Сену мен иланудың өзара байланысы.
Сену мен иланудың көбінесе өзара тығыз байланысы бар, оны дәлмедәл жіктеуге де болмайды. Сену мен иланудың ортақ сипаттары келесідей:
1) иландырғанда да, сендіргенде де, негізгі ықпал құрасы сөз болып табылады;
2) көпшілік жағдайларда шәкірттің сәйкестелген мінез-құлқынын иланудың салдары әлде сендіру амалдарының әсері екенін ажырату қиынға соғады. Тек, немқұрайлы негізде айтылған сенім мұғалімнің мимикасы, тіпті ынтасыз логикасы кезінде мүлде пайдасыз болады.
Сенім иландыратын сипат алуы тиіс, иландыру да сенімге негіз қалауға міндетті. Сенімнің иланудап негізгі ерекшелігін шартты деп санауға болады, ойткені кез келген жағдайда сөз сапаға да, сенімге де әсер етеді.
Осылайша балаға коммуникативтік ықпал жасаған сәттегі мұғалімнің міндеті-сенімін иландыратын, илануын сенімге ұластыратын амал деп, сәйкестелген әдістемесін дұрыс анықтап, таңдай білу.
14. Дәрісбаян (3 сағат) Жоғары және Орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі.
1) Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы оқытушы шеберлігі.
2) Оқушылардың кәсіптік қызығушылығын тудыру және зейінін қолдау шеберлігі.
3) Таңдалған мамандыққа деген мотивті күшейту
Мұғалімнің бейнесі.
1.Өз пәнін жетік білуі.
– материалды түсінікті жеткізе білуі.
2.Сабақты өткізу әдістемесі.
– оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі;
– тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білу;
Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті.
- кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;
- оқушылармен дұрыс қарым қатынас орнықтыра білу;
- ата-аналармен тіл табыса білу;
- сөйлеу мәдениеттілігі.
3.Оқушыларды арнайы ұғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету.
- өзінің эмоциялық көңіл-күйін басқара алуы;
- жалпы эрудициясы;
- терминдерді пайдалана білу дағдысы;
4.Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі.
- балалардың басым көпшілігінің қызығушылығын туғыза білуі;
- оқушылардың өздігінен білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;
- жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.
5.Жаңа технологияларды пайдалана білу.
- қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;
- білім беруді дамыту бағыттарын айқындай білуі.
Мұғалімнің қызметінде жетістікке жетудің шарттары.
1.Сыртқы кескін – келбеті.
2.Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз етуі.
3.Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.
4.Оқу процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.
5.Педагогикалық талаптарды орындай білуі.
6.Әділ-қалжыңға мән бере білуі.
7.Оқушылардың жеткен жетістігін мақұлдай, қолдай білу.
8.Оқушылармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.
9.Шыдамдылық және төзімділік.
10.Басқалардың пікірін сыйлай білу.
11.Балалардың құпия сырын сақтай білуі.
12.Басқа адамдарды түсіну және сезіне білу қабілеттілігі.
13.Еркіндік, икемділік.
14.Табан айындағы іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі.
15.Байқампаздығы, бақылампаздығы.
16.Кез-келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.
17.Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Мұғалімнің бойындағы маңызды сапалық қасиеттер
.
Қайырымдылығы.
Мәдениеттілігі.
Білімділігі.
Кәсіби шеберлігі.
Балаларға деген сүйіспеншілігі.
Тәртіптілігі.
Шығармашылық қабілеттілігі.
Коммуникабелділігі.
Белсенділігі.
Жан-жақты қызығушылығы.
Ұйымдастырушылық қабілеті.
Бір нәрсемен шұғылдануы.
Зиялылығы.
Әзіл-қалжыңға бейімділігі.
Басқаны тыңдай білуі.
Талдау жасай білу қабілеті.
Еңбексүйгіштігі
Мейірімділігі.
Ақжарқын, ашықтығы.
Шыншылдығы.
Әділеттілігі.
Әдептілігі.
