Оқу шеберхана талаптары

Барлық оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісуі керек. Нұсқауларды тікелей жұмыс жетекшісі - мұғалім жүргізеді. Жұмыс кезінде қолданылатын құрал-саймандарға мұқият болған жөн. Қашау, балға, шапашот, пышақ және т.б. саймандардың тұтқалары сызатсыз, жарықсыз болуы тиіс. Қашаумен шабу кезінде оны ұстаудың тәртібін сақтап, шама келгенше бұтақсыз ағашты таңдап, қашауларға арнаулы ағаш балғасын қолданған дұрыс, ал темір балға қашаулардың саптарын көп кешікпей істен шығарады. Қашауды ара жігіне қарай қолданса, жұмыс өнімділігі артады. Қашаудың, балғаның, т.б. құралдардың саптарының ұзындықтары белгіленген өлшемдерге сәйкес болуы тиіс. Құрал-саймандарды ылғалдан, судан алшақ ұстаған дұрыс, су тиген жағдайда жүзі бар құралдарды тот басады. Сондай-ақ кесілетін ағашта шеге болмауы керек. Араның жүзі үнемі қайраулы, өткір, жұмысқа дайын тұрғаны абзал. Сүргіні қолданып болғаннан кейін жүзімен темірге қоюға болмайды. Оны арнаулы жерге іліп қойған дұрыс. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықты бекітілуі тиіс, кесу кезінде қолды араға жақын ұстауга болмайды, араның жүзі белгіден тайып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ағашты көкірекке, кеудеге тіреуге мүлде тыйым салынады.

Бұйымның ішін қашап, ойық жасауға арналған дөңгелек жүзді станоктарда жұмыс істеу кауіпті болады. Сондықтан оқушыларға ондай станоктармен жұмыс істеугс мүлдем тыйым салынады. Кесу, арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын мұғалімнің өзі жасап беруге міндетті.

СТД-120М ағаш жону станогында жұмыс істеген кезде оған жонылатын шикізатты біліктілікпсн таңдап алу керек. Жұмысты бастар алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарға сай екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана станок іске қосылуы тиіс. Бұйымды жону кезінде станок тіреуіші мен айналып тұрған ағаш бұйымының ара қашықтығы 3—5 мм болуы керек. Егер ара қашықтығы одан көп болып кетсе, бұйымды нақтылы өлшеммен өндеуге қиын болады. Әсіресе, сыртқы және ішкі бөліктерін тегістеу өте қиынға соғады. Сондықтан айналып тұрған ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығын үнемі бақылап, қадағалау қажет.

Адам баласына жалпы жұмыс орнындағы ауаның тазалығы үлкен әсерін тигізеді. Шеберхананың орналасуы, ондағы ауаның температурасы, ылғалдылығы және табиғи ауа қозғалысы, т.б. ескерілуі тиіс.

Ауа құрмындағы газдардың сэлде болса өзгеруі, әсіресе реттегі сапасының төмендеуі және көмір қышқылдың үлғаюы адамның жұмыс істсу қабілетін едэуір бэсендетеді. Егер шеберханадағы ауаның темпсратурасы 23-25°С-тан жоғары болып кетсе, ол зиянды. Сондықтан оқу шеберханасындағы температура 18—22°С мөлшерінде болуға тиіс.

Адамның денсаулығына ауаның ылғалдылы да әсер етеді. Сондықтан оқу шеберханасында санитарлық мөлшердегі ылғалдылық 40-60 % болуға тиіс, ал жазды күндері 75 %-ға дейін үлғаюы мүмкін. Орта есеппен ауа алмасуы оқу шеберханасында және жалпы өндірістік шеберханаларда қысқы мезгілдерде 0,2—0,5 м/с, ал жаз кездерінде 0,5—1,5 м/с айналымда болуға тиіс. Ауа айналымының қозғалысы 0,15 м/с-ден асқанда адам оны сезе бастайды. Есікті, ал жылы күндері тсрезні мүмкіндігінше ашып қойған дұрыс. Денсаулыққа зиянды ауадағы қосындылар адам ағзасына дем алу арқылы енеді. Ал шеберханадағы ауаның зиянды қосындылары дөнекерлеу кезінде, бұйымды лактағанда, тазалағанда, ағаш желімін қайнату кезінде, пьпдақты немесе басқа да құралдарды қайрағанда пайда болады. Сол сияқты СТД-120М агаш станогында бұйымды жону және ағашты кесу кезінде шаңның көтерілуі де ауаның ластануына әсер етеді.

