Тақырып. XX ғ.- XX I ғ. мәдениетіндегі батыс философиясы
XX ғасыр бүкіл адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған саяси-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық түбегейлі демократиялық өзгерістерді дүниеге ала келді. Ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жаңа диалектикалық даму процесін тудырды.
Ең алдымен осы ғасырды, оның даму тарихын ақыл-оймен екшелеп, түсіну өте қиынға соқты. Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды, оның қозғаушы күші болып саналатын адамды, оның мәнін ашу ешбір ғылымның және философияның шама-шарқы келмейтін проблемаға айналды. Өйткені қоғам, адам және оның тағдыры шым-шытырық, шешілмейтін қайшылықтарға белшесінен батып, одан шыға алмайтын жағдайға тап болды. Соған қарамастан адам және оның мәнін анықтауға, тіпті, жаңа тапсыз қоғам орнатуға, сөйтіп адамзаттың тағдырының жұмбағын шешуге бағытталған бүкіләлемдік, әлеуметтік-саяси тәжірибелер, жобалар жасалып, оларды жүзеге асыру әрекеттері орын алды.
ХХ ғасыр философиясында әртүрлі мәселелерді қамтыған ағымдар көп болды. Әсіресе, ғасырдың бас кезінде ғылым мен техникаға бас иген замана ырқына байланысты адамды, оның көзқарасы мен ой толғамын, дүниетанымын, олардың мәнін қайта қарау мәселесі көтерілді.
Экзистенциализм(лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде пайда болған. Көрнекті өкілдерінің бірі – М.Хайдеггер (1889-1976) - неміс философы. 1927 ж. «Болмыс пен уақыт» кітабын шығарады. Бұл шығарманың өте ықпалды болуының себебі мұнда адамның белгілі жағдайға түсуі терең экзистенциалдық талдаудан өтеді. Бірақ сол кейінірек философ «Болмыс пен уақытқа» кіріспе жазып, ең басты назарды адамға емес, болмысқа аударады. Хайдеггерше, болмысты ұмыту Батыс философиясының тағдырына айналған, оны осы ұмытшақтығынан құтқару керек. Осы кезден бастап М.Хайдеггерге болмыс туралы ілім қалыптастыру өмірлік мақсатына айналады. М.Хайдеггер үшін философия - болмыс туралы ілім. Болмыс пен тірлік болу мүмкіндігі мен нақты бар болу бір емес. Болмыс - бар тіршіліктің өзгеру мүмкіндігі. Сондықтан болмыстың атойын тыңдау керек. Болмыс пен тірлік, мән мен мағына бір болмағандықтан, М.Хайдеггер Батыс философиясының классикалық философиясын сынап, «деструкция» ұғьмын енгізеді. Деструкция дегеніміз - философияның үйреншікті схемаларын бұзып, жаңаша пайымдау. Бұл тұрғыда, Хайдеггерше, ежелгі грек философтары ақиқатқа жақын болған. Сондықтан ол осы философияның көп қағидаларын қайта жаңғыртады. Егер Декарт философиясы күмәндану бағытында дамыса, грек философиясы таңдану, таңырқау бағытында дамыған. Егер өмірді соқпақ жол деп есептесек, ол жолға аттану мен жол басына қайта оралудан тұрады. Ал жалпы болмыстың үйі - тіл. Ойлау процесі тіл арқылы жасалады. Тілсіз ой жоқ. Тіл сөйлеу, тыңдау, ұғыну қарым-қатынасынан тұрады.
Экзистенциализмнің ірі өкілі Карл Ясперс. Ол - дәрігер және философ. Гельдейберг университетінің болашақ профессоры, оның еңбектері «Жалпы психопатология» (1913 ж.) және «Дүниетаным психологиясы» (1919 ж.) 1937 жылы университеттен антифашист деп қуылды. Философиялық шығармалары: «Тарих ойы мен мазмұны» (1949 ж.) және «Философиялық сенім» (1948 ж.).
Оның тақырыбы - адам және тарих, әлем - дәуір, ситуация, әрбір жағдай қайталанбайды. «Жалпы психопатологиясында» ол соматикалық жағдайды сынайды, онда адамды объект түрінде қарастырған.
Мұндай түсінік астарында адамның терең жалғыздығы, діни, жанұялық, ұлттық, руханилығы жатыр.
К. Ясперс адамдық «Меннің» 4 деңгейін ажыратады:
1. Мен - эмпирикалық. Бұл деңгейде түйсік жұмыс істейді.
