Күрделі жағдайларда ұңғыны штангалы сораппен пайдалану

Сораптық скважиналардың көбі күрделі жағдайда жұмыс істейді:

- қабаттан мұнай мен бірге сорапқа бос газ енеді.

- қабаттағы құм сұйықпен араласып шығады.

- парафин шөгінділері пайда болады.

- скважина бағанасы қисаяды.

Скважиналарды пайдалану кезінде осы жағдайларымен күресу керек.

Құм және бос газ сорапқа көп әсерін тигізеді.

Бос газдың зиянды әсерін жою үшін қондырғы жұмысына төмендегі технологиялық процестерді жүргізеді:

- зиянды кеңістігі кішірейтілген НСН-2 және НСВ-1 штангілік сораптарды қолданады.

- плунжердің жүру жолын ұзартады.

- сораптың тереңдігін ұлғайтады.

- құбыр аралық кеңістігіндегі газды сорып алады.

Қабаттағы құм-скважина түбінде құм тығыны болып, тесіктерді бітеп тастайды. Сорап ішіне еніп тетіктерін алдын-ала істен шығарады,плунжер цилиндр ішінде тұрып қалады. (заклин).

Құммен күресу жолдары:

- скважина өнімін шектеу арқылы тығынның пайда болуын реттеу.

- арнайы плунжерді қолдану.

- айналмалы қырғыш орнату.

- құбыр аралық кеңістікке құмның концентрациясын төмендету және сораптан өтетін сұйыцқтың жылдамдығын арттыру мақсатында қосымша мұнай айдау.

- құбырлық штангілер қолдану.

Скважинада осы аталған шараларды жүргізу үшін сорапқа дейін арнайы жабдық орнатады- құмды, газды зәкірлер.


Билет № 24

Мұнайды өңдеу.

Мұнайдан алынатын өнімдерді келесі топтарға жіктеуге болады.

Жанар май (отын);

Мұнай майлары;

Парафиндер, церезиндер, вазелиндер.

Мұнай битумдары;

Жарықтандырғыш керосиндер;

Еріткіштер;

Басқа мұнай өнімдері (кокс, күйе консистентті майлайтын майлар; мұнай қышқылдары және т.б.).

Жанар май:

а) әуе ұшақ бензиндері Б-100/130, Т-95/130, Ю-91/115 және Б-70: Б-бензин, үстінде оқтанды сан көрсетілген астында сорты; Б-70- этилденбеген бензин:

б) автокөлік бензиндері А-66, А-72, А-76, АИ-93, АІ-98:

А-автокөлік, сандар оқтанды санды сипаттайды. И-зерттеу әдісі бойынша октанды сан.

в) грактор жанар майы: (лигроиндар және керосиндер)

г) реактивті жанар май Т-1, ТС-1, Т-5, Т-6, Т-7: Т-жанар май, С- күкіртті (сернистая) мұнай, сандар жанармайдың маркасын сипаттайды.

д) дизелдік жанар май ДА, ДЗ, ДЛ, ДС, ДТ, ДМ: Д-дизелдік, А-органикалық, 3-қыстық, Л-жазғы, С-арнайы, ДТ және ДМ — баяу жұмыс істейтін қозғалтқыштар (двигателдер) үшін.

е) газтурбиналық жанар май; мазуттар мен газойлдар

ж) қазан жанар майлар Ф5, Ф12, 40,100,200, МП: Ф- флоттық мазут, 5 және 12-50°С температурадағы шартты тұтқырлығы 40, 100, 200-жағатын мазут, МП ~ мартен пештері үшін арналған жанар май.

Мұнай майлары:

а) моторлық-авиациялық, автокөлік және дизелді қозғалтқыштарды майлау үшін қолданылады.

б) индустралдық (ауыр өнеркәсіптік) - өнеркәсіп жабдықтарын майлау үшін (машиналары мен механизмдерін)

в) цилиндрлік — поршенді бу машиналарының поршендері мен золотниктерін майлау үшін.

г) турбиндік - әр түрлі турбоафегаттар мен электр тоғының генераторының подшипниктерін майлау мен суыту үшін.

