Технология пәнін оқытуда оқу - материалдық базаның рөлі

Еңбекке баулу бағдарламасының мазмұны көркем еңбекке дайындаудың технологиялық, тәрбиелік, кәсіптік бағдар беру бағыттылығы, оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру, еңбекке шығармашылық қатынасты қалыптастыру қағидаларына сәйкес түзіледі. Оқушылардыт көркем еңбекке баулу барысы тек оқу бағдарламаларының дұрыс түзілуіне ғана қатысты нәтижелі болмайды. Оқу бағдарламасы арқылы мектеп оқушыларын көркем өнерге баулуда технологиялық принциптің нәтижелі жүзеге асырылуы, тек сәйкес ұйымдастыру – педагогикалық және материалдық – кадрлық жағдайдың бар болуы кезінде ғана мүмкін болуы ықтимал. Аталған принциптердің ішінде политехникалық принципті жүзеге асыру оқу жабдықтарын пайдалануға және түзуге белгілі талаптар қояды. Бұл талаптар оқу жабдықтарының рөлін:

а) технологиялық білімдерді игеру құралы;

б) кәсіби білімдер мен ептіліктердің қайнар көзі;

в) ғылыми танымның қазіргі құралымен таныстыру факторы ретінде ашуды қамтиды. Сондай – ақ мектеп шеберханаларының жабдықтары кәсіби білім алудың негізгі көзі ретінде де қарастырылады.

Көркем өнерге оқушыларды баулудағы мектеп практикасын талдауда мектептің оқу – материалдық базасы, еңбекке баулу сабақтарын жүргізетін мұғалімдердің мамандықтары және мұғалімдерге қажетті әдістемелік құралдардағы еңбекке баулу тәжірибелері туралы мақалаларды зерделеудің орны ерекше. Қазақстан Республикасы мектептері оқушыларын еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасындағы (1993 ж.) мазмұндауда Республика мектептерінде 1992 – 1993 жылдары еңбекке баулудағы 48 % - інде ғана арнайы оқу шеберханалары сақталса, ал 42 % - інде біріктірілген шеберханалар ғана қалғаны туралы мәліметтер білім беру жүйесіндегі оқу – материалдық базаның төмендегенін білдірері даусыз. Жалпы білім беретін оқу шеберханаларының оқу – материалдық базасы педагогикалық, техникалық эстетикаға, қауіпсіз еңбек етуге, санитарлық және гигиеналық талаптарға, экономикалық, эргономикалык, техникалық тұрғыдан қарастыратын талаптарға жауап беретін болуы қажет.

Оқу шеберханаларындағы оқыту процесінде оқу – көрнекі құралдарға, оқу жабдықтарына ерекше зейін аударылады, олар оқыту құралдарын құрайды. Оқыту құралдары оқушының оқу – танымдық және мұғалімнің мақсатты түрде затты әзірлеу іс - әрекетін басқаруға, оқушыларды іс - әрекетке ынталандыруға мүмкіндік беретіні белгілі. Сонымен бірге, оқыту құралдары әр түрлі, яғни мотивациялау, оқыту, бақылау, кәсіптік бағдарлау сынды психологиялық – педагогикалық функцияларды да орындайтыны айқын. Оқыту құралдары көбіне көрнекілік әдісі арқылы қолданыс табады.

Оқытудың көрнекілік әдісін қолдану дидактиканың көрнекілік принципімен үйлестірілген және оны Я.А.Коменский "Ұлы дидактика" еңбегінде негіздеген болатын. Оқытудың көрнекілік әдісін И.Г.Песталоции, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, т.б. жоғары бағалаған. Сезімдік және теориялық танымның арасындағы өзара байланыстарда әрқашанда берілген жүйеліліктің болмайтыны анықталған.

Сезім мүшелері арқылы таным процесінің жақсы жүретінін біле отырып, М.Жұмабаев сыртқы сезімдерді алтыға бөледі: "... көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі." – деп. Соның ішінде көру сыртқы сезімін былайша сипаттап жазып қалдырды: "Көру құралы – көз. Көз ұясы деп аталған шұңқырдың арт жағына мидан көру нирулары келіп бұтақтанады. Сыртқы дүниядағы бір зат, яки бір көрініс көру нируаларына әсер береді. Нирулалар бұл әсерді миға алып барып, мида оятады. Мидан әсерді жан қабыл қылып алып, жанда көру әсерленуі болады. Таза көру әсерленуі екеу: жарық әсерленулері және тұс әсерленулері. Бұлардан басқа тағы екі әсерлену бар: заттың қозғалысы һәм түрінен әсерлену. Екінші түрлі айтқанда, зорлық (кеңістікті, көлемді, аумақтылықты қабылдау) һәм қашықтық әсерленулері". М.Жұмабаевтың көру мүшелеріне көрнекіліктердің ықпал ететіні жөніндегі айтқан ойлары, жоғарыда айтылған педагогтардың ойларымен мазмұны жағынан үндес келеді.