2. Мен - жалпы ана ретінде. Пәндік сана. Бұл Мен - танымның ғылыми субъектісі.
3. Мен жан, ақыл ретінде. Оның айырмашылығы - тұтастық.
4. Экзистенция - бұл бостандық, адамның өз болмысының түбірленуі. Осы соңғы адамды бостандыққа апарады.
К. Ясперс философиясында үлкен орынды экзистенциялық қатынас мәселесімен айналысады. Ол ХХ ғасырдың жан мәселесін - коммуникация мәселесінен көреді, экзистенция арқылы қатынас - бостандық. Француз экзистенциализмі экзистенция, эссенция, еркіндік, өмір мен өлім, өмір мәніне басты назар бөледі. Оның тағы бір өкілі - Жан Поль Сартр. Оның шығармалары «Болмыс және ешнәрсе» (1943 ж.), «Экзистенциализм - бұл гуманизм» (1946 ж.), «Диалектикалық ақылға сын» (1960 ж.). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция фашистік оккупациясына қарсы шықты, М. Мерло-Понтимен бірге «Социализм және еркіндік» қарсыласу тобын құрды. Соғыстан кейін әлемдік философ және жазушы болды.
Ж.П. Сартрдың қарастырған негізгі мәселелерінің бірі- адам және оның еркіндігі болғандықтан, гуманизм проблемасын көтеріп, оны басқаша шешкен «Экзистенциализм - ол гуманизм» деген еңбегін атап өткеніміз жөн. Бұрынғы гуманистік идея бойынша адамның мәнін ашып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығару керек. Біз, амал нешік, күні бүгінге дейін осылай ойлаумен келеміз. Ал шындығында бұл көзқарас адамды тірі жан ретінде емес, оған зат деп қарауға әкеліп соғады. Өйткені біз күні бұрын бірдеңені, айталық, пышақты жасауды, оны қалай пайдалануды ойластырамыз. Яғни біз күні бұрын мақсат қоямыз. Пышақ - сол мақсаттың жүзеге асуы. Ал адам - зат емес. Оны күні бұрын жоспарлап, дайындап, белгілі бір мақсат ретінде жүзеге асыруға болмайды. «Адам деген ол өзін-өзі жүзеге асыру», сондықтан да ол өзіне өзі жауапкершілік артады, өйткені өзіне-өзі ерікті. «Адам дегеніміз – еркіндік». Адам сондай-ақ моральдік зандылықтарды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін, ол өз еркінде. Өйткені оның өз моралі бар. Осыдан келіп адам - болашақ, болашақтың жобасы болып шығады.
Экзистенциализмді өзінше ілгері дамытып, романдары мен философиялық эсселерінде заманымыздың қайшылыққа толы көкейтесті мәселелерін көтерген ойшыл француз жазушысы Альбер Камю еді. Оның дүниежүзіне белгілі «Бөтен», «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікшіл адам», т.б. шығармалары экзистенциализмнің өзіндік бір түрі дүниеге келгенін айқындайды.
А. Камюдің көзқарасын абсурд (латын тілінде мағынасыз, қисынсыз) философиясы деуге болады. Осы абсурд философиясын үш кезеңге бөліп қараған жөн. Бірінші кезеңде абсурдтың пайда болып, қалыптасуы. Бұл кезең оның «Бөтен» деген повесі мен «Сизиф туралы аңыз» атты эссесінде толығынан баяндалған. Адам, оның еңбегі, күнделікті күйбең тіршілігі, барлық өмірі - абсурд. Абсурдтық ойлау, абсурдтық шығармашылық. Екінші кезең - абсурдқа қарсы күресу. Бұл мәселе оның «Оба деп аталатын романында көркем тілмен, терең оймен суреттелген. Бірақ күрес, обаға қарсы қолданған тәсілдер уақытша нәтиже беріп, жеңіске әкелгенімен түбінде оба тарататын сабау қүйрық тышқандар қайтадан бой көрсете бастады. Ендеше бұл күрес, қарсылық нәтижесіз, абсурдқа алып келе береді. Үшінші кезең күрес, әрекет, бүлік еш нәтиже бермеген соң «қуғында болу, «айырылысу. Осы кезеңнің мазмұнын «Құлдырау» деген повесі айқындап берді. Бұл дәуірде адамның жалғыздығын, тіршіліктен безушілігін қарастырумен қатар адам мен адамды жақындастыруды сағыну, аңсау сарыны бар.
