Арнайы мектептер жүйесінің құрылуы

1.Ғылымға дейінгі кезең

Тарихи мәліметтерге және әдебиеттер негізіне сүйенсек, естімейтін адамдарды, қалыпты дамыған адам қатарында санамаған, дегенмен Спарта және Аттика (Афина) жерлерінде естімейтін оқушыларды мемлекеттік оқу орындарында тәрбиелеген. Бірақ бұндай балаларды ешқандай ұйымдастырылып оқытуға талпыныстары туралы мәліметтер сақталмаған.

Естімейтіндердің білім алуының және тәрбиеленуінің теориясымен практикасының проблемаларының тарихымен және әр түрлі ықпалдармен сипатталады. (А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, А.И.Дьячков, Г.Л.Зайцева, Н.Н.Малофеев, Н.М.Назарова, Г.Н.Пенин, және т.б.).

Естімейтін адамдарға б.э.д ҮІІІ - ІХ ғғ.ерекше көңіл аударылғаны байқалады.

Көне Грецияда және Римде есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту жүйесі болмады. Антикалық мемлекеттерде «естімейтін сөйлемейтіндер» қоғамда тең құқықтары болмаған, оларды білім ала алмайтындардың қатарына жатқызған. Юстиниан кодексі (б.э.д.6.ғ) «кемтарларды» қамқорлыққа алған, туылғаннан естімейтіндер ауызша немесе жазбаша түрде өздерінің ойын айта алмайды, өзінің мүлігін басқара алмайды, ештеңкеге қабілеті жоқ деп есептелінген.

Антикалық медицинада кереңдіктің табиғаттан тыс және оны емдеу мүмкін емес деген. Тек Аристотель (384-322жж.б.з.д.) «О чувствах чувствующих» және «О чувственных восприятиях и их объектах», деген өзінің философиялық трактаттарында, баланың ақыл-ой қабілеттіліктерінің дамуына кереңдіктің және мылқаулықтың кері ықпал етуін ашып көрсетті. Есту мүшесін маңызды таным құралы ретінде, ал мылқаулықты туғаннан пайда болған кереңдіктің салдары деп санаған.

Христиан дінінің пайда болуымен дамуында ауытқушылықтары бар адамдарға мейірімді қарым-қатынастар қалыптасады, бірақ діни теріс ұғым және жоқ нәрсеге сенудің саны өсіп келеді. Кереңдік күнә үшін берілетін «Құдайдың қарғысы» ретінде көрсетілген.

Ерте орта ғасыр дәуірінде Европада дамуында кемшіліктері бар тұлғалардың құқығының шектелу дәстүрі қалыптаса бастады.

 

2. Алғашқы жеке оқыту тәжірибелері (XVI ғ. ортасы –XVIIғ. Бірінші жартысы)

Естімейтіндерге білім берудің бірінші әрекеті ХҮ ғ. жатады. Кереңдерді білім беру және тәрбиелеудің териясы мен практикасы Батыс Европада пайда болған және сол уақыттағы көптеген ғалымдарды қызықтырған. Нидерланд ғалымы Рудольф Агрикола(1443-1485) «Диалектиканың ашылуы туралы» кітабында, арнайы әдіс және тәсілдердің көмегімен естімейтіндерді жазбаша сөйлеу тіліне оқыту мүмкін екені туралы жазды.

Италья профессоры Джероламо Кардано(1501-1576) өзінің «О тонкостях», «О физиологии чувств» және «О моей жизни» деген жұмыстарында кереңдікке физиологиялық түсініктеме берді, кереңдік аурудан пайда болады, ал мылқаулық – кереңдіктен пайда болады деген.

Джероламо Карданоең бірінші классификацияны ойлап шығарды: туғаннан естімейтіндер, есту қабілетін ерте жоғалтқандар (бала сөйлеу тілінің пайда болуына дейін) және сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалғандар.

Джероламо Кардано алғаш рет кереңдіктің және мылқаулықтың физиологиялық негіздеуін көрсеткен және сақталған сезім мүшелерін қолдану негізінде естімейтіндерді оқыту мүмкін екенін дәлелдеген.

Джероламо Карданоның теоретикалық көзқарастары Испанияда өзінің практикалық дәлелділігін алды. Педро Понсо де Леон( 1520-1584) естімейтіндердің білім алуының түп нұсқалы әдісін құрып, аристократтардың балаларын жеке оқытуды практикаға ойдағыдай енгізді. П.Понсо өзінің әдістемесінде әр түрлі сөйлеу тілінің түрлерін қолданған: ауызша, жазбаша, дактильді және жест тілін.

Х.П.Боннет(1579-1633) «Естімейтін адамды сөйлеуге үйрету өнері және дыбыс табиғаты туралы» трактатында (1620), естімейтіндердің білім алуы және тәрбиеленуінің мақсат, міндеттерін қарастырып, осындай адамдарға дактильді және ауызша түрде сөйлеу тіліне оқытудың қажеттілігі туралы айтқан. Арнайы педагогпен естімейтіндерді оқытуда, сөйлеу тілінің сұрақ-жауап формасын қолданып, оқушылардың ақыл-ой қабілеттіліктерінің дамуында сөйлеу тілінің маңыздылығын көрсеткен.

Э.Р.Каррион(1579-1652) өзінің замандастарының ой-пікірлерін практикада дамытып, естімейтіндерді оқытуда тактильді-вибрациялық сезінулерге және есту қалдығына сүйенеген.

Х.П.Боннеттің естімейтіндерді Европада оқыту туралы идеялары ары қарай дамыды: Англияда – Джон Валлис(1616-1703) және Дж.Бульвер, Швейцарияда – Дж.К.Амман(1669-1724), Нидерландияда – Ф.М.Ван Хелмонт(1614-1699), Италияда – Ф.Л. Терций(1631-1687).