Аудиторлық ұйымның сыртқы құжаттамалары

Аудиторлық ұйымның сыртқы құжаттамаларына: аудиторлық ұйымның тексеруді өткізу келісімі туралы міндеттеме-хат, аудитті жүргізу келісімшарты, аудиторлық ұйымның жазбаша ақпараты, аудиторлық қорытынды.

Аудиторлық қызмет көрсету келісімшарты. Аудитор мен клиент белгілі бір келісімге келген кезде екі тарапты заңды анықтап, олардың қызығушылықтарын айқындайтын аудиторлық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалады. Келісімшартта екі тараптың міндеттері, құқықтары, жауапкершілігі мен орындалатын жұмыстың мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, келісімшартта аудиторлық қызметтің бағасы және есептесі тәртібі анықталады.

Аудиторлық ұйымның тексеруді өткізу келісімі туралы міндеттеме-хат. Бұл хат келісімнен бұрын жасалады, яғни бұл жерде аудитті жүргізетін ұйым клиентті өзінің аудитті жүргізу тәртібімен, аудитті жүргізу шарттарымен таныстырады. Келіскен клиент өзінің жауабын жазбаша түрде растайды, яғни бұл құжат кейін екі тарап арасында келіспеушіліктерді болдырмау үшін қажет.

Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге материалдық қателер мен бұзушылықтарды анықтау құралы ретінде бағдарламаның өзінің орындылығын айқындау мақсатында аудиторлық қорытынды дайындайды.

 

Аржылық есептіліктерді бұрмалау актілері және 315 АХС сәйкес оларды анықтаған кездегі аудиторың іс-әрекеті.

Бұрмаланған қаржылық есептілікте пайдаланушыларды жаңылдыру мақсатымен қаржылық есептілікте сомаларды немесе ашуларды жазбай кетуді қоса алғандағы қасақана бұрмалау ескерілген және ол есептік жазбаларды немесе бастапқы құжаттаманы дұрыс емес жалған жасау; қаржылық есептілікте оқиғаларға, әрекеттерге немесе өзге де маңызды ақпаратқа қате түсініктеме беру немесе оларды әдейі көрсетпей кету; сомаларға, жіктемелерге, ұсыну әдістеріне немесе ашуларға жататын бухгалтерлік ұстанымдарды қасақана дұрыс қолданбау секілді әрекеттермен сипатталуы мүмкін. Ал активтерді дұрыс пайдаланбау – ыcырап, жеке активтерді немесе зерделік меншікті ұрлау, субъектінің алынбаған тауарлардың немесе қызметтердің ақысын мәжбүрлі түрде төлеуі және субъектінің активтерін жеке мұқтажы үшін пайдалану секілді әртүрлі сипатқа ие болуы мүмкін.

Аудитор барлығының жиынтығы қаржылық есептіліктегі нәтижелерге елеулі әсерін тигізетін қателерді ескеруі тиіс. Егер аудитор анықталған бұрмалаулар «елеулі» деген қорытын-дыға келсе, ол қосымша аудиторлық тексерістер жүргізу арқылы аудиторлық тәуекелділік деңгейін төмендету немесе аудиттелетін субъектінің басшысынан қаржылық есептілікке жөндеу жасауын талап ету секілді іс-әрекеттің бірін орындауы керек. Ал егер түзетілмеген қателер жиынтығы елеулі болып, бірақ басшылық қаржылық есептілікке жөндеу енгізуден бас тартса, аудитор мәселені сәйкесінше қарастыра алады.

Аудитор тексеріс әдістерін таңдауда және елеулілік деңгейін анықтауда тәуелсіз болып келеді, бірақ қаржылық есептіліктегі елеулі қателерді анықтамағаны үшін жауапты болады.

 

Рылтай құжаттарын және жарғылық капиталдың қалыптасуын аудиторлық тексеру әдістемесі. Ұйымның есеп саясатын сараптау.

