Кассалық операцияларды, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша операцияларды аудиторлық тексеру әдістемесі

Ақшаларға жүргізілетін аудиторлық тексеруді кассалық операцияларды тексеруден бастаған тиімді. Синтетикалық (топтамалық) есеп мәліметтерімен аналитикалық (талдамалық) есептің сәйкестігін тексерген кезде операциялардың өзара бақылану әдістерін қолдану қажет. Сомаларда ауытқу кездескен жағдайда кассалық кіріс ету ордерлері, банк көшірмелері, кассирдің берген есебі, чектердің түбіртектері бойынша, ал қажет болған жағдайда тікелей банк мекемелеріндегі жазулармен салыстырылып тексереді. Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру үшін мынандай мазмұндағы бағдарлама ұсынылады:

– кассадағы ақша-қаражаттарын және басқа да құндылықтарды түгендеу және олардың сақталу жағдайларын тексеру,

– операциялар бойынша толтырылған құжаттардың дұрыс толтырылғандығын тексеру,

– кассаға ақшалардың дер кезінде және толық, дұрыс кіріске алынғандығын тексеру,

– жұмсалған ақшалардың дұрыс шығыс етілгендігін зерттеу,

– бухгалтерлік есеп шоттарында операциялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру,

–кассалық операциялар нәтижесі бойынша қорытынды және ұсыныстар жасау.

Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру үшін кәсіпорын кассасындағы ақша-қаражаттарының түгендеуін жүргізу керек және кассаны түгендеу жүргізуге акт құру керек. Түгендеу кассир және бас бухгалтердің қатысуымен жүргізілуді керек етеді. Кассаға түгендеу жүргізу тәртібі келесідей болуы мүмкін: бірнеше кассалардың болу себебінен аудитор оларға ену мүмкіндігін болдырмау үшін оларды жабады.

Кассир соңғы күні болған кассалық операциялар туралы кассалық есеп дайындайды, кассалық кітап бойынша тексерілген күнге ақшалардың қалдығын шығарады.Ұйымның кассадағы ақша қаражаттарының қалдығы және түрлі операциялар бойынша қозғалысы келесідей құжаттарда (синтетикалық (топтамалық) есеп регистрлерінде) көрініс табады:

– шаруашылық ұйымының балансында, сондай-ақ осы балансқа қосымшаларда (ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп),

– бас кітапта,

– №1-журнал-ордерде және №1-ведомосте.

Кассалық операцияларды тексеруді табысты жүзеге асыру үшін аудитор кассадағы ақша-қаражаттарының ішкі қозғалысының жағдайын бақылауды және кәсіпорында кассалық тәртіптің сақталуын бағалау үшін әрбір іс-әрекеттер бойынша тест сауалнамасын жасау қажет. Кассаны және кассалық операцияларды аудиторлық тексеру негізінен үш бағыт бойынша жүргізіледі:

1. Нақты ақшаларды түгендеу.

2. Кассаға келіп түскен ақшаларды толық және дер кезінде кіріске алынғанын тексеру.

3. Жұмсалған ақшаларды дұрыс шығысқа шығарылатындығын, яғни жұмсалынғандығын тексеру .

Банк операцияларын өз бетімен реттеуге болмайды, сондықтан бұл операциялардың аудиті дәйекті келісіліп жасалған аудиторлық тексеру бағдарламасына үлкен назар аударуды талап етеді. Банк операциялары есебінің аудитін жүргізу үшін келесі бағдарламаның нұсқасы жасалуы мүмкін:

– Банктерде есеп айырысу, ағымдағы, валюталық және басқа да шоттардың ашылғандығын анықтау, бұл шоттардың қандай банк мекемелерінде ашылғандығын;

– Банктердегі шоттардағы ақша қаражаттарының операцияларының шаруашылыққа тиімділігін, дұрыстығын және заңдылығын тексеру.

– Шоттарға келіп түскен ақша-қаражаттарының дер кезінде және толық кіріске алынғандығын тексеру.

– Талап етілген шоттарға төленген қаржылардың сәйкестігін және толықтығын, дұрыстығын тексеру.

– Бюджетке салықтардың және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдердің дер кезінде аударылғандығын тексеру.

