Бақылау сұрақтары
1. Иілімділік қасиеті дегеніміз не?
2. Металды қысым арқылы өңдегенде оның пішіні мен салмағы қалай өзгеріске ұшырайды?
3. Суық деформациянәтижесінде металл түйіршіктерінің пішіні қалай өзгереді?
4. Шыңдалу дегеніміз не?
5. Қыздыру құрылғыларының түрлерін атаңыз.
№5 дәріс. Илемдеу үрдісінің мәні мен теориялық негіздері
Илемдеу өндірісі – бұл илемдеу өнімінің сапасын және илемдеу цехының техник-экономикалық көрсеткішін анықтайтын бір бірімен кешенді байланыста болатын технологиялық қайта өңдеулер. Илемдеу өндірісінің дамуы жаңа, едәуір жетілдірілген қыздыру, илемдеу және таза өңдеу жабдықтарын қолдануға негізделген. Осы жабдықтар жылдамдығы жоғары және жұмысының режімі қарқынды болатын бір қатар технологиялық процестердің және операциялардың ағынды болуымен сипатталуы қажет. Илемдеу өндірісінде технологиялық процестің шешуші бағыты болып өндірістік процесті кешенді механизациялау, өнімнің түржиынын кеңейту, оның сапасын жақсарту және металдан экономды түрде өнім жасау саналады.
Қара және түсті металдардан өндірісте илем шығаратындығын оқулықтарда айтылып жатыр. Бірақта болаттан илемді өндіру басым болып келеді. Түсті металдар мен қорытпалардан илемді шығарған кезде шығарылатын өнімнің көлемінде үлкен үлесті қаңылтыр илемдеу өндірісі алады.
Металдарды илемдеу, дайындаманың көлденең қимасын азайтып, оған керекті пішінді беру мақсатымен, бастапқы дайындаманы илемдеу орнағының айналатын пішінбілігімен жаншитын пластикалық өңдеудің бір түрі болып саналады.
Илемдеудің мынандай үш негізгі тәсілдері бар (сурет 5.1): ұзына бойлы (сурет 5.1,а), көлденең (сурет 5.1,б) және көлденең-бұрандалы (сурет 5.1, в).
а – ұзына бойлы; б көлднең; в – көлденең бұрандалы: 1 – оң білік, 2 – дайындама; 3 – сол білік; 4 – гильза; 5 – түзеткіш; 6 – қарнақ (өзек)
5.1 – сурет. Илемдеу сұлбасы
Ұзына бойы илемдеген кезде дайындаманы 2 деформациялау әр түрлі бағытта айналатын пішінбіліктер 1 және 3 арасында іске асырылады. Илемдейтін пішінбіліктер 1 және 3, ал тағы да өңделетін дайындамалар 2 осьтері параллельді екені (немесе кішкентай бұрышпен қилысатыны) көлденең илемдеудің қарапайым сұлбасынан көрініп түр. Көлденең илемдегенде қапастағы екі пішінбілікте бір бағытта айналады, ал көлденең қимасы дөңгелек дайындама кері бағытта айналады.
Көлденең илемдеу процесінде өңделетін дайындаманы пішінбілікте арнайы құрылғы көмегімен ұстап тұрады. Дайындаманы диаметр бойынша жаншу және оған қима бойынша керекті пішінді беру пішінбілікті сәйкесті пішіндеумен және олардың арасындағы арақашықты өзгертумен қамтамасыз етіледі. Осы тәсілмен айналу денесі болып саналатын бұйымдарды (шар, ось, тістегіріштер және басқа) шығарады.