Құрылтай және есептік-қаржы құжаттарын тексерудің мақсаты – қолданыстағы заңнамаға тексерістегі объекттің құрылтай және есептік-қаржылық құжаттардың сәйкестігіне қатысты ой қалыптастыру, оның жарғылық капиталдың қалыптасуының дұрыстығы.

Тексеріс үшін ақпарат көздері: кәсіпорынның жарғысы, құрылтай құжаттар, мемлекеттік тіркеу және статистика органдарындағы, салық органдарындағы тіркеу жөніндегі куәліктер, құрылтайшылар (акционерлер) жиналысының хаттамалары, эмиссия проспектері, акционерлер реестрі, бұйрықтар, өкімдер, ішкі ережелер, лицензиялар, акцияларды қабылдау-беру акттері, акцияның төлем шотына енгізілген мүлікті бағалау акттері, есеп регистрлері, материалды емес активтер, жер учаскелеріне, жылжымайтын мүлік объектітеріне құқықтарын растайтын құжаттар, Бас кітап, бухгалтерлік есеп беру және т.б.

Құрылтай құжаттар аудитінің мақсатына жету мен кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасуы үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

• Кәсіпорынның заңды статусын, әрекет ету сферасын және қызмет ету құқығын анықтау;

• Лицензиялауға жататын әрекет түрлері бойынша лицензияның бар-жоғын анықтау;

• Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібін тексеру және оның құрылымын зерттеу.

Ревизорлар құрылтай құжаттармен таныса келе, оның құрылтайшылар құрамын және жарғылық капиталдағы олардың үлесін анықтайды. Сонымен қатар ревизор-аудиторлар кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, филиалдары мен өкілеттіліктерінің бар-жоғы; басқару шешімдерін қабылдау кезінде барлық деңгейдегі жетекшілердің өкілеттіктері; құрылуы жарғыда қарастырылған қор түрлері; пайданы бөлу тәртібі жөнінде; кәсіпорынды жою мен қайта ұйымдастыру туралы; мүлікпен келісім сомасы бойынша орындаушы дирекция үшін шектеуледің бар-жоғы жөнінде және т.б. түсінік алады.

Әрекетін қамтамасыз ету үшін субъекті құру кезінде қатысушылардың мүлікке салымдарының жиынтығы болып табылатын жарғылық капитал меншік капиталдың (МК) негізгі элементі болып табылады.

ЖК аудитінің негізгі сатысы – бұл қалыптасудың дұрыстығын тексеру. Сонымен қатар қашан және қай ауданда субъект тіркелгендігін, оның құрылтайшыларын, олардың ЖК-ғы үлесін, оның қалыптасу тәртібін анықтау қажет.

Бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік субъектілердің ЖК құқықтық формасының ұйымдасуы мен меншік формасына байланысты, қатысушылар енгізген (ақшалай және материалды) қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдар бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың коллективті қабілеті болып табылады. Ақшалар мен құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және интеллектуалды әрекет нәтижелеріне құқық жарғылық капиталға салым бола алады. ЖК-ға құрылтайшылардың табиғи формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімімен немесе жалпы жиналыстың шешімімен ақшалай формада бағаланады. Егер осындай салымның құны 20 000 АЕК эквивалентті сомасынан жоғары болса, онда бағалауды тәуелсіз эксперт өткізуі тиіс.

Аудиторлық тексеруге кіріскенде ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары өз принциптері мен негіздеріне сәйкес қаржылық есептемелерді ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған тәсілдер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын анықтап алу керек.

Есептік саясатты қалыптастырудың негізіне шаруашылық операцияларды, активтерді, меншік капиталды, міндеттемелерді, қызмет нәтижелерін және тағы басқа бейнелеуде баламалы тәсілдерге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары жатады. Есептік саясатты қалыптастыру әрбір стандартта берілетін тәсілдердің біреуін таңдауды, оны (таңдалғанын) шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептемелерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді (немесе ұйғарады).