Зазалсыздандырылған қолғапты кию

Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап ауруды жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді. Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді. Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резисденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалык, бактериологиялык лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуішті жазыңыз.

3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың қайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

4. Оң колыңыздың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты кигізіңіз.

6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1 -ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1 -ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

9. Сол қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың кайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жакқа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптың бүгілген шетін астына қарай тартыңыз.

 

Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.

 


 

Стандарт

Қолғапты шешу іс әрекет алгоритмі.

1. Он қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

3. Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаныз.

5. Сол қолмен он қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаныз.

6. Он қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.

 

 


Стандарт