МҰҒАЛІМ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БЕИІМДЕЛУІ

Қазіргі кезде болашак, мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін калыптастыру мәселелері — кезек күттірмсйтін қоғам талабы. Бұл мұқтаждықты қанағаттандыру үшін жоғары оқу орны мұғалім кадрларын даярлап, жалпы білім беретін мектептерге, қоғамдык ұжымдарға жыл сайын өз түлектерін аттандырады. Ал, педагогикалық білім алған жас мамандар қоғамның басты талабын шешуге, оны жүзеге асыруга атсалысады. Қызметке жаңа келген жас мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетінің табысты болуы олардың мектеп ұжымының еңбек пен қоғамдық өміріне қаншалықты тез араласып кетуіне және еңбек іс-әрекетінде өздерінің кәсіби қызметтерін қаншалықты нәтижелі орындай алуына байланысты. Өйткені қазіргі өмірде болып жатқан өзгерістер оқу орындарындағы қызметке жаңаша қарауды талап етеді. Ол өз кезегінде саналы, білімді, дарынды, белсенді, мәдениетті болуды және қандай қиындық болсын төзіп, жұмыс істей алатын жас мұғалімдерді қажет етеді. Ендеше оларды дайындауда жоғары мектеп ұстазының ролі өте зор. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жұмысының жеке адамды қалыптастыруға, жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген. Демек Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы алға жылжу мен гүлденудің қозғаушы күші мыналар:

педагогикадык, дагдылорды жетілдіру;

оқу жоспарында және пәндерді оқыту әдістемесінде тұрақты инновацияға талпыну;

жоғары білім беретін мекемелердің қажетті элементі ретінде педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейінің өсуін қадағалау;

Елбасының «Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі принциптерінің» бірінде кадрларды даярлау және мамандығынарттыру жүйелерін жақсарту.

Заман талабы зсрттеушілерді осы сұрақтар шешіміне тереңірек үңілуге жетелейді, яғни жоғары оқу орындарын бітірушілердің бастапқы тәжірибелері кәсіби іс-әрекеттерінде одан әрі жалғасын табуы қажет және жас мұғалімнің педагогикалық үрдіске орынды араласуына көңіл бөлінуі шарт.

«Бейімделу» ұғымына саятын бұл мәселе жоғары оқу орнын бітірушілер мен педагогикалық ұжымдар үшін маңызды болып табылады.Бұл педагогика ғылымының алдындағы міндет болашақ педагогтің мектептегі бірінші жылы оның кәсіби қалыптасуымен сипатталады. Бұл кезең — кәсіби білім алудан кәсіби еңбекке өту, студент дәрежесінен мұғалім дәрежесіне көтерілу кезеңі.

Мектепке келісімен жас педагогтің тұлғалық жауапкершілігі артады.

Ол басқа да ұстаздармен қатар балалардың білімі мен тәрбиесіне жауап береді. Ұстаз еңбегі студент іс-әрекетінен психологиялық тұрғыдан да ерекшеленеді. С. Л. Рубинштейннің «Оқып-үйрену мақсатындағы оқу әрекеті, яғни, белгілі әрекетті орындаудың тәсілін игеру мен белгілі бір нәтиже алу мақсатындағы іскерлік әрекет — бұл психологиялық тұрғыдан алғанда әр түрлі әрекеттер» деп атап көрсеткеніндей,жас маман оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылармен (оқушылармен, ата-аналармен, педагогикалықұжыммен, т.б.) жан-жақты қарым-қатынаста болады. Бұл өтпелі кезеңді жас маманның өзі таңдаған педагогикалықмамандыққа жарамдылығын сынау кезеңі деп қарауға да болады, себебі ол өзінін педагогикалыққабілетін тәжірибежүзінде ғанатанып-біледі.Жас маманның өндіріске бейімделуін көптеген ғалымдардың зерттеуге қызығу танытуы да осы мәселенің өзектілігін айкындай түсетіндей. В.А.Сластенин жас мұғалімдердің кәсіби тез бейімделуі мәселесін шешудеәр мұғалімнің жеке басының ерекшеліктерінқалтқысыз зерттеу қажеттігін,нендей кабілетібар екенінескеру керектігін, содан кейін оны педагогикалық ұжымдық іс-әрекетіне араластыруға болатынын айтады. Ал, В.А.Афанасова, А.Д.Деминцев, Н. В. Кузьмина,Г.М.Маннаповалар жоғары педагогикалық оқу орындарын бітірушілердің, алдындағыкездесетін қиыншылықтарға тереңірек көңіл бөле отырып, мына төмендегідей қорытындыға келеді: бұл кездесетін қиындықтар тек жоғары білім жүйесіндегі дайыңдықтыңайтарлықтай деңгейде болмауыныңғана емес, сонымен қатарпедагогикалық кадрлар тарапынан да уакытында жеткілікті көмектің көрсетілмеуінің салдары.

