Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою

Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідеп іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүттіндігінің бұзылуы, әр түрлі этиологиялық ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спиртін немесе дәрілік ерітінділерді, 20-25°С суды, қайшыны, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

4. Даярланған ертітіндінің (20-25°С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

4. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймағынан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

5. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

6. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

7. Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай болуы керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

8. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

9. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

10. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

11. Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғьшты салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

12. Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

Ескерту: егер 2 сағатан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

спирттік компрестер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

компресті қайталап қоюдан, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;

қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.

 

 

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 20ж


Стандарт

Сүлікті қою.

Мақсаты: емдік. жерглікті жерден кан алу қанның ұюып төмендету.

Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркп), кан тамырларынын түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қаннын ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застои в печени), глаукома.

Қарсы көрсеткіштер: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезінде тері сезімталдығының жоғарлығында.

Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсінді аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақмданған жолдары (шахмат тлрізді), құймышақ айналасы, самай аймағы.

Асқынулар: терінің кышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндерінде қан кету.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинцеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісі, натрий хлорид ерітіндісі, ҚЖК. тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндіс бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритімі:

1.Науқасқа емшара максаты мен барысын түсіндіріңіз, оның іс шараға рұқсатын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық денгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.

4. Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түк шаш болса қырып алып тастаңыз.

5. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнаған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.

6. Теріні құрғатыңыз.

7. Сүлік қоятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.

8. Банкада суда тұрған сүлікті шінен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.

9. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозгалыс жасап, сүлікті теріге бағытаңыз.

10. Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлшегінде толқынды козғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.

11. Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.

12. Сондандай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (осы сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).

13. Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы cуға суланған мақтамен сулап шығыңыз.

14. Науаны сүліктер қойылған жерге жақын қойыңыз.

15. 30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өзідігінен түседі.

16. Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.

17. Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз.

18. Сүлікпен сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғыштың үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).

19. Пайдаланған күтім кұралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қаупісіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

20. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

21. Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.

Ескерту:

  • сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт-гирудин затын жібереді;
  • сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай:
  • асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріндейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;
  • сүлікті бір рет қана қолданады.

 

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 20ж

 

 


 

 

Стандарт



/footer.php"; ?>