Философия пәні бойынша негізгі түсініктер

(ГЛОССАРИЙ)

Антропологизм - адам туралы ілім.

Абстрактілік - бөлек шығарылып және жеке қарастырылады.

Абсолют - (лат. « absolutus») - тұйықталмаған, шексіз.

Абсолюттік идея - Гегель философиясының басты категориясы, нақты және шартсыз жалпылықты білдіреді.

Антитезис - (грекше ) қарама – қайшылық.

Анамнесис( гр.т. еске түсіру ). Платон философиясындағы термин адам жағдайының қал-жағдайын түсіндіреді.

Атман(санскрит) - дем, жан, бар нәрсені қамтитын субъективті рухани бастау, «Мен»-жан.

Атараксия — (гр.т.толқымау, жайбарақаттық) Эпикур ілімі бойынша адам ұмтылуға тіисті идеалды жағдай.

Антропоцентризм- адамды дүниенің ең басты құндылығы деп есептейтін көзқарас.

Антиклерикализм- дінге емес, керісінше шіркеудің басыбайлығына қарсы бағытталған қозғалыс.

Априорий - тәжірибеге дейін.

Антиномия - екі қарама - қарсы түсініктер арасындағы қарама- қайшылық әрбіреуі логикалық дәлелді және тиімді.

Аномия (франц. апотіе- заң, ұйымдасудың жоқтығы) - қоғамның құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі дағдарыстарды білдіретін ұғым.

Абсурд(лат.т.) - мағынасыз, қисынсыз деген мағынаны білдіреді. Абсурд Камюдің шығармаларында философиялық мәнге ие болады. Ол өзінің «Сизиф туралы аңыз» атты еңбегінде «Мағынасыздық – адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады», - дейді.

Абстракция(лат. аbгtrаtсіо— ойша бағамдау) — шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру.

Архетип (грек. arсһе - бастау, tироs - бейне) - алғашқы үлгі, түпнұсқа. А. жалпыадамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады.

Аскеттік(грек. аsketes - жаттығу, ерлік) - саналы түрде табиғи қызықтардан, өмір игіліктері мен ләззаттықтан өзін рухани құтқару мен жоғары мағыналықты көздеп, адами немесе діни мұраттарға жету үшін бас тартып, өткінші дүние құндылықтарын тәркі ету.

Ақиқат- өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, тәжірибе сайып келгенде, өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға емес және олардың тілмен тұжырымдалу емес нақты ойға қатысты.

Ақпараттық қоғам (лат. іпformatio- түсіндіру, хабарлау) - 1945 ж. жапон ғалымы Е. Масуда енгізген термин. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған елдердегі капитализмнің бұрынғы индустриалдық капитализмнен бөлек екендігі айқындала түсті.

Агностицизм(гр. «теріске шығару және білім») - дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Агностицизм ғылымды шектеу, логикалық ойлаудан, табиғаттың заңдарын танып білуден бас тартады.

Әлеуметтік стратификация(лат.т.қабат және жасаймын) батыс әлеуметтануындағы қоғамның әлеуметтік құрылымын, ондағы теңсіздікті, әлеуметтік қабаттасу шарттарын белгілейтін негізгі түсініктердің бірі болып есептеледі.

Әдіс (метод) - (гр.т. «metods» - зерттеу немесе тану жолы, теория, ілім), философиялық және ғылыми білім жүйесін құру және негіздеудің тәсілі; шындықты практикалық және теориялық игерудің айла-тәсілдері мен операцияларының жиынтығы.

Брахман (санскрит) - жоғарғы объективті шындық, одан әлем пайда болатын абсолютті рухани бастау.

Брахманизм - ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни-философиялық жүйе.