Структурализм (К. Леви - Стросс, Ж. Лакан, М. Фуко және тағы басқалар) әртүрлі текстер мен деректерді үйренуге назар аударды. Аңыздарды өмірдегі әртүрлі этностарды оқу жаңа әдістемеге бұрылуды талап етті. Философияның тапсырмасы - құрылымнан жабық базисті құрылымды табу. К.Леви - Стросс (1908 жылы туылған) аңызды ойлауды зерттей келе, әрбір халық пен тайпаның жалпы құрылымын құру туралы шешімге келді. Ол гуманитарлық ғылымның рөлінің өсуі ХХІ ғасыр деп сызып көрсетті.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында гуманитарлық білімдер саласында арнайы ғылыми бағыт ретінде пайда болған структурализм кейінірек түрліше философиялық және идеологиялық түсіндірмелерге ие болды. Структурализм бастамасын сонау антик заманы философиясынан да бақылауға болады. Бірақ структурализм идеяларының қазіргі заманғы философиялық түсініктері ХХ ғ. басында арнаулы білім салаларында, атап айтқанда тіл білімдері саласында, әдебиеттануда, этнографияда пайда болды, ал бұл бір қатар гумаинтарлық ғылымдардың жай баяндаушы эмпириктік зерттеу әдісінен абстракттық-теориялық зерттеулер әдісіне көшуіне байланысты болды. Олар: структуралық (құрылымдық) әдіс, модельдеу (үлгісін жасау) әдісі, математикаландыру және формаландыру әдістері еді.
Нақты-ғылыми структурализмнің негізін құратын структуралық әдіс алғашында структуралық тіл білімінде тұжырымдалып, кейіннен әдебиеттануда, этнографияда және басқа кейбір гуманитарлық ғылымдарда қолданыла бастады. Сондықтан структурализм кең мағынада алғанда бір қатар білім салаларын қамтыды, ал тар мағынада структурализм деп бұл әдісті қолдануға байланысты туған ғылыми және философиялық идеялардың жиынтығын түсінеді. Структурализм идеялары 60-жылдары әсіресе Францияда кеңінен тұрады. Оның негізгі өкілдері – Леви-Строс, Фуко, Деррида, Лакан және басқалар.
Структурализмнің өзекті термин-ұғымы – структура (құрылым) деп зерттелетін объектінің барлық элементтері мен бөліктерінің, тұрақты байланыс жүйелерін, жиынтығын айтады. Структурализмнің міндеті тұрақты құрылымды (тілдік, сөздік, мәдени т.б.) іздеп тауып, олардың байланысын зерттеу.
Нақты - ғылыми структурализмнің зерттеу объектісі ретінде мәдениет шартты белгілер системасының жиынтығы болып табылады; оған жататын басты элементтері: тіл, ғылым, өнер, дін, мифология, дәстүрлер, адам мінезінің үлгілері т.б. Структуралық методология білімінің арнаулы салаларында (тіл білімінде, мідениеттануда т.б.) құнды-құнды нәтижелер берді. Сонымен қатар, структурализмнің шартты белгілер системасының санасыз механизмдерінің рөлін асыра дәріптеу, уақыт факторларын, яғни тарихи факторларды жеткілікті бағаламау адамның субъект ретіндегі құндылығын, еркіндігінің объективтік мазмұнын теріске шығарып, қоғамтанудың гуманистік маңызын төмендетеді.
Мишель Фуко (1926-1984) «білім археологиясы» ғылым тарихын зерттеу үшін әдістемелік негізді ұсынады.
ХХ ғ. структурализмі индивидтің негізіне «санасын», «субьектісін», оның іс-әрекетін салатын философиялық бағытына қарсы тұрады. Ол анонимді, жақсыз, инвариантты құрылымдарға бет бұрады, ол индивид және ұжым санасында, адамдар іс-әрекетінде, қоғамдық өмірде, дегенмен, ең алдымен тілде көрінетін зерттеулерге көңіл білдіреді. Негізін құрайтын ой - ол тіл дегеніміз, бір-біріне өзара қатынасында мәнге ие болатын шартты белгілер жүйесі және бұл белгілер байланысының жүйесі өте маңызды. Структурализмге сонымен қатар, өзін сөзде табатын Ницшенің идеясы және Фрейдтің санасыздық жайлы ілімі ықпал етті. Клод Леви Строс архаикалық мәдениеттерді зерттеуге көшті, Ролан Барт - әдеби шығармашылық құрылымға, Жан Лакан – санасыздық құрылымына назар аударды. Мишель Фуко археология деп аталған дискурсивті практика философиясын дамыту арқасында атақты болды. Бұл «археология» тек адам, қоғам немесе тарих жайында айтып қоймай, классикалық философияның «субьекті» жоғалатын, айтылудың анонимді фрагментарлы және ауыспалы құрылымы жайында айтылады. Дискурсивті практикалар, дискурсивті оқиғалар ансамблі көршілес болады, кездеседі, бірігеді, тарайды, үзіледі, лабиринттарда жоғалады, бір бірін елемейді және т.б. Байланыс принциптері өзгермей тұрмайды – олар пайда болып жойылады. Ерекше көңілді Фуко әр-түрлі «ауытқулармен» байланысты негізді шайқалтқанда, күнделікті және атақты көрінетін «шашыраудан» ре-проблематизациядан көреді.
