Тәрбиешінің негізгі икемі

Білім және олардың икеміне бағыттау, бұл тәрбиеші шеберлігінің негізгі мағынасы. Тәрбиешінің негізгі икеміне мыналар жатады:

· тез бағдар жасау және соған көңіл аудару,

· балалармен ойнай білу,

· ситуацияны әртүрлі қырынан бағалай білу,

· әртүрлі педагогикалық фактілерден негізгісін бөліп алу,

· кездейсоқ фактілерден негізгісін көру,

· бір ситуацияда бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана білу,

· өз көңіл-күйіңді, сезіміңді, ойыңды сөзбенен, қозғалыспен, мимикамен білдіру.

Икемдеудің бір-бірімен байланыс түрлері:

· балалардың оқу, еңбек, спорттық, өнер, әрекет процесі кезінде байланыс жасай білу,

· балалардың талаптарын дамыту,

· қиын минуттарда балаларға көмектесе білу,

· оқушы ұжымына сенім арта білу, оларменен әрқашан ақылдасу,

· әлсіздерді қорғау, ұялшақтарды жолдастарының келекесінен сақтау,

· өзін-өзі басқарудың әртүрлі формаларын ақылдылықпен қолдана білу,

· оқушылардың сенімінен шығу,

· әрбір оқушының жақсы жақтарын іздеу және табу, сол арқылы олармен байланыс жасау,

· оқушыларды сүйікті және сүйікті емес деп бөлмеу,

· барлық қаталдыққа, әділетсіздікке, шыншыл еместікке, өнегені ластауға қарсы болу,

· оқушылардың құлықтарын қалыптастыру,

· оқушылардың өз ойында тұру қабілетін дамыту,

· жақсылық пен жамандықты ажырата білуге баулу.

Мұғалімнің азаматтық тұлға ретінде қалыптасуы оның адамгершілік ұстанымы Ш.А.Аманошвилидің педагогикалық тәжірибесінде мына принциптерде айқын көрінеді:

- балаларды сүю,

- бала өмір сүретін ортаны адамшылдандыру мақсатында қамтамасыз ету.

Тәрбиеші көзқарасы оның идеалы және оның қастерлейтін бағдары тәрбиеленушілер үшін тек мысал емес және оның мамандық шеберлігінің өзектілігі.

Шебер болу үшін тәрбие процесінің технологияларына қамқорлық ету, барлық қарым-қатынас системасын дамыту, әрбіреуінің еркін дамуын қамтамассыз ету, жеткен жетістіктен жоғары талалаптануда жаңа мақсаттар қоя білу

 

12. Дәрісбаян (3 сағат)

1)Үгіттеу адамдар психикасына танымдық және ұйымдасқан ықпал ету тәсілі.

 

2)Үгіттеудің сөздік формалары: дәлелдеу, хабарлау, әңгімелеу, түсіндіру. Педагогикалық процестегі тиімді үгіттеу шарттары.

 

3) Үгіттеу – педагогтың оқушыларға ата-аналарға, мұғалімдерге психологиялық ықпал ету тәсілі.

 

 

13. Дәрісбаян (3 сағат)

1) Сендіру түрлері.

 

2) Сенімнің сөздік формалары: бұйыру (команда), бұйрық, сену немесе талқылау,

 

3) Сенімнің сөздік формалары: әзіл арқылы білдіру, мысқыл, жұмбақтап білдіру.

 

 

Мектеп оқушыларына арнаған тәрбиелік ықпалдың әртүрлі қайнар көздерінің арасында педагогқа айрықша рөл беріледі. Шәкірттерінің санасына, сезіміне, қызметі мен мінез-құлқына ықпал ететін мұғалімнің әдіс-тәсіл әлеуеті қандай? Бастауыш буын мамандарының бәрі осы әдістерді біле ме, оқушылармен араласу, оларға ықпал жасау қабілетін өз бойында қалыптастырудың маныздылығын түсіне ме?

Әлеуметтік-психологиялық теория мен педагогикалық қарым-қатынас тәжірибесін үйрену негізінде коммуникативтік ықпалдың екі негізгі әдісін, яғни және шандыру сөзінің көмегімен ықпал жасауда даярлау қарастырылған.

Педагогтың кез келген ықпалы ақтық нәтижеде шәкірттерінің бағдарының, қатынасының, ой-сезімінің, амалдарының қалыптасуына, пысықталуына немесе өзгерісіне бағытталған, яғни оқушылардың психикасы мен мінез-құлқының барлық жақтарына ықпал жасауға арналған. Алайда сенім мен шандырудың психологиялық механизмдері бірдей емес. Мұғалімнің оқушыға сөздің көмегімен тигізетін ықпалының әрқайсысының әрмен қарай қарау күрделі болатын өз спецификасы бар.