д) компессорлық - компрессорлардың, ауа үрлегіш және мұздатқыш машиналардың цилиндрін, штогын және клапандарын майлайтын, майлар;

е) трансмиссиялық - көптеген машиналар мен механизмдердің тісті жүйелерін майлайтын майлар;

ж) өстік — теміржол вагондарының қосылатын өстерін майлайтын, паравоздар мен тепловоздардың қосақталған дөңгелектерін, теміржол көліктерін қозғалғанда үйкелетін жерлерін майлайтын мадлар.

з) электроизоляциялы — трансформаторлы, конденсаторлы және кабелді майлар. Олар сұйықты суыту және диэлектр функциясын орындайды.

и) гидравликалық жүйелер майы — автокөліктердің, тепловоздардың, самолеттердің басқа тұрақты механизмдердің гидравликалық жүйелері жұмыс істеу үшін қолданылады.

к) Ақшыл (вазелинді, медициналы және парфюмерлі) - емдеу мақсатында, ерінге жағатын бояу, жағатын майлар. кремдер дайындалады.

Парафиндер, церезиндер, вазелиндер. Қатты тауарлар парофиндерді синтетикалық майлы қышқылдардыспирттерді өндіру үшін шикізат ретінде қолданылады. Олар өз кезегінде жуушы заттарды өндірудің негізі ретінде қолданылады. Парафинді медицинада тамақ өнеркәсібінде (торы және парафинделген қағазбен картоннан жасалған бүктемелер) шырпы жасауда, свеча ағаш жіпті плита және т.б. өнімдерді алуда қолданылады.

Петролетум — бұл парафин перезина және май қоспаларынан тұратын қатты көмірсутектер. Оларды майлау майлары парафиннен айыру кезінде алынады. Мұнайдан өндіру және тасымалдау кезінде мұнайдан бөлінетін петролетум мен парафиндерден церезина алынады.

Церезин электрлік және радиотехиикалық т.с.с. изоляциялық материалдар ретінде; вазелин, крем әртүрлі қорытпаларды майлайтын заттар алуда колданылады.

Вазелинді (табиғи) парафинді мазуттардан алады. Жасанды вазелин ол минералды май мен парафиннің коспасы, ал техникалық вазелин ауыр өнеркәсіп майы мен парафиннің қоспасы.

Медициналық вазелин — ол ақ церезиннің және май парафиннің парфюмер майымен қоспасы.

Мұнай бишумдарын крекинг пен майды тазалау, мұнай қорытудың ауыр қалдықтарынан алады. Гидро изоляциялық, төсеніш материалдар алуға қолданылады.

Жарықшандырғыш керосиндер тұрмыс қажетіне қолданылады. Жарықтандырғыш керосиннің сапасы оның химиялык құрамына байланысты. Оның құрамында парафинді көмірсутегі неғүрлым көп болса, солғүрлым сапасы жоғары болады.

Еріткіштер

а) БР-1 (БР-бензин-еріткіш. резина кәсіпшілігінде қолданылады).

б) уайт-спирт-лактау және бояу кәсіпшілігінде колданылады:

в) экстракциялы бензин-экстракция үрдісінде және т.б. үрдістерде қолданылады.

Тағы басқа мұнай өнімдері. Мұнай коксы электродтарды, сол сияқты алюминийдің глиназемнан еркін шығуы үшін қызмет ететін, массасын дайындау үшін алюминий кәсіпшілігінде, резина кәсіпшілігіндегі - күйені сонымен қатар, карандаш, изоляциялық материалдарды, көшіру қағаздарын, бояуларды және т.б. жасауда колданылады.

Консистентымайлау майлары — мұнай қорытудың кою онімі антифракциялы (майлаушы), сақтандырушы және нығыздаушы: Оларға салидолдар, техникалық вазелиндер, консталиндер және т.б. жатады.

Нафтенқышқылының тұздары. сабыннафт, асидол: лак және бояу кәсіпшілігінде, лактың кебуін жеделдету ретінде, сабын жасау кәсіпшілігінде майды ауыстырушы ретінде (бояу кезінде) және тері өңдеу кәсіпшілігінде сонымен қатар баска да салаларда қолданылады.

