Пайдалы қазба кенорындарының мору кезiндегi өзгерiстерi

Химиялық жəне физикалық мору кезiнде пайдалы қазба денелерiнiң минералдық, химиялық құрамы мен құрылысы үлкен өзгерiстерге ұшырайды. Ең үлкен өзгерiс сульфид руда денелерi, көмiр қабаттары, минералдық тұздар мен күкiрт жатындары морыған кезде орын алады.

Пайдалы қазба денелерiнiң жер бетi маңындағы өзгерiсi мору қыртысындағы жоғары оттектiк əлеует(потенциал) жағдайында минералдың төзiмсiз болуына байланысты. Бастапқы минералдардың ыдырауы нəтижесінде жаңа қосылыстар пайда болады. Олардың кейбiреулерi орнында қалады, келесiлерi шығарылып барып қайта түзiледi, үшiншiлерi – жылыстап кетiп шашырайды. Өзгерiстiң негiзгi бағыты пайдалы қазба заттарының тотығуымен байланысты. Руда денелерiнiң тiк бағыттағы өзгеру интервалы тотығу белдемi деп аталады.

Өзгерiстердiң негiзгi агенттерiне су, оттек, көмiрқышқылы,органикалық заттар жатады. Сіңген жер бетi суының айналымы үш белдемге бөлiнедi (10.2-сурет). Жоғарғы белдем ауалану немесе сiңу белдемi ерiген оттек пен көмiрқышқылына қаныққан судың жылдам жəне еркiн, негiзiнен тiк бағыттағы айналымымен сипатталады. Грунт суы деңгейiнiң астында ағу немесе белсендi су алмасу белдемi орналасады; бұл белдемде құрамында ерiген оттектiң бiршама мөлшерi бар су бүйiрiне қарай баяу жылжиды. Ең төменгi тоқырау су белдемiнде еркiн оттек болмайды.

21. Қалдық кенорындар коолиндер, бокситтерМору кен орындарының бұл класшасы өздерiн қалыптастырған тау жыныстардың үстiне орналасады. Жаралған массаның(элювийдiң) минералдық құрамы түпнұсқа таужыныстар құрамы мен химиялық мору реакцияларының сипатына тiкелей байланысты болады.

Каолин кенорындары кез-келген далашпатты таужыныстың,бiрақ көбiнесе қышқылды жəне сiлтiлілердiң мору қыртысында қалыптасады. Алаңдық типтi жатындар көбiнесе қалыңдығы 10 м шамасындағы(кейде одан асатын) бұрыс пiшiндi жамылғылардан тұрып, тереңге қарай түпнұсқа таужыныстарға өтедi. Олардың минералдық құрамына каолин, галлуазит, монтмориллонит, халцедон, сондай-ақ жұрнақ(кварц, мусковит, рутил) жəне туынды(кальцит, доломит, гипс) минералдар кiредi. Каолин кенорындары Украинада (Глуховецк), Оралда, Алтайда, Батыс Сiбiрде

Гарниерит-нонтронит кенорындары силикат никель(кобальт қоспасы бар) рудасынан тұрып, дунит пен перидотиттен жаралған серпентиниттiң мору қыртысымен байланысты. Никельдi минералдар ыдырауының бастапқы сатыларында никель ерiтiндiге, мору қыртысының жоғарғы бөлiктерiнен тереңге қарай өтеді де бұл жерде туынды минералдар ретiнде қайта түзiледi. Мұндай жағдайда никель темiрдiң оңай тотықтанғыштығына байланысты одан бөлiнедi де рН көрсеткiшiнiң аз мəндерiнің өзiнде шөгiндi ретiнде тұнады.

Боксит кенорындары əр түрлi алюмототықты-сiлтiлi, қышқылды, негiздi таужыныстар ыдырауынан қалыптасады. Бастапқы таужыныстардың өзгеру процесi үш сатыда өтедi: 1) силикаттардың ыдырауы, сiлтi мен сiлтiжер элементтердiң шығарылуы, кремний тотықтың да жартылай шығарылып, саз құрамды минералдардың жиналуы; 2) силикатсызданып, алюмототық жиналуы; 3) карбонат, сульфид пен басқа қосылыстардың бөлiнуi салдарынан боксит құрамының күрделенуi.

Лимонит кенорындары серпентиниттiң моруы кезiнде пайда болады. Руда құрамында аз мөлшерде легирлеушi металдар концентрациясы болатындықтан, оны табиғи легирленген деп атайды. Олардың арасында бiр-бiрiне өтуiне байланысты мынадай түрлестер бөлiнедi: никельмен жəне кобальтпен легирленген темiр рудасы; комплекстi темiр-никель; комплекстi темiр-кобальт; комплекстi темiр-марганец-никель рудасы. Табиғи легирленген лимонит рудасының қалдық кенорындары белгiлi жерлер: Орал(Елизаветске, Стрижевск, Аккерманжəне т.б.), Солтүстiк Кавказ(Малкин), Индонезия, Гвинея, Куба, Филиппины, Гвинея мен Суринам.