Педагогикада оқытудың көрнекілік әдісі дидактиканың көрнекілік қағидасын басшылыққа алады. Көрнекілік принципі мұғалімнің әртүрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио – визуальдық (есту – көру) техникалық құралдарын – кітаптар, карталар, кестелер және баска да әртүрлі өрнектеліп баспадан шыққан оқу құралдарын пайдалануда көрініс табады. Әрбір нақтылы жағдайда оқытудың мазмұнына, мақсатына сәйкес әдістерді таңдауға, оқушылардың психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту құралдары жоғарыда аталған бірнеше функцияға ие болады. Мысалы, ағаш сүргі, сүргінің құрылысын, жұмыс істеу принципін зерделеу кезінде, оқыту функциясына, ал оқушылардан берілген тақырыпты сұрау кезінде – бақылау функциясына ие болады. Оқыту құралдарының оқыту функциясы иллюстрация, затты немесе кұбылысты зерделеу құралы, сондай – ақ еңбек құралы түрінде де көрінуі мүмкін.

Технология пән сабақтарында оқыту құралдарын дұрыс таңдау үшін оларды қолданудағы әр түрлі сипаттамаларды және ерекшеліктерді білу керек. Бірақ оқыту құралдары тек берілген бір функцияны орындаушы ғана болып қалмайды, сондай – ақ бірнеше функцияны атқарады. Олар оқу – тәрбие үдерісінде белгілі материалдық формада болады. С.Г.Шаповаленко оқу жабдықтарын жіктей келе, олардың мынадай негізгі формаларын атап көрсетеді:

1. Нақты объектілер: материалдық технологиялық мәдениет заттарын және оның жекелеген элементтерін, әртүрлі материалдардың үлгілерін және т.б. нақты тікелей зерделеу үшін; құралдарды, приборларды, бейімдеу құралдарын және т.б. зерделеу құралы немесе еңбек құралы ретінде пайдалану үшін.

2. Нақты объектілерді бейнелеу және көрсету: визуальды; көлемді (модельдер, макеттер, муляждар және т.б.); жазықтықты (сызбалар, схемалар, фотосуреттер, кесте, диапозитивтер, диафильмдер, дыбыссыз кинофильмдер, кинофрагменттер және кино – сақиналар және т.б.); дыбыс жазбалары; аудиовизуальды (сөйлетілген диапозитивтер, кинофильмдер, кинофрагменттер және кино – сақиналар).

3. Затты және құбылысты сипаттау (оқу құралдары, басшылыққа алатын құжаттар, анықтамалықтар, нұсқау карталар, ғылыми және ғылыми – көпшілік әдебиеттер және т.б.).

4. Техникалық оқыту құралдары: информациялық (киноаппараттар, диа және графопроекторлар, күй табақ ойнататындар, магнитофондар, видеомагнитофондар, теледидарлар және т.б.); бақылаушы (перфокарталар, автоматтандырылған сыныптар және т.б.); тренажерлар; әмбебап оқыту машинасы (кері байланысымен және икемді бағдарламасы бар).

5. Материалдық және техникалық құралдар: материалдар (өнімді еңбек үшін); құралдар (сызба, өлшеу, технологиялық, тексеру және т.б.); техникалық құрылғылар (станоктар, машиналар, бейімдеу құралдары); жабдықтарға күтім көрсету заттары. Келтірілген жіктеуде оқушылардың заттар мен құбылыстарды бақылауы барысында қабылдау немесе осы заттар мен құбылыстарды олардың бейнеленуін қабылдау, практикалық ықпал ету, сондай – ақ оларды табиғи, жасанды тілдер көмегімен сипаттау ескерілген. Сабақта оқыту құралдары көрнекі құралдарды түзеді және оқыту сипатындағы оқу демонстрациясының түрі болып табылып, жоғарыда айтқандай оқушылардың нақты заттар мен құбылыстар жөніндегі сезімдік түсінікгерін тудыратын көру, есту, сипау, сезу, иіс сезім органдарын жұмысқа қосады. Көркем өнерге және кәсіпке баулуда әртүрлі нақты объектілер пайдаланылады:бұйым бөліктерін тігу үшін тігін машиналары, кілем тоқу үшін қондырғы, әртүрлі бұйымдарды орындауға қажетті материалдардың үлгілері, т.б. Бұлардың барлығы да мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіру кезінде иллюстрациялау функциясын орындайды. Оларды сондай – ақ оқушылардың объектілерді және олардың қасиеттерін т.б. зерделеу кезіндепайдаланылады.

Басқа нақты объектілердің көмегімен зерделеу жүргізілетін болса, онда зерделеу құралының функциясын орындайды. Құралдар, бейімдеу құралдары еңбекке және кәсіпке баулуда екі функцияны орындайды: технологиялық операцияларды орындауда олар еңбек құралдары, ал олардың құрылысын, жұмыс істеу принциптерін зерделеуде – нақты объектілер болып табылады. Олардың барлығы оқушылардың физиологиялық және антропометриялық мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс және қауіпсіз еңбек етуге негіз қалауы керек. Әртүрлі технологиялық жабдықтардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін зерделеу оқушыларды техника мен технологияның ғылыми негіздері жөніндегі түсініктерін қалыптастыруға бағытталуы қажет.

