Стратиформдық кен орындардың пайда болуының гипотезалары

Бұл топқа жаралуы гидротермалық-шөгiндi болуы ықтимал кенорындар жатады. Бiрақ олар стратиформдық терминiмен(қабаттық жатыс пiшiнi бойынша) генезисiнiң толық анықталмағандығы салдарынан аталған. Қарастырылып отырған кенорындардың жаралуына қатысты бiрнеше гипотеза бар.

Кейбiр геологтар бұл кенорындарды бастапқы-шөгiндi сингенезистiк, бiрақ кейiнгi кездерi ол бiршама өзгерiстерге ұшыраған деп санайды. Сонымен қатар, кенорындардың қалыптасуы гидротермалық эпигенезистiк, олар эрозиямен ашылмаған тереңдегi интрузиялық таужыныстар массивiмен байланысты деген пiкiр айтылады(академик Сəтбаев Қ.И.).

Бұл кенорындардың жаралуы полигендiк; олар ұзақ уақыт ағымында қалыптасқан деген гипотеза да кең таралған. Гипотезаның туындауына кенорындардың шөгiндi қатқабаттар дамыған аудандарда орналасып, бұл жерде гидротермалық минералды ерiтiндiлердiң көзi болатын интрузиялық массивтердiң болмауы ықпал еткен. Бұл гипотезаның негiзiнде көптеген стратиформдық кенорындардың ұзақ дамығандығы туралы деректер, олардың сингенезистiк шөгiндi де, эпигенездiк жаралымдар сипатты да болуы жатады. Кенорындардың қалыптасуы сингенезистiк вулканогендiк-шөгiндi руда жиналудан басталып, диагенез сатысына өтедi деп жорамалданады. Осыдан кейiн, яғни жатындар өздерi қалыптасқаннан кейiнгi жас жаралымдармен жабылған соң, рудажаралу жер асты ыстық минералды судың əрекетiне байланысты жалғасқан. Осы су ықпалынан минералдық массалар қайта топталып, эпигенездiк рудалану жүрген.

19. кен пайда болуының Экзогендік процестерінің жалпы сипаттамасы, сыртқы процестер – Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялық, геохимиялық, физика-механикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық, биохимиялық, биогеохимиялық, т.б. процестер жатады. Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы (құрлықта физика және химия үгілу, гипергенез, су айдындарындағы литогенез процестері) басым келеді. Экзогендік процестерәсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады. Сөйтіп, жаңа физика-географиялық, геохимиялық жағдайларда жаңа гиперген минералдар мен тау жыныстары түзіледі. Экзогендік процестерден үгілу қыртысы, тотығу белдемі, жер бетінің борпылдақ (континенттік) тау жыныстары, су айдындарында түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен байланысты пайдалы қазбалар қалыптасады.

Экзогендік серия седиментогендік топка жатады. Седиментогендік топ үгілулі, төгілмелі, шөгінді болып қарастырылады. Үгілуліге: қалдықты инфильтрационды; төгілмеліге: элювиалды, делювиалды, пролювиалды, аллювиалды, литоральды ; шөгіндіге: механикалық, химиялық, биохимиялық, вулкандық.

Седиментогенез сатысы заттың мору қыртысында жылыстау (мобилизация), шөгiндiлердiң тасымалдану жəне аяққы сушарада шөгiндiжиналу кезеңдерiн қамтиды. Заттың мобилизациясы механикалық жəне химиялық дифференциациялану процесiнде жүзеге асады. Оның сужиналу алаңынан тасымалдану формалары əр түрлi болуы мүмкiн– шынайы немесе коллоид ерiтiндiлер, механикалық жүзгiн түрiнде жəне су түбiнде сүйрелену арқылы. Тасымалдану кезiнде еритiн қосылыстар сушараға толық шайылып жетсе, ал су сынықты өнiмдердi жартылай шаяды.

Диагенез сатысында аса ылғал, бактериялар мен шағын компоненттерге қаныққан ұйық тығыз таужынысқа айналады. Бұл процесс ондаған м-ден жүздеген м-ге дейiнгi шөгiндiлер қатқабаты астында өтедi. Диагенездiң бiрiншi кезеңiнде тотықтану минералжаралуы жүрiп, ұйық суындағы оттек есебiнен темiр мен марганец гидроксидтерiнiң тасберіштері пайда болады. Екiншi кезеңде шөгiндi ортасы тотықтыдан тотықсызға ауысады. Шөгiндiнi сiңiрген су сульфатсызданып, II-темiр, марганец оксидтерге, кремнийтотыққа, органикалық затқа, фосфорға, шағын элементтерге баийды. Осындай жолмен сидерит пен темiрлi хлориттердiң диагенетикалық жатындары, марганецтiң конвекциялық родохрозит пен родонит рудалары, жалбыр фосфорит, мыс, қорғасын мен мырыштың шөгiндi секпiлдi рудалары қалыптасады.

Диагенездiң соңғы кезеңiнде аутигендiк(өз орнында жаралған, яғни өзiндiк шөгiндi) материалдыңiштей қайта түзiлуi, оның кейбiр нүктелер төңiрегiнде жиырылып, тасберіштер дамуы орын алады.Диагенез кезiнде заттың қайта түзiлуi нəтижесiнде шөгiндiлердiң шектеулi жиылымдарында кейбiр элементтердiң концентрациясы артады. Мысалы, марганецтiң концентрациясы7 есеге дейін артуы мүмкiн.

