Тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын қайталап жаттығыңыз

ғылым – наука

ертеңі - будущее

білім жүйесі – система образования

қағида - цель

мемлекеттік емес – не государственный

міндетті - обьзательный

орта білім – среднее образования

тегін - бесплатно

өз еркі – своя воля

оқулық - учебник

әдістемелік - методический

ең маңызды мәселе – самая главная проблема

жеке меншік – собственность

 

 

Тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Азақстанның білім беру жүйесі

Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекет және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді.

1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекет және жеке) өз еркімен қалауына байланысты.

1997 – 1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру толығымен аяқталды.

Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін байланыста жүргізуде.

Тапсырма. Мәтінді ауызша мазмұндап, сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Қазақстанның білім беру жүйесі қандай типті басшылыққа алған?

2. Толық орта білім алуды мемлекет қалай жүргізеді?

3. Мектеп бітірген соң, білім алу қалай белгіленеді?

4. Мектепті ақпараттандыру қай жылдан басталды?

5. Мектепті компьютерлендіру толығымен қашан аяқталды?

Тапсырма. Сұхбаттың толық нұсқасын жазыңыз.

- Достым, шетелдерде жеке меншік оқу орындары көп пе?

Осыған қатысты қандай деректер білесіз?

-...

 

- Мен ғаламтор ақпараттарынан шетел студенттерінің базасы мықты жеке меншік университеттерінде оқығысы келеді дегенді естіп едім. Оның сыры неде?

- ...

 

- Шетелден келген білім жүйесі негізінде «магистр», «бакалавр» сияқты терминдерді естідік. Ол жайында не білесің?

 

- ....

 

 

Тапсырма. Мына сөйлемдерді бұйрық райда түрлендіріңіз.

1. Студенттер емтиханды тапсырды. 2. Олар ғылыми жұмысты тез жазды. 3. Осы кітапты алған едім. 4. Біз сайысты жақсы ұйымдастырдық. 5. Әуежайдағы ұшақтар техникалық тексерістен өтті. 6. Халықаралық кездесулер Қазақстанда болады. 7. Олар осы әңгімені қызықтырып айтты. 8. Саяжайда олар барлық жеміс-жидек түрлерін отырғызды.

 

 

Тапсырма. Қажетті сөздерді аударып, қазақ тілінде рай түрлерінің жасалуын ажыратыңыз.

1. Менің әдемі ( хочу одеваться). 2. Оның бізбен ( хочет погулять). 3. Оның жарысқа (хочет участвовать). 4. Ол тез (придет). 5. Оның сурет (хочет рисовать). 6. Студенттерге (хочет сказать). 7. Біз Бәйтерекке кеше (сходили). 8. Мен осы мамандықты (выбрал). 9. Сәкен сабағын (пусть делает). 10. Біз газет-журналды үнемі (читаем).

 

13 – сабақ

Адам және заң

Шақ категориясы

Тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

 

1. ҚР Азаматтық Кодексі қай жылы қабылданды?

2. ҚР Азаматтық Кодексі неше тараудан, неше баптан тұрады?

3. Азаматтардың тұрғылықты жері қалай анықталады?

4. Азаматтардың білім алу құқықтары туралы нешінші бапта айтылған?

 

 

Тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыз.

 

1. Мен Қазақстан Республикасының ... . 2. Мен жоғары мамандан-

дырылған білім алуға ... . 3. Ұлттық мұраны қорғау - менің азаматтық ... . 4. Әр азамат өзінің азаматтық құқығын сол мемлекеттің заңнамасының негізінде қорғауға ... . 5. 1995 жылы 30 тамызда ҚР жоғарғы Кеңесімен ҚР Конституциясы - ... 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.

Қажетті сөздер: Ата заң, құқылы, парызым, азаматымын, құқылымын.

 

 

Тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

құқығы бірдей, тегіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты, кемсітуге болмайды, бостандықтарын, міндеттерін, айқындап береді.

 

 

Тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.

азамат - гражданин

құқық - право

тегі - фамилия

лауазымы - звание

әлеуметтік жағдайы – социальное положение

мүлік - имущество

жағдаят - ситуация

міндеттері - обязанность

азаматтық қоғам – гражданское общество

баспалдақ – ступенька