Тақырып. Экологиялық және жер құқығы негіздері

Семинар жоспары:

1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының жалпы ережелері.

2.Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері.

3. Жер құқық қатынастары.Жерге меншік құқығы. Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар.

Сабақтың мақсаты:Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының жалпы ережелеріне жалпы мағлұмат беру; студенттерге жер құқығының негізгі теориялық ережелерін түсіндіру, нарықтық экономика кұрудағы жер заңнамасының маңызын ашу, Қазақстан Республикасының жер қоры санаттарының құрамы мен кұқықтық режимін оқыту;жер заңнамасынын қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерттеу; студенттерде жер қатынастарының әр түрлі жағдайларына кұқықтық нормаларды дұрыс қолдану тәжірибесін қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:

Экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасына жалпы мағлұмат беріңіз.

Қоршаған ортаны қорғаудың экологтық-құқықтық және экономикалық механизмі қандай?

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

Қандай қоғамдық қатынастар жер құқығы пәні болып табылады ?

Жер құқығының қағидалары.

Жер қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі әдістері қандай ?

Жер құқығы қайнар көздерінің түсінігі.

Жер құқығы жалпы бөлімінің нормалары мен институттары оның ерекше бөлімінің нормалары мен институттарынан немен ерекшеленеді ?

Глоссарий:

Жер – кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемімен, жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы, әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі..

Жер құқығының пәні - обьектісі жер болып табылатын қоғамдық жер қатынастары.

Жер құқығы қатынастары – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учасклерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;

Меншік құқығының обьектілері –мемлекеттік және жеке меншіктегі жер;

Жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін заңда көзделген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығы;

Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы – жер учаскесінің меншік иесі мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе өтеусіз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарт негізінде туындайтын, субьектінің жер учаскесін иелену және пайдалану құқығы.

Табиғат – санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық.

Экология құқығы – құқытың саласы ретінде, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресуртсарды ұтымды пайдаланумен байланысты қоғам мен табиғаттың қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы.

Экология – тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын білім ретінде қолданылады.

Жер кадастры– жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі;

Жерді қорғау – бұл, ең алдымен, оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау;

Жерге орналастыру – жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қ Р жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралар жүйесі болып табылады.

Блиц-тесттер:

1. Жер құқығының пәні болып табылады:

А) қоғамдық қатынастар

B) экономикалық қатынастар

C) жер қатынастары

D) азаматтық қатынастар

E) әкімшілік қатынастар

2. Жердің функцияларына жатпайды:

A) халықаралық-экологиялық

B) экономикалық

C) әлеуметтік

D) эстетикалық

E) саяси.

3. Қай әдіс негізгі болып табылады:

A) диспозитивтік

B) ұсынушылық

C) санкциялаушы

D) құқық беруші, позитивтік

E) экологиялық

4. Императивтік әдістерге жатпайды:

A) құқықтармен міндеттерді орнықтыру

B) тыйымдар

C) әрекеттерге бостандық құқығын беру

D) құқық беруші

E) экологиялық

5. Жер құқығының жүйесі бұл:

A) жер құқығы нормаларының бөлінуі

B) құқық объектілерінің бөлінуі

C) құқықтық реттеу пәнінің түрлері

D) құқықты оның субъектілері бойынша бөлу

E) жер қатынастарының бөлінуі