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби бейімделудің бастамасы уакыт бойынша тәжірибе жинақтау кезеңімен сипатталады. Біздің ойымызша, мұнда тәжірибелік іс-әрекет шарттарында өзіндік білім толықтыру, тәрбиелеу және кәсіптік шеберлігін ұштау, дамыту қатар жүріп отырады. Осыған байланыстытәжірибе жинақтау барысында бейімділікүрдісін педагогикалық тұрғыдан да қарастыруға болады, біріншіден,- дидактика мен тәрбие теориясының басты қағидаларыкөрініс беретін арнайы педагогикалық үрдіс, яғни, жас мамандардыоқыту мен тәрбиелеудің өз мақсаттары, мазмұны,ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен ұйымдастыру формалары жүзеге асады.

Жас мамандар жұмысқа кірісе отырып, іс-әрекеттің жаңа түрін орындай бастайды. Болашақ мұғалімнің жоғары оқу орнынанкейінгі іс-әрекетінің басты түрлері: бейімділік, танымдық, кәсіби-педагогикалық.

Жас маманның бейімділік әрекетінің мазмұны оның сол жұмыс орнының демографиялық, этникалық ортасымен танысуынан басталып, әрі қарай сол мектептік (гимназия, лицей,колледждің) салтымен, ішкі тәртібімен ұласады. Бейімділік іс-әрекетініңбөліктері тобында ерекше орынды маманның педагогикалық ұжыммен танысып,олардың мүшелерімен қарым-қатынасты орнатуы алады.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі танымдық әрекеттер: өзінің кәсіби шеберлігіне талдам жасауында, әдістемелік және психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен карулануында, тәлімгер ұстаздардың тәжірибесін қолдануында жүзеге асады. Сонымен қатар, жас мұғалім өз жұмысын атқаруда әдістеменің талаптарына сай сабақтың барлық түрлері мен типтерін жоспарлайдыжәне сабақтан тыс қоғамдык жұмыстар да оның іс-әрекетінің құрылымына кіреді.

Көптеген ғалымдардың,зерттеуші-ізденімпаздардың бұлмәселені зерттеудегі басты мақсаты — жас педагогтің ұжымға бейімделуін іс жүзіне асыру. Бірқатар зерттеушілер жас маманның кәсіби бейімделуіне әсер етуші факторлар қатарын көрсетсе, келесі бір тобы мұғалім еңбегінің психологиясы мен оның бөліктерін бөліп көрсетеді.

Маманның мінсіз даярлығы (профессиограмма), сапалық бейнелеу моделі В.А.Сластенин,Ю.К.Васильева, Е.П.Белозерцев еңбектерінде көрініс тапқан. Олар профессиограмма арқылы маманды кәсіби даярлаудың мазмұны, құралдары, түрі және басқа да тиімді тәсілдсрін табуға болады деп есептейді. Келесі бір көзқарас иелері: К.М.Дурай-Новакова ынталық, танымдық-бағалау, қызметтік бөліктерді ұсынса, И.М.Дьяченко-Кандыбович ынталық, бағдарлық, сезімдік, еріктілік бөліктерін ұсынады.

Жоғарыдағы ғалымдардың тұжырымдарын ескере отырып, біз болашақ мұгалімдердің кәсіби педагогикалық іс-әрекетке табысты бейімделуі мотивациялық, бейімділік,танымдық, іс-әрекеттілік бөліктерін біріктіретін тұтас интегративті қызмет болып табылады деген пікірге қосыламыз.

Мотивациялық бөлігітаным және кәсіптік қызығуын, педагогикалық іс-әрекетке эмоционалды жағымды нұскауының болуын, кәсіби шеберлігін ұштауға талпынысын көрсетеді.

Бейімділік бөлігі кәсіби педагогикалық ауанды қабылдау деңгейін, танымдық іс-қимылдың жүзеге асуын, педагогикалық қарым-қатынасты орната алу іскерлігі мен дағдыларын сипаттайды.

Танымдық бөлігі педагогикалық үрдістің негізгі сипаттамасын білуі мен кәсіби жете біліктілігін тәжірибеде қолдана алуын айғақтайды.

Іс-әрекеттік немесе кәсіби педагогикалық бөлігі педагогикалық үрдісті жоспарлап жүзеге асыра білуін, өзінің және оқушыларының іс-әрекеттеріне талдау жасай алуын танытады.