Көлденең-бұрандалы немесе қисық илемдеу орнақ қапасында бір біріне белгілі бір бұрышпен орнатылған бір бағытта айналатын пішінбіліктермен орындалады (сурет 5.1). Қисық илемдеу орнағын құбырды өндіргенде, ең бастысы, құймакесекті немесе дайындаманы тесіп гильзаны жасағанда қолданады. Өңделетін дайындаманың осіне еңкейіп орналасқан айналатын пішінбілікпен металл жанасқан уақытта, дайындаманың осінің бойымен бағытталған күштер және оның көлденең қимасына жанамамен бағытталған күштер пайда болады. Осы күштердің бірлесіп әсер етуі айналуды, тарылатын саңылауға өңделетін дайындаманы тартып кіргізуді және деформациялауды қамтамасыз етеді.
Илемдеуді қаңылтырлы және сортты деп екі бөледі. Сорты илемдеген кезде пішінбіліктің бөшкесінде жылға бар болады. Осы жылғалар екі және одан да көп пішінбіліктерді құрастырғанда пішіні және өлшемі бойынша жасалатын жартылайөнімге сәйкес келетін мөлшерлегішті құрады. Қаңылтырлы илемдеу кезінде пішінбіліктің тегіс бөшкесі қолданылады.
Ең көп таралған болып «дуо» және «трио» орнақтарында илемдеу саналады. Осы орнақтардың қапастарында сәйкесті екі және үш жұмысшы пішінбіліктер бар. Жұқақаңылтырлы илемді және фольганы өндірген кезде көппішінбілікті илемдеуді қолданады. Бұндай жағдайда илемдеу төрт (кварто), алты, он екі және жирма пішінбілігі бар қапастарда іске асырылады. Қағида бойынша әмбебапты қапастарда екі тік және екі көлбеу пішібіліктер орнатылған. Осы пішінбіліктер дайын илемнің пішіні мен өлшеміне сәйкес келетін жабық мөлшерлегішті құрады.
Илемдеу өндірісінің өнімі. Илемдеу өндірісінің өнімі халық шаруашылығының барлық саласында өте кең қолдануды тапты. Осы өнім әр түрлі пішіні бар дайындама ретінде машинаның, білдектің, трактордың, автомобильдің, вагондардың, теміржолдың және т.б. жабдықтардың тетіктерін жасау үшін қолданылады.
Илемделетін пішіннің түржиыны. Илемдеудің профилі деп оның көлденең қимасының пішінін айтады, ал түржиіні деп бір орнақта немесе орнақтар тобында илемдеумен алынатын әр түрлі өлшемі бар бір қатар профилдерді айтады. Илемденетін профилдердің түржиыны өте көп. Осы түржиынды мынандай бес топқа бөледі; 1) сортты илем; 2) қаңылтырлы илем; 3) құбырлар; 4) илемнің арнайы түрлері (дөңгелектер, құрсаулар, сақиналар және т.б.); 5) периодты илем.
Сортты металдың профилін мынандай екі топқа бөледі: қарапайым геометриялық пішінді (квадратты, дөңгелек пішінді және жолақты болат) және күрделі-фасанды пішінді (екітаврлы арқалықтар, швеллерлер, рельстер және т.б.).
Қаңылтырлы илемді (болатты) мынандай түрлерге бөледі: қалыңқа-ңылтырлы болат (қалыңдығы 4 мм үлкен), жұқақаңылтырлы болат (қалыңдығы 4 мм кіші) және кеңжолақты немесе әмбебапты болат. Қалыңдығы 3 – 8 мм болатын қаңылтырды жиі отраша қалыңдығы бар қаңылтыр деп атайды. Қалыңқаңылтырлы болатың қалыңдығы 4-тен 160 мм дейін және ұзындығы 4-тен 12 м дейін өзгерген кезде, олар 600-ден 5000 мм дейін өзгеретін енге иемденеді. Бронялы тақта ені бойынша 4500 мм-ге дейін және қалыңдығы бойынша 550 мм дейін жасалады.
