Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін қалыптастыру

 

Денсаулық сақтауда сапалылықты көтеруді жобалау үдерісін жасау оның үрдістердің үлгілерін үйлестіруді көздейді. Үлгілеу – нақтылы белгіленген нәтижеге жетудің жұмыстарын анықтау. Жасалған стандарттар бойынша үлгіленген үдерістерді бақылау, алдын ала технологиялық үрдістердің ауытқуын көрсететін клиникалы негізделген және сапалылықты объективті анықтай алатын жағдайдың болуын қарастырады.

Қазіргі кезде денсаулық сақтауда сапалылықты жақсартатын бірнеше жобалау үдерістерің әдістері жасалған:

· құрамдық сараптама;

· тәуекелді-менеджмент (мүмкін болар шығындарды есептеп клиникалық тәжірибені басқару);

· оқиғалық менеджмент (жеке алынған жалғыз науқастың жағдайын бақылау, осындай жағдайды ескеріп, кейін емдеу-диагностикалық үрдіспен түзету);

· болар жағдайды (стохастикалық) еліктеу үлгісі («қара қобдиша» қағидасымен үглгілеу).

Алғашқы екі әдіс негізгі болып саналады, ал қалғандары тек үдерістің бір бөлігін ғана қамтып, басқа жерін аз басқаратынын сипаттайды.

Құрамдық сараптама технологиясы барлық нізгі жұмыс ағындарын шығарып тастап, сосын соңғы нәтижеде оларды рет-ретімен қойып, осы ағындарды бірімен-бірі байланысты болуын айқындайды.

Медициналық көмектің басқару ісіне медициналық қызмет-керлердің жаппай қатысуы сапаны жақсарту үлгісі негізінде жатыр, ол мыналарды қарастырады:

• шешім қабылдау және мәселлерді шешу ЕАМ медициналық қызметкерлерімен орындалады;

• бөлімше ұжымының жетістіктері оның қызметкерлерінің кәсіби дайындығына байланыстылығы;

• барлық қызмет түрі басшы мен орындаушылардың бірігіп еңбектенуіне тірелуі;

• медициналық қызметкерлерді клиникалық практика басқаруына қатысуға уәждемелеу;

• аурухананың әрбір бөлімшелерінде медициналық қызметкерлердің жүктемесін оңтайлы өзара бөлу;

• емдеу-ди­агностикалық кезеңдердің барлығында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің оңтайлы ара-қатынасын шешу;

• медициналық қызметкерлердің технологиялық үрдісті анық білуін және ондағы өз орнын табуды (клини­калық менеджмент негіздерін білу) қарастырады.

Медициналық көмектің жоғары сапалалығына жету үшін мынадай шарттарды орындау міндетті:

• жоғары білікті кадрлар;

• жоғары технологиялық ем мен диагностика түрлерін қолдану;

• басқарушылық есеп негізінде емдеу-диагностикалық үрдісті ақпаратпен қамтамасыз ету;

• қолма-қол автоматтандырылған ақпаратты-техникалық ке-шеннің болуы (аймақтық ақпаратты-сараптау орталығы);

• емделіп шыққандар үшін өркениетті (нақтылы) тарифтердің болуы;

• аурухананың медицин алық қызметкерлерінің еңбек ақысын ажыратып төлеу;

Медициналық қызметкерлердің медициналық көмек сапасын басқару мәселелеріне дайындығын белуге болады.

1. Медициналық қызметкерлердің дайындығы:

• қызметкерлердің көпшілігі медициналық көмек сапасын басқарудың негізгі үлгілерімен таныс және олар бағалу критерийлеріне бағдарланған;

• медициналық қызметкерлердің көпшілік бөлігі «өзін-өзі басқаруға» дайын;

• медициналық қызметкерлердің кәсіптік дайындау деңгейі жоғары.

2. Әкімшіліктің дайындығы:

• емдеу-профилактикалық мекемесінің әкімшілігі қалай сапалы басқаруды біледі;

• сапалылықты басқару – әкімшілік жұмысының негізөгі мақсаты;

• меди­циналық қызметкерлерді уәждемелеуге барлық жағдай жасалған;

• қаржыландырушы тарапынан медициналық қызметтің ақысы жөнінде мәселелердің бәрі келісіліп қойылған;

• басқарушылық шешім қабылдауда әкімишілік дербестік танытады.

3. Емдеу-диагностикалық үрдіс ұйымдарының (құрамдарының) дайындығы:

• стандарттар жасалынған;;

• медициналық қызметкерлердің еңбек шығындары құнының клиника-экономикалық критерийлері жасалған;

 

• сапалылықтың анықтағыш индикаторлары дайын;

• әр құрамдық бөлімшелерде сапа жөнінде маман бар;

• емдеу-диагностикалық үрдістің клиникалық нәтижелілігі мен экономикалық тиімділігінің құрамдық бастапқы көрсеткіштері жоғары.

4. Материальды-техникалық базаның дайындығы:

• бүгінгі күннің медициналық диагностикалық құралдарымен жарақталған;

• басқарушылық есеп негізінде жұмыс істейтін медициналық ақпаратты-сарапшылық орталықтың болуы;

• жоғары технологиялық емдеу әдістерінің болуы.

Егерде медициналық мекеменің басшылығы медициналық көмек берудің сапасын көтеруді өзінің стратегиялық мақсаты ретінде санаса, онда ол бірінші кезекте «сапалылық аясындағы саясатты» жүзеге жасауына тура келеді, яғни, сапа аясында медицналық мекеменің негізгі бағыты мен мақсаты болып, аурухананың ресми түрде жасалған бағыты алынады.

Медициналық көмектің сапасын үздіксіз көтеруге бағытталған саясаттың мынадай бағыттары бар:

• тұрғындардың тұтынушылық талаптарына сай емдеу-диагностикалық үрдістің сапасын ұздіксіз көтеру;

• медициналық көмек берудің сапасын жалпылама инспекциялы тексеруден, өзін-өзі тексеруге және өзін-өзі басқаруға көшу;

• емдеу-диагностикалық үдерістің басқарудың кешендік басқарушы рөлін, жүйелі үрдіс пен уақиғалық көзқарасты анықтау;

• емдеу-диагностикалық үдерістің сапасын анықтағыш инди-каторларға клиникалық-экономикалық сараптама жүргізу;

• медициналық көмек берудің сапасы аясындағы жетістіктерді аурухана басшыларының кең қолдауы.