Ер адамның қуығын катетерлеу

Мақсаты: Дер кезінде қуықтан зәрді дер кезінде шығару, кейіннен табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр шығарудың тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөлу мушелері және жыныс мүшелеріндегі операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиннкалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдқ зәрді анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпимдемит (ем қосалқыларының қабынуы), гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.

Асқынулары: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымднуы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцантті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітінідісі бар ыдысты, астына төсейтін кленканы, жаялықты, кермені, жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іc-әрекет алгоритмі:

1.Науқастың аты-жөнін анықтап, өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

4. Науқасты арқасымен жатқызыңыз: тізесімен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.

5. Науқастың бөксе астына кленканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз (стандартты қара).

6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

7.Науқасты жуындыруға арналған кұрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара), жуу іс-әрекетін жүргізіңіз. Науқастың оң жағынан тұрыңыз,, сол қолға залалсыздандырылған сүрткіні (салфетканы) алып, онымен жыныс мүшесі басынан төмен ораңыз.

8.Сол қолдың 3-4 саусақтары арасына жыныс мүшесін алып, сәл басын қысып, 1-2 саусақтармен сәл артық терісін ысырыңыз.

9.Оң қолдағы қыстырылған пинцетпен дәке тамнонын алып фурацилин ерітіндісіне суландырыңыз. Тампондарды ауыстыра отырып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналынан шетке қарай тазартыңыз.

10.Бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын ашық сыртқы зәр шығару каналының тесігіне құйыңыз.

11.Пинцетті ауыстырыңыз.

12.Оң қолда қысылған залалды пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7
см қашықтықта алыңыз, катетердің шетін қолдың үстінен орап 4-5 саусақтар
арасына қысыңыз.

13.Лотоктың үстінде катетерге 15-20 см ұзындықта
залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

14.Сол қолмен 1-2 саусақтармен жыныс мүшесінің басын жібермей ұстап, пинцетпен катетерді алғашқы 4-5 см-де енгізіңіз.

15.Пинцетпен катетерді тағы басынан 3-5 см ұстап, зәр шығаратын каналға 19-20 см үзындықта ақырын енгізіңіз.

16.Сол қолмен жыныс мүшесін бір мезгілде түсіріңіз.

17.Катетердің қалған шетін зәрді жинайтын ыдысқа салыңыз.

18.Зәр бөліну ағымы тоқтағаннан соң он қолға салынған пинцетпен (керісінше реттілікпен) катетерді абайлап шығарыңыз.

19.Қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.

20.Катетерді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

21.Қолғапты шешіңіз. Қолғапты және сүртінділерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

22.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

23.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

 

 


Стандарт

Уықты жуу.

Мақсаты: қуыктың қабыну процесін емдеу, тіндердің шіру өнімдерін, іріңді немес ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелер эндоскопиялық зерттеу алдында.

Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуыкты жууға арналған 37°С дсйін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін нсемесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Және шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның кслісімін алыңыз.

2. Науқастың бөксе астына кленканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып. тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімеп тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.

4. Науқастың сыртқы жыпыс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

7. 50-мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин еріКатетердін бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа салыңыз.

8. Катетердегі Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шегін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

9. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.

10. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12. Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.

Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.

 

 


 

 

Стандарт