Менеджменттің атқаратын қызметтері

Атап кеткеніміздей, менеджменттің атқаратын төрт қызметі бар: жоспарлау, ұйымдастыру, уәждемелеу және бақылау.

Кез келген мекеменің қызмет істеуі бірнеше буындарының (адамдар, бөлімдер, бөлімшелер, т.с.с.) өзара байланыста болып, қатар жұмыс атқаруында. Олардың жұмыстары тиімді де ыңғайлы болулары үшін олардың әр қайсысына анық мәселелерді қоя білу қажет, яғни мекемеге оның миссиясы және мақсаттары негізінде жоспар болуы керек.

Жоспарлаубүкіл ұйымның және оның барлық құрамдық бөлімшелері дамуының нақтылы мақсаттарын бекітетін немесе өзгертетін, үздіксіз үрдіс болып есептеледі, олардың соған жетуге құралдарын анықтайтын, орындаудың мерзімі мен тәртібін белгілейтін, ресурстарды тарататын (анықтайтын) үздіксіз болып келетін үрдіс.

Жоспарлау – бұл ең алдымен мекеменің тиімді қызмет істеуіне және болашақта оның дамуына, белгісіздіктің болмауына қажет шешімдер қабылдау үрдісі. Әдетте, бұл шешімдер біріне-бірі әсер ететін, сондықтан ақырғы нәтижеге қарап олардың оңтайлы болуы қадағалайтын, белгілі бір байланыста болауын қамтамасыз ететін, күрделі жүйе болмақ.

Жоспарлау басқарудың негізгі үрдісі болғандықтан, оны жасайтын және іске асыратын қағидалар, болжамдаулар, бағдарламалар, жобалар сияқты құралдарды болуы крек.

Жоспарлау мекеменің алдағы бір кезеңге қойылған мақсаттарына жетуі үшін нақтылы бағыт беріп, арнаулы құжаттар– жоспарлар жасайжы.

Жоспардеп, ішінде кәсіпорынның – болашақта дамуын көрсететін ресми түрдегі жобасын, оның және кейбір құрамдық бөлімшелернің кезеңдік және соңғы міндеттері мен мақсаттарын белгілейтін істі, күнделікті жұмыстарын реттейтін тетіктер мен ресурстарды бөлу жолын көрсететін құжаттарды айтады.

Жоспарды: орындау мерзіміне қарап стратегиялық, ұзақ-мерзімді, қысқа мерзімді, ағындағы деп, атқаратын міндетіне қарап, басқару деңгейіне қарап және қағидаларына карап бөледі.

Стратегиялық жоспар – мекеменің міндеттерін, мақсаттарын және жалпы стратегиясын қалыптастыруға керек 10-15 жылдық ұзақмерзімге жасалатын жоспары.

Ұйымның стратегиялық жоспарын қамтитын мәселелер мынадай:

§ стратегиялық жоспарды орындаға қажет бағдарламаларды, торлық кестелерді, жобаларды мақұлдату және бекіту

§ жоспардың есбін ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау;

§ қажетті сапалы және аз шығынмен болатын жоспарды уақытылы орындалуын уәждемелеу;

§ мекеменің сыртқы және ішкі ортасының өзгеруі бола қалған жағдайда жоспардың орындалу барысын реттеу.

Ұйымды басқару ісінтек қана оның ұйымдастырушылық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық жағынан ғана қарамай, содай-ақ жұмыскердің биологиялық ерекшелігінен туындайтын мінез-құлқынан және арасындағы қарым-қатынастардан болатын әлеуметтікт-психологиялық жағын да қарау керек. Егерде ұйымдды басқаруда адамның қызықтауы, қажеттіліктері және психологиясы ескерілмей қалса, онда экономикалық заңдылықтар күшін жоя бастайды.

Уәждемелеу– адамды ерекше, бір мақсатқа қызмет істеуге итермелейтін ішкі және сыртқы қозғаушы күштердің жиынтығы; бұл өзіңді және басқаларды жекеше мақсатына немесе ұйымның мақсаттарына жетуге итермелейтін үрдіс.

Уәждемелеу функциябарысында менеджменттіңорындай-тынміндеттері:

· Қазіргі замандағы уәждемелік теориясын қолдана отырып, қызметкерлерді басқаруда менеджерлердің әр қайсысына демок-ратиялық көзқарас қалыптастыра білу.

· Еңбек үрдісі барысында әр қызметкерде уәждеменің мәні мен маңызын сезуге ықпал ету.

· Басқарудың әр деңгейіне сай басшылар мен қызметкерлерді ұйым ішінде қарым-қатынас жасаудың психологиялық негіздеріне оқыту.

Бұл жұмыстарды жүргізбес алдында, мыналарды талдап алу керек:

· ұйым ішіндегі уәждеме үрдісін;

· жекеше кісіге және топтарға арналған уәждемелерін және олардың ара қатынастарын;

· әр жұмыскердің қызмет барысындағ уәждемесінің қарқынын;

· қызметкердің жұмысы нәтижесіне уәждеме қалай әсер етеді.

Тәжірибе жүзінде уәждеменің екі түрін меңгерген ұйымдар менеджментті біраз жақсы жүргізеді.

Уәждеме мынадай қызмет барысындағы сипаттамаларға әсер етеді:

· жақсы жұмыс істеуге ұмтылуына;

· күш жұмсауға;

· алған бетінен қайтпауға;

· еңбекқоалыққа;

· алдына мақсат қоюға;

Уәждеме қарқынды үрдіс болғандықтан, теориялық тұрғыдан шартты бола тұрып, келесі кезеңдерді білдіреді:

· Тұтынушылықты тудырады.

· Тұтынушылықты қанағаттандыру жолдарын іздейді.

