай аталады?

9.Ортағасырлық философияның басты сипаты не?

Негізгі әдебиет:

1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.

2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2006.

Қосымша әдебиет:

1.Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы.ӘФМ.20 томдық.Т.4.А;2006

2.Ортағасырлық діни философия. ӘФМ.20 томдық.Т.5.А;2006