Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрылымын көрсетіп, талдаңыз

16.Педагогтың дидактикалық қабілеттері.Дидактикалық қабілеттер – оқушыларға оқу материалын неғұрлым ұғынықты етіп беру қабілеті, оларға материалды немесе проблеманы айқын және түсінікті түрде келтіру, пәнге деген қызығушылығын тудыру, оқушыларда белсенді ойды өз бетінше қоздыру.

17.Педагогикалық қабілеттердің ерекшеліктері.Педагогикалық қызметтерді оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.

Коммуникатив-тілігі: адамға деген оң қатынасы, тілектестігі, пер-цептивтігі, кәсіптік байқағыштығы, педагогикалық интуициясы. Динамизмі: еріктік әрекетке, логикалық сендіруге қабілеттілігі. Эмоционал-дық орнықтылығы: өзін-өзі меңгеруі, оптимистік болжау. Креативті-лігі: шығармашылыққа қабілеті Мынадай түрлерге ажыратылады: - гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі); - дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі); - коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі); - ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әрекеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру,өкілеттік беру, барлық қатысушыларды біріктіру және олардың қызығушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі); - перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі); - болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі); - суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы, оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті нәтижесіне жету білігі);29 - экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі).

18 Тілдік қабілеттіліктердің ерекшеліктері.Тілдік қабілеттер - өз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті.

Тілдік кабілет орыс языковая способность — психолингвистикадағы басгы ұғымдардың бірі. Тілді колданушынын. психикасын сатылап калыптаскан көп денгейлі функционалды жүйе. Л. В. Щербанын "тілдік ұғымдардын потенциалдык жүйесі ретінде", "жеке адамнын сөйлеуіндегі психофизиологиялык жағы туралы" идеясынан бастау алатын Тілдік қабілет үғымын психолингвистикаға А. А. Леонтьев (Ресей) енгізген. Тілдік қабілеттің табиғаты туралы екі көзкарас бар:

1. баланын өсуіне карай дамыгі отыратын биологиялык негіз,

2. оған керісінше, карым-катынас процесі кезінде калыптасатын әлеуметтікнегіз.

Тілдік қабілетте элементтер мен денгейлер бөлек каралады. Элементтер дегеніміз тіл жүйесі элементтерінін санада бейнеленген жинакты түрі. Тілдік қабілет денгейлері — прескрипторлык (сөйлеушілер айтуга тиіс алдын-ала белгіленген сөз колданыстары) ережелермен байланысты элементтердін функционалдык шағын жүйелері. Тілдік қабілет денгейлері тіл жүйесіндегі денгейлерге (фонетикалык, лексикалык, грамматикалык) сай келеді деуге негіз бар.[1]

19. Педагогтың ұйымдастырушылық қабілеті.Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыру қабілеті, оны жаңа міндеттерді орындауда топтастыру және дем беру, екіншіден, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру қабілеті, өз жұмысын ұйымдастыру дұрыс жоспарлау және өзін бақылау іскерлігін ұйғарады.Ұйымдастырушылық қабілет - қандай да істі ұйымдастыруға бағытталған қабілет. Ұйымдастырушылық істерді басқару мен ұйымдастыру саласындағы орналастыруды, қорларды жұмылдыруды, ортамен байланысты, тәлімгер мен оқушылардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін шығармашылық қабілет.

20.Педагогикалық қиял ұғымы. ҚИЯЛ –адамның бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, соны елестер мен идеялар тудыру үдерісі. Ол – адамның айқын болмысты жаңа, күтпеген, әдеттен тыс басқаша байланыс пен үйлесімділікте бейнелеуі. Ол ойлау жүйесіне ғана тән психикалық үдеріс. Әрбір адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жеке басының ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсатына байланысты. Сондай-ақ қиялдың мазмұны мен түрі адамның жас ерекшеліктері мен білім тәжірибелеріне де байланысты болады. Педагогикалық қиял - өз әрекеттерінің салдарын алдын ала көруден, оқушыдан болашақта кім шығатынын елестете отырып, оның тұлғасын тәрбиелеуді жобалаудан, тәрбиелеушілерді қандай да бір сапаларының дамуын болжай алу іскерлігінен көрінетін арнайы қабілеттер

21. Педагогикалық қатынас икемділігі, сөйлеу техникасы мен мәдениеті. Кәсіби педагогикалық икемділік туралы Л.Ф.Спириннің көзқарасынша “Оқу-

тәрбиелік қызметте практикалық эрекетте және кэсіби ойлау дағдысы мен білімі күрделі

психикалық қасиеттердің бірігуіне мүмкіндік береді”. Сонымен бірге Л.Ф.Спирин мұғалімнІң жалпы педагогикалық икемділік жөніндегі модельді бейнелегенде “Практикалық әрекетті орындау барысында талдау жэне бақылау жасау негізінде жоспарлануы, мақсатталуы қажет.Дәл сол сияқты педагогикалық икемділік жөнінде Ю.П.Азаров “Барлық педагогикалық іс-әрекетке қажеггілік практикалық икемділікпен теориялық білімнің бірігу формасының шеберлігі болып табылады”

Педагогикалык шеберліктің маңызды бөліктерінің бірі - сөз мәнері мәдениеті болып табылады. Сөз мәнері педагог үшін оку материалын тарату және тәрбиелік өзара қарым-қатынас құралы болып саналады.

Сөйлеу техникасы мұғалімге сөз мазмұнының барлық байлығы мен мәнін оқушыға жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлеу демалысының және дауыс шығару мен дикцияны орнату дағдыларының кешені.

Тембр – дыбыстық айқындылық,жұмсақтылық, даралық.

Дикция – сөзді, буынды, дыбысты айтудағы айқындық және анықтық.

Сөз мәдениеттілігі - сөз өнеріндегі коммуникативтік жетілдіру үшін көрсететін қасиеттері мен белгілері; Сөз мәдениеттілігі - адамның сөз мәнерін тіл табысу максатында дұрыс колдануын камтамасыз ететін білімділігі мен дағдыларының жиынтығы; Сөз мәдениеттілігі - сөз мәнері және оның коммуникативті сапалы жүйесі жөніндегі лингвистикалык білімдер жиыны.

Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны тандай білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.96

Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым- қатынас жасау процесі. Тіл – қоғам өмірінің обьективті құбылысы,ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.