Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері

Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен б\ты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір бірінен экоеомикалық жағынан оқшаулануы нәт өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғышарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдықеңбек бөлінісіб\ды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шарушылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс ж\е сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де рынок те болмас еді. Тауар өндірісінің екінші шарты тауар өндірушінің жеке меншігң болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына бегілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың, табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал саймандарды жетілдіру, сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосышша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасыныфң дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек. Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады. Еңбекбөлінісі алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған. Оның қарапайым түрі еңбектің жыныстық және жас мөлшері бойынша бөлінуі болды.ал мал шаруашылығы мен жерді игерудің басталуы алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Өндіріс құралдарының жетілдірілуі жеке дара шаруашылыққа өту мүмкіндіктерін ашты, сөйтіп бірлескен еңбек түрі біртіндеп жойыла бастады. Бұл арадан жалпы ортақ меншіктен жеке меншікке өту жағдайын айқын көруге болады.жеке меншіктің пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісімен және айырбастың дамуымен тығыз байланысты. Ең бірінші жеке меншікте мал, өндіріс құралдары болса, кейіннен жерде жеке меншікке айналды. Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамдық еңбіктің де түрлері күрделене түсті, ол өз кезегінде еңбек бөлінісінің күрделенуі және маманданудың өсуінен көрінеді. Белгілі бір еңбек түріне машықтанған мамандану әрбір өндірушіге өз дағдылары мен білімдерін белгілі бір тауар өндірісінде үлкен пайдалалықпен қолдануға мүмкіндік береді. Адамдар бір бірлері үшін еңбек етеді, яғни ол белгілі бір қауым ішіндегі қоғамдық еңбек сипатына ие болады, яғни олардың еңбегінің өнімдері рынокта сатылуы үшін өндірушілер арасында өзара айырбасқа түседі, сөйтіп еңбек өнімдері тауар сипатына ие болады да қоғамда рыноктық экономика негізгі тауар шаруашылығы орныға бастайды. Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратынжаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жаідай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігінқанағаттандвру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген жіне айырбасқа арналған заттар.

 

19 нарық: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.

Рынок- өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.

Рыноктың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.

Ұйымдасқан және монопольдық белгілер рыноктағы аз ғана тауар өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет ету жағдайларын сипаттайды.

“Рынок белгілі бір өнімдер сатылып-сатып алынатын нақты алаң емес, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәмлелер еркін жасалынатын, бағалар жеңіл әрі жылдам теңесетін кеңістік”, - А. Маршалл (Принципы политэкономии . М:1984).

Рыноктың атқаратын қызметтері:

Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру, сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп пайда алуға мүмкіншілік беретін тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қамтамасыз ету.

Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру үшін экономикалық тиімсіз элементтер рыноктық тетіктер арқылы жойылып, өзін-өзі басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтиды. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.

20. Ұдайы өндіріс теориясы. Ұдайы өндіріс типтері
Ұдайы өндіріс дегеніміз-өндіріс процесінің қайталанып отыруы. Ұдайы өндірістің 2 түрі бар: 1) жай ұдайы өндіріс-өндіріс процесінің алғашқы кезеңде қайталануы. 2)Ұлғаймалы ұдайы өндіріс-өндірістің барлық ұлғайтылған көлемде қайталануы.
Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторды 4 негізгі түрге бөліп қарастырамыз:1. Шикізаттар мен материалдар; 2) басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары; 3) еңбек күші; 4) капиталды пайдалану.

 

21. нарық түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады: 1. Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа: -тұтыну тауарлары, яғни азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары жатады. – қызмет көрсету (тұрмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет). – тұрғы үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыноктары жатады. 2. Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы: - жылжымайтын мүліктер рыногы; - еңбек құралдарының рыногы; - шикізаттар мен материалдар рыногы; - пайдалы қазбалар рыногы; 3. Қаржы рыногы. Оған: -капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок; - несие рыногы; - бағалы қағаздар рыногы; -валюта- ақша рыноктары жатады. 4. Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары). 5. Еңбек рыногы; 6. Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық). Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке. Жетілген бәсекенің белгілері:- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз; - рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ; - өндіріс факторларының мобилділігі жоғары; - рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ; - ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады. Жетілмеген бәсеке түрлері: 1. Таза монополия – тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен монопольды пайда. 2.Монопсония- белгілі бір тауардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымының типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопльдық пайда алады. 3. Олигополия- өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті. 4. Монополистік бәсеке- дифференциялданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды. Кез-келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі , дербестігі, тәуелсіздігі. Сату түріне байланысты: 1. Көтерме сауда нарығы; Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді. 2. Бөлшек сауда нарығы. Бұнда сатып алушылар жеке азаматтар. Географиялық жағдайына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік нарықтық. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, еркін, аралас нарық. Экономикалық міндетіне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, қаржы нарығы, құнды қағаздар нарығы.