Пиролизөнімдері— аромат көмірсутектер (бензиндер, толуолдар және ксилолдар) оларды бензинге оның сапасын жақсарту мақсатында қосымша ретінде қолданылады, сол сияқты басқа да бірнеше кәсіпшілік салаларында пайдаланылады. Бензол — капрак және нейлон сияқты полиамидті талшықтарды, жіптерді фенол негізінде пластикалық масса және синтетикалық каучукты алу үшін негізгі өнім. Сонымен катар бензолды, бояғыштарды, формадециптикалық және фотографиялық препараттарды; сонымен қатар сығынды шикізат ретінде қолданады.

Толуолды кейбір пластмассаны, шәйір, лак және баспаханалық бояуды жасау кезінде еріткіш ретінде капролактама алу үшін шикізат ретінде қолданылады;

Ксилолды лак, бояу, хош иісті қарамай, фармацептикалық препараттарда және химия өнеркәсібінде қолданылады.


2.

Энергия көздері

Бұрғылау қондырғылары өздерін электроэнергиямен қамтамасыз етеді.

Әдетте энергия генераторлары дизельдік отын арқылы жұмыс істеп,

силиконды түзеткішпен ( ауыспалы токты тұрақты тоққа айналдыратын

аспап) жабдықталған. Жылдамдықты қарапайым бақылау мүмкіндігінен

үлкен қуатты моторлардың көпшiлiгi үшiн тұрақты токқа жоғары баға

беріледі. Ауспалы токты электронды бақылауының сенімді өндiрiсіне

байланысты қазіргі бұрғылау қондырғыларының моторлары ауыспалы токқа

көшуде. Қуат қажеттiлiгі қондырғы көлеміне және жабдықтың түріне

бағынышты болады, әдетте жартылай суға бататын бұрғылау қондырғысы 6-

8 Мвт қуатқа ие.

 

