Кесте. Басым қандылық бойынша категорияға бөлу

 

Осыдан қорытындылай келе аталықтардың генотиптеріне баға беру үшін олардың басым қандылығын анықтаған дұрыс.

 

 

Ойды жұптау

Қойлардың жасына қарай жұптау.

Ата анасының қай жаста туғанына қарай ұрпағының сапасы әртүрлі болатынын селекционерлер баяғы кезден дәлелдеп білген. Бұл өзгерістер генотиптік негізде ме, жоқ фенотиптік негізде ме. Бұл талас әлі де жүріп жатыр. Ғалымдар бұл жөнінде келісімге келген жоқ.

Жас аталықты жас аналықпен жұптағанда, екі қарт малды жұптағанда, ал өте жас малды өте ересек аталықпен жұптағанда алынған ұрпақтар әдетте нашарлау болып шығады. Орта жастағы малдарды жұптағанда көрсеткіш тәуірлеу болады.

Аса жақсы аталық қошқарлар есейгенде де, өзінің жақсы ұрпақ беруін жалғастыра беретіні көптеген тәжірибеден дәлелденген.

Сонымен қорыта айтқанда, біртекті және әртекті жұп таңдаудың әрқайсысының бір–біріне қарағанда артықшылығы да, кемшіліктері де, өзгешеліктері де бар. Бірақ бұл екі әдістің бір-біріне қарама-қарсылығы жоқ, керісінше олар тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады. Және де бір ескеретін жағдай біртекті және әртекті деген ұғым – шартты ғана ұғым. Біртектілігі, ұқсастығы немесе айырмашылығы нақты бірнеше көрсеткіштерге ғана байланысты. Ал, шын мәнінде табиғатта бір тұқым, бір атадан туған мал да әртүрлі болады, гендері бірдей немесе өнім көрсеткіштері бірдей мал да табиғатта жоқ.

Қой шаруашылығында жұп таңдау жеке-жеке де және топта жүргізіледі. Бұл әдісті таңдау селекционердің алдына қойған мақсатына байланысты. Жеке–жеке жұптау жоғары деңгейдегі асыл тұқымды зауыттарда, шаруашылықтарда ата із шығару мақсатында, аталық мал өсіру мақсатында жүргізіледі.

Топтап жұп таңдау – жалпы өнімділігі ұқсас бір топ саулыққа бір немесе екі ұқсас қошқар тағайындалады.

Қазіргі генетикалық ғылым аталық пен аналық өз ұрпағына тең әсер етеді дейді. Сонымен бірге сіздерге белгілі кейбір ген доминантты, кейбірі – рецессивті, сондықтан жалпы қағида өзгермей де тұрмайды. Оның сыртында саулық ғұмырында 8-10 ұрпақ берсе қошқар бір жылда 3000-5000 дейін одан да көп ұрпақ бере алады. Сондықтан аталық малдың ұрпаққа беретіні көп. Себебі мал басы - ұрпағы көп. Сондықтан аталық малдың табынға әсері мол болғандықтан, оған қойылатын талап та жоғары, күтімі де жақсы болуы тиіс. Аталықтың қазіргі кезде 70-90 пайызға дейін ұрпақ беретіні рас.

Іріктеу мен жұптау малдың жағымды, қажетті шаруашылық қасиеттері мен көрсеткіштеріне қарай әр кезде әртүрлі талаптармен жүргізіледі.

Жүн өндіру мақсаты үшін жүндес, жүн сапасы жақсы малды жұптайды. Пәрменді селекция нәтижесінде 6-8-10 жылда қой шаруашылығындағы жүн өнімділігін әр қойдан 1,0-1,5 кг дейін жоғарылатуға болады. Жүннің қоюлығы, ұзындығы, иректігі сан-бауыр жүн өсімі т.с.с.

Қойдың тірі салмағын, ет өнімділігін арттыру үшін ерекше іріктеу – жұп таңдау жұмысын жүргізу керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жақсы ұйымдастырғанда 6-8 жылда қой отарларындағы саулықтың салмағын 5-8 кг дейін арттырып, тиісінше ет өнімділігін 15-17% көтеруге болады.

Қойдың берілген жем-шөпті өсімімен, өнімімен ақтау, қайтарымдылығын жақсарту қабілетін жақсарту үшін де әдейі іріктеу, жұптау жүргізіледі. Егерде аналық отар басында 1 кг қосымша салмаққа 8,5 кг азық өлшемін жұмсаса, нысаналы іріктеу, жұптау арқасында 7,0-7,5 кг дейін кемітуге болады.

Сонымен бірге, барлық уақытта да малдың қоршаған ортасын, жем-шөбін қажетіне сай деңгейде болуын қамтамасыз ету қойдың генотипін барынша пайдалануына мүмкіндік беретінін ұмытпау керек.