Пиролюзит-псиломелан(марганец рудалы) кенорындары құрамында марганец бар метаморфталған таужыныстар морыған кезде жаралады. Олар дамыған жерлер: Орал(Полуночное), Батыс Сiбiр (Мазульск), Индия, Гана, Габон, ОАР, Австрия, Канада, Куба, Бразилия, Венесуэла.

Инфильтрациялық(сiңбелiк) кенорындарБұл кенорындар типiне ерiген күйде грунт суының айналымы алқабына түсiп, қолайлы жағдайларда тұнба түрiнде шөгетiн мору өнiмдерi бөлiгiнен жаралатындар жатады. Минералдық заттың түзiлуi кеуектердi толтыру жолымен немесе метасоматоздық тəсiлмен жүредi. Кеуектердi толтыру жағдайында пайдалы қазба бiршама салқын сулық ерiтiндiлерден бөлiнедi, яғни пайдалы жүк гидротермалық ерiтiндiлер əкелетiн себептерге байланысты болады. Сулық ерiтiндiлер белсендi əрi оңай еритiн таужынысты кездестiргенде, сыйыстырушы таужыныстың кейбiр компоненттерiн шаймалап шығарады да олардың орнына бұрын ерiтiндiлер құрамында болған компоненттердi түзедi. Осыған байланысты қапталдас таужыныс минералдары ерiген күйде келген жаңа минералдармен метасоматоздық алмасады. Осындай жолмен бiрқатар пайдалы қазбалар: темiр, марганец, мыс, ванадий, уран, радий, фосфорит, гипс, борат, магнезит кенорындары пайда болады.

Сидерит-лимонит темiр кенорындарыкөбiнесе мору қыртысында сүзiлу тəсiлiмен жасалады. Темiр əр түрлi мөлшерде барлық таужыныстарда бар. Бұл кенорындар типiнiң рудалары сидерит, лимонит пен гематиттен тұрады. Руданың бiтiмi – сынықты, конгломераттық, жалбырлық. Кен денелерiнiң ең көп таралған пiшiндерi: ұя, линза жəне қабат тəрiздi, олар морыған кремнийлi таужыныстар мен əктастарда орналасады. Мұндай кенорындар Оралда (Алапаевск мен Синаро-Каменская тобы) орналасқан; осындай

кенорындар Ұлыбританияда, Германияда(Зальцгиттер, Пейне-Илседе) кездеседi. Бiрақ бұл кенорындардың өнеркəсiптiк мəнi шектеулi.

Инфильтрациялық уран кенорындарытерең айналымды жер асты суының əрекетi нəтижесiнде пайда болады. Құрамында уранның жоғары концентрациясы бар таужыныс осы элементтің көзi болып табылады. Уран акцессор минералдар құрамына кiредi. Олардың мору

процесi кезiнде ыдырауы нəтижесiнде уран ерiтiндiге өтiп, уранил қосылыстары түрiнде грунт суымен тасымалданады.Уранның ерiтiндiлерден настуран жəне уран кiреукесi түрiнде бөлiнуi əр түрлi тотықсыздандырғыштар– көмiрлi зат, битум, күкiртсутек жəне т.б. əсер етуiне байланысты. Бұл кенорындардың өнеркəсiптiк мəнi жоғары. Олар Қазақстанда, Францияда,

Ұлыбританияда, Италияда, Венгрияда, Румынияда, Германияда, Австрияда, Индияда, АҚШ пен Канадада белгiлi.

22. Инфильтрациялық(сiңбелiк) кенорындарБұл кенорындар типiне ерiген күйде грунт суының айналымы алқабына түсiп, қолайлы жағдайларда тұнба түрiнде шөгетiн мору өнiмдерi бөлiгiнен жаралатындар жатады. Минералдық заттың түзiлуi кеуектердi толтыру жолымен немесе метасоматоздық тəсiлмен жүредi. Кеуектердi толтыру жағдайында пайдалы қазба бiршама салқын сулық ерiтiндiлерден бөлiнедi, яғни пайдалы жүк гидротермалық ерiтiндiлер əкелетiн себептерге байланысты болады. Сулық ерiтiндiлер белсендi əрi оңай еритiн таужынысты кездестiргенде, сыйыстырушы таужыныстың кейбiр компоненттерiн шаймалап шығарады да олардың орнына бұрын ерiтiндiлер құрамында болған компоненттердi түзедi. Осыған байланысты қапталдас таужыныс минералдары ерiген күйде келген жаңа минералдармен метасоматоздық алмасады. Осындай жолмен бiрқатар пайдалы қазбалар: темiр, марганец, мыс, ванадий, уран, радий, фосфорит, гипс, борат, магнезит кенорындары пайда болады.

Сақ т ж пайда болу Шашылым кенорындары сынықты түзiлiмдер арасында таужыныстар мен бұрынғы пайдалы қазба кенорындарының физикалық жəне химиялық моруға ұшырап, қирау мен қайта түзiлу процесiнде босап шыққан құнды компоненттердiң шоғырлануынан пайда болады.

Жаралу жағдайлары бойынша шашылым кенорындары арасында элювийлiк, пролювийлiк, аллювийлiк(немесе өзендік), литоралдық