Бүткілбірлік- әлемнің, барлық тіршіліктің бірлігі, болмысты ұйымдастырудың принципі; барлық заттар мен дүние құбылыстарының өзара шарттасуы, байланысы, өзара жіктелуі. Онтологияда бүткілбірлік: игілік - ақиқат - сұлулық (добро - истина - красота), ал гносеологияда -біртұтастық білім жүйесі:

Біртұтастық білім- ғылым, философия және діни сенімнің бірлігі, синтезі.

Бейсаналық - адам санасында анықталмайтын психикалық, тылсым процестердің жиынтығы, мәдениеттануда сана құбылыстарынан сапалы өзгешеліктері бар қоғамдық сананың санаға дейінгі және төменгі саналық құрылымдары.

Болмыс - барлық тіршілікті қамтитын абстрактілі философия категориясы.

Батысшылдық(XIXғ. 40-50 ж.ж.) «еуропашыландыруды» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері –А.И. Герцен, В.Г. Белинский, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, П.В.Боткин, Т.Н. Грановский.

Биосфера(гр.т. «Био»-өмір, «сфера»-шар) өмірмен қамтылған және ұйымдастырылған, кешенді жердің қабықшасы бар өмірдің бөлігі.

Ведалар (санскрит) - әріптік білім, білу, ежелгі үнді мәтінінде жазылған өте ертедегі мәтіндердің жиынтығы және діни философиялық мұра болып табылады.

Верификационизм (лат. verus- ақиқат, fасеrе - жасаймын) - ғылыми ақиқат, оның деректері эмпирикалық тексеру арқылы айқындалады деген әдістемелік концепция.

Гносеология - таным жайлы философиялық ілім.

Гуманизм (лат. һитаnus- адамдық, адамгершілік) - тұлға ретіндегі адамның, оның еркін дамуы және өз қабілеттерін жүзеге асыру құндылығын мойындау, адам игіліктерін қоғамдық қатынастарды бағалаудың өлшемі ретінде қабылдау.

Герменевтика(грек., герменойтикос - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) - ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.

Географиялық орта -қоғамның дамуы мен өмір сүру шарттарын құрастыратын және қазіргі тарихи кезеңде қоғамдық өндіріс процесіне тартылған табиғаттың құбылыстары мен заттарының жиынтығы.

Геосаясат -саясаттанудың концепциясы мемлекеттің ішкі саясатына сәйкес негізінен әр түрлі географиялық факторлармен, мысалға кеңістікпен алдын-ала анықталған. Табиғат ресурстарымен, климатпен, халықтың басым көпшілігімен және оның өсу қарқынымен көрінеді.

Ғылым-табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағытталған және оның барлық шарттары мен сәттерін білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігі дене тәжірибесімен, ғылым еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік іс-әрекеттермен айналысады.

Деизм- жақтаушылары құдайдың бар екендігін мойындайтын, олардың ойынша құдай бір рет өмірді құрғаннан кейінгі, оның әрі қарай дамуына қатыспайды және адамдардың іс-әрекетіне ықпал етпейді деп есептейтін философиядағы бағыт.

Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Дүниетаным - адамдардың өзін қоршаған ортаға деген пікірлердің, идеялардың, теориялардың жиынтығы ретінде көрінетін және сол ортадағы алатын адамдардың орнын білдіретін ұғым.

Дхарма (санскрит) - заң, тәртіп, борыш, әділеттілік, жағымды сипаттағы бeлгiлі бip белгілену, оған норма ретінде ұстану қажетті үлгі.

Диалектика — гр.т. әңгіме дүкен құру өнері, пікірталас.

Даосизм-дао немесе «жол туралы ілім, Қытайда б.з.б. 6-5 ғ-да пайда болған. Даосизмнің нeriзін қалаушы ежелгі Қытай философы, табиғаттан айнымауға, табиғи өмір суруге шақырған Лаоцзы болып есептелінеді.

Дао-Қытай классикалық философиясының аса маңызды категориясы» «жол» дегенді білдіреді. Кейіннен Дао ұғымы философияда табиғаттың «жолын», оньң заңдылықтарын белгілеу үшін қолданылады.