Осы негіздерді лингвистикалық сілкіністе ерекше түрде постструктурализм және постмодернизм өкілдері табысқа жетті, олар Ницшенің «балға арқылы философиямен шұғылдану» ұранына және Хайдеггердің онтология тарихын деструкцияға ұшырату ниетіне жүгініп барлық еуропалық «рационалдылық» дәстүрін деконструкцияға, сыни анализге түсіреді (Ж.Ф.Лиотар, Ж.Делез, Ж.Деррида, Ж.Бодрийар және т.б.).
Бұл бағыттағы философтар сенімі бойынша ойлау аумағындағы қандай да бір «құрастыру», жүйенің қандай да бір құрылымын ескерген. Оларды мәтін және тілге тірек, қандай да бір нақтылыққа, жүйелілікке, тәртіпке, бірмәнділікке, логикалыққа, «үлкен әңгімелерге - нарративтерге» (мысалы, әрбір философиялық жүйелерге және ғылыми теорияларға) деген ирониялық қатынас және ұнамсыздық және интеллектуалды ойындарға, ой еркіндігіне, қайшылықтарға, «дисконсенсусқа», «агностикаға», парадокстарға, фрагментарлыққа, тұрақсыздыққа, құлдырауға, шашырауға және бұзылуға, эпатаждыққа, екімәнділікке деген құлышыныс біріктіреді.
Прагматизм- гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды.
Прагматизм - абстракті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.
Прагматизмнің негізін алғашқы өкілдері - Ч.Пирс пен У.Джемс салды.
Ч.Пирс(1839-1914) ғылым мен дінді ымыраға келтіруге тырысты, «ақылға қонымды философияны», яғни утилитаризм, іскерлік, пайдалы, практикалық мәні бар философия, «американдық өмір бейнесін» жасауға ұмтылды.
Ч. Пирс ғылыми әдіске танымды тануға және белсенділіктің соқыр әдістерін сынға алады. Өзінің прагмативті ережесін мынадай үлгіде құрастырады: сөздің рационалдық ойы объект танымдылығы - бұл практикалық түрлердің мүмкіндігіне жеткізеді. Идея ақиқат болып табылады. Пирс ақиқатты пайдалыға санайды.
У. ДжемсЧ. Пирстан ақиқатты инструментальды деп ерекшеледі. Ол «идеялар біздің тәжірибеміздің бөлігі, ақиқат идеясы сенімділікпен, күшімізді үнемдеуден көрінеді»,- деп жазды.
У. Дьюи философияны натурализм деп анықтайды. Мұндай философия прагматизм ағымында қозғалады және эмпирикалық дәстүр ішінде табылады. Оған кеңейтілген тәжірибе трактовкасы беріледі. Ол «тәжірибе - сана емес, тарих» дейді. Тәжірибе өзіне сананы, саналықты, трансцендентальды жүйені, ғылымды, ғылымнан тыс білімді кіргізеді.
Тәжірибе - бұл тарих, ол адам өміріне, әлемге, оның мәдениетке айналуынан құрылады. Адам осы әлемде өмір сүреді. Табиғатсыз адам жоқ, адамсыз табиғат жоқ (объектісіз субъект жоқ, субъектісіз объект жоқ). Адам табиғатты өзгертуі мүмкін. Оның күшті құралы ғылым мен техника. Дьюи өзін реалист ретінде көрсетеді. Ол әлемді тұрақсыз, бірқалыпты емес деп айтады. Дьюи бойынша таным бұл процесс.
Прагматизм философияның басты мәселесі: ғылым мәселесі, ғылым әдістемесі тәжірибемен, практикамен байланысты мәселе дейді. Позитивизм мен прагматизм адамның дәстүрлі философиялық мәселелеріне ауысады.