Кесте. Қара түсті қаракөл қозыларының кластар сипаттамасы

Класы Сипаттамасы
1. Елтірісі жакеттік типтегілер
Элита, бұйрасы орташа (4-8 мм) Бұйрасының түрі жартылай дөңгелек толқын тәріздес. Терісі жұқа, әрі тығыз, жүні жібектей жылтыр, бұйрасының жиілігі жақсы. Дене бітімі берік, жүні тығыз. Елтірісі жакеттік-I жатады, жоғары сортты.
Элита, бұйрасы ұсақ (2-4 мм) Бұйрасының түрі барлық денесінде жартылай дөңгелек, ашық тәріздес. Терісі жұқа, әрі тығыз. Жүні жібектей, жылтыр, дене бітімі берік, сәл нәзіктеу болуы мүмкін, жүні тығыз. Елтірісі сортының таңдаулы бөлігіне сәйкес.
І класс бұйрасы орташа Бұйрасының түрі жартылай дөңгелек, орташа және тықыр бұйра, кейбір жерлерінде жал сияқтанып келеді. Терісі тығыз, қалыңдау. Жүні жібектей, жылтырлау. Дене бітімі берік, жүні қалың. Елтірісің жакет-I және мәскеулік жакет сорттарына сәйкес келеді.
І класс бұйрасы ұсақ Бұйрасының түрі жотасы мен белінде жартылай дөңгелек айшық тәріздес, бүйірінде қысқа жал тәріздес болып келеді. Бұйралары өте тығыз және жібектей, бедері айқын. Терісі тығыз, жұқа, жүні қалың. Дене бітімі нәзік. Елтірісі кирпук сортына сәйкес келеді.
І класс бұйрасы ірі Бұйрасының түрі бұршақ тәріздес, тығыз. Жүні қалың жібектей жылтыр. Терісі тығыз, қалыңдау. Дене бітімі тұрпайылау. Елтірісі қалың жакет сортына сәйкес.
ІІ класс бұйрасы орташа Бұйрасының түрі жартылай дөңгелек, орташа және тықыр, бұршақ тәріздес болып келеді. Бұйрасының тығыздығы орташа, жібек тәріздес, жылтырлығы нашарлау, терісі бос және қалың. Жүн тығыздығы орташа, дене бітімі берік. Елтірісі жакет II сортына сәйкес.
2. Елтірісі жазық толқынды типтегілері
Элита, бұйрасы орташа Бұйрасының түрі барлық денесінде орташа және ұзынша келген. Толқын тәріздес. Бұйрасы тығыз, бедері жақсы, жүні қысқалау және өте жылтыр, жібек сықылды. Терісі жұқа, тығыз, денесінде кең отырған. Бауыр жүні сиректеу, констиутциясы берік. Елтірісі жазық жұқа сортының таңдаулы бөлігіне сәйкес келеді.
І класс бұйрасы орташа және ірі Бұйрасының түрі жазық толқын тәрізді, кей жерлері жалға ұқсас келеді. Бұйрасы тығыз, жүні жібектей есілген, жұмсақ және мейілінше жылтыр. Терісі тығыз және жұқа. Дене бітімі берік, кейде сәл нәзіктеу. Елтірісі жазық қалың - I сортына сәйкес болады.
ІІ класс бұйрасы орташа Бұйрасының түрі жотасымен белінде жал тәрізденіп, ал бүйірлерінде бұршақ тәріздес болып келеді. Бұйрасының тығыздығы орташа, суреттері онша анық емес, жылтырлығы орташа. Терісі бос және қалың. Бауыр жүні нашар. Дене бітімі берік. Елтірісі жазық - ІІІ сортының таңдаулы бөлігіне сәйкес келеді.
3. Елтірісі жал тәрізді типтегілері
Элита, бұйрасы орташа Бұйрасы жал тәрізді ұзын, жүнінде қылшық пен теңбіл мең кездеседі. Бұйрасы тығыз, жүні қалың, қысқа және жібектей жылтыр. Терісі тығыз және жұқа. Бауыр жүні жақсы дамыған. Дене бітімі берік немесе сәл нәзіктеу. Елтірісі жал тәрізді - I сортының таңдаулы бөлігіне сәйкес келеді.
І класс бұйрасы орташа Бұйрасы толық айшықталмаған, ұзын және жалпақ жал тәріздес, бүйірінде теңбіл кездеседі, бұйрасы тығыз, суреттері анық. Жүні қысқа, жібек тәріздес жылтыр. Терісі тығыз және жұқа, жүнділігі орташа. Дене бітімі берік. Елтірісі жұқа жалды - I сортына сәйкес келеді.
ІІ класс бұйрасы орташа және ұсақ Жұйрасы жал тәрізді, тығыздығы орташа, сурет анық емес, жүні қалың, жібектей жылтыр, дене бітімі берік. Елтірісі жұқа жалды - II сортына сәйкес келеді.
