Жұмыссыздық және инфляция

Жұмыссыздық- еңбек рыногының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.

Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жүмыссыздық, еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорынның басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады.

Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады

Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жүмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.

Инфляция:мәні, себептері, түрлері. Инфляция термині латынша аударғанда inflatio ісіну дегенді білдіреді. Тұнғыш солт.Америкада 1861-1865 ж азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен комерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс. Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, сонын нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтеруіне әкеледі. Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі. Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеуді талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындардың өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясын бір-бірімен тығыз байланысты және оларды ажырату мүмкін емес. Дүние жүзілік тәжірибеде иннфляцияны мынадай шартты түрлерге бөледі: 1.экономикны қамтитын аумағына байл-жергілікті, ұлттық, әлемдік.2.қозғалыс қарқынына байл-біркелкі, үздіксіз,сатылы.3.даму қарқынына байл-жылжымалы иннфляция, онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 %-дан аспайды; қарқынды инфляция-онда бағаның өсуі орта есеппен 10%-дан 50%-ға жетеді. Ұшқыр инф-онда бағаның өсуі жылына 100%-дан асады. Инф-ң тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байл ашық және басыңқы деп бөледі. Ашық инф бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. ашық инф рынок механизмін едәуір бұрмалағанымен оны толық бүлдіре алмайды. Ал басыңқы инф бағалар реттелетін экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнім сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда көрінеді. басыңқы инф ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын төмен ұстап отыруды мемлекеттің қолдауы нәтижесінде пайда болды. Инф-ға осы елдегі саяси жағдай да әсер етеді. Ақшаның саси жағдайдағы өз бағамын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта рыногындада анықталады. Инф-ға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай фактолары: ақша айналысының бұзылуы, халық шаруашылығындағы несие ақша-ң көртігі, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалай емес факторлар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі; шаруашылық механизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемл-ң экон-қ саясаты және т.б. бұл екі топта бір-бірімен тығыз байл, тауарлар мен қызметтің бағасын өсіріп инф-ға әкеледі.