Дедукция - (лат. «deduction» - шығару) - танымдағы жалпыдан жекеге және дараға ауысу, жалпыдан жеке және дараны шығару.

Дуализм- тең кұқылы және бір - біріне сәйкес келмейтін бастаманың рухани және материалдылығын мойындайды.

Детерминизм(лат.т. «анықтаймын») - нақты әлемнің құбылыстары мен процесстерінің, заттарының объективті заңды өзара байланыстары, өзара шарттастығы жөніндегі философиялық ілім. Ғылым тарихында детерминизм себептілік ретінде кездестірілді, алайда материя дамуының буын тізбегі, әлемдік өзара тәуелділіктің кезеңі ретінде ғана себепті байланыс детерминизмнің негізгі формасы ретінде екенін ғылыми танымның дамуын көрсетіп берді.

Ерік -алдын ала жоспарланған саналы іс-әрекет, белгілі бір құндылықты құрайтын мақсатқа ұмтылу, классикалық жүйе бойынша ерік: 1)себептердің болуы, 2)саналылық, 3)шешім, 4)іске асу.

Жэнь- «адамдықты», «Адам сүйгіштікті» білдіреді. Ол Қытай философясының және мәдениетінің негізгі категорясы.

Зат- құрамы бар және басқа заттармен қатынаста болу.

Идеализм - материя мен сана жағдайында бірінші болып сана (идея, рух) пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт.

И – «әділеттік», «шыншыл». Қытай философиясының негізгі категориясы.

Инь-ян- Қытай философиясының негізін қалаушы категориялар, оларды бipre қарастырады. Ол әлемнің жалпылы идеясын көрсетеді: қараңғы-жарық, ер-әйел, тыныштық, қозғалыс т.б. Инь-ян Әлемдегі өмірді қалыптастырушы, ғарыштық бастау.

Индукция - (лат. «induction» - келтіру) — танымдағы жекеден, дарадан жалпыға ауысу, жалпыны жекеден, дарадан шығару.

Интуиция(лат.т. «зер салу») - ақиқатқа тікелей көз жеткізу қабілеті. Жаңа дәуірдегі философияда интуиция таным қызметінің ерекше формасы ретінде қаралды. Интуиция таным процесінде елеулі орын алады және оны танымның, «үшінші тетігі», айшықты әрі маңызды, заттардың мәнін тап басатын таным деп санады.

Иррационализм- (латын тілінен) - санасыз, зердесіз, ақылға сыйымсыз.

Ислам (араб.- момындық, бағыныштылық) - әлемдік ірі діндерінің бірі. Құдайдың (Алла тағаланың) соңғы аманаты, соңғы дін. Исламның ақиқатын адамзатқа жеткізуші Мұхаммед ғ.с. соңғы пайғамбар болып табылады. Мұсылманшылықтың басты негізі - Құран, мәңгілік, ешкім жаратпаған Құдай сөзі, яғни Құдай табиғатын ашатын көктен түскен аян.

Йога - (санскр. - байланыс, ойды жинақтау, бірлесу, тәртіп, терең ой) - көне және ортағасыр үнді философиясының жүйесі. Йога негізгі қағидалары Патанджали, Упанишад йога және Титада жүйеге келтірілген.

Кеңістік— қозғалушы материяның объективті түрде өмір сүруінің формасы. Материалдық объектілердің және жүйелердің аумағын, алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын сипаттайтын ұғым.

Карма (санскрит) - көне үнді діні мен философиясындағы таным. Карма танымы бойынша, тірі жан иесі өзінің өмірінде жасаған жақсы жөне жаман әрекетінің жиынтығына сәйкес, кейінгі басқа өміріндегі тағдыры шешіледі.

Катарсис (грек. саtarsis - тазару) - адамның рухани жан және тән саулығының үндестігі барлық элементтер мен қуаттың бірлігінде екенін көрсететін ұғым.

