Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің геосаяси басымдылықтарын талдаңыз

XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап Орта Азия халықаралық саяси экономикалық үрдістерге белсенді араласа бастады. Кеңестер Одағының бұрынғы республикалары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан өз жолын тандап, халықаралық қатынастардың субъектісіне және әлемдік саясаттың объектісіне айналды. Геосаяси үрдістер тұрғысынан Орта Азиялық мемлекеттердің аймақтық дамуын шешім қабылдау механизмінің ерекшеліктерін, функцияларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Орта Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастыққа енуі өзіндік ерекшеліктермен сипатталды. Бұл мемлекеттерге қысқа уақыт мерзім ішінде нарықтық экономикаға бейімделіп, мемлекет аралық қатынастарды, аймақтық интеграция мәселелерін шешуге тура келді.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерде экономикалық реформалаудың қиындықтары қоғам өмірінің саяси саласын түбегейлі өзгертуден де туындап жатты, ол саладағы үрдістер қарқынды, кей жағдайда мүлдем берекесіздік пен қаулы текетіреске дейін алып барды. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бьлай деп атап көрсетті: "Адамдар өмірі мен қызметі жағдайларының ұдайы жақсарып отыруын қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде дамыған экономика жасау үшін шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне көшу қажеттігіне қазір күмәнданатын адам аз". Бүкіл мәселе мынада: "Өндірістің көп құлдырауына және тұрмыс деңгейінің нақты төмендеуіңе қалай көшеміз? Экономикалық саясаттың осынау басты міндеті әзірге, біздің ойымызша, қанағаттанғысыз шешімде". Біз бастап кешіп отырған терең экономикалық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі мынадай: "Нарыққа көшудің бұрынғы КСРО-да 70-жыл ішінде қалыптасқан халық шаруашылығы мен басқару әдістері жүйесін қайта құрудың әу басында елдің ерекшеліктері мен тарихи дәстүрлерін, сондай-ақ, оның экономикасын таяу болашақта өзгертудің стратегиясын ескеретін ғылыми негізделген тұжырымдамасы дайындалған жоқ "

Орта Азия республикаларының тәуелсіздік алуы мемлекетаралық қатынастардың дамуында да жаңа стратегиялық үрдістерді анықтауды талап етті. Сондай үрдістердің бірегейлі аймақтық ынтымақтастық пен интеграция болып отыр. Бұл үрдістер әлемдік дамудың да негізгі басты тенденцияларына айналуда. Бүгінгі күні әлемде алуан түрлі ғаламдық және аймақтық экономикалық, саяси, әскери құрылымдар бар.

Олардың қатарында (ЕС, НАФТА, МЕРКОСУР, ЭСКАТО, АСЕАН/АЗСТ, ЭПТ, ОЭСР, АТЭК, СНИ т.б.).

Орталық Азияда ортақ мәселелерді келісіп шешу үрдісі бар. Орталық Азия қазақ, қырғыз, тәжік, түркмен, өзбек т.б. халықтардың тарихи отаны. Мәселен, Ферғана өңірінде атам-заманнан бері қырғыздар мен өзбектер бірлесіп шаруашылық жүргізіп келгені белгілі. Орта Азиядағы ортақ су қойнауларын пайдалану бұл өңірде отырықшы өркениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Аймақтық ортақтық-сол аймақта өмір сүретін ұлттардың мүдделерінің ортақтығының кепілділігі. Ал бұл кепілдік өзара достық қатынастардың дамуын, экономикалық байланыстардың дамуын қамтамасыз етеді. Тарихтан белгілі Орталық Азиядағы халықтар өзіне тән мәдениетті қалыптастырады. Ал Самарқант, Бұхара, Хива, Үргеніш, Отырар, Тараз, Түркістан, Әулие-Ата және т.б. қалалар ертеден ірі сауда, мәдени, ғылыми орталықтар болған. Сондай-ақ, Орталық Азияның тиімді геосаяси жағдайы Шығыс пен Батыс өркениетінің өзара араласып дамуына мүмкіндік береді. "Халықтарымыздың өткенін оқып үйрену- қазіргі кезді, жақсырақ түсінуге, тіпті болашақ шымылдығын түре түсуте көмектеседі. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихына жүгінгенде, оның ежелгі дәстүрлері бар екенін атап өту керек. Бір жарым мың жылдай бұрын түркілер өзінің бірінші ұлы мемлекетін — түрік қағанатын құрды. Еуразияның көптеген мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан да оның мұрагерлеріне айналды. Орасан зор қашықтықтарға көшіп қана жүріп, Азияның көшпенділері тұтас континенттердің этностық және мемлекеттік бейнесін талай рет өзгертті. Көшпенді және жартылай көшпенді түркі тайпалары қазіргі көптеген халықтардың, ең алдымен түркі халықтарының қалыптасуын бастап берді. Олардың орналасу аймағы Якутиядан Жерорта теңізіне дейінгі орасан зор кеңістікті алып жатыр".