Жақсылығы.
Сабақ нәтижелі өту үшін төмендегі
ережелерді сақтаңыздар:
1.Өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу.
2.Оқушыларды балағаттамау, жөнді-жөнсіз ұрспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер сыныптың басым көпшілігі түсінбеген болса, онда өткізудің дұрыс айтып жеткізе алмаған кемшілігіңізді іздеңіз.
3.Оқушының сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, дұрыс емес жауап болса ол сұрақтың нақты болмауынан болуы мүмкін.
4.Тапсырма мен нұсқау анық, нақты, оқушы мұғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт.
5.Сабақ барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдар пайдалану, балалардың ынта-ықыласын, қызығушылығын қадағалап отыру.
6.Тыңдаушының зейін қойнасын оның тәрбиешінің сөзіне, берілген тапсырмасына мұқият зер сала қарауынан байқауға болады.
7.Сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, ұзақ уақыт тәрбиелік ақыл айту керек емес.
8.Оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асырылуы керек.
9.Сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу материалын оқушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт.
10.Оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.
Сабақ аяқталған соң өзіңнің іс-әрекетіңді бағалауды оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау жасауды ұмытпа.
Алғашқыда өзіңнің сабақтан кейінгі көңіл-күйіңді бақыла, алғашқы әсеріңді байқа (жақсы, орташа, нашар, өте жаман). Жалпы алған әсерін негне байланысты болды. (өзіңе ризасың ба, әлде риза емессің бе, сабақта жоспарлағаныңның бәрі орындалды ма, әлде үлгермегенің бар ма?: балаларға риза болдыңыз ба, әлде олар оқу материалын қабылдауда, қарым-қатынаста ұнамды ма?: сұраққа дұрыс жауап бере алмады ма, әлде тәртібі ұнамады ма?).
Сабақты талдауда төмендегідей сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз:
1.Алға қойған мақсатыңызға жеттіңіз бе?
2.Оқу процесі оңтайлы және жеткілікті дәрежеде оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне бағыттама жүргізілді ме?
3.Сабақта оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру жүзеге асты ма?
4.Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру тәрбиемен өзара байланысты, біртұтас қарастырылды ма?
5.Сабақта ғылыми ұйымдастыру талаптары сақталды ма: уақытты үнемді пайдалану, оқушылардың жұмыс орындарын дайындау, сабақтың қандай элементінсіз өткізуге болар еді?
6.Оқушылар сабақта қалай жұмыс істеді, жұмысқа қабілеттілігі, белсенділігі қандай, сабақтағы олардың іс-әрекетпен қамтылуы, қабылдау деңгейлері, хабарланған материалды қабылдау қатнасы, өз бетінше жұмыс істеу сапасы және нәтижелігі қандай?
7.Оқушылармен тығыз қарым-қатынас болды ма, сабақта психологиялық жай-күй қандай болды, өзіңіздің мінез-құлқыңызға риза болдыңыз ба? Сабақты өткізу өтілі мен әдіс-тәсілдеріңіз ұнады ма?
8.Келесі сабақта нені болдырмау, түзету, толықтыру, өзгерту қажет деп ойлайсыз?
Оқушыларға ескерту
1.Мектептегі менің ең басты міндетім: оқуға үйрену, болашақтағы өзімнің еңбек және қоғамдық қызметім үшін өзімді-өзім жан-жақты дамыту.
2.Өзімнің табиғатыма тән ұйымдастырушылық қабілетім жоғары. Сондықтан мен әрқашанда және барлық уақытта өзім оқып үйренуім қажет. Мұғалім тек қана маған оқуға және өзімнің дамуы ма, мінез-құлқымды басқаруға көмектеседі.
3.Ең алдымен, мен өзімнің жалпы қабілеттілігімді дамытуым керек, өз іс-әрекетімді әрқашан да өзім ойланып шешуге талаптануым қажет, пайдалы білім алу мен жұмысқа қабілеттілігімді арттыруым қажет.