Конфуцийшілдік - ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бipi. Конфуцийшілдіктің негізін калаушы - Конфуций (б.з.б.551-479), оның көзқарасын ізбасарлары «Лунь юй» кітабында баяндап берген.

Креационизм -құдайдың әлемді жаратуы туралы.

Космогония -(грек. коsmos– дүние, әлем, ғарыш) - астрономия ғылымының үлкен бір бөлімі, космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы саласы.

Категориялық империатив- мінездің тұйықталмаған принципі, этиканың негізгі заңы.

Қалам- араб -түрік философиясындағы негізгі бағыт, «сөз» немесе «сөйлеу» дегенді білдіреді.

Құрам - заттың басқа заттарға әсер ету және басқа заттармен сәйкес келу қабілеті.

Ли - «этикет», «этика», «дәстүр». Конфуций ілімінің ортақ принципіне, ол өмірдің әртүрлі сфераларында адамдардың қарым - қатынастарын реттейді.

Либидо (лат. libidо - құштарлық, ұмтылыс) - психоталдаудың негізгі концептуальды ұғымдарының бірі. Л. термині арқылы психикалық белсенділік түрі бейсанасыз түрде транформацияланып, көрініс табуын, оның негізінде сексуальды қажеттік жататын психикалық қуат көзін айқындайды.

Легизм- (фа-цзя) заңгерлер мектебі, ел адамды, қоғамды, мемлекетті басқарудағы этикалық-саяси ілім. Ол б.з.д.VI-III ғ-да пайда болды.

Мәдениет(лат.т.-өңдеу, тәрбие, білім, даму, құрметтеу) өзіндік және өзара, табиғатқа қарым-қатынас жиынтығында, рухани құндылықтарында, әлеуметтік норма мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани еңбектерінде, адамның өмірлік іс-әрекетінің дамуы мен ұйымдасуындағы тәсіл.

Модернизм (франц. тoderne- ең жаңа, қазіргі) - ХІХ ғ. соңы, ХХ ғ. ортасына әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философиялық-эстетикалық қозғалыс.

Материализм - материя мен сана қатынасында бірінші материя пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт.

Мокша –Атман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен арылу, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқауылынан азат болып махатма – Ұлылық дәрежесіне өтеді.

Моизм- Қытайда б.з.д. 5-6 ғ.ғ.-да пайда болған, философиялық бағыт. Негізін калаушы Мо Ди.

Метафизика — (гр.т.физикадан кейін) болмыстың басталуы және жоғары ілімдер туралы ғылым.

Мутазалиттер- материалистік сипаттағы философиялық бағыт.

Натурфилософия- табиғатты бірлікте қарастыратын

философия бөлімі.

Номос және Фюзис ( гр.заң және табиғат ) - көне грек философиясындағы түсінік. Софистер іліміндегі «Тезис пен фюзиске қарама-қарсы ілім.

Неоплотонизм — антикалық платонизмның соңғы даму этапы. Негізін салушы Плотин.

Монетеизм -бір құдай.

Нигилизм(лат. піһіl - ештеңе) - мәдениет құндылықтарын, адамгершілікті, мемлекетті жоққа шығару. Батыста философиялық және этикалық Н. «уақыты өткен дәуірді» терістеу ретінде көрініс табады.

Ноосфера(гр.т. «ақыл-ой») дамудың басты анықтаушы факторы болып табылатын адам қызметі көрінетін табиғат пен қоғамның өзара әрекет етуінің сферасы. Ноосфера туралы түсінік 20 ғасырдың 1- ші жартысында берілген болатын.

Объект(лат.т. «алдында орналасқан») көзге түскеннің барлығы. Тар мағынасында ойлаушы субъектіге қарсы орналасқан біздің ойымыздың қарама-қарсы жағы. Объект - зерттелуші, субъект - зерттеуші.

Онтология– болмыс фундаментальды үрдіс пен құрамның құралы болатын философия бөлімі.