Орта Азия өзінің геосаяси орналасуы, ортақ шекара, көлік және коммуникация, жол байланыстары және табиғи ресурстары жағынан өнеркәсіптің дамуына, ортақ кәсіп орындар, агроөнеркәсіптің дамуына қолайлы. Орта Азия мемлекеттерінде тау-кен өнеркәсібі, түсті - қара металлургия, мұнай-газ өнеркәсібі, электр энергиясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған аймақ.

Қырғызстан — географиялық жағдайына сәйкес салыстырмалы түрде кіші мемлекет, экономикалық бөлшектенумен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде аудандардың әлеуметтік айырмашылығымен ерекшеленеді.

Тәжікстан — негізінен таулы мемлекет, оның 93% тау, 7% далалы аймақтар. Мемлекеттің негізгі өнеркәсіп орындары, ірі қалалар осы 7% жерде шоғырланған. Табиғаты бай өлке.

Түркіменстан - өзіндік даму жолын тандап отырған мемлекет. Мемлекеттік, саяси және экономикалық дамуда, Түркіменстан "бейтараптылық", "ашық есік" саясатын ұстанып отыр. Өзбекстан болса, этникалық біркелкі,- халық саны тығыз орналасқан ірі мемлекет. Негізгі өнеркісібі мақта өндіру. Мақта өндіруден дүние жүзінде екінші орында. Өзбекстанда бай табиғи газ, көмір, мұнай, гидроэнергетика ресурстары, алтын т.б. шикізат қорлары шоғырланған" . КСРО-ның күйреуінен кейін, өз тәуелсіздіктеріне ие блған Орталық Азия мемлекеттері өз даму саясаттарын таңдауға мүмкіндік алып, халықаралық қатынастардың жеке субъектілеріне айналды. Олар халықаралық аренада өздерінің географиялық жағдайларымен, экономикалық және демографиялық мүмкіншіліктерімен, басқа мемлекеттермен, әсіресе, көрші елдермен арақатынастарын дамытуымен және олардың аймақтық және ғаламдық ұйымдарға қатысуымен халықаралық аренада жаңа рольге ие бола бастады.

Орталық Азия табиғи ресурстарға өте бай аймақ. Қазақстан бұрынғы КСРО-да қола, қорғасын және цинк т.б. өндіруден бірінші орында болатын. Қырғызстан металдық сурьма өндірудің монополисі болды, Түркіменстан стронций түзілетін целестин рудаларының, ал Өзбекстан болса, “ақ алтынның”(мақта) және “сары алтынның” (алтын) ірі тасымалдаушысы болды. Орталық Азияның табиғи ресурстары Ресей үшін өзінің зор мәнін сақтап, бүгінде әлемнің басқа елдерінің де назарын өзіне аудартуда. Тек табиғи ресурстарға кедей Түркия мен Пәкістан ғана емес, сондай-ақ, жағдайы жақсы Қытай мен Үндістанның және дамыған – Еуропа, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінің де назарын аударады.