Тәрбиеші шеберлігінің құрылымы

Технологиялық жүйе. Педагогикалық тәрбие шеберлігінде бұл құрылым бірнеше жүйеге бөлінеді:

- техникалық,

- әлеуметтік психологиялық қарым-қатынас,

- эстетикалық әдептілік.

Техникалық жүйе немесе оны технология деп атайды, ол коллективке, жеке тұлғаға тура әсер ету және мұғалімнің өз күшін үнемдеу және өзі мүделленген нәтижеге жету.

Кәсіби техниканың негізгі түйіні қандай? Әлбетте, ұжымдағы тәрбиешілер машықтану іс-әрекетінде оқушылардың, әсіресе үлкен сыныптармен комсомолдар белгіленген педагогикалық қызметтерін атқарды. Осы ұжымда оқушылардың өмірлеріндегі машықтану іс-әрекетіне белсене қатысуда, құлықтық қарым-қатынас, оқушының фундаменті, яғни бұл тәрбиенің қалануы.

Өкінішке орай әлдеде барлық ұйымдастыруды сынып жетекші атқарады. Мысалға, кезекшілік, ұжымдық жиындар, киноға, театрға, музейге, ата-аналар жиналысы, өткізілетін мейрамдар, диспуттар, атақты кісілермен кеш ұйымдастыру және т.б. кей жағдайда балаларға ойнау, киім ілу жеріне баруға мұғалімінсіз рұқсат етпейді. Басшылық ешқандай жетістік жайында айтпайды, егер тәрбиеші-басқарудын белсенді күші болса, онда оқушылар -әлсіз нысана болғаны. Ең күшті мектептердің үлгісін көрсек, өзін -өзі басқара біледі.

Кейбір мектептерде мұғалімді кезекшіліктен босатқан. Бұл міндетті жоғарғы сыныптар орындайды. Олар барлық сабақтан тексеру жүргізеді, сенбілікпен жексенбіліктерді ұйымдастырады, барлық істі тиянақты жүргізеді. Ал тәрбиешілер конференцияларды дайындауда көмектеседі, пәндік олимпиядалар,спорттық жарыстар, үйірмелерді өткізіп және басқа істерді де атқарады. Мұғалімсіз сыныпта диспут өтпейді, қойылымдар талқыланбайды. Техникалық процесс мұғалімді шығармашылық ізденіске итермелейді, себебі, олардың таусылмастай жаңа тапқырлықтары болады. Мұнда өзін-өзі басқару жүреді.

Тәрбиешінің күнделікті жұмысында оқушылардың өзін-өзі басқаруында, тәрбиеші жаңа және одан да қиын сұрақтарды шешеді.

Техникалық жүйедегі тәрбиешінің маңызды орны мерекелік күндердегі шеберлігінің көрінеді. Бұл мәселеде көптеген шиеленістер болады, десек те, тәрбиешілер шеберлігінің жұмысынан көруге болатыны: мерекелік шараларда оқушылардың ақылының дамуына әсер етеді, ойының қалыптасуына, талқылауда, түсінуіне, еңбекке баулу да, гумандық қарым-қатынастың тәрбиелеуіне, оқушылардың өз құлығының сапасын, физикалық дамуына әсерін тигізеді. Кезкелген педагогикалық мерекелік шаралар толығымен тәрбиелеудің мәні, егер педагог балалардың белсенділігін жоғарғы азаматтық мағынада көрсете алса. Сондықтан тәрбиенің жеке идеяларының қонымдылығы, өзінің жұмысындағы терең білімін, балаларды түсінуі, балалық сезімнің өзінде сақталуымен, тәрбиешінің балалармен араласуы оңайға соғады.

Тәрбиешінің шеберлігі мен ақылдылығының мәні мынадай, әрбір оқушыға подход табу, осы сферадағы іс-әрекетте белсенділігін ояту, өзінде жасырынған жағымсыз әрекетінен айыру, балалар ұжымында өздерінің сыныптастарының адамгершілік жүйе қарым-қатынасын қалыптастыру.

