Аржылық - экономикалық дағдарыс және оның Қазахстанның қаржылық және экономикалық жүйесіне әсері 4 страница

Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты­ ақ­шалай­ қор­ла­рдың­ қоз­ға­лы­сын­да ­кө­рі­нуі ­оның ­ма­ңыз­ды ­ерек­ше­бел­гі­сі болып табылады. Ақшалай қорлар, істің шын мәнінде, қаржылық қатынастардың объек­ті­ле­рі болып табылады. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайыөндірістік сипаты қаржылық қатынастардың өрісін тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны – міндетті сипаты, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты – экономикалық категория ретіндегі қаржының айырықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.

Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақшалай қатынастардың бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі - қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайы өндірістік сипаты қаржылық қатынастардың өрісін тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны - міндетті сипаты, біржактытәртіптегі кұн қозғалысының баламасыздық сипаты - экономикалық категория ретіндегі қаржының айырықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.

Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы: құнмен, ақшамен, бағамен, кредитпен, еңбек ақымен, сақтандырумен. Қоғамдық өнімді бөлу үдерісі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың əрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың əрқайсысы ерекше, тек өзіне тəн рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, баға, еңбекке ақы төлеу, кредит, сақтандыру жəне басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады жəне өзара іс-əрекет жасайды.

Ақша және қаржы.Қоғамдық ұдайы өндіріске қызмет көрсететін ақша жалпы категория ретінде құнның жай-күйін (бағалануын) жəне қозғалысын қауыштырады, ал оның негізінде іс-əрекет ететін қосалқы категориялар – баға, қаржы, кредит, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру оның (құнның) қозғалысын неғұрлым нақтылы бағытта жəне айрықшалықты нысандарда нақтылы түрде көрсетеді, яғни қосалқы жүйелер тауар-ақшалай қатынастардың – ақшаның жұмыс істеуінің жалпыға ортақ нысанын реалдық мазмұнымен толтырады. Сөйтіп, ақша бастапқы категория болып табылады, ал оның функциялары (құн өлшемі, айналыс қаражаты, төлем қаражаты, қорланым қаражаты, əлемдік ақша) негізінде қатынастарды қамтудың түрлі дəрежесімен қалған, бағынышты категориялар (қосалқы категориялар) іс-əрекет етеді.

Баға және қаржы.Баға – жұртқа мəлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды жəне одан ары бөлінетін үдерістің алғашқы негізі болып саналады.

Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлу тек бөлумен, ал қаржылық бөлу бөлумен жəне қайта бөлумен сипатталады.

Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. Əсіре инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті жəне бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына ықпал жасайды.

Қаржы және кредит.Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Əрі қайта бөлгіштік үдерістер кредиттік қатынастардың сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредиттік қатынастарда да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін кредиттік деп аталатын ақшалай қорлар қалыптасып, пайдаланылады. Екі категория да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл категориялардың материалдық сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері өндірістік капитал болып келеді. Қаржы жəне кредит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе отырып, олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларының айналымын ұлғаймалы негізде қамтамасыз етеді.

Қаржы және еңбекке ақы төлеу.Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуы үшін алғышарттар жасайды, өзара іс-қимылда ұдайы өндіріс үдерісін ынталандырады. Жалақы мен қаржының іс-əрекет етуінің айырмашылығы:

1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына – еңбек құнына жəне оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Қаржы және сақтандыру.Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік жəне əлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Қоғамдық-экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі сипатымен байланысты, бұл қатынастардың кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын ойда болмаған сипаты болады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіпқатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы тəрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан сақтану жəне басқа жағынан, бұл құбылыстардан болған шығасыларды өтеу қажеттігін тудырады. Сондықтан өндірістік үдерістерді жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен əл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық немесе аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларында немесе резервтерін де, сондай-ақ ақшалай ресурстарды да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар əдетте резервтік жəне сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсатықоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үдерістерді қоғамдық жəне ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясының қаржылық категориямен ортақ өзгеше белгілері бар:

1. сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

2. сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

3. оның іс-əрекеті ақшалай қорларды жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

4. сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

5. ақшалай қорларды жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермеді (қатынастардың баламасыздығы).