Жұқақаңылтырлы болаттың ені 500-ден 2500 мм дейін, қалыңдығы 0,2-ден 3,75 мм дейін, ал ұзындығы 700-ден 4000 мм дейін өзгереді. Қалыңдығы 0,2 мм-ден кіші болатын қаңылтырларды фольга деп айтады. Қаңылтырлардың жиегі кесілу қажет. Қаңылтырлар жиегі бойынша кесілген болуы қажет. Электртехникалық және трансформаторлы болатарда 750 және 1000 мм тең болатын ен және 0,35-тен 1,0 мм-ге тең болатын қалыңдық бар болуы қажет.
Кеңжолақты немесе әмбебапты болаттар 200-ден 1500 мм-ге дейін өзгеретін енге және 4-тен 60 мм-ге дейін өзгертін қалыңдыққа иемденген. Болаттан жасалған таспалар қалыңдықтарына байланысты 20-дан 2500 мм-ге дейін ені өзгеретін етіп және ұзындығы 300 мм-ге жететін етіп жасалады.
Болаттан жасалған құбырлар мынандай екі топқа бөлінеді: диаметрлері 25-тен 600 мм-ге дейін өзгеретін жіксіз құбырлар; диаметрлері 10-нан 1400 мм-ге дейін өзгеретін пісірілген (түйістіріп пісірілген, айқастырып пісірілген, суықтайпрофилденген).
Периодты илем көлденең қимасының пішіні мен ауданы бойынша бірдей болып қалмайтын, ал периодты өзгеретін дайындама болып саналады.
Түсті металдар мен қорытпалар басымырақ мынандай қарапайым профилдерге илемденеді: пішіні кваратты, қаңылтырға ұқсайтын түрі бар жолақтар (тікбұрышты), әр түрлі өлшемі бар таспалар (қалыңдықтары 0,2-ден 25-30 мм-ге дейін өзгереді; қаңылтырдың ені 3000 мм-ге, ал таспаныкі 600 мм-ге жететін етіп жасалады; қалыңдыққа байланысты қаңылтырлар 6 м жететін ұзындықпен, ал таспалар 300 м және одан көп ұзындықпен жасалады).
Илемдеудің технологолиялық сипаттамасы ретінде мынандай көрсеткіштерді қолданады: өнімділік; илемдеу жылдамдығы; бір өтімдегі деформация дәрежесі (жаншу); кермелеу. Жалпы жағдайда илемдеген кезде деформация дәрежесінің жалпы көрсеткіші болып мынандай формуламен есептелетін кермелеу саналады: λ = Fо/F1. Осы көрсеткішті дайындаманың көлденең қимасының ауданын F0 дайын бұйымның көлденең қимасының ауданына F1 бөліп табады. Мынандай мөлшерді: ΔH = H0 − H1 абсолюттік жаншу деп атайды, ал мынандай мөлшерді: εh = (ΔH/H0)⋅100% салыстырмалы жаншу деп атайды (мұндағы H0 және H1 – жартылай өнімнің, сәйкесті, деформацияға дейінгі және кейінгі биіктігі). Илемдеу орнағының өнімділігін, т/с, мынандай формуламен есептеуге болады: A = (3600/tц)G, мұндағы G – дайындама (құймакесек) биіктігі, т; tц – илемдеу уақыты (циклі), с.
Қаңылтырлы илемді (қаңылтыр, жолақ, таспа) өндіруді ыстықтай (қалыңқаңылтырлы материал) және суықтай (жұқақаңылтырлы материал, фольга) илемдеу тәсілдерімен іске асырады. Ыстықтай илемдеуді екі, үш және төрт пішінбілікті қаңылтыр илемдеу орнағында жүргізеді. Бастапқы материал болып әдістемелік пеште қыздырылатын массасы 7,5 тоннадан 45 тоннаға жететін слябтар саналады. Минимальды қалыңдығы 0,15 мм жететін болатты суықтай илемдеуді төрт-алты қапасты үздіксіз орнақта немесе орауышпен қамтамасыз етілген «кварто» орнