Аржылық есептілік нысандары және құру тәртібі

Қаржылық есеп беру мәмленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикаық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады .

Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті ) өндіру үшін, содай-ақ өндірісті басқару және басқа және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ эккономикалы олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа ативтерге айырбасталуы, кәсіпорынның ьміндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.

Активтер физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны бомауыда мүмкін (лицензия, «ноу-хоу», гудвилл және т.б.); сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз болып келуі мүмкін.

Міндеттемелер – ол өткен мәмілнің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әректтің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарыз төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орынбалыуы талап етуге құқығы бар. Міндеттемесінің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашуы қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім – шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оның төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін . Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

Меншік капитал - бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерліік есепте ол бірнеше топқа бөлінеді : жарғылық капиталы, төленбеген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шруашылық қызметін талдаған кезде қажет . Егер д баланс пассивтің құрамында меншік капиталыың үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызмеінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы) . Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады .

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активттердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл септік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбейюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъектінің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығс болып танылады.

Табыстар – бұл субъектінің негізгі және негігі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына : өнімді, жұмысты, қызметі сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы – материалдық құдылықтардан, жалға беруден инвестициялық қызметтерден түсетін табысы жатады . Ал нгізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына : негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағымдық айырмадан түскен табыстарры жатады.

Шығыстар - өнімді өндіруден, жұмысты атқарумен , қызметті көрсетумен бйланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындар.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану - бұл бухглтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді.

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы үмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттмелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

Бастапқы құн – активтер тааптар келісі бойынша белгілеенген және олардың алынған бағасыша бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;

Ағымдағы құн – активтер есеп берудегі ақшалай соммасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол соммада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс таады және тап осы сомада өтелуі палап етіледі;

Сату құны – активтердің өзінің сатылған құны (ақша қаражатының сомасы ) бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған саомасын білдіреді жәнеолардың төленуін талап етеді;

Баланнстық құны - актив пен міндеттеме баланстық есептеме берілген күндегі бағасы бойынша көрініс табады .

Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.

БАСҚАРУ ЕСЕБІ