Өмірге деген ерік- Шопенгауэр философиясындағы өмірге деген көзсіз және үздіксіз қалаулар жиынтығы және тұлғаның жеке қасиеттерін сақтай отырып, ұрпақ жалғастыруы.

Өркениет(лат.т.азаматтық, мемлекеттік) 1) мәдениет ұғымының синонимі. Марксистік әдебиетте материалдық мәдениетті белгілеу үшін де қолданылған. 2) рухани, материалдық мәдениеттің қоғамдық дамуының деңгейі, сатысы.

Перепатетизм — Перипат немесе Ликей, гимназия деп аталған, Аристотельдің философиялық мектебі.

Пантеизм -құдай әлемді жаратып, сол әлемге таралып кетуі.

Позитивизм- (лат.оңды) ғылымдардың нақты шынайы білімнің бірден-бір көзі және ғылымның оң, жағымды жағын мойындайтын философиялық бағыт. Білім жеке ғылымдардың нәтижесі ретінде беріледі және философия жеке ерекше ғылым болғандықтан шынайылықты өзіндік тексеруге құқылы.

Прагматизм (лат. іс,әрекет) - адам болмысындағы іс-әрекет, білімнің маңызын тәжірибелік нәтижелер арқылы белгілейді. Белгілі бір қайшылықтарды тәжірибелік нәтижелер арқылы салыстырып шешуге негіздейді.

Прагматизм- гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болған. Прагматизм - абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.

Парадигма-ғылым даму кезеңіндегі теоретикалық, методологиялық, құндылық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл термин ғылымда америкалық ойшыл Т.Кун есімімен байланысты.

Плюрализм - бірлікті жоққа шығарады, болмыс түрінің бірнеше тәуелсіздігін және сәйкес келмеуін мойындайды.

Постиндустриалдьқ қоғам -қазіргі батыс әлеуметтануында және футурологиясында кеңінен тараған қоғамның жаңа кезеңі. Дүниежүзілік

тарих кезеңіндегі әртүрлі технологияны алмастыратын әлеуметтік үдеудің негізіне қаланатын дамулар болып табылады.

Постструктурализм - структурализмнің екінші толқыны, структурализмді сынаумен байланысты және оның алдыңғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. Постструктурализмнің өкілдері: Ж. Деррида, Ж. Делез, Ж. Бодрийар, Ж. Лиотар, Ю. Кристева, М. Фуко, т.б. Постструктурализмнің басты міндеттерінің бірі - логоорталықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі тіл билігін және билік тілін айқындау.

Постмодернизм- дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді.

Пассионарлық (лат. құштарлық, сезімдік) - қимыл-қарекет, іс-әрекетті аңсаған құштарлық, жекелеген адамдарда да, топтарда да болуы мүмкін шектен тыс күш-қуатқа қабілеттілік

Реформация- католицизмді реформалауды көздейтін XVI - XVIІ ғасырда пайда болған қозғалыс.

Рационализм- (лат.т. «rationalis»-саналы, ratio-сана), сананы танымның және адамдардың мінез-құлқының негізі деп танитын философиялық бағыт.

Софистика - дауласу және дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмді яғни сыртай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану.

Сяо-адамгершіліктің негізі, Конфуций іліміндегі үлкенді құрметтеу принципі. Оның мағынасы «ата-анаға ли ережесі арқылы қызмет ету, оларды ли ережесімен жерлеуде» жатыр.

Софистика- гр.софистердің ілімімен п.б.көне Грециядағы ағым. Жалған сөздер мен аргументтерді қолдана отырып адамды сөз арқылы сендіру.

Стоицизм — көне грек философиясының мектебі. Негізін салушы Зенон.

Скептицизм— ( гр.т. зерттеуші, қараушы) Пиррон негізін салған философиялық бағыт.

Суфизм(гр.т. жүннен тоқылған шекпен)- исламдағы мистикалық-эстетикалық ілім. Негізін салған – Қ.Яссауи.