 

Қарыз капиталы: мазмұны, нысаны және бағасы Қарыз капиталы – кәсіпорын капиталын қаржыландырудың қарыз көзі арқылы қалыптасқан бөлігі. Корпорацияның қарыз капиталының құрамына кіретіндер: 1.Қысқа мерзімді кредит пен қарыз; 2.Ұзақ мерзімді кредит пен қарыз; 3.Кредиторлық берешек. Қысқа мерзімді кредит пен қарыз айналым активтің орнын толтыратын көз болып табылады. Алдын ала төлем жүргізушілерге берілетін пайызсыз кредит ретінде қарастырылады және көбінесе шаруашылықта төлемеу себебіне айналады. Батыс корпорациялары тауарды төлеудің осы түрін сирек қолданылады. Қарыз алушы компанияның алынған кредит пен қарыз бойынша қарыз берушіге берешегі бухгалтерлік есепте қысқа мерзімдіге және ұзақ мерзімдіге бөлінеді. Берешек мерзімді және мерзімі өтіп кеткен болады. Алынған қарыз бен кредит бойынша берешеекті өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан аспайтын берешек қысқа мерзімді болып саналады. Алынатын қарыз бен кредит бойынша берешектің өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан асатын берешек ұзақ мерзімді берешекке жатады. Алынған кредит пен қарыз бойынша берешектің өтеу мерзімі әлі келмесе немесе белгіленген тәртіппен ұзартылса берешек мерзімді деп саналады. Алынған кредит пен қарыз бойынша қарызды өтеудің шартты мерзімі өтіп кеткен берешек мерзімі өтіп кеткен деп аталады.Қарыз алушы есептік саясатқа сәйкес ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімдіге ауыстыруға немесе өзінің иелігіндегі қарыз немесе кредит шарты бойынша өтеу мерзімі 12 айдан асатын қарыз қаражатты көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұзақ мерзімді берешек құрамында есептеуге құқылы. Қарыз алушы бірінші нұсқаны таңдаған жағдайға, кредит шартының ережесі бойынша алынған қарыз бен кредит бойынша ұзақ мерзімді берешекті қарыздың негізгі сомасы қайтарылғанға дейін бір жыл қалғанда қысқа мерзімді қарызға ауыстырады. Қарыз алушы төлеу мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді берешекті мерзімі өтіп кеткен берешекке ауыстыруға міндетті. Қарыз алушы осы ауыстыруды шарт ережесі бойынша қарыздың негізгі сомасын қайтаруы тиіс күннен кейінгі келесі күні жүзеге асырады. Акционерлік қоғамға вексель беру, берілген қарыз міндеттемесі деп аталатын корпоративтік тарту құқығы берілген.

Қоғамдық қайта өндірістегі қаржының рөлі. Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қоғамда адамдардың, олардың топтарының (ұжымдарының) қызметі қатынастарда, яғни белгілі бір мүдделердің негізіндегі өзара байланыстарда, тиісті қажеттіліктерді бейнелеп көрсететін осындай мүдделерді қанағаттандыруда қалыптасады.

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақ­ша­лай қатынастар эко­но­ми­ка­лық­ қатынастарға жатады, ал бұл қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі – өн- дірістік қатынастарға кіріктіріледі.

Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлай қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.Қаржыға қатысты функ­цияосы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, са­па­ның­ өзі­не­ тән­ ка­те­го­рияла­ры ­кес­кі­ні­нің­ ай­рық­ша­лық­ты­­ әдіс­те­рін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсеті- леді, оның экономикалық табиғаты ашылады. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы. қаржы екі­ функция орын- дайды: бөлу және бақылау. Бөл­гіш­тік­ функ­ция­ның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемле- кеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлінеді және қайта бөлінеді. бөлгіштік функция арқылы қаржы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қаржының ұдайыөндірістік функциясының қосалқы функцияларының мазмұнын табыстар мен қорларды жасау және пайдалану үдерісінде болып жататын экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ осы үдерістердің қатысушыларының құрамымен түсіндіріледі. Табыстарды жасаудың тікелей көзі материалдық өндіріс сферасында алынатын ұлттық табыс болып табылады. Ұлттық табысты алғашқы бөлу үдерісінде экономиканың бастапқы буындарының – фирмалардың, компаниялардың, үй шаруашылықтарының бастапқы табыстары жасалады. Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін үш бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;

2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;

3) қаржыны әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандыр- масы ретінде пайдалану тұрғысынан.

