Сұрақ Тренингтің нәтижелі жоспарын құру

Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. . Әрбір тренингтің құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз.Мысалы: қатысушыларды түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:- Сәлем беру рәсімі; - Жаттығу тапсырмалары; - Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы; - Тапсырманың негізгі құрылымы - Өткен сабақтың рефлекциясы - Қоштасу рәсімі Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін. Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді: Кіріспе бөлімі.Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру. «Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету түрлерін анықтауға көмектеседі. «Назар аудару» бөлімі.Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру. «Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімімидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.

44-сұрақ Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісіТаңдау үрдісін бірнеше түрлі тәсілмен ұйымдастыруға болады. Жекелеген сұхбат әңгімелерді өткізуге болады. Үміткерлердің жиналысында алдағы сабақтар жайлы айтып, содан соң олардың әрқайсысымен жеке әңгімелесуге де болады. Клиникаларда қолданылатын тәсілдердің бірі болып емші дәрігермен талқылау арқылы үміткерлерді таңдау. Біздің ойымызша, ең дұрыс әдіс — жекелеген әңгіме-сұхбаттар. Әңгімелесу барысында жасөспірім өз проблемалары жайлы айта алады, ал психолог-психотерапевт — оның бл топқа қаншалықты сай келетінін түсіне алады. Әрбір болашақ топ мүшесін терапевтік үрдістің мақсаттары мен міндеттері жайлы, не болып және оның не істейтіні жайлы хабардар ете отырып, психотерапевт келісімін алуы қажет. Жасөспірімнің топ жұмысына араласуына ата-аналары да келісім беруі қажет.Топ біркелкі — біркелкі емес ұстанымы бойынша қалыптастырылады. Біркелкі деп, алдымен, жасөспірімдер өміріндегі жағдайлардың ұқсастығын айтады. Мысалы, топ құрамына өмірге төніп тұрған қауіп салдарынан пайда болған бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін жасөспірімдерді қосуға болады. Біркелкі — біркелкі емес ұстанымынан басқа үміткерлерді таңдауда тағы да басқа бірнеше ережелерді сақтаған жөн. Біздің тәжірибе көрсеткендей топқа төмендегілерді енгізуге болады: - бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакцияны жүйкелік симптомалар және мінез-құлқындағы ауытқулар арқылы білдіретін жасөспі-рімдерді;

- интеллектуалдық және физикалық даму деңгейлері бір шамадағы жасөспі-рімдер;

- бірлесіп жұмыс істеуге бейім жасөспірімдер;

- ер және қыз жасөспірімдерді.

- аса бір ерекше жағдайлардан басқа кезде топқа төмендегілерді енгізбеген жөн болады (алдын ала психологиялық түзету әрекетін жүзеге асырмастан):

- өте агрессивті немесе өздеріне бірнеше рет қол жұмсағыш салғысы (суицидальды) келген жасөспірімдер;

- тұрақты криминалдық «тәжірибесі» бар жасөспірімдер (олардың топ мүшелерімен «алмасу» әрекетін жасамас үшін).

45-сұрақ Аутогендік жаттығуларАутогенді жаттығулар немесе өзін-өзі жаттықтыру ӨЗін - өзі жаттықтыру негізінде Р.С.Шульц ұсынған алты жаттығу алынған. Бұл жаттығулар жатқан не отырған жағдайда жасалады.

Бірінші жаттығу. Көзді жұмып: «мен мүлде тынышпын», «менің оң қолым мүлде ауыр» деу керек. Бұл жаттығу 1 – 2 минөтке созылады және күніне 2 – 3 рет қайталанады. Бірнеше күннен соң жаттығуды сол қолы мен аяқтарына жасау керек. Жаттығудан соң үш рет буындарды шұғыл бүгіп, қолдың қоспасын жұмып, қатты дем шығарып, көзді ашу керек. Бұл жаттығуды игеруге екі апта уақыт кетеді. Екінші жаттығу денені ауырлатуға ғана емес, аяқ – қол мен бүкіл дененің біртіндеп жылынуына бағытталады. Ұзақтығы екі апта. Үшінші жаттығу жүрек соғуы жиілігін басқаруға арналған. Дене ауырлап, жылынған соң «жүректің бір қалыпты соғуын» елестету. Төртінші жаттығу бір қалыпты және іштей тыныс алу қабілетін тудырады. Мұның алдында алдыңғы үш жаттығу қайталанады. Бесінші жаттығу – қарынның жылынуын сезіну. Мқнан бұрын төрт жаттығуқайталанады. Алтыншы жаттығуда әуелгі бес жаттығу қайталанады. Алтыншы жаттығуда әуелгі бес жаттығудан соң маңдайдың біраз салқындағаны сезіледі. Осы алты жаттығуды игеру 12 аптаға созылады. Өзін - өзі жаттықтыру әдісі жүрек – қан тамырларымен невроз, есекжем және басқа тері ауруларына қолданылады. Бұл әдіс емтихан, спорт жарыстары алдында, ми мен дене шаршағанда, психогигиеналық және психопрофилактикалық мақсатта жүргізіледі. Мұндай жаттығулар арқылы ауру адам ішкі мүшелерін, вегатативтік жүйке жүйесін, өзінің сезімі мен ойын басқара алады. Зақымданудың ерекшелігіне, ұйқыға шейінгі психотерапия және кейде дәрлерді қабылдауға байланысты жаттығулар өзгеріп отырады.