ІІ класс бұйрасы ірі Бұйрасы барлық денесі бойына жалпақ жалды және жалпақ толқынды. Суреттері анық емес. Жүні тығыз, жібек тәрізді, жылтырлығы әйнек сияқты. Терісі тығыз немесе бос-қалың. Дене бітімі, елтірісі сөлекет қалың жалды - I, қалың жалды - II сорттарға сәйкес келеді.
4. Елтірісі кавказдық типтегілері
ІІ класс бұйрасы ірі Бұйрасының түрі жал және бұршақ тәріздес, жүні өсіп кеткен және үрпиген. Бұйрасының ені бір келкі емес. Терісі тығыз немесе бос және қалың, жүнділігі нашар. Дене бітімі сөлекет. Елтірісі кавказдық қалың - I сортына сәйкес келеді.
ІІ класс бұйрасы орташа Бұйрасының түрі көбінесе бұршақ тәріздес, сақина сияқтылары бар, тығыздығы орташа, суреті анық емес. Жүні қалың, өсіңкі, жылтыр емес, терісі бос, қалың. Дене бітімі берік немесе тұрпайы. Елтірісі кавказдық жұқа - I сортына сәйкес келеді.
ІІ класс бұйрасы ұсақ Бұйрасының түрі жотасы мен белінде қысқа толқындар, не бұршақ, не жал тәріздес, суреті анық емес. Жүні сирек, жібектілігі және жылтырлығы нашарлау. Терісі бос, жұқа. Дене бітімі нәзік. Елтірісі Флераң сортына сәйкес келеді.
Сұр және қызыл түсті қозылар 1. Елтірісі жакеттік типтегілері
Элита Елтірісі біркелкі күміс сияқты ақшыл талшықтардан тұрады, жүнінің бұйралығы жартылай дөңгелек толқын, айшық тәріздес. Суреті анық, жүні тығыз, жібектей жылтыр. Бауыр жүні жақсы өскен. Дене бітімі берік. Елтірісі жакет - I сортының таңдаулы бөлігіне сәйкес келеді.
І класс Елтірісі біркелкі жасыл, күміс түстес ақшыл қызыл сұр болып келеді. Бұйрасының көлемі орташа және ірі, ал түрі жал және бұршақ сияқты. Суреті айқын, жүні жібектей, жылтырлығы орташа. Терісі тығыз қалыңдау. Бауыр жүні сиректеу, дене бітімі берік. Елтірісі жакет - I қалың жакет, мәскеу жакет сорттарына сәйкес келеді.
2. Елтірісі жазық толқынды типтегілері
Элита Елтірісі көк-жасыл, күміс тәріздес және ақшыл түсті. Бұйралығы орташа және ірі, жалпақ толқын тәріздес, тығыз болып келеді. Жүні тығыз, жібектей, жылтырлығы орташа. Терісі тығыз және жұқа, жүнділігі орташа. Дене бітімі берік. Елтірісі жазық толқынды сортқа сәйкес келеді.
І класс Елтірісі көк-жасыл, күміс тәріздес және ақшыл түсті. Бұйралығы орташа және тығыз, жалпақ толқын тәріздес. Суреті айқын, жүні тығыз және жұқа. Дене бітімі берік. Елтірісі жазық толқынды сорттың таңдаулы бөлігіне жатады.
ІІ класс Елтірісінің түсі әр түрлі. Бұйралығы біркелкі емес. Суреті айқындалмаған. Жүні қалың, тығыз емес, жылтырлығы төмендеу. Терісі бос және қалың. Дене бітімі берік, тұрпайылау. Елтірісі жазық толқынды II сортқа сәйкес келеді.
3. Елтірісі жал тәрізді типтегілері
Элита Елтірісі көк-жасыл және күміс түстес біркелкі. Бұйралығы жал тәріздес, жүні тығыз, қысқа, жібектей жылтыр. Дене бітімі берік. Елтірісі жал тәрізді - I сортқа сәйкес келеді.  
І класс Елтірісі көк-жасыл және күміс түстес ақшыл болып келеді. Бұйрасының көлемі орташа, жал тәріздес. Жүні қысқа, тығыз, жібектей жылтырлығы орташа. Терісі тығыз, жұқа, жүнділігі жақсы. Дене бітімі берік Елтірісі жал тәрізді I сортқа сәйкес келеді.
ІІ класс Елтірісінің түсі әртүрлі. Бұйралығы орташа, ұсақ, ірі, ал түрі сақина, бұршақ, жал, кейбіреулері буранда тәріздес. Жүнінің тығыздығы орташа, жылтырлығы төмендеу, терісі бос. Дене бітімі берік. Елтірісі II сортқа сәйкес келеді.
4. Елтірісі кавказдық типтегілері
ІІ класс Елтірісінің түсі әр түрлі. Бұйралығы біркелкі емес. Бүйірінде теңбіл меңдер болады, тығыздығы орташа, жүні қысқа, жылтырлығы төмен, терісі бос, жүнділігі нашарлау, дене бітімі берік. Елтірісі II сортқа сәйкес келеді.