Желдеткіш шеберханаларда, арнаулы жұмыс орындарында ауаға қозғалыс енгізіп, үнемі тазартып отырады. Ол екі тәсілде қозғалысқа келеді: біріншісі — табиғи, ал екіншісі — механикаландырылған түрде. Табиғи ауа тербелісі есік, терезелерді ашып тастау арқылы жасалса, механикаландырылған түрі ауаны сору немесе арнаулы төбедегі желдеткіштің айналуы арқылы жүргізіледі. Арнаулы желдеткішті әр түрлі жылдамдықта айналдыруға болады. Егер желдеткіш шеберхананың барлық бөлмелерінің ауасын тазартатын болса, оны жалпылама желдеткіш деп айтамыз. Ал егер арнаулы бір орынға (шаңдалатын орындарға) арналса, оны жергілікті желдеткіш деп атаймыз.

Шеберханадағы жарық.Шеберханадағы жарықтың маңызы еңбекті қорғаудың негізгі талаптарының бірі болып табылады. Егер шеберханадағы жарық нашар болса:

- жұмыстың сапасы төмендейді;

- көз және бас ауруы пайда болады;

бұйымға жақын қарауға байланысты көздің жарақаттану қаупі көбейеді.

Шеберханада жалпылама және оған қосымша жергілікті жарық болуы тиіс. Жалпыламаға табиғи жарық дегеніміз — терезе арқылы түсетін және электр қуатымен шеберхананы қамтитын жарық. Ал жергілікгі жарықтарға арнаулы станоктарға орнатылған шамдарды, жұмыс орнындағы үстелдің жанына жақын орналастырылған және жеке өшіріліп-жағатын қосқыштары бар шамдарды жатқызамыз.

Табиғи жарықтың биологиялық және гигиеналық құндылығы өте жоғары. Табиғи жарықты дұрыс пайдалану үшін шеберханаға сәуленің терезе арқылы тусуін, әйнектің сапасын, терезе, есік, қабырға сырының тусін, жұмыс үстелінің, жабдықтардың қолайлы орналасуын ойластыру керек. Сондай-ақ оған терезенің үлкен-кішілігі де әсер етеді.

Шеберханаға жарық мол түсуі үшін терезе әйнектерін жетісіне бір рет, ал сыртқы әйнек бөлігін айына 2 рет мұқият сүртіп отыру керек. Күннің сәулесі қабырға арқылы шағылыс беру үшін терезе алдында ешқандай кедергі болмауы тиіс. Мысалы, перде, құрал-саймандар, т.б.

Жасанды жарық табиғи жарықтың жетіспеушілігіне байланысты қолданылады.

Жалпы жұмыс орнындағы электр жарығы бөлме көлеміне есептелініп орнатылуы тиіс. Мұндағы негізгі міндет — көзге шағылыс түсірмеу, көз жанарына зиян келтірмеу.

Қорғанысы бар шам артық шағылыстан қорғай отырып, жарықты барлық аймақтарға біркелкі жіберу міндетін атқарады. Ол шеберханаға өте қолайлы, әрі қауіпсіз. Ағаш кесу, бұйым жону, құрал-саймандарды қайрау, егеу, т.б. жұмыстар кезінде жағымсыз дыбыстар — тарсыл, шуыл шығады. Шулы дыбыс адамның ойлау қабілетіне өсер ететіндіктен, жұмыстың сапасы кемиді.

Тербеліс.Физикалық зандылық түрғысынан қарағанда шу мен тербелістің аса айырмашылығы жоқ, бірақ олар адам ағзасына екі түрлі есер етеді, мысалы, тербелісті адам денесімен ссзінсе, ал шуды құлақ аркылы сезінеді. 150 Гц және одан жоғары шуға құлақ шыдай алмайды. Жасөспірім оқушьлар үшін шудың шамасы 65-70 Гц-тен аспауы керек.

