Магмалық кен орындардың түзілу жағдайы

Магмалық кен орындар ультранегізді, негізді және кенді магманың дефференциациалану және кристаллдануы кезінде, 700-1500° жоғарғы температура және қысым жағдайында, үлкен тереңдікте (5000м жоғары) жағдайда түзіледі. Кен орынның кен жасаушы негізгі элементтерінің көзі жоғарғы мантияның заты болып табылады. Бұл туралы кен орындарының да, сыйыстырушы жыныстарының терең жарылымдарда орналасуы куәландырады. Кенді магманың балқыма дифференциациясының негізгі бағыттарына сәйкес магмалық кен орындарының 3 классы бөлінеді:

1)ликвациялық

2)бастапқы магмалық

3)соңғы магмалық

33.Скарн минералдарын атаңыз. Скарн - метасоматоздық жолмен карбонат, кейде силикат тау жынысытар арасындағы интрузивтердің жапсарлық белдемінде жаралган карбонат-силикат құрамды тау жынысы. құрамында саны мен сапасы өнеркәсіптік талаптарға сай келетін құнды минералдың шикізат бар скарндар өзімен аттас - скарндық немесе жапсарлық-метасоматоздық пайдалы қазба кенорындары деп аталады. Интрузивтердің өзгеріске ұшыраған аумағындағы бөліктеріндегілер - эндоскарндар, ал сыйыстырушы тау жынысытарда орналасқандар - экзоскарндар деп бөлінеді. Мұндай тау жынысытардың көпшілігі интрузивтердің жапсары бойында орналасқандықтан , экзоскарндарға жатады. Кейбір скарн жатындары сыйыстырушы тау жынысытардың қабаттылық беттері арқылы интрузивтерден ондаған-жүздеген метрден 1-2 км-ге дейін алые орналасады. Ең қарқынды скарн жаралу орташа құрамды (гранодиорит, кварцты диорит, монцанит) интрузиялардың жапсарында және орташа тереңдіктеріндежүреді. Скарндық кенорындар қалыптасуына интрузиялардың жайпақ жапсары, тектоникалық бұзылыстар, олардың сыртқы және ішкі жапсарындағы қарқынды жарықшақталған белдемдер, сыйыстырушы тау жынысытар құрамының карбонаттылығы (әктас, доломит пен мергель) қолайлы факторлар болып табылады. Скарнжаралу метасоматоздық үдеріс ретінде көптеген жүқарган және делдиген бөлікшелерден түратын, метасоматоздық денелерге тән ирелең шекалары бар кен денелерінің пайда болуына әкеледі. Морфологиясы бойынша скарндық жатындардың мынадай типтері бөлінеді: қабатты және қабат тәрізді, линза тәрізді, шток, құбыр, желі мен желі тәрізді, ұя, күрделі тарамдалган денелер. Скарнның ұя тәрізді денелері кейде көлденеңінде бірнеше метрден асады, ңүбыр тәрізді және желілі денелер 1-1,5 километрге дейін созылуы мүмкін, қабат тәрізділердің қалыңдығы 100-150 м, ұзындығы 2-2,5 км болады. Скарндар интрузияларды сыйыстырушы тау жынысытардың құрамына байланысты әкті және магнезийлі (кейде сонымен қатар силикат скарндар бөлінеді) түрлерге бөлінеді. Скарндардың осы негізгі түрлеріне байланысты пайдалы қазба кенорындары бір-бірінен заттық құрамымен, өздеріне тән пайдалы қазбаларымен, сонымен қатар морфологиясы және жатые жағдайлары бойынша ажыратылады. Әкті скарндар әктастарды алмастыру арқылы қалып- тасады. Олардың басты минералдарына анартас (гроссуляр-андратит қатары) пен пироксен (диопсид-геденбергит қатары) жатады.Әкті скарндар құрамында маңызды орынды везувиан,волластонит, амфиболдар, эпидот, магнетит, кварц, карбонаттар иемденуі мүмкін. Әкті скарндар хром, сүрме мен сынаптан басқа барлық металдардың, сонымен қатар көптеген бейметалл пайдалы қазбалардын өнеркәсіптік кенорындарын сыйыстырады. Олардың жетекші рөл атқаратын кенорындарының типтері төменде қарастырылады.Скарнды кен орындары-кендері негізінен анартас пен пироксеннен тұратын, амфибол мен хлоритті қоспа түрінде кіріктіретін, жоғары температура жағдайында қалыптасатын желілі метасоматитті немесе жапсарлы-метаморфты таужыныстан тұратын скарндар көлемінде немесе жапсарларында шоғырланған кен орындары.