· Іс-әрекеттердің бағыты мен мақсатын анықтайды.

· Іс-әрекеттердің жүзеге асырады.

· Атқарған іс-әрекеттерге сыйақы алады.

· Тұтынушылықты қанағаттандыру немесе жою.

Уәждеме функциясы шешуші орын алады, себебі экономикалық жетістік жоспарлау, ұйымдастыру деңгейінен шамалы ғана өзгереді, ол көбінесе еңбек ұжымының хал-ахуалынан, өзіндік басқарудан, өзін-өзі көрсетуден, есеп-қисаптан және де жұмыскерлердің қажетін өтеуден барынша жоғары болады.

Бақылау– қызмет барысының басқа функциялар арқылы ұйымның мақсатына жетудегі басқару үрдісі барысында сандық және сапалық нәтижелерін тексеру.

Бақылау ұйымның бәрлық жұмыс саласын бақылау, есептеу және сұрыптау арқылы іске асады. Бақылау мәліметтері бойынша:

1. Анықталған кемшіліктер жоылады;

2. Қабылданған шешудер, нұсқаулар, бизнес-жоспардың көрсеткіштері түзетіледі.

Дұрыс жолға қойылған бақылау уақытыл, қарапайымды, шаруаға тиімді, соңғы нәтиже қорытындысына бағыталып отырады.

Ұйымның, оның бөлімшелерінің өндірісті-коммерциялық нақтылы қорытындалары қаралған бизнес-жоспармен салыстырылып, оның ауысу жағдайларын анықтайды, оның себептерін сұрыптап, олардың теріс жақтарын өзгертуге болатын анық шараларды жасай.

Бақылау ұйымның алғашқы есебінің нұсқасын және статистикалық есеп-қисабын жасауда қажет. Бақылау миліметтері– формалды түрде түскен ақпараттың маңызын эталонды болып келетін көрсеткіштермен салыстырып, оларды пайдалауға жарайтындарын компьютерге салып өңдейді. Бұл арада құжаттардың дұрыс тексеріп, кеткен қателерді жөндейді. Бұл мәліметтер түрлі түрде түсуі мүмкін, жазба қағаздар ретінде (бланкілер, кестелер, т.с.с.) және машиналы түрде, оның ішінде қымбат болып келетін компьютерлік жолдармен орындалғандар, – лазерлік табақшалар мен табақтар, магниттік таспалар, т.с.с. түрінде болуы мүмкін. Сондықтан қатесіз мәліметтер мекеменің ақшалай қаржыларын үнемдейді. Басқару функциясын орындауды бақылаудың үш түрі белгілі:

1. Алдын ала болатын;

2. Ағындағы;

3. Қорытынды (жиынтықты).

Бақылау тек бақылау жүргізу үшін емес, ол мекеме барлық жұмыстарының оң болуын көздейді. Бақылау жүргізу – басқарудың өте қымбат түрі, сондықтан артық ақпарат жинаудың қажеті жоқ, тек олардың релевантты, орынды болып келетін, шын мәнінде маңызды да қажет мәліметтерді жинау керек

Басқару жұмысында бақылаудың анық бөлініп тұратын үш кезеңін айтуға болады:

1. Мекеме жұмысының өндірістік-коммерциялы көрсеткіш-терінің эталонын, стандарттарын және өлшемдерін жасау.

2. Мекеме жұмысының қорытындыларын сол эталондармен, стандарттармен және өлшемдеріме салыстыру.

3. Қажетті түзету жұмыстарын атқару.

 

Өзіндік тесеру сұрақтары:

1. Менеджменттің қысқаша үш анықтамасын айтықың.

2. «Менеджмент» пен «басқару» түсініктері бірде ме? Өз жауабыңызды негіздеңіз.

3. Менеджмент пәніне анықтама беріңіз.

4. «Менеджер» терминінің үш мәнін келтіріңіз.

5. Менеджменттің қағидаттарын қалыптастырған және жәрия еткен алғашқы кім?

6. Неліктен білім экономикалық ресурстаға жатады және бұл қазіргі даму кезеңінде Қазақстанға қаншалықты көкейкесті мәселе болмақ?

7. Классикалық ғылыми басқаруға қандай қағидаттарды жатқызуға болады?

8. Бір адамның басқаруныстыруға болады?

9. Менеджментің нысанына/субъектісіне нелер/кімдер жатады?

10. Менеджменттің нысаны мен субъектілер арасындағы байланыс нені білдіреді?

11. «Жұмыстың тиімділігі» мен «менеджменттің тиімділігі» түсініктер арасының айырмашылы неде?

12. Мекеме жұмысының қорытындысын анықтау кезінде менеджмент тиімділігін қандай көрсеткіштермен анықтайды?

13. Басқару тиімділігін қандай экономикалық көрсеткіштермен анықтайды?

14. Менеджмента тиімділігін көтеруде қандай негізгі шара-ларды білесіз?

15. Маслоу пирамидасында адамдар қажеттілігін бөлуде қандай мән салыған?

16. «Уәждеме» және «уәждемеленген» түсініктерінде анықтама беріңіз. Сіз өзіңіз қандай терминдерді пайдаланансыз? Неліктен?

17. Уәждемені зерделеуде қандай екі бағытты ажыратады? Қайсысының Сіз болашағы көп деп есептейсіз? Неліктен?

18. Бақылаудың негізгі үш түрін атаңыз. Сіз басқарудың қай түрі ең күрделі деп есептейсіз? Неге?

19. Менеджмент қызметіні есебінде бақылаудың тәртібі қанша кезеңдерден тұрады? Қай кезең Сіздің ойыңызша ең жауапкершілігі жоғары деп есептейсіз? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

 

ТАҚЫРЫП