Тербеліс станоктың немесе механикаландырылған құралдың дұрыс орнықпауынан, еден үстіне орната салу сияқты себептерден пайда болады. Тербелістер жалпылама және жергілікті болып екі түрге бөлінеді.

Жалпылама тербеліс адамның барлық жүйесіне эсер етеді Ал жергілікті тербеліс белгілі бір жерді ғана қамтиды, мысалы, тек қолды. Сондықтан шулы, жағымсыз дыбыс шығаратын құрал-саймандар негізгі жұмыс орнынан бөлек орналастырылуы шарт.

Электр қауіпсіздігі.Әрбір шеберханада станоктардың ток өткізгіш кабельдері жіңішке темір құбырдың, ішімен жүргізілуге тиіс. Әсіресе, кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса мұқият болған жөн. Өйткені кабельдің үстіне ауыр зат түсіп кетсе, оны бұлдіруі мүмкін. Еден үстімен өтетін кабелдің ұзындығы өте қысқа болуы тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеуі керек. Яғни оқушылар жүрмейтін жерді, еден жағалауын, т.б. қамтуы тиіс. Ал егер ол есік табалдырығы арқылы өтсе, онда құбыр беті қорғаныш ағашпен жабылуы керек. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ ток күшін айырып-қосуға арналған ажыратқыш болады. Ол ажыратқыш негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы керек. Мысалы, мүғалімнің құрал-саймандар сақтайтын бөлмесінде немесе қауіпсіз, оқушылар келмейтін орында болуға тиіс. Ажыратқышты іске қосу жұмысы тек мұғалімге ғана жүктеледі, оны қосуға ешбір оқушының, тіпті мектеп қызметкерлерінің қүқығы жоқ. Әрбір электр станогындағы ток жермен жалғастырылуға тиіс, егер бұл талап орындалмаса, оқушылардың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынуы керек.

СТД-120М және басқа да станоктармен жұмыс істеген кезде ток сымында шағылыс үлшындары немесе күйік иісі байқалса, станоктың айналу жылдамдығы бәсендесе, дереу мұғалімге хабар берген жөн. Ондай жағдайларда станокты өшіру қажет.

Механикаландырылған құралдармен жұмыс істер алдында мүғалім міндетті түрде тексеріп, оны іске қосып беруге тиісті.

Өрт қауіпсіздігін сақтау.Шеберханаларда өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері қатаң талап етіледі. Өрттің шығу ссбептері:

- ток күшіндегі жалғамдардың осал болуы;

- станоктардағы бақылау қосқыштарының әлсіздігі;

- қайрақ станогында ағаш ұнтақтарының шоғырлануы;

- ашық және арнаулы жабық татталардың талаптарға сай қолданылмауы;

- муфельді пешпен жұмыс істеу кезіндс қауіпсіздік ережелерінің орындалмауы және онда өнделген темір бұйымдарды қоятын арнаулы орындардың болмауы;

- үтікпен, ағаш майыстыру пешімен жұмыс істеу кезінде талаптардың
орындалмауы;

- оқушылардың білім дәрежесінің төмендігі, т.б.

Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы құралдар міндетті түрде болуға тиіс. Олар талаптарға сай түгел әрі іске қосуға әрдайым дайын болуы керек. Өрт сөндіруге арналған су жүйесі әрдайым іске қосылып, дайын тұруы шарт. Бұл ретте барлық жауапкершілік оқу шеберханасының мұғаліміне жүктеледі.

Шеберханада жанғыш заттарды, мысалы, ацетон, арнаулы бояу езгіш, бояу, жанармайдың түрлері, т.б. сақтауға мүлдем тыйым салынады.