Әрбiр платформадан немесе жасанды аралдан 16-дан 20-ға дейiн пайдалану және мұнай айдау ұңғымаларын бұрғылау көзделуде, бұл халықаралық стандарттарға сай келетiн ең жаңа бұрғылау қондырғыларын пайдалана отырып, бұрғылау мердігерлерiнiң көп санын тартуды қажет етедi.
КТҚС-ның мұнай-газ кен орындары мен құрылымдарын болжанып отырған қарқынды жайғастыруды ескере отырып, кешендi және жеткiлiктi өткiзу қабiлетi бар жағалау инфрақұрылымын құру КТҚС-ын игерудiң сыни факторы болып табылады.
Инфрақұрылымның ұтымды және уақтылы дамуын қамтамасыз ету үшiн арнаулы жағалаулық қолдау базасының жүйесiн кезең-кезеңмен құру қажет.
КТҚС-ның солтүстiк және орталық бөлiктерi үшiн - Түпқараған шығанағы ауданы және КТҚС-ның оңтүстiк бөлiгi үшiн - Құрық порты ауданы жағалаулық қолдау базаларын орналастырудың неғұрлым ыңғайлы пункттерi болып табылады. Сонымен бiрге алда жағалаулық қолдау базалары, қайта өңдеу кәсiпорындары, теңiз құбырларын құрлыққа шығару аймақтары, қалдықтарды қауiпсiз сақтау және жер қойнауын пайдаланушыға қажеттi басқа да объектiлер үшiн ұсынылып отырған пункттердi айқындай отырып, КТҚС-ның жағалау жолақтарын дамытудың кешендi жоспарын әзiрлеп, жүзеге асыру тұр.
Қажеттiлiгi теңiз мұнай операцияларының жандана өсуiмен айқындалатын инфрақұрылым объектiлерi екi санатқа бөлiнуi мүмкiн:
өз операцияларын қолдау үшiн негізiнен мұнай компаниялары пайдаланатын объектiлер мен қызметтер болып табылатын тiкелей инфрақұрылым (теңiз қолдау базасы, өнеркәсiптiк жарақтандырудың базасы, теңiз танкер терминалы, экспорттық құбыр және т.б.);
мұнайгаз объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз етiп қана қоймай, сондай-ақ өнеркәсiп пен қоғамның басқа да салаларын қолдау және жұмыспен қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын iлеспе инфрақұрылым (энергиямен қамтамасыз ету жүйесi, жолдар, темiр жол қызметi, сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй қоры және басқалар).
КТҚС-ДАҒЫ ГАЗ ӨНДІРУ
Coнымeн, КТҚС-ның pecурстapын игеру мiндеттерiнiң бipі газды кәдеге жарату мәселелерiн кешендi шешу болуға тиiс.
КТҚС-ДАҒЫ МҰНАЙ ӨНДІРУ
КТҚС-ның солтүстiк бөлiгiндегi тұзасты кенiштерiнiң айырмашылық ерекшелiгi мұнайда жоғары дәрежеде 30% шамасында ерiген газдың болуы. Қашаған кен орнының мұнайында ғана Қарашығанақ кен орнында алынатын газдың мөлшерiндей болады деп күтiлуде. КТҚС-ның орталық бөлiгiнiң құрылымдарында құрлықтағы Қаламқас кен орнындағы сияқты газ факторы онша көп табылмайды деп күтiлуде. КТҚС-ның оңтүстiк бөлiгiнде мұнай ғана емес, газ кен орындарын да ашу көзделiп отыр. Сөйтiп, тұтастай алғанда КТҚС-ы бойынша көмiрсутек баламасында газ өндiру өндiрiлетiн мұнай көлемiнiң 60%-iн құрайды деп күтуге болады.
Геологиялық құрылымдардың осы ерекшелiктерiн ескере отырып және КТҚС-ның барлық үш аймағындағы мұнай өндiрудi болжау негiзiнде KTҚC-да газ өндiру 2005 жылы - 0,3 млрд. текше метр, 2010 жылға қарай - 24 млрд. текше метрге дейiн және 2015 жылға қарай - 63 млрд. текше метрге дейiн күтiледi.
ГАЗДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Қашаған кен орны мен басқа да перспективалық тұзасты құрылымдарындағы iлеспе газдың айырмашылық ерекшелiгi шикi газдағы күкiрттi сутегінiң жоғары (19%-ке жуық) құрамы болып табылады. КТҚС-дағы кен орындарын игеру кезiнде осыны ескере отырып, жабық схема бойынша iлеспе газды толық кәдеге жарату көзделеді, ол үшiн шикi газдың 75%-ке дейiнгiсi қайтадан жер қабатына айдалатын болады. Шикi газды жер қабатына айдау көлемi 2005 жылы - 0,3 млрд. текше метрге дейiн, 2010 жылы - 16 млрд. текше метрге дейiн және 2015 жылға қарай - 40 млрд. текше метрге дейiн күтiлуде.
Бұл орайда өңдеу мен iске асыру үшiн қажеттi газдың артылып қалуы 2010 жылы шамамен 8 млрд. текше метр және 2015 жылы 23 млрд. текше метрге дейiн болады. Iлеспе газдың артылып қалғаны теңiз кен орындарынан құбырмен құрылықта орналасатын газ өңдейтiн кешендерге (ГӨК) берiледi. Тұтастай алғанда ГӨК-дегi газ дайындау жүйесi iлеспе газды тазартуды, сұйытылған фракцияларды бөлiп алуды, күкiрттi бөлу мен сақтауды, сондай-ақ тауарлық газды Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесiне айдау үшiн сығымдауды қамтитын болады.
БҰРҒЫЛАУ-ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жарылыс жұмыстары туралы жалпы мәлімет-тер. Жарылыс жұмыстары үшін персонал. ЖМ тасымалдау және жеткізу. ЖМ сақтау. ЖМ қабылдау, босату және есепке алу. ЖМ жою. Жару тәсілдері. Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі жалпы ережелер. Істен шыққан зарядтарды жою. Шахталарда газ бен шаң бойынша қауіпті жарылыс жұмыстарын жүргі-зу. Карьерлердегі жарылыс жұмыстары. Жару-шының Бірыңғай кітапшасы туралы ереже.