Ұзақ жылдар бойына білім беру жүйесінде эпидиаскоп пайдаланылды. Оларды пайдаланудың тиімділігі төмендегідей болып келді:

1.Эпидиаскопды тиімді пайдалану сабақ сапасын арттыруға мол мүмкіндіктер жасайды. Егер сурет пенсызбаларды, силуэттерді, кестелерді т.б. бормен тақтаға сызатын болсақ, онда 45 минуттың 6 – 7 минуты босқа кетеді. Сабақ үстіндегі кідіріс, оқушылардың белсенділігін нашарлатады, олардың назарын басқа жаққа аударады. Сызбаларды экранда (тақтада) тез және оңай ауысуы (эпидиаскоп арқылы) оқушылардың бағдарламалық материалдарды толық әрі сенімді, берік қабылдауын қамтамасыз етеді.

2.Алдын – ала пластинкаға түсіріліп даярланған сұрақтар, сызба кескіндер мұғалімнің сабақ үстінде тақтаға бормен сызғанынан сапалы болады.

3. Экрандық кескіндердің жаңа материалдарды қабылдатудағы әсері ерекше болады. Қазіргі танда бұл оқытудың техникалық құралы уақыты өткендердің қатарына қосылады. Олардың орнына дербес компьютерлермен проекциялау жабдықтары білім беру жүйесіне кеңінен ене бастады. Соңғы уақытта оқытудағы дидактикалық материалдар, оқытудың техникалық құралдары ретінде пайдаланлатын интерактивтік электрондық тақталардың модельдері (ACTIVboard 50, ACTIVboard 64, ACTlVboard 78, т.б.) жөнінде айтылып, оқу – тәрбие процесіне кеңінен ену жүзеге асырылып та жатыр. Бірақ бір мезгілде, әрі жақын уақытта барлық мектепті интерактивті тақталармен қамтамасыз ету мүмкін еместігі белгілі. Оқу – материалдық базаның ОТҚ және оргтехника кұралдары және олармен базаны жабдықтау екі мәселенің түйіндесуінде жатыр. Біріншіден оқытудың техникалық құралдары педагогикалық жүйенің құраушы элементі болып табылады. Оны жетілдіру оқытуды жетілдірудің экстенцивті жолы арқылы жүзеге асырылады (педагогикалық). Екіншіден ОТҚ үлкен, қомақты қаржыны талап етеді (экономикалық). Осы себепті де оқу – материалдық базаның дұрыс жабдықталуы (оның ішінде, оқытудың техникалық құралдарымен) үшін республика көлемінде дидактикалық материалдарды, модельдерді, ОТҚ, т.с.с. әзірлейтін технология пәнін оқытудағы сабақтардың сипаттамасы.

Жалпы білім беретін оқу шеберханаларының оқу – материалдық базасы педагогикалық, техникалық эстетикаға, қауіпсіз еңбек етуге, санитарлық және гигиеналық талаптарға, экономикалық, эргономикалык, техникалық тұрғыдан қарастыратын талаптарға жауап беретін болуы қажет. Оқу шеберханаларындағы оқыту процесінде оқу – көрнекі құралдарға, оқу жабдықтарына ерекше зейін аударылады, олар оқыту құралдарын құрайды. Оқыту құралдары оқушының оқу – танымдық және мұғалімнің мақсатты түрде затты әзірлеу іс - әрекетін басқаруға, оқушыларды іс - әрекетке ынталандыруға мүмкіндік беретіні белгілі. Сонымен бірге, оқыту құралдары әр түрлі, яғни мотивациялау, оқыту, бақылау, кәсіптік бағдарлау сынды психологиялық – педагогикалық функцияларды да орындайтыны айқын. Оқыту құралдары көбіне көрнекілік әдісі арқылы қолданыс табады.

Жалпы білім беретін оқу шеберханаларының оқу – материалдық базасы педагогикалық, техникалық эстетикаға, қауіпсіз еңбек етуге, санитарлық және гигиеналық талаптарға, экономикалық, эргономикалык, техникалық тұрғыдан қарастыратын талаптарға жауап беретін болуы қажет. Оқу шеберханаларындағы оқыту процесінде оқу – көрнекі құралдарға, оқу жабдықтарына ерекше зейін аударылады, олар оқыту құралдарын құрайды. Оқыту құралдары оқушының оқу – танымдық және мұғалімнің мақсатты түрде затты әзірлеу іс - әрекетін басқаруға, оқушыларды іс - әрекетке ынталандыруға мүмкіндік беретіні белгілі. Сонымен бірге, оқыту құралдары әр түрлі, яғни мотивациялау, оқыту, бақылау, кәсіптік бағдарлау сынды психологиялық – педагогикалық функцияларды да орындайтыны айқын. Оқыту құралдары көбіне көрнекілік әдісі арқылы қолданыс табады.