Схоластика(schola - мектеп) - шынайы өмірден бас тарту,консерватизм, діни идеяларға толық бағыну.

Секуляризация- қоғам мен жеке тұлғаның дін ықпалынан арылуы.

Социалистік-утопистік (ХУ-ХУІІғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, тендестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды.

Субстанция - (лат. substantia— мазмұн, негізде жатқан нәрсе) — объективті шындық, оның қозғалысының барлық түрлерінің тұтастығы аспектісіндегі материя; сезімдік алуан түрлілікті және қасиеттердің өзгергіштігін салыстырмалы түрде тұрақты және дербес тіршілік ететін алуандылыққа сыйдыру мүмкіндігін беретін шегіне жеткен негіздеме.

Сенсуализм - (фр.-sensualisme, лат. - sensus- қабылдау, сезім, сезіну), таным теориясындағы бағыт, оған сәйкес сезімділік ең анық танымның басты түрі болып табылады.

Славянофильдік(XIX ғ. 40-50 ж.ж.) - Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Оның өкілдері - А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н. ағайынды К.С. мен И.С. Аксаковтар.

Субстанция- жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, болмыс формасын өзгертіп отыратын болмыс негізі.

Сезім- адам сезім мүшелері арқылы алынатын ақпарат. Сезім шындықты бейнелеудің ерекше формасы. Ол адамдардың бір-біріне деген, сондай-ақ объективті дүниеге көзқарасын білдіреді.

Таным- іс-әрекеттің адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын білімді қалыптастырушы, шығармашылық қызметтің қоғамдық тарихи процесі.

Теоцентризм -құдай туралы ілім, философиялық зерттеудің

негізгі мәні болып, құдай есептелінеді.

Теология -(teos-құдай) - құдай туралы ілім.

Трасценденттік - адамдардың санасынан тыс заттай түсінілетін біздің тәжірибеде шектен тыс барлығын түсінікті белгілеу.

Толеранттылық (ағылш. tolerange - төзімділік, көнбістік) - басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Т. адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі.

Уақыт- материалдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтығын, олардың күй - жағдайларының өзгеру ретін білдіреді.

Философия-(гр.т.даналықтысүйемін) - әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Философия ой дамуы адамзат қоғамының кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты.

Феноменология- (феномендер туралы ілім) натуралдық ережелерден есті босату.

Цзюнь-цзы- «жоғарғы», «қайырымды ер», ол өзінің мінез-құлқымен әлемдегі теңдікті және peттіліктi ұстаушы. Оны « қайырымды ер» қылатын бес сапа болуы керек: жэнь, ли,сяо, и,чжи.

Чжи- ақыл-ой, даналық, интеллект. Ол тар мағынасында «жоғарғы ердің» бас сапасының бipi. Кең мағынасында - ол адамды жануарлар әлемінен ажырататын қасиет.

Эклектика- бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылыр алынады.

Эмпиризм– көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс, әрі бағыт.

Элей мектебі- көне Грециядағы философиялық мектеп. Негізін салған – Парменид пен Зенон.

Эрос(гр.т.күшті) тілек, махаббат. Грек мифологиясындағы және поэзиясында махаббат құдайы.

Эпикуреизм — көне грек және Рим философиясындағы материалистік бағыт. Негізін салушын Эпикур.

Эвдемонизм — (гр.т.бақыт) өмірді түсіндіру антикалық принципі, кейін келе этикада моральді негіздеу принципі. «Бақыт адам өмірінің ең жоғары мақсаты» дегенге сай.

Эйдос— көне грек термині, философиялық қолдануға дейін (Гомерден бастап) Сократқа дейінгелер, сыртқы түрі, бейне деп қолданған.

Эманация -құдайдың әлемге әрдайым әсер етуі.

Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде, ал 40-жылдары француз жерінде пайда болған.Экзистенциализм адам өміріне қатысты көптеген мәселелерді қарастырады.