Мір салтының қауіпті факторлары

Тамақтану жетіспеушілігінің аздап болуы иммундық реактивтілігінің терең бұзылыстарын шақырмайды. Бірақ созылмалы ақуыз – калорийлік жетіспеушілікте фагацитоз активтілігінің төмендеуі байқалады, комплемент жүйесі мен пропердин жүйесінің ақуыз синтезі төмендейді, антиденелер синтезі тежеледі, перифериялық қанда Т және В – лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының саны азаяды, жетілмеген жасушалар саны ұлғаяды.

Ақуыздық тапшылық себептеріне нәруыздардың тамақпен ағзаға жеткіліксіз түсуі ғана емес, сонымен қатар гельминтоздар, асқазан – ішек жолдарына ақуыздар сіңуінің бұзылуы және осы мүшелердің созылмалы аурулар салдарынан пайда болатын бауыр ішілік ақуыз синтезінің бұзылыстары жатады. Сонымен қатар ақуыз тапшылығы күрделі қан кетулерде, күйіктерде және үсіктерде пайда болуы мүмкін. Ақуыз тапшылығы, ұзақ уақыт бойы парентералды тамақтануда болған науқастарда да жиі кездеседі.

Иммунды тапшылық микроэлементтер жеткіліксіздігі салдарынан да дамуы мүмкін: темір (темір құрамдас ферменттер активтілігінің төмендеуі, миелопероксидаза және оттегінің активті түрлерінің төмендеуі, Т – лимфоциттер қызметтерінің тежелуі); мырыш (тимус гипофункциясымен қатар CD4–лимфоциттер санымен және олардың митогендерге жауабының азаюы); қорғасын; селен; кальций (арахидон қышқылының митоболизмінің бұзылуы); магний (антидене синтезінің және комплемент жүйесі активтілігінің бұзылыстары); литий (Т– лимфоциттер, әсірісе CD8 жасушаларының, жеткіліксіздігі).

Витаминдер тапшылығы гуморалды және жасушалық адаптивті иммунитеттің бұзылуына әкеледі, өйткені В және Е тобындағы көптеген витаминдер лимфоциттер метаболизмінің коферменттері болып табылады, ал Е және С витаминдері – антиоксиданттар және т.б. Гиповитаминоздар біріншілік адаптивті иммундық жауаптың тежелуімен (IgM синтезі), Т – жүйесінің функционалды көрсеткіштерінің, фагоцитоз және пропердин – комплемент жүйесінің активтілігінің төмендеуімен бірге жүреді.

Гиповитаминозы бар науқастар жұқпалық аурулармен жиі және қатты ауырады, созылмалы түрге айналуы және күрделенуі мүмкін.

Көптеген жағдайларда екіншілік ИТЖ пайда болуына стресс ерекше әсер етеді. ДДҰ (ВОЗ) мәліметтері бойынша адамның стресс пайда болуына келесі жағдайлар әсер етеді: интоксикация, жарақат, жұқпалы үрдіс, ұзақ және/немесе ауыр физикалық және психикалық жүктемелер, қоршаған орта температурасының күрт өзгерулері, аштық және т.б.

 

Г.Сельенің стресс теориясының тарихы 50 жылдан көп уақыт бұрын пайда болды. Адам организміне физиологиялық қалыптан тыс әртүрлі факторлар әсер еткенде гипофиздің алдыңғы бөлігінің активациясы, бүйрек үсті безі стероидты гормондардың секрециясының жоғарлауы, соның салдарынан лимфоидты мүшелердің инволюциясы және лимфопения байқалатындығын дәлелдеген. Г.Селье осы реакцияны ағзаның қорғаныс күштері мобилизациясының стереотипті көрсеткіші деп санаған. Стресстік үрдіс көп уақытқа созылғанда зақымдаушы агентке не адаптация, не кейбір жағдайларда организмнің өлуіне дейін апаратын резистенттіліктің толық жойылуы пайда болу мүмкін. Бірақ, әртүрлі адамдар бірдей стресстік жағдайға әрқалай жауап береді. Бірдей стрессор біріншілерді – экстремалды жағдайға, екіншілерді – реакцияның орташа деңгейіне әкелеуі мүмкін, ал үшіншілерде реакция мүлдем байқалмайды.

 

46-суретте екіншілік ИТЖ алып келетін стресстің негізгі факторлары көрсетілген.

 

АКТГ бөлінуін ынталандыратын гипоталама – гипофизді жүйенің шамадан тыс активтелуі.

 
 


Бүйрек үсті қыртыстың кортикостеройдты гормондарының өндірулуінің жоғарылауы

 

Шеткері лимфоидты ағзаларда катехоламиндер шығарылымың жоғарылайтын симпатикалық жүйке жүйесінің активациясы

 

Иммунокомпетентті жасуша лардың рецепторларына әсер ететін және нейропептидтер өнімін ынталандыратын кортикотропин – релизинг факторының (CRH) бөлінуің жоғарылауы