Бақылау сұрақтары

Дәрістік сабақтың мазмұны

Дәріс. Кіріспе.

Қазіргі заман техникасының тетіктері, құрлымдары және басқа бұйымдары негізінен металл мен қорытпалардан металлургиялық және машинажасау кәсіпорындарында жасалады (сурет 1.1).

Металдан жасалған бұйымдарды және олардың жартылайөнімдерін жасаудың негізгі тәсіледері болып мыналар саналады: құю, қысыммен өңдеу және кесумен өңдеу. Осы тәсілдердің ішінде ерекше рольді металдарды қысыммен өңдеу (МҚӨ) алады. Металдарды қысымен өңдегенде металдың пішінін, оны деформациялау жолымен пластикалық өзгертеді.

Металдарды қысыммен өңдеу үлкен өнімділікпен және аз шығынмен дайын тетікке пішіні жақын тетіктерді немесе дайындама түрінде олардың жартылайөнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Металл суық және ыстық күйде пластикалық деформациялаумен өңделеді. Пластикалық деформация процесінде металдың құрылымы өзгереді және оның механикалық қаиеті жоғарлайды. Сондықтан аса жоғары күш түсетін машиналар тетіктерін қысыммен өңдеп жасайды.

Пластикалық деформациялау әр түрлі тәсілдермен іске асырылады. Осы тәсілдерге мыналар жатады: илемдеу; еркін соғу; көлемдік қалыптау; баспақтау; қаңылтырлы қалыптау; сымдау және МҚӨ арнайы тәсілдері.

Металдардың пішінін өзгертуді жоғары өнімділікпен және аз шығынмен жүргізуге мүмкін бар болғандықтан, ал тағы да олардың механикалық қасиетін жоғарлатуға да мүмкін бар болғандықтан қысыммен өңдеудің ролі қазіргі заманғы өндірісте өте үлкен болып түр.

Тұтастай алғанда металдарды қысыммен өңдеу машинажасау мен металлургияның дайындаушы базасы болып саналады. Негізінен алғанда МҚӨ сапалық дамуынан және толық жетілуінен қуатты энергетикалық құрылымды, жаңа ұшатын аппаратарды, қазіргі заманғы автомобилдер мен жүккөтергіш машиналарды, жаңа электронды және космосты техниканы жасау тәуелді болады.

Металдарды экономдау – МҚӨ алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Экономикалық көрсеткіштерді бағалау үшін тетіктің массасы мен оны жасау үшін жұмсалған металдың массасының сандық қатынасын қолданады. Осы қатнасты процентпем көрсетілген металды қолдану коэффициентті (МҚК) деп атайды. Металды қолданудың ең үлкен мәніне суықтай көлемдік қалыптау және илемдеу (82 және 85 %, сәйкесті жазылған) иемденген. Металөңдеу процестері, мысалы МҚӨ, экономикалық тым тиімді өңдеу тәсілдерін жасау бағытында дамитын болады. Осы тиімді тәсілдерге бірінші кезекте қиыстырылған және қатар қолданылатын процестерді жатқызуға болады. Осындай да металлургиялық қайта өңдеуді қысқарту өндірістің үздіксіз технологиялық сұлбасын ұйымдастырумен байланысты. Бұл процестің еңбексиымдылығын және энергиясиымдылығын едәуір азаютуға және металдың жарамды болып шығуын үлкейтуге алып келеді.

 

  ҚПА (ТСА)  
    СИЦ (ЦХП)  
ББЦ (СПЦ) ҮДҚМ МНЛЗ     ҚП (НП) ҮКО (НШС)  
  ҚТО (ТЛС)
 
  СИЦ (ЦХП)  
  ҚҚ (НК) Слябинг ҚП (НП) ҮКО (НШС)  
  ҚТО (ТЛС)
 
  ҚҚ (НК) Блюминг ҚП (НП) Рельс-балкалы орнақ   Сортты орнақтар
  Ірі сортты орнақ
      ҚП (НП) ДӨҚ (СГП)
  ҚҚ (НК) Блюминг   ҮДО (НЗС) 900/700/500
 
 
  ҚҚ (НК) Блюминг ҚП (НП) ӘБО (УБС) 1300
  ҮҚДО (НТЗС) 1100  
 
  АҚО (ССН)   ҚП (НП) ҚИА (ТПА)  
                         

ББЦ (СПЦ) – болат балқыту цехы; ҮДҚМ (МНЛЗ) – үздіксіз дайындама құю машинасы; ҚҚ (НК) – қыздыру құдықтары; ҚП (НП) – қыздыру пеші; ҮКО (НШС) – үздіксіз кеңжолақты орнақ; ҚТО (ТЛС) – қалыңтабақты орнақ; СИЦ (ЦХП) – суықтай илемдеу цехы; ҚПА (ТСА) – құбыр пісіру арегаты; ҮДО (НЗС) – үздіксіз дайындамалық орнақ; ӘБО (УБС) – әмбебап балкалық орнақ; ҮҚДО (НТЗС) – үздіксіз құбыр дайындау орнағы; ҚИА (ТПА) – құбыр илемдеу агрегаты; АҚО (ССН) – арнайы қызметке арналған орнақ; ДӨҚ (СГП) – дайын өнім қоймасы

1.1 – сурет. Металлургия зауыттарының негізгі цехтарының орналасу сұлбасы

 

Металөңдеуді металдарды қысыммен өңдеу тәсілдерін қолданып болашақта ары қарай дамытуды келесі жолмен жетуге болады: металдарды қысыммен өңдеудің процестерін барлық жақтан механизациялау және автоматтандыру; қара және түсті металдарды және олардың қорытпаларын қатар қолданып өңдейтін жаңа үздіксіз процестермен өңдеу; өндірістік жабдықтардың қуатын және өнімділігін үлкейту; МҚӨ тәсілдерімен бұйымды шығарудың кішкентай шығынды және шығынсыз технологияларын жасау; МҚӨ технологиялық процестерін жобалау және басқару үшін қазіргі кезде қолданылып жүрген бағдарламалық құралдарды қолдану; қиындеформацияланатын және пластикалық қасиеті кішкентай қорытпаларды өңдеу үшін жаңа материалдарды, жабдықтардың түрін және технологияны жасау; МҚӨ процестері үшін технология мен құрал-сайманды автоматты жобалайтын жүйені жасау;

Ұсынылған әдебиет:нег. 1 [3-8], нег. 2. [16-38].

Бақылау сұрақтары

1. Металлургия зауыттарының негізгі цехтарының орналасуы қандай?

2. Пластикалық деформациялау қандай тәсілдермен іске асырылады?

3. Металдарды экономдау туралы не айталасыз.

 



rr;