Қолма-қолсыз ақша айналымы: қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырудың қағидалары Қолма қолсыз ақша айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысыудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді. Қолма қолсыз ақша айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылуы процесін тікелей бейнелейді. Айналымның тауарлық қолма қолсыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма қолсыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді. Тауарға қатыссыз қолма қолсыз айналымда кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, сондай ақ халықтың ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі төлемдерді, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің кредиттеуі, сақтандыру және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс табады. Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік шығындарын азайту үшін қолма қолсыз ақша есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып, жетілдіруіміз қажет. Қолма қолсыз ақша есеп айырысудың артықшылықтары мынада: Ол банк жүйелерінің кредиттік ресурстарын арттыруға, кредит қатынасын дамытуға мүмкіндік береді; Ол айналымға аса қажетті қолма қол ақша сомасының тұтынылуын кемітеді; Ол трансакциялық шығындардың кемуіне мүмкіндік тудырады; Ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және қаражат айналымын шапшаңдатады; Қолма қолсыз ақша есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының тиімділігі мен пайдалылығы жоғарлайды. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма қолсыз ақша айналымды ұйымдастыруда белгілі бір қағидалары сақталуы керек: Төлеушілердің банктерді және қолма қолсыз ақша есеп айырысудың түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі; Төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде беру принципі, яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек; Төлемнің мерзімділік принципінің экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотында аударылуына мүдделі; Барлық есеп айырысуға қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне бақылауды жүзеге асыру принципі. Есеп айырысудың барлық қағидалары бір бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Қор биржасының пайда болуы мен дамуы.Қор биржасы нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді. «Биржа» термиінің пайда болуы жайлы екі түрлі түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латынның «burse» және итальян тіліндегі «borsa» да сол мағынаны береді. Әлемде алғашқы тауар биржалары XVI ғасырда Еуропаның сауда орталықтарында: 1531ж –Антверпен, 1549 – Лион, Тулуза, 1556 – Лондонда пайда болды. Ресейде алғашқы биржа I-Петрдің басшылығымен Санк-Петербургте 1703-1705 жылдарда құрылды. АҚШ-та 1848жылы пайда болды. Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін білдіреді. Бірақ кез келген сауда жүргізетін орын биржа деп аталмайды. Биржа – заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы. Алғашқыда тауар биржасы саудаға нақты тауар түсетін орын ретінде яғни онда тауарлар сатылыатын және сатып алынатын биржа ретінде пайда болды. Алайда экономиканың қарқынды дамуы және сауда көлемінің жедел өсуіне байлансты бүкіл тауарлар қозғалысын биржа арқылы ұйымдастыру мүмкін емес еді. Нәтижесінде 20 ғасырда нақты тауарлар саудасы биржадан тыс айналымға түсті. Дегенмен тауар биржасы біржолата жойылған жоқ. Әрі қарай ол екі түрлі жолмен дами бастады. Биржа дамуының болашағын айтанын болсақ, қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресті пайдалану электрондық биржаны тарихи аренаға шығарады, яғни биржалық сауданың бүкіл процесі компьютерленген. Осы бағытта биржалық және биржадан тыс нарықтардың айырмашылығы жойылып нарықтық активтердің барлық түрін сататын, басқаратын және ұйымдастырылатын бірегей электроондық нарық пайда болады. Сөйтіп, 21 ғасырда пайда болған ежелгі «БИРЖА» атауы жаңа типтегі бірегей электрондық нарық компаниясына өтуі мүмкін.

 

Қосалқы қорларды басқару шығындарының құрылымы. Тексеруді сондай-ақ шикізаттар мен материалдардың артық және қажетсіз қорларын анықтау үшін жүргізеді. Оны қойма есебінің мәліметтері бойынша табыс пен шығынды салыстыру жолымен белгілеуге болады. Егер кейбір материалдар бір немесе бірнеше жыл ішінде шығындалмаса, онда оларды өтімсіздер тобына жатқызып, жалпы құнын есептейді.

Қорларды басқару жұмыстың ең маңызды, әрі жауапты бөлігі[17,266б].. Кәсіпорын қызметінің барлық ақырғы нәтижелері осы қорлардың оңтайлылығына тәуелді болады. Қорларды тиімді басқару капиталдың айналымдылығын жеделдетуге және оның табыстылығын жоғарылатуға, қорларды сақтауға кететін ағымдағы шығындарды азайтуға, ағымдағы шаруашылық айналымынан капиталдың бөлігін – оны басқа активтерге қайта инвестициялай отырып босату болып табылады.

Қорларды басқару өнері – бұл

- Тауарлы-материалдық құндылықтардың қор құрылымын және жалпы көлемін оңтайландыру;

- Оларға қызмет көрсетуі бойынша шығындарды барынша азайту;

- Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын тиімді бақылауды қамтамасыз ету.

Шетелде ағымдағы қорларды оңтайландыру үшін бірнеше үлгілер қолданылады. Оның ішінде ең жоғары таратылымға экономикалық негізделген тапсырыс үлгісі (EOQ моделі) ие болды.

Бұл үлгінің есеп айырысу механизмі кәсіпорындағы қорларды сақтау және сатып алу бойынша жиынтық шығындарды барынша азайтуға негізделген. Бұл шығындар екі топқа бөлінеді:

- тауарларды қабылдау мен тасымалдау шығындарын қосқандағы тауарларды жеткізу шығындарының сомасы;

- кәсіпорын қоймасындағы тауарларды сақтау шығындарының сомасы (қоймалық үй-жайлар мен жабдықтарды ұстау, қызметкерлер еңбекақысы, қорларға салынған капиталға қызмет көрсетуге байланысты қаржылық шығындар және т. б.). Қорларға қызмет көрсетуге байланысты кәсіпорын шығындары шикізаттың орташа қоры мен жеткізілімнің орташа топтамасының осындай мөлшерінде ең төменгі деңгейде болады.

Нарықтық қатынастары дамыған елдерде қорлар қозғалысын бақылау жүйелерінің арасында ABC-талдау, XYZ-талдау және логистика кең қолданысқа ие болған.