Егер мерекелік шара жеке мақсатында болса, онда ұйымдастырушы жұмысы жалған түрде өтеді. Ең қызықты өткен іс-шараның идеясы және оның мәні тәрбие процесінің орнын толтыра алмайды. Егер мереке жоғарыдан нұсқалған болса, нұсқау ұйымдастыру шарасының негізі болатын болса, онда бұл мереке ойлаумен сезімін оятудан қалады. Ол қызықтыруы, ұнауы, баурап әкетуі де мүмкін, бірақ ол азаматты тәрбиелеу болмайды.

Тәрбиелік іс-шараның негізгі талабы:

- кезкелген тәрбиелік іс-шара оқушы тәрбиесінде кездейсоқ болмайды,ол тәрбие процесінің бір бөлігі болу керек,

- әрбір тәрбиелік іс-шара кешенді түрде дайындалады және өткізіледі.

Жас маман үшін ұжымдық шығармашылық іс-әрекет технологиясын меңгеру өте қажет. (И.П.Иванов әдісінде, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко еңбектерінде (И.П.Ивановтың Воспитывать коллективистов). И.П.Иванов ұжымдардың принциптерін ашады:

- ұжымды қалыптастыруда балалардың жоғары қызықтыратын идеяларына ұранды қалыптасу емес, педагогтың өмірлік көзқарасымен, іс-әрекетімен, қоршаған ортаны жақсарту мақсатында көрсетілетін азаматтық қамқорлық,

- ұжымды белсенділердің ауысу принципіне қарай құру, ұжымдық жоспарлау, іс-әрекетті жоспарлау және қорытындылау,

- педагогтың жолдас ретіндегі позициясы тәрбиеленушілермен әріптестік қарым-қатынастың дамуына әсер етеді.

Бұл әдістің барлық ойы, 1-ші сыныптан бастап, бітіруші сыныптағы балаларды ұжымдық қоғамдық, шығармашылыққа тәрбиелеу. Мұндай іс-әрекеттің негізі ұжымдық, шығармашылық жұмыс.

Ал енді ұжымдық шығармашылық жұмыстың қалай ұйымдастырылуын қараймыз. Даму кезеңдері:

- ұжымдық жоспарлау,

- ұжымдық өткізу,

- ұжымдық анализ.

6-кезеңді бөліп көрсетуге болады:

1-ші кезең-ұжымның дайындық жұмысы. Ол әңгіме жүзінде іске асуы мүмкін. Оны тәрбиеші қызықты, беделді, қуанышты іс-әрекет мақсатында жүргізеді.

2-ші кезең - ұжымдық жоспарлау. Жоспар алдымен кіші топтарда жасалады, олардың шешімі жалпы жиналыста қабылданады, жоспарды жасау барысында әртүрлі әдістер қолданылады: анкета (сенің не істегің келеді, кім үшін), істі және жолдастарды барлау, үздік ұсыныс сайысы және т.б

3-ші кезең -Ұжымдық шығармашылық жұмысқа дайындық.

Нақты жұмысқа дайындық жасау орталығын құру үшін, кеңес сайланады және барлық ұжымның мүшелері қатысқан уақытша басқару органы құрылады. Кеңес мақсаты-мәселелерді бірігіп шешу, жұмыс жоспарын нақтылау.

4-ші кезең - Ұ.Ж.Ш-ның өткізілуі, мұнда ұжымдық жоспарлау жүзеге асады. Жұмыстың мазмұнына байланысты кіші топтармен жұмыс жүргізіледі. Әдістер шұғыл мәселелерді талқылау үшін жиналыс, сурет, мәселенің орындалуына байланысты газеттер және т.б.

5-ші кезең-ұжымдық қорытындылау-жиналыс.Бұл жиналыста кіші топтарда, кейінен барлығы қосылып атқарылған іс-шараны талқылайды : біз не істей алдық? Нені жасай алмадық және неге? Келешекке қандай сабақ аламыз? Анкеталар, газеттер, жолдастық салтанатты жиналыс рапорттары қолданылады. Тәрбиеші әрбір тәрбиеленуші ортақ талқылануға қатысуын қамтамасыз етеді.

6-шы кезең - салдар. Педагогикалық ұстанымның сипаттамасы. Бұл педагогикалық жиналыс онда алынған тәжірибенің ары қарай қолдану барысы талқыланады, әдіснамалық жаңалықтар талқыланады. Ұжым өмірінің жылнамасы жазылады, әдістемелік нұсқаулармен толықтырылады.

