Негізгі өндірістік қорлардың жылдық орта құнын және пайдалану тиімділігін анықтау

 

Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету. Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді. Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жерсубъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

2. Ғимараттар– еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.

3. Құрылыстар– еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер.

4. Өткізгіш құрылғылар– электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар.

5. Машиналар және құрал-жабдықтар.

6. Көлік құралдары– адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары. Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

7. Өндірістік жабдықтар және құралдар- өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмыс столы, шкафтар, және т.б.

8. Шаруашылық инвентарь– конторлық және шаруашылық инвентарь.

9. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар.

10. Басқа да негізгі қорлар– библиотекалық қорлар, музей құндылықтар

 

Кесте 2. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК негізгі құралдардың қозғалыс көрсеткіштерін талдау

 

Көрсеткіштер Ауытқу
Талдауға қажетті көрсеткіштер    
НҚ жыл басындағы құны 2 515 194 2 534 160 +18 966
НҚ жыл соңындағы құны 2 534 160 2 627 622 +93 462
НҚ енгізілген құны 18 966 93 462 +74496
НҚ шығу құны
НҚ тозу құны 842 774 999 105 +156 331
НҚ баланстық құны 1 672 419 1 535 055 -137 364
Талдау нәтижесі
Көрсеткіштер Формуласы Ауытқу
НҚ жыл соңындағы құны Жыл б.қ.+енг. құн (1+3) 2 534 160 2 627 622 +93462
НҚ орташа құны Жыл б.қ+енг.орт.құны-шығ.орт.құн (1+3/2-4/2) 633 540 1 313 811 +680 271
НҚ жаңару коэффициенті (3/2) 0,74 3,5 +2,76
НҚ шығу коэффициенті 100%(4/1)
НҚ өсу коэф (3/1) 0,75 3,6 +2,85
НҚ жарамдылық (6/1) 66,4 60,6 -5,8
НҚ тозу коэф (5/1) 33,5 39,4 +5,9
           

 

Негізгі құралдар қозғалысының жалпылама бағасын жаңару, істен шығу, өсу және ұдайы өндіріс коэффициенті береді, сонымен қатар негізгі құралдардың техникалық жағдайын бейнелейді. -Жаңару коэффициентін барлық негізгі құралдар, оның актив бөлігі, өндірістік негізгі құралдардың жеке топтары және жабдықтың негізгі түрлері бойынша мақсатқа сай етіп есептеу керек. Сонымен қатар оларды барлық келіп түскен негізгі құралдар бойынша және қозғалысқа енгізілуі бойынша жеке-жеке есептеуге болады. Соңғы жағдайда бұл коэффициентті енгізу коэффициенті деп атайды . -Істен шығу коэффициентін барлық негізгі құралдар, оның актив бөлігі, өндірістік негізгі құралдардың жеке топтары және жабдықтардың негізгі түрлері бойынша мақсатқа сай есептеу керек. Сонымен қатар оларды барлық істен шыққан негізгі құралдар бойынша және жою бойынша жеке-жеке есептеуге болады. Соңғы жағдайда бұл коэффициентті өтімділік коэффициенті деп атайды.

Кесте 3. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК негізгі құралдарын тиімді пайдалану көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Ауытқуы(+/-)
Өнімді сатудан түскен түсім мың тг +6990476
НӨҚ орташа жылдық құны мың тг -
Жұмысшылыр саны адам -
1.Қор сыйымдылғы   0,098 0,104 0,006
2.Қор қайтарымдылғы   10,1 9,57 -0,53
3.Қормен жабдықталу   -

V/Ф (6)

(7)

=Ф/ (8)

Мұндағы,V-бір жылда өндірілген өнім көлемі;

Ф-НӨҚ орташа жылдық құны;

-негізгі және көмекші жұмысшылардың орташа тізімдік саны.