46.Коммуникативтілікті дамытуға арналған тренинг жаттығулары . Коммуникативті тренингтер немесе коммуникативті қабілет тренинг топтарына мінез-құлықтық және әлеуметтік технологиялық тренингітің топтық нұсқауларын жатқызамыз. Олар қалыптастыру және тұлғаның жалпы коммуникативті дайындығының болуының мақсатымен жүргізіледі, мысалы, өмірдегі қарым-қатынаста қатысушыға бар адамдар үшін. Берілген тренингтерде қолданылатын әдістемелер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ міндетті түрдеөзіне екі компонентті кіріктіреді: рөлдік ойынды және топтық дискуссияны.

Коммуникативті тренинг.

Әр түрлі коммуникативті қабілет блогын құрайды, мысалы, қабілет, қарым-қатынаста келісімге отыру негізінде керек, келісімді үзу үшін, белсенді тыңдау, қарым-қатынас және т.б. бойынша әріптесінің құпия қасиеттерін бейнелеу.

Мінез*құлықтық тренингті өткізу әдістемесі топ қатысушыларының жағдайлары рөлдік және топтық дискуссия арқылы ойнау үшін күрделі субъективті құрылым принциптерінде құрылады.

Мысалы, таныммен мінез-құлықтық тренинг әдістемесі.

Топ қатысушылары келесі критерийлерімен сабақ басталуға дейін реттеліп алынады: психокоррекцияның негізгі курсынан эффективті өтуі; Мінез-құлықтық тренингті өткізу үшін көрсету белгілері; топтық мінез-құлықтың тренингке қатысу үшін мотивацияның міндетті сатысы, деңгейі. Топта 8-10 адамбір уақытта жаттығуға болады. Қатысушылар саны 3-тен 20-ға дейін өзгеріп тұрады. Топтың мінез-құлықтық тренингтің пайда болуы өзіндік мақсатты қалыптастырады және перспектива белгісін құрайды. Сабақ сергітуден басталады, коммуникативті, мінез-құлықтық және эмоцилналды бағытталуда жаттығуларды кіріктіреді. Сабақ мақсатын анықтау үшін топық дискуссия өткізіледі. Қатысушылар ұсынған рөлдік жағдаяттардан бір-екеуі таңдап алынады. Топтық дискуссиядан кейін жаттықтырушы рөлдік жағдаятты ұсынады. Соңында топтық дискуссия өткізіледі, топ мүшелерінің рөлдік жағдаятқа қатысу мақсатын анықтау. Бұл күрделі жағдаят пен дискуссияны қайталауға болады. Сабақты аяқтау сұрағы жаттықтырушымен бірге шешіледі.

Қарастырылған көп тренингтеріне коммуникативті қабілет тренингтері жатады, Олар нақтылы проффесионалды топтар үшін өңделген, мысалы басқарушылар, психолог, мұгалім, менеджер, әлеуметтік жұмысшылар үшін.

Коммуникативті қабілет істей алуды кіріктіреді: өзінің жұбының мінез-құлқын бейнелеу, айтып беру, оның коммуникация сезімін, белсенді тыңдауы т.б.

«Сөйлемді аяқта» тренингі /жұппен жұмыс/

Екі жұпқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...

Ә) Сыйластық бар жерде ...
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
Ал, енді балалар, достыққа қарама-қайшы сезім –ол дұшпандық, сатқындық.

Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып қалу одан да қиын.

Мінездеме беру» тренингі

— Менің қолымдағы өз достарыңның суретін аласың. Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта қолыңыздағы суреттегі балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар Ешкімге көрсетпей, досың туралы әңгімелейсің. (суретті таңдап алу)

Тірек сөздер /тақтада көрсетілген/:

Адал арам

жомарт өз қамын ойлайтын

адамгершілігі мол кекшіл

қарапайым сөзге түсінбейтін

мейірімді жалқау

кешірімді тәккапар