Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері:ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми жарақатында, қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйігінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі), 35-45°С дейін жылытылған ыдысты, сұйық тамақ пен қысқышты, жабысқыш пластырьді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.

3. 35-45°С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.

4. Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке

түтіктен алыңыз.

7. Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.

8. Құйғыны сол кырына наукасқа карай енкейте отыра, жоғары көтеріңіз.

9. Даярланған тамақты өз порциясымен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз

10. Шайды ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.

11. Құйғыны алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Резеңке түтіктің шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.

13. Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Гастростома - асказан мен іш пердесінің алдыңғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік - еюностома салынады.

Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінін алдыңғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдыңғы қабырғасына - тігінен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

Лапаратомиялық жараның негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жараның арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден оң бітумен жазылуы ксрек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан жәнс ішек ішіндегі заттар өтеді.

Таңу процесінде түтіктің қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егер де түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

 

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 20ж

 


 

 

Стандарт

Гастрастоманы күту.

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі жағдай.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған 3-4 дана пинцеттерді, Кунер кайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% қалпы перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.

4. Тесіктің айналасындағы теріні 0.5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, құрғак шарикпен мұқият кептіріңіз.

5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз.

6. ІІастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесіліп, залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканың кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

9. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, таңғыш материалдарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

11. Таңуды жасап болған соң түтіктің өткізгіштіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егер де түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.

 

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 20ж

 


Стандарт