Қойды жұптау.Қойды таңдау мен бірге оған алға қойған селекциялық міндетке жеткізетін малды жұптаудың маңызы зор. Себебі сол жұптаудың нәтижесінде аталық пен аналықтың ең жақсы, ең қажетті қасиеттерін, өнім көрсеткіштерін беретін жаңа ұрпақ алынуы тиіс. Қой тұқымын асылдандыру жұмысының алдына қойған міндеті ұрпақтан-ұрпаққа қойдың жақсаруы, оның қажетті өнімділігінің артуы. Сондықтан да жұптау аса жауапты жұмыс.

Жұптаудың, әдетте екі түрін ажыратады. Бірі біртекті (гомогенді) жұптау - өнімділік қасиеттері ұқсас қойларды жұптау, екіншісі - әр текті (гетерогенді) жұптау - өнімділік қасиеттері әр түрлі, айырмашылығы бар қойларды жұптау.

Біртекті жұп таңдау арқылы селекционер аталық және аналық қойлардың ұнамды ұқсас қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа бекіту, ұнамды қасиеттері бар малдарды көбейту, олардың біртектілігін арттыру арқылы құнды белгіні онан әрі жетілдіру және ұнамды мал тобын көбейту міндетін орындайды.

Әдетте біртекті (гомогенді) жұптауға шыққан тегі бір, не өте жақын малдар қатынасады. Бұл жағдайда селекционер өз алдына 3 мақсат қоюы мүмкін.

1. Аса жоғары өнімді (элита, 1 класс), бір-біріне көп көрсеткіштерімен ұқсас (плюс вариантты) жүні де, ұзындығы да, еттік қасиеті де, конституциясы да т.т. тіпті жақын болса. Осы жақсы қасиеттерді жоғалтпау, керісінше байыту үшін жұптайды. Мұндай мал көп болмайды және олардан аталық немесе аналық басы болатын мал алуға тырысады.

2. Бір қасиетімен немесе бір-екі шаруашылық өнімдік көрсеткішімен біртекті малдарды жұптағанда селекционер өз алдына осы көрсеткіштерден аса жоғары сапалы мал алу үшін жұптайды. Алатын жүнінің ұзындығы немесе тығыз, қоюлығы бұл да үлкен табында жүргізілмейді.

3. Біртекті жұптау асыл тұқымды шаруашылықта, нақты бір атаның өсіретін фермада өлшемді жүргізіледі. Мұндағы отарлар негізінен бір текті болып келеді, не жүн түсімімен, не жүн ұзындығынан.

4. Бір текті жұп таңдаудың ұнамсыз жақтары да бар. Әдетте ұнамды қасиеттері ұқсас малдың ұнамсыз қасиеттері де ұқсас болады. Ол ұнамсыз қасиеттерді жою үшін басқа тектес малды пайдалануға тура келеді.

Сондықтан селекционерлер әр текті жұптау әдісін қолданады. Оны біліктілікпен қолданса жақсы нәтиже береді. Бұл әдістің құндылығы – келесі ұрпақта жаңа өзгешеліктер, жаңа көрсеткіштер пайда болады. Ол әртүрлі гендердің қосылып, жаңа генотиптің пайда болуының нәтижесі. Селекционерлердің шеберлігі – жаңа алынған ұрпақта қалаған, жоспарланған қасиеттердің пайда болуымен бағаланады. Әр текті жұптаудың нәтижесінде ұрпақтың гетерозиготалығы өсіп генефонды байи түседі. Ол болашақта іріктеуге үлкен мүмкіндік ашады. Дұрыс пайдаланбаса, әртекті жұптаудың да кемшіліктері орын алады. Ол ең алдымен жағымсыз қасиеттердің дамуынан біліне бастайды.

Гетерогенді жұптаудың пайдалы мүмкіндігі – ол малдың тұқымдық қорын көбейтеді, байытады, кейбір пайдасыз, қажетсіз қасиеттерден арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан әртекті жұптауды малдың қажетті кемшілігін түзетуге; ата-анасының көрсеткіштерінен шығатын ортақ қасиеттері бар мал өсіруге; өмірлік күшін, өміршеңдігін (гетерозис арқылы) жақсартуға бағытталып жүргізіледі.

Қойды жұптағанда селекционер:

а) ұқсас малдардан ұқсас мал өседі;

б) жақсы мен жақсы малды жұптағанда олардың ұрпағы жақсара түседі;

в) малдың асыл нәсілін бекіте түсу үшін гомогенді, ал нәсілін байытып өзгерту үшін – гетерогенді жұптау қолданылады деген қағидаларды басшылыққа алады.

Мысалы 2 – класс биязы жүнді қойдың жүні қысқа болады соны ұзарту үшін жүнді қошқармен жұптайды.

Ал 3 класта жүні сиректеу және денесінде әр жеріндегі жүн әркелкі болады. Міне осыларды түзеу үшін ол қойларға қою жүнді, денесіндегі жүні біркелкі аталық бекітеді.

