Ндірістік шығындардың есебі

 

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.

Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.

Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар

Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.

Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.

Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.

Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.

Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:

1) Кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты қамтамасыз ету;

2) Болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін норматифті және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;

3) Дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;

4) Құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің экономикалық нәтижелерін анықтау және бағалау;

5) Ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.

Шығындарды есептеу тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруды жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақытаралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процесстерін оларды сандық өлшеу, заттай және құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлстігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Өндіріс шығындарын есептеу үшін, 8110 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.

Өндіріске жұмсалған барлық шығыңдарды қорытындылап (шолу) үшін 8110-"'Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 8111 - "Материалдар", 8112 - "Өндіріс жұмысшыларының енбекақысы", 8113- "Енбек ақыдан аударылатын аударымдар", 8114 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 8110 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады.

№2 «Қорлар» ҚЕХС сәйкес ұйымдар өнімнің өзіндік құнына енетін шығындардың құрамын анықтайды. Өндірістік өзіндік құнға жалпы және әкәмшәләк шығындар, дайын өнімді сату бойынша шығындар, сыйақы төлеу шығындар енгізілмейді. Бұл шығындар кезең шығындар ретінде есептеліп, есепті мезімнің соңында 5510 «Есепті жылдың пайдасы» шотының дебетіне шығарылады.

Өнімнің (жұмыс пен қызметтің) өзіндік құнына төмендегі шығындар қосылады:

- өнімді, жұмыс пен қызметті өндіруге өндіруге тікелей байланысты шығындар;

- өндірістің жаңа түрлерін дайындпуға және игеруге шығындар, жобалау, конструкторлау, жаңа өнімді өндірудің технологиясын өңдеу және т.б шығындарды жатқызады.

Өндіріс шығындары есебінің маңызды сипаттамасын қорытындылай келе, тағы да оның негізгі бағытын айта кетеміз, ол өндірістік қызметті бақылау және оны жүзеге асыру үшін шығындарды басқару.

Барлық есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерде қарастырылады:

1) өндірістік қызмет процесіндегі пайда болу мезгіліне қарай алғашқы шығындардың бейнеленуі;

2) өндірістік шығындар туралы мәлімет қызмет түрін, өндіріске, құрылымның бөлімшелеріне, шығындардың пайда болу орындарына, жауаптылық орталығына, өнімдерге, жұмысшыларға қарай оқшаулау;

3) өндірістік шығындарды пайда болу уақытына және өзіндік құнға қосылуына қарай, сонымен қатар басқа да муақыт кезеңдері-тарихи, өткен шығындар, есепті кезең және болашақ кезең шығындарына қарай оқшаулау;

4) кәсіпорынның жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында бөлу: жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын және сатылған өнімнің өзіндік құнына қосу жолымен өтеу;

5) қызмет көрсетуші (көмекші) өндірісінің өндірістік шығындарын оның аяқталмаған және дайын өнімдері арасында бөліп, шығындарды өндірістік бөлімшелері қызмет көрсетуші өндірісінің өнімдерін, жұмысшылары мен қызмттерін тұтынушылары бойынша қайта бөлу;

6) аяқталмаған өндірісті және өндіріс процесінде алынған қалдықтарды анықтап, бағалау және тауарлы өнімнің барлық көлемі мен жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтау.

Өндіріс шығындарының есебі 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Қосалқы өндіріс» 8040 «Қосымша шығыстар» бөлімшелерінің шоттары қолданылады.

Кесте 17 - Өнім өндірісіне шыққан шығындар есебі