Оқу шеберхананы станокпен қамтамасыз ету

Аралас станок стол үстінде сүргілеу және дискалы ара -1 дана, стол үстінде қойылатын ағаш ендеу токарь станогы 2-дана, ЭТ-62 (электроқайрақ) типтегі электр қайрақ 1-дана, НС-12 типтегі бұрғылау станогы - 1- дана. Шеберханаларға жабдықтарды тандап алуда, әр түрлі типтегі станоктарға койылатын талаптарды ескеру керек.

Бұргылау станогы. Көпшілігінде ағаш және метадды бұрғылауда, мектепте бұрғылау диаметрі 12 мм дейінгі бұрғылау станогы тиімді. Бұрғылау станоктарының жалпы мәліметі төмендегідей. Ең үлкен диаметр 12 мм, доңгелек стол 200x250 столдың қолмен көтерілуі 100-150 мм. Шпиндельдің шығуы 100-150 мм электроқозғалткыштың қуаты 0,25-0,3 квт.

Қайрау станогы. Ағаш және металл өңдейтін құрал-саймандарды

қолмен кайрау үлкен қиындық тудырады. Оқу шеберханалары үшін қайрау станогының шығарылған қозғалтқыш өсінің екі шетіне дөңгелек қайрақтар бекітіледі.

Ағаш өңдеу токарь станогы.Стол үстіне қойылатын СТД-120 ағаш өндеу станогі және оның толықтырылған бұрғылау жабдығы түрі СТД-120М мектеп кабырғасында кеңінен қолданылады (3-сурет).

Центр аралығының ең үлкен кашықтығы 500 мм, центр биіктігі 120 мм, сондай-ақ алдыңғы топайы электроқозғалтқыш қызметін атқаратын және өңделетін дайындама бекітілетін тетікпен жабдықталған токарь станоктары да қолданады.

 

3-сурет. СТД-120 м ағаш токарь станогы

Дискалы ара.Оқу шеберханалары үшін аралас дискалы ара станогы орнатылады. Пышақ ұзындығы және дисканың диаметрі 120 мм. Дискалы арада қосымша жабдықсыз-ақ ағаш аралаумен қатар шпунт, фальцы, т.б. кеседі.

Мектепте И-2УА типтегі электросүргілер, И-93 маркілі электролобзик, И-78 марклі дискалы ара т.б. кең көлемде қолданылады. Аталған құрал-саймандарды мектептерде пайдалану өте тиімді бірақ олармен жұмыс істеу мұғалімге ғана рұксат етіледі.

Шеберханада жабдықтарды орналастыруда көптеген талаптарды ескеру керек. Механикалық жабдықтарды мұғалімнің жұмыс орнына мүмкіндігінше жақын орналастырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың станоктарды және станоктардағы жұмыстарды қадағалауына жеңіл болады.

Дискалы арамен сүргілеу станоктарын косымша бөлмеге орналастыру керек. Верстактарды және станоктарды орналастыруда, жарықтың оқушылардың жұмыс орнына түсуіне өзара орналасу қашықтықтарына қойылатын талаптарды орындау керек. Шеберханаларда оқушылардьщ дайындап аяқталмаған жұмыстарын сақтайтын орын болуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда көптеген қиындыктар туындауы мүмкін.

Оқу шеберханасында бұйым дайындау

СЫЛДЫРМАҚ ЖАСАУ

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сылдырмақ жасауды үйрету.

Сабақтың типі: аралас.

Сабақтың әдісі: баяндай отырып, сарамандық жүмыспен айналысу.

Сабаққа қажетті құрал-саймандар: айыр (аша) ағаш, тетір пышақ, қаңылтыр, қайшы, сызбар (циркуль), бүрғы, қадаубас, балауыз, ағаш бояулары.

Сабақ барысы.

1. Үйымдастыру.

2. Жаңа жасалатын материалдарды түсіндіру.

3. Сылдырмак сүйегі жасалатын айыр ағашты әзірлеу, өндеу.

4. Сылдырмақтарды қаңылтырдан әзірлеу.

5. Даярланған бөлшектерді күрастыру. бояу, әрлеу.

6. Үйге тапсырма беру.

1-сабақ.Сылдырмақ сүйегін (корпус) әзірлеу. Сылдырмактың сүйегін жасау үшін жалпы ұзындығы 23-24 см, диаметрі 2.5-3 см болатын айырағаш қиып аламыз. (1-сурет). Әзірленген ағаш кебу болған жөн. Тетір пышақтың көмегімен жүмырлап, қабығы мен артык бүтақтарынан тазартып, айырыла біткен екі бүтағының ішкі жағынан тегістеп. жонып шығарамыз (2 сурет).

2-сабақ. Қаңылтырдан сылдырмақтарды даярлау. Сыллырмактарлы дайындау үшін қалыңдығы 0.5-1 мм болатын қаңылтырдан диаметрі 3-3,5 см болатындай 10 шеңбер қиып аламыз. Ол үшін қаңылтырдың бетіне сызбамен шеңбер сызамыз. Сызбардың инесі металдың үстінде тайғанамас үшін алдын-ала шеңбердің центріне қадаубаспен үя салғанымыз жөн. Бүл кейін шеңбердің ортасын бүрғымен тескенге де оңай болады. Арнайы қадаубас болмаған жағдайда дюбель шегесін қолдануға да болады. Белгілеген шеңберді қиып алмас бүрын. олардың центрінен сым өткізетін тесік тесіп алғаи жөн. Содан кейін металл қиюға арналған қайшымен шеңбердің ізін қуалай қиып аламыз. Қиылған шеңбердің қырын егеумен егеп, тегістеп алғанымыз жөн.

Щеңберлер әзір болған соң, айыр ағаштың ара қашықтығынан артықтау етіп екі сым әзірлейміз (3 сурет).

3-сабақ.Даярланған бөлшектерді қүрастыру.

Даярланған бөлшектерді күрастыру үшін айыр ағаштың бір жағына екі сымды ара қашықтығы 5-5,5 см болатындай етіп шалып, бекітеміз. Сымның екінші бос үшынан қаңылтыр қиылған сылдырмақтарды бес-бестен бөліп өткізіп аламыз. Келесі кезекте екі айырды біріне бірін жақындастыра, күш салмай, сәл қыса үстап түрып. сымдардың екінші жағын шатып, бекітеміз. Бекітіп болғаннан кейін екі айырды бос қоя берсе. өзінің серпімділік күшімен сымдарды керіп түрады.

Осыдан кейін сылдырмақ сүйегін арнайы ағаш бояулармен бояп. кебе келе батауыз жағып. жүмсак шүберекпен ысса. жалтырап шыға келеді.

Міне, осымен карапайым саз аспабы -сьшдырмақта әзір болды.



/footer.php"; ?>