ҰШЖ әрекет технологиясын қолдану жеке тұлғаның сынып өмірінде, мектепте, ұжымдық байланыстың тез артуымен ынталандырады, балалар өмірлерін жоғары идеалдармен рухтандырады, қоғамға пайдалы жұмыс тәжірибесін дамытады.

Бесінші сынып оқушыларынын ұжымдық жолдастық іс-әрекетінің ұйымдастыруын, балалардың адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында қарастырайық. Бастауыш сынып оқушыларының жақсы қарым-қатынаста болуы мектепке дейінгі балалармен бесінші сынып оқушылары тез тіл табысып кете алады, олардың іс-әрекеті бір ізді болады. Жоғарғы сынып оқушыларыменен қарым –қатынастың жоқтығы және өздеріне тән емес функцияларды орындау, мұғалімнің, тәрбиешінің ауысуы.

Мысалы: сынып жетекші өзінің жұмысында қызықты болу үшін, өзінің бесінші сынып оқушыларының үш баласымен балалар бақшасының жанында серуендеп жүріп, балалардың көңілін есіктерінің алды қар және көкшіл ұзын ғана жолақ жолға аудармақшы болды. Оқушылар сыныпта әңгіме думан жүргізіп отырғанда бақшадағы балалардың әңгімесін естіген екен. Аула тар, ойнайтын жерлері жоқ, кейбір бесінші сынып балалары бақшаның жолдарын тазалап бергілері келді, бір-ақ сол уақытта мынадай жаңа ұсыныс шықты: “Жолды аула сыпырушы тазалайды, ал біз қар қаласын саламыз, кішкентай балалар қуанып қалсын”. Бұл жерде оқушылардың іс-әрекетінен мынаны байқауға болады:

- бізден басқа бұл істі ешкім істей алмайды,

- қызығушылық бұл оларға тосын сыйлық жасау,

Ұйымдастыру жұмысын ойластырып бригада жинап, бригадирді сайлап,ұйымдастырушы оның ішінен бригадир архитектор, инженер кіргізді. Барлық іс-әрекет программасын талқылап, бекітті.

Бесінші сынып оқушылары белгіленген уақытта бала бақшаға келді. Балалар қардың бір-біріне жабыспайтынын байқаған соң, қаланы сала алмайтын болған соң, олар қардан сырғанақ салуды шешті, жанына шырайлы шырша қойды, оны түрлі түсті бояумен сәндеді. Барлығы бар ынтасымен жұмыс жасады. “Біз бәріміз жиналдық ”, “Бүлдіршіндер қуанып қалатын болды”, “Қандай қызық!” ұрандары айтылды.

Нәтижесінде бәрі жиналып кім көмектесті, кім бар ынтасымен жұмыс жасағанын белгіледі. Қызық мәлімет, мынадай ситуация пайда болды: балалардың жұмысы жайында “газетке” жазамыз деп, бір-ақ сол сәтте –ақ мақтаулар айтылып, балалар үшін тырыстық делінді . Ертесіне балабақшаны көрдік. Бүлдіршіндердің жүзінде қуаныш, сырғанақ теуіп ойнап жүр.

Үлкен ұжымдық жұмыс балалар үшін қызықты және шағын орта үшін маңызды, оның элеметтерімен, педагогикалық құнды ахуал, адамгершілікті қалыптастыру, өнеге сапасын жақсарту. Жетістіктің негізі-педагогикалық ҰШЖ ұйымдастыру технологиясын меңгеру, оқушылар тәртібін басқаруда мүмкіндік береді, тәрбиешіге керекті икемді қалыптастырады.

 

3. Дәрісбаян (3 сағат)

1) Педагогикалық іс-әрекеттегі актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтері.

 

2) Педагогикалық іс-әрекет индивидуалды шығармашылық қабілеттерді іске асыру ретінде.

 

3) Педагогикалық әрекет – бір актердің театры.

 

4. Дәрісбаян (3 сағат)

1) Педагогтарды дайындаудағы К.С.Станиславскийдің театрлық жүйесінің принциптері.

 

2) Педагогикалық біліктілікті іске асыру мен қалыптастыру жолдары.

 

3) Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі біліктіліктің қажетті алғышарты ретінде.