34.Грейзенді кен орындардың түзілу жағдайы.Грейзен жалпы жағдайда көбінесе слюдалар (мусковит, биотит, лепидолит) мен кварц агрегаттарынан тұрады.Олардың құрамында топаз, флюорит, турмалин мен кенминералдары жиі кездеседі. Грейзендердің негізгі массасы гранит массивтерінің апикал дөңестерінде және олардың жабынындағы алюмосиликат таужыныстарда -құмтас, тақтатас, эффузивтерде орналасады. Осыған байланысты магмалық таужыныстардың өзінде орналасқан эндогрейзендер мен сыйыстырушы таужыныстардағы экзогрейзендер бөлінеді. Грейзен кенорындарының кен денелеріне көбінесе желі, штокверг, минералданған белдемдер пішіні тән. Желілердің қалыңдығы бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін, созылымы бойынша ұзындығы 1-2 км, еңістігі бойынша 70-80 метрден 600 метр тереңдікке дейін таралады. Көбінесе күрделі пішінді желі-штокверг жаралымдар кездеседі. Айтылып өткендей, грейзендік кенорындар альбититтермен тығыз генетикалық байланыста. Кейде бұл байланыс кеңістікте де байқалады, бірақ олардан металлогениялық бағыты бойынша көп айырмашылығы да бар. Егер альбититтердің типоморфтық элементтеріне ниобий, тантал менцирконий жатса, ал грейзендерге көбінесе вольфрам, қалайы, молибден, т.б. тән. Грейзендік кенорындар арасында мынадай негізгі типтер бөлінеді: вольфрамит-топаз-кварцты, касситерит-топаз-кварцты жөне жиынтықты вольфрамит-молибденит-топаз-кварцты. Вольфрамит-топаз-кварц кенорындары лейкократтық және пегматоидтық гранит массивтерінің күмбез тәрізді апикал бөліктерінде және олардың сыртқы жапсар белдемдерінде орналасады. Кен денелері шток, штокверг, желі пішінді болады. Басты кен минерал - вольфрамит, сонымен қатар касситерит, молибденит, висмутин ұшырасады. Сыйыстырушы таужыныстар грейзенденеді, мусковиттенеді, биотиттенеді және кварцталады. бұл типті кен-орындар дамыған жерлер Қазақстанда (ақшатау, Қараба), Забайкальеде (Спокойнинск), Чехияда (Циновец), Германияда,Францияда (Монтебрас), ҚХР (Пяотан, Синь-хуаньшань), Моңғолияда (Югодзыр, Баянмод), Австралияда (Вольфрам Кемп, Торрангтон).

35.Ликвационды кен орындарының түзілу жағдайы. ликвация үрдісі,яғни кенді силикаты құрамды магманың салқындаған кезде араласпа тың екі сұйыққа сульфидті және силикат құрамды және олардың ары қарай оқшаулап, кристалдану нәтижесінде қалыптасады. Магма ликвациясының басты геохимиялық факторлары мынандай: күкірттің концентрациясы; магманың жалпы құрамы(темір,кремний,магний болуы); кенді фазасында мыс,никель,т.б. элементтің болуы; Магма ликвациясының оның тау жыныстарын араласып, химиялық тепе-теңдігі бұзылуы себеп болуы мүмкін. Ликвация басталғанда сульфид фазасы сұйық силикат массасында ұсақ тамшы тәрізді шариктер фазасында машыла кристалданады. Шариктер жолақтарға,ұяларға бірігіп, олардың бір бөлігі тығыздығына байланысты магма камерасының туы маңы бөліктеріне бөлінеді,ал қалған бөліктері камераның түбіне жетпей,орта жолда қалады. Түбіне жетпей тамшылар тұтас өзіне жасауы мүмкін. Сульфид балқыманың негізгі бөлігі силикат балқымадан кейін кристалданады, сондықтан кен денелері көбінесе эплгенетикалық сипатқа ие болып, түпнұсқа тау жыныстар арасында тұтас кеннің қиюшы желілері мен жатындарын жасайды.