– Банкке алынған және кассаға кіріске алынған қаражаттарды, сондай-ақ олардың мақсатына сай пайдаланылғандығын тексеру.

– Шаруашылық ұйымының төлем қабілетін және әртүрлі несие берушілермен есеп айырысудың мерзімінің өтелуі себебін, оның ішінде банкпен несие бойынша және бюджетпен салық бойынша есеп айырысуды анықтау.

– Шаруашылық ұйымының олардың шартта белгіленген қатынастарына сәйкес әрбір қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тексеру.

– Құжаттарда және жазуларда көрсетілген ақша-қаражаттарының қозғалысына және нақтылығына мәліметтердің сәйкестігін тексеру.

– Банк операциялары бойынша корреспонденциялардың дұрыстығын тексеру

Жасалған банк операцияларын құжаттары бойынша тексерген кезде күшіндегі заң актілерінің сақталуын мейлінше толық анықтау. Тексеруді бастамай тұрып тағы да ішкі бақылаудың жағдайын және банк операцияларының есеп жүйелерін бағалап, содан кейін оларды қандай әдіспен тексеруді шешу керек.

Тесттің сауалнамасын талдау жасаудың негізінде шаруашылық ұйымыдарының банк операцияларының ішкі бақылаудың қандай деңгейде екендігін, бухгалтерлік есеп жүргізудің талабына сәйкестігін, анықтауға мүмкіндік береді. Тест өткізілгеннен кейін құжаттарды оқып іріктеу және оларды өзара салыстыру әдістерін қолданып әрбір шот бойынша банк операцияларын жеке-жеке мұқият тексеру қажет

Есеп айырысу шоты бойынша операцияларға ерекше назар аудару қажет. Алдымен тексеру кезеңіндегі банк көшірмелеріндегі, бухгалтерлік есеп регистрларындағы, қорытынды есептегі шоттарындағы ақша қаражаттары қалдықтарын салыстырып тексеру керек. Ауытқу кездескен жағдайда олардың себебін анықтау қажет. Есеп айырысу бойынша операцияларын аудиторлық тексерген кезде мына мәселелерге назар аудару қажет болып табылады:

– есеп айырысу шоты қандай банк мекемелерінде ашылған;

– банк көшірмесінде көрсетілген сомасына, оған тіркелген бастапқы құжаттардағы сомасына сәйкестігін,

– көшірмеге тіркелген бастапқы құжаттарда банк белгісінің бар екендігін, егер құжаттары банк белгісі қойылмаған жағдай анықталса, жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатында банкке қарама-қарсы тексеру жүргізу қажет,

– банкке нақты өткізілетін ақша-қаражаттарының толық дұрыс өткізілгендігін,

– төлемді табыстауға берген келісімге байланысты пошта бөлімшелері арқылы аударылған ақша-қаражаттарының негізділігін,

-аударылған ақшаны алушының поштадағы мекен-жайы көрсетілген тізбектің дұрыстығын,

– теңгенің өтімділігіне байланысты операциялардың есепте дұрыс көрсетілгендігін,

– банктегі операциялар бойынша бухгалтерлік корреспонденциялардың дұрыстығын, бұл операциялардың бухгалтерлік есептің сәйкес шоттарында көрсетілгендігін,

– бухгалтерлік есеп бойынша есеп айыру шотына соқпай өндіріс шығындарына немесе айналыс шығынына шығыс жасалған операцияларға ерекше назар аудару қажет.

Банк көшірмесінің және оған тіркелген құжаттардың толықтығын, дұрыстығын олардың беттерінің парақтарының нөмірлері және шоттарға қалдық сомасын беру бойынша анықталады. Шоттары бойынша банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезеңнің соңындағы қалдық сомасы келесі көшірмедегі кезеңінің басындағы қалдық сомасына тең болу керек. Егер көшірмеде алдын-ала келісілмеген түзетулер және таза өзгертулер анықталмаса банк мекемелерімен қарама-қарсы тексерулер жүргізу қажет. Банк көшірмелерін тексеру банк құжаттарының мақсаты бойынша зерттеумен салыстырылып отырылуы қажет.

Егер арнайы шоттарда шетелдік валютасы көрсетілсе, онда операциялар валюталық операциялар жүргізілетіндей тәртіп бойынша жүзеге асырылады.