Оқу шеберханасъшда өрт қауыпсіздігінің құралдары міндетті түрде болуға іиіс. Оған өрт сөндіргіш ОВП-5 баллоны, ішкі су краны, күрек, ілгек темір, сүймен, құм, шелек кіреді. Өрт сөндіруге арналған құралдар әрдайым қолдануға дайын тұруы керек. Өрт сөндіргіш баллондар көбікті, газды және ұнтақты болып әр топқа бөлінеді. Қазіргі кезде химиялық көбіктердің көптеген түрлері қолданылады, олар: ОХП-10, ОП-М, 0П-9ММ, т.б.

Баллонды іске қосу үшін алдымен оның көбік шығатын түтігін тазалап аламыз. Содан ксйін баллонның жоғары жағындағы тұтқаны кері қарай, 180°-қа тоқтағанша бұраймыз. Оң қолмеи жанындағы тұтқадан, ал сол қолмен түбінен ұстап, баллонды тез арада төмен қаратып төңкереміз. Оны іске қосу кезінде еденге немесе қатты затқа ұрудың қажеті жоқ. Төңкерілген баллон өз бетімен іске қосылады. Қысым арқылы арнаулы түтікшесінен шыққан көбік 60—65 секунд ішінде 6-8 м жерге шашырайды. Яғни қолдану кезінде оның шашырайтын қашықтығын және уақытын міндетті түрде білу шарт. Бұл баллонды өрт шыққан қатты және сұйық заттарға да (бензин, керосин, ацетон, т.б.) қолданады. Бір баллонның көмегімен 0,75—10 м2 ауданға тараған өртті сөндіруге болады. Алайда баллонмен ток арқылы пайда болған өртті сөндіруге болмайды. Өйткені көбік өз бойынан ток өткізеді. Мұндай жағдайда токты өшіріп барып пайдалану керек.

Электр қауіпсіздігі.Әрбір шеберханада станоктардың ток өткізгіш кабельдері жіңішке темір құбырдың, ішімен жүргізілуге тиіс. Әсіресе, кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса мүқият болған жөн. Өйткені кабельдің үстіне ауыр зат түсіп кетсе, оны бұлдіруі мүмкін. Еден үстімен өтетін кабелдің ұзындығы өте қысқа болуы тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеуі керек. Яғни оқушылар жүрмейтін жерді, еден жағалауын, т.б. қамтуы тиіс. Ал егер ол есік табалдырығы арқылы өтсе, онда қүбыр беті қорғаныш ағашпен жабылуы керек. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ ток күшін айырып-қосуға арналған ажыратқыш болады. Ол ажыратқыш негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы керек. Мысалы, мұғалімнің құрал-саймандар сақтайтын бөлмесінде немесе қауіпсіз, оқушылар келмейтін орында болуға тиіс. Ажыратқышты іске қосу жұмысы тек мүғалімге ғана жүктеледі, оны қосуға ешбір оқушының, тіпті мектеп қызметкерлерінің қүқығы жоқ. Әрбір электр станогындағы ток жермен жалғастырылуға тиіс, егер бұл талап орындалмаса, оқушылардың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынуы керек.

Араның жүзі үнемі қайраулы, өткір, жұмысқа дайын түрғаны абзал. Сүргіні қолданып болғаннан кейін жүзімен темірге қоюға болмайды. Оны арнаулы жерге іліп қойған дұрыс. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықты бекітілуі тиіс, кесу кезінде қолды араға жақын үстауга болмайды, араның жүзі белгіден тайып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ағашты көкірекке, кеудеге тіреуге мүлде тыйым салынады.

Бұйымның ішін қашап, ойық жасауға арналған дөңгелек жүзді станоктарда жұмыс істеу кауіпті болады. Сондықтан оқушыларға ондай станоктармен жұмыс істеугс мүлдем тыйым салынады. Кесу, арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын мүғалімнің өзі жасап беруге міндетті.

СТД-120М ағаш жону станогында жұмыс істеген кезде оған жонылатын шикізатты біліктілікпсн таңдап алу керек. Жұмысты бастар алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарга сай екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана станок іске қосылуы тиіс. Бұйымды жону кезінде станок тіреуіші мен айналып тұрған ағаш бұйымының ара қашықтығы 3—5 мм болуы керек.