Сенім шынайы және жалған болады. Шынайы сенім нақты шындықпен сәйкес келеді және адамның жеке басын қоғамдық құнды етеді. Өзінің шынайы сенімін қорғай жүріп, адам тіпті өлімге де барады. Жалған сенім өзінің бастауыш ұжымды, бұдан әрі тіпті қоғамды да, жаңсақ, залалды қадамға жетелейді. Жалған сенім өзінің және өзгелердің кереғар көзқарасы мен кереғар өмірлік тәжірибесінің қосылысы ретінде туындайды.

Оқушылардың жалған сеніммін біз қалайша жиі кездестіреміз? Оны айыра аламыз ба? А.И.Кочетов оқушылардың кейбір тобының жалған сеніміне келесідей жайттарды жатқызады:

· үздік оқу - қалыпсыз, тек «жаттап алғандар», «дәпдайсыздар» ғана адал ниетпен оқиды;

· өзін-өзі мінсіз ұстау-.......... болу деген сөз; қалыпты оқушы мұғалімнен ескерту алуы тиіс, әйтпесе оны сыйламайтын болады;

· мұғалімді алдау – ақыл мен тапқырлықтың белгісі;

· тек мықты мінезді адам ғана мектептегі тәртіп ережелерін ескермей, мұғалімнің тұрақты нысанасы бола алады;

· толық жанын салып еңбек ету- қажетсіз талпыныс.

Осындай сенім нағыз масылдық пиғылға, танымдық және еңбек енжарлығына ұластырады. Діни сенім де жалған сенімге жатады.

Жалған сенімді қайта құру мұғалімнен ұзақ күш-жігерді талап етеді. Оны бірден үш бағытпен қолға алу қажет: сынып ұжымында байсалды қоғамдық пікір қалыптастыру; арнайы құнды жеке өмірлік тәжірибе құру; жаған сенімді өз түрткісімен жоққа шығару.

Бірінші кезекте ұжым құруға, оның дамуының жақын, орта және алыс болашақтың жолын бөгімелу күш жұмылдыру керек. Әрбір шәкірттің құптарлық ісіне сүйене отырып, мұғалімге үй ішінің сынып ұжымымен бірлесіп, жалған сенімді көрсетудің келесідей ----------даралайды.

Жас өспірімді өзін басқалармен салыстыруда жетелеу: қарама-қарсы көқарасты басшылыққа алатын ( мысалы, баланың оқығысы келмейді, ал оның танысы көп оқиды және біледі, есесіне «жаттқа алғыш», «дәпдайсыған» болып көрінбейді) қызықты адаммен жақынырақ таныстыру.

Жаңсақ көзқараспен сенімнің келешекте немен тынатының көрсету (мысалы, осындай олқылығы болған және өз өмірін құртқан, еркіндігің, ар-намысын жоғалтқан, күшті болып көрінсе де, оның әлсіздігін, түкке тұрғысыздығын өмір дәмдеген адам туралы әнгімелеу. Ол үшін шынайы өмір мысалын, сондай-ақ кітаптан, кинофильмнен мысалды алуға болады.

Жалған сенімнен айнымайтын жасөспірімнің ой логикасын әбден жеріне жеткізу (мысалы, егер бүкіл оқушылар алдай бастаса, өзін-өзі ұстау ережелерін елең қылмаса не болатының санасына жеткізу).

Шәкірттің өздігінен ашылуына жағдай жасау, өз көзқарасын өз дәм-уәжін айтуына мүмкіндік беріп, кейін әрбір дәлелді жоққа шығару.

Адамның сенімі үш тармақтан тұрады ол: білім – сезім - мінез-құлық. Сенім: түсінімді - бастан өтті – қабылданды - тындырылды формуласына негізделеді. Яғни түсінейін, күйзелемін, өзіме қабыл алдым, өз қызметімде, мінез-құлқымда осыны басшалыққа аламын деген сөз.

Сенім тармақтарының тым болмаса біреуін елеусіз қалдыру тәрбие нәтижесінің әлсіздігі болады. Мысалы, оқушы қандай да бір жағдайда өзін қалай ұстау керектігін біледі, дегенмен мұндай мінез-құлықтың қателігін түсінбейді, қабылдамайды. Мұндай жағдайда тек білім қалыптасты. Адам өзін қалай ұстайтынын, дәл осылай ұстау керектегін біле алады, алайда өзін дұрыс -----

Мәжбірлей білмейді, яғни оның ерік санасы дамымаған, мінез-құлық актлері реттелмеген.