Катагенез сатысында шөгiндiлердiң үлкен тереңдiкте жоғары қысым мен температура ықпалынан ары қарай өзгеруi жалғасады. Бұл сатыда таужыныстардың минералдық құрамы айтарлықтай өзгермегенiмен, олар толық тасқа айналады(литификация), таужыныстардың кеуегi гипске, ангидритке, флюоритке толады. Заттың бiршама қайта түзiлуi түйiр аралық кеңiстiкте бiлiнедi. Органикалық массадан бөлiнген газ фазасынан сұйық жəне газ тəрiздi

каустоболиттiң түзiлуi басталады.

Элювийлiк шашылымдар түбiрлiк таужыныстар жатқан жерде пайда болып, олардың контуры шамамен бiр-бiрiне сай келедi. Егер шашылымдар түбiрлiк таужыныстар арасындағы пайдалы қазба затының шашындысы ғана болса, олар байымауы да мүмкiн, ал егер кенсiз таужыныстар беткейлiк ағын сумен шайылып кететiн болса, онда шашылымдар пайдалы қазбаға байиды. Шашылымдардың бұл түрi мору кен орындары қатарына жатады. Бiрақ сипаттауға ыңғайлы болу үшiн олар көбiнесе механикалық шөгiндi кенорындармен бiрге қарастырылады.

Делювийлiк шашылымдар сынықты материалдың салмақ күшi ықпалынан беткей бойынша сырғу процесi кезiндеiрiктелуi арқылы қалыптасады. Сынықты массаның жылжу сипаты, яғни шашылымның құрылысы беткейдiң еңiстiк бұрышына, сусыманың қалыңдығына, сынықтардың параметрлерiне(өлшемi, пiшiнi, тығыздығы), климаттық, гидрогеологиялық жəне инженерлiк-геологиялық жағдайларға байланысты. Делювийлiк шашылымдардың контуры олардың көзi орналасқан төбеден бастап, беткей бойымен төмен қарай созылады. Шашылымның ұзындығы ондаған-жүздеген м-ге жетедi. Олардағы құнды минералдардың таралуы əркелкi болады, мөлшерiнiң максимумы шашылымдардың төбесiнде орналасады.

Пролювийлiк шашылымдар өте сирек кездеседi. Олар тау бөктерiнде беткейлердегi сынықты материалдың уақытша ағындар арқылы шайылуы салдарынан дамиды. Мұндай шашылымдардағы сынықтар нашар жұмырланып, шамалыiрiктеледi.

Аллювийлiк шашылымдар су түбiндегi шөгiндiлердiң дифференциациялануы мен шайылып түзiлуi арқылы жаралады. Материалдың жиналуы тек қана белгiлi бiр кездерi аллювийдiң оңтайлы режимде жылжуынан жүредi. Бұл режим өзеннiң əр түрлi бөлiктерiндегi ағыс жылдамдығының ара қатынасына жəне аллювийдiң фракциялық құрамына байланысты. Аллювийлiк шашылымдар өздерi орналасқан жерлерге байланысты қайыр, арна, аңғар, терраса жəне атырау шашылымдарына бөлiнедi. Олар құрылысы бойынша қарапайым(құнды минералдар бiр горизонтта) жəне күрделi (мұндай горизонттар бiрнеше) болуы мүмкiн.

20. Мору кен орындары. Мору процестерінің геоло-қ, физика-қ, химия-қ және гидрогео-қ шарттары.Мору кенорындары минералдар мен таужыныстарға атмосфераның жер бетi мен жер асты суының, органикалық агенттердiң ықпал етуi нəтижесiнде жаралады. Олардың əрекетiнен таужыныстар мен минералдар механикалық жолмен жекелеген құрамдас бөлiктерге қирайды, содан кейiн химиялық процестер ықпалынан ары қарай өзгерiске ұшырайды. Бұрынғы минералдар экзогендiк жағдайларда төзiмдi жаңа минералдармен алмасады. Бұл процестердiң мору деп аталатыны белгiлi. Олардың нəтижесiнде мору қыртысы мен олармен байланысты мору кенорындары қалыптасады.

Мору қыртысы – дербес континенттiк геологиялық формация. Ол жер бетiне шыққан түбiрлiк таужыныстарға атмосфералық жəне биогендiк агенттер ықпал етуi нəтижесiнде жаралып, осы таужыныстардың механикалық, химиялық жəне биохимиялық қирау өнiмдерiнен тұрады. Мору қыртысы барлық экзогендiк кенорындар минералдық массаның қуатты көзi.

Мору кенорындарының қалыптасуы жер қыртысының жер бетi маңы бөлiгiндегi термодинамикалық жағдайларда химиялық төзiмсiз болатын тереңдiк таужыныс массаларының қайта топтануына байланысты. Мору қыртысы Жер қойнауында грунт суы деңгейiне дейiн, яғни жер бетiнен60–100 м, кейде200 м тереңдiкке дейiн таралады. Морудың негiзгi агенттерiне су, оттек, көмiр қышқылы, организмдер мен температураның ауытқуы жатады.

Түпкiлiктi таужыныстардың мору қыртысында ыдырауында маңызды ролдi тотығу , гидраттану, гидролиз реакциялары атқарады. Мору қыртысындағы геохимиялық түрленулер сатылана жүретiндiгiмен сипатталады. Бастапқы сатыда мору таужыныстардан оңай еритiн тұздар(сульфат, хлорид жəне калий, натрий, кальций,магний карбонаттары, кремнийтотық) шығарылған кезде өтедi.Осымен бiр мезгiлде алюминий, темiр мен марганецтiң жиналуына əкелетiн силикаттар гидролизi жүредi. Минералдардың ыдырау жылдамдығы əр түрлi жəне олардың құрамы мен кристалдық құрылымына байланысты.