Әдетте қойды бірімен-бірін жұптау малдың басты шаруашылық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі.

1. Жүннің жалпы түсіміне қарай жұптау арқылы қойдың (отардың) жүн өнімділігін арттыруға әбден болады. Жалпы жүнінің салмағы мен таза талшық шығымының арасында оң корреляция бар. Сондықтан селекция жұмысын жүргізуде жүн түсіміне қарай жұптау арқылы жетістікке жетуге болады. 1-1,5 жасындағы бонитировкада көрсетілген көрсеткіштер кейінгі жылдары өзгеріп тұру мүмкін. Ол құбылыс малдың бағып қағуына көбірек байланысты болады.

2. Тірі салмағына қарай жұптау арқылы малдың дене бітімін жақсартып, ұрпақтың ірі болып өсуін қамтамасыз етуге болады.

3. Малдың еттік қасиетіне қарай жұптау арқылы еттілігінің өсуін, дәлдігінің жақсаруына жетуге болады.

4. Жүнінің ұзындығына қарай жұптау арқылы жүн өніміділігін көбейтуге болады. Жүннің 1 см ұзындығы 80-90 г жүн қосады. Осылай жүн ұзарту арқылы өнімді 13-15% көбейтуге болады.

5. Жүннің жіңішкелігіне қарай жұптау да нәсіл қуалайды. Сонымен қатар жүннің денеде өсуін біртектіге жақындатуға болады.

6. Жүннің қоюлығына қарай жұптау да жақсы нәтиже береді. 1 мм2 теріде 60 талшық өскенде 64 сападағы жүні бар қой 3,5 кг жүн береді, ал 70 сападағы – 2,7 кг, 80 сападағы 2,2 кг жүн береді. Бұл көрсеткіштер фенотиппен генотип арасында оң корреляциялы болады.

7. Терінің қатпарларына қарай жұптау өте құнды емес. Жүн өнімі тері қатпарымен оң корреляцияда емес.

8. Төлдегіштігіне қарай жұптау өте жақсы нәтиже бере бермейді, дей тұрғанмен будандастыруда пайда болады – 2,5-4,0% дейін.

9. Мал азығын пайдалану қасиетіне қарай жұптау біраз әсер етіп, 8,5-11,8%-ға дейін жақсартады.

Зоотехния ілімінде және өндірісте мынандай:

Әдейі жұптау – әр класқа бөлек аталықты белгілеу;

Жеке жұптау – селекциялық ядрода, топта қолданылады;

Кластық жұптау – бір кластағы саулыққа бір қошқарды бекіту.

Ата ізбен жұптау – ата із малын жұптаулар бар.

Универсалды жұптау – өте жақсы аталық қошқар барлық кластағы қоймен жұптала береді.

Осылардың әрқайсысының ерекшелігі де, қажеттілігі де бар.

1. Қойларда жүн түсіміне қарай жұптау. Әсіресе биязы және биязылау қой тұқымдарында пайдалы. Қойдан қырқылған жүннің салмағы мен оның таза жүн шығымы бір-бірімен тығыз байланысты және оң корреляцияда болады.

Дегенмен жүннің таза талшық шығымы көп нәрсеге байланысты. Әсіресе малды баққан ортаға қарай өзгеріп отырды. Құм-құмайт немесе айдалған жерде бағылатын малдың жабағысында кір, шаң тозаң көп болады. Шығым пайызы аз болады. Жүн түсімі жасына қарай да өзгеріп тұрады.

Қой жүн түсімі жүндестігі, малдың ұрпағына нәсілдік берілуі, қойдың тұқымына, шаруашылық жағдайына, бағып-күту дәрежесіне қарай үлкен алшақтықта өзгеріп тұрады.

Көптеген ғылыми тәжірибенің қорытындысына сүйене отырып, жүн түсіміне қарай қойды жұптаудың пайдалы екендігін айтуға болады. Бұл құбылыстың гендермен байланыста екендігі селекция жұмысын жоғары дәрежеде жүргізуді талап етеді.

2. Қой өсіргенде оның тірі салмағының маңызы үлкен. Оның жан-жақты өнім көрсеткіштеріне оңды әсер етеді. Төлдегіштігі, жүндестігі, еті тағы сол сияқты.

Малдың тірі салмағы да өмірінде көп өзгеріске ұшырап отырады. Ең сенімді көрсеткіш ретінде қойдың 2–3 жасында өлшеген дұрыс.

Асыл нәсілдігі жоғары аталық қошқарлар өмір бойы жоғары көрсеткішке ие болып тұрады. Ал асыл тұқымдығы жоғары емес, әлі де тұрғылықты болмаған мал өзі де өзгеріп тұрады. Одан алынған ұрпақта тиянақты түрде мол өнімді бола бермейді.