4.Оқып үйренудің ең басты тәсілі – бұл үнемі өзіңнің біліміңді, білгеніңді басқаларға үйрету.
5.Ең маңыздысы дұрыс ойлай білуге және мақсатқа сәйкес іс-әрекет жасай білу.
6.Үнемі өзіңнің мінез-құлқыңдағы кемшіліктерді байқап, оны түзетудің жолдарын іздестіру, қажетті іскерлік пен сапаларды дамытып отыру өзіңнің еркіңмен, ынта – ықыласыңмен әрекет ете білу үлкендердің ақыл-кеңесін де тыңдай біл.
7.Бірінші кезекте өзіңнің қоғамдық белсенділігіңді, еңбексүйгіштігіңді, ұйымдастырушылық қабілетіңді, орындаушылық, ынталылық, мейірімділік, қайырымдылық, өзіңді-өзің басқа білу қабілеттеріңді дамыта біл.
8.Сенің мінез-құлқындағы, тәртібіңдегі кемшіліктердің дұрыс емес екенін, бұл өзінің дұрыс оқымағаның, өзіндік дамудың дұрыс болмағандығының нәтижесі екенін түсіну. Мұның бәрін де түзетуге болады, тек ол үшін ынта-ықыласың болса болғаны. Жаман әдеттерден тез аралудың жолын ойлау қажет және ертең емес бүгін түзетуге тырысыңыз.
9.Көп нәрсені үйрене білу өнері - бірден аз нәрседен бастап үйрене білуде.
10.Өзіңді-өзі ұйымдастыра білуде жетістікке жету үшін: білу керек, үйрену керек, ықыс қою керек, барлығын да орындап үлгеру керек, не керек және пайдасы бар нәрсе жасау қажет. Үнемі есіңде ұста: Менің барлық жеткен жетістіктерім мен кемшіліктерім барлығы да менің өзіме байланысты.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
1. Тақырыпқа сәйкес сабақты өткізу орнын анықтап алу, тақырып жылдық жоспарда ұсынылған, сабақтың мақсатын айқындау.
2. Сабақ тақырыбына сәйкес үш түрлі кітаптарды таңдап алу. Ғылыми, ғылыми-кең тараған, әдістемелік. Олардың мазмұнымен танысу.
3. Оқу бағдарламасын қарау, түсінік хатын оқу, аталған сабаққа байланысты бағдарламада мұғалімнен не талап етеді.
4. Оқулықтағы оқу материалдарын еске түсіру, негізгі тірек ұғымдарын, білім-білік, дағдыларды белгілеу.
5. Сабақ мақсатын нақтылау, негізгі жетекші міндеттерді айқындау оны сабақ жоспарында белгілеу.
6. Сабақтың негізгі идеясын анықтап алу. Оқушы сабақта нені түсінді, сабақтан кейін қандай білі, білік, дағды меңгеруі тиіс екенің аңықтау.
7. Оқушыларға қандай оқу материалын хабарлайтынын, қандай көлемде, қанша мөлшерде, қандай қызықты фактылар берушінің жетекші идеяны бекітетін нені білу керектігін белгілеп, нақтылап алу.
8. Сабақтың мақсатына сәйкес мазмұнды таңдау, сабақты өткізу әдіс-тәсілдерін ойлану, білім-білік, дағдыны қалыптастыру, білім мазмұнын хабарлаудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау.
9. Сабақ жоспарында сабақ барысын толық тұтас құбылыс, процесс ретінде сипаттап жазу.
15. Дәрісбаян (3 сағат)
1) Студенттердің өзіндік және ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен басқарудағы оқытушы шеберлігі.
2) Болашақ маманның тұлғасын жан-жақты дамытуға қолайлы алғы шарттар жасауда, оның тұлғалылығына ықпал етудің тиімді жолдарын табудағы тәрбиеші шеберлігі.
3) Студенттер ұжымындағы тұлғааралық қатынастар жүйесін басқарудағы тәрбиеші шеберлігі. Тәрбие жұмысын жоспарлау шеберлігі.