Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішкі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың беткейлік веналары..

Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауа эмболиясы (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қанды ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, вирусты гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (тін бөлігінің қатаюы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын системаны, мақта шариктерін, салфеткаларды, лотокты, қолғапты, масканы, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке жабысқыш пластырьды, кленкалы жастықшаны, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), штативті, науқастың аты-жөні, палатаның номері көрсетілген дәрілік ерітіндісі бар флаконды, анафилактикалық шокқа арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты-жөнін анықтап, жайлы қалып алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін окыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіе көңіл аударыңыз. Флаконды ашқан күнін белгілеңіз.

4. Науқастың шынтақ астына кленкалы жастықшаны салыңыз.

5. Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерді қараңыз.

6.Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бүл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.

7. Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз.

8. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз

9. Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен

тізбектілікпен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алыңыз.

10. Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіп, көк тамырды сол қолдың 1 саусағымен басыңыз.

11. Тері астына инені 30° бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның еңкейту бұрышын азайтыңыз.

12. Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.

13. Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюласы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық қан көрінеді.

14. Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз.

15. Ине тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

16. Жүйенің қысқышын ашыңыз.

17. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыңыз, тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

18. Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін сайфеткамен жабыңыз.

19. Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағалаңыз.

20. Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта наукастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақылаңыз.

21. Емшара біткен соң жүйеден қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып алыңыз, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта шаригін 3-5 минутқа басыңыз. Наукастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгіңіз.

22. Жүйені және инені қалпағын кигізбей қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:

Қосымша дәрілік ерітіндіні енгізу жүйеден инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады, флаконда енгізілген дәрілік заттың аты көрсетіледі

Тамызғыш босамағанынша флакондарды ауыстыру жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконның тығынын алдын ала антисептикпен тазартып, жүйенің қысқа шетіндегі инені тірелгенше енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз, егер де ауа кіргізілген болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз.

Енгізіліп жатқан уақытта бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ерітіндімсн суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жок па? Ерітіндінің ағымы тоқталған жоқ па?

Наукастың хал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды, бас айналуды, лоқсуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсетіңіз, онда қысқышты жауып және инені шығару кажет.

 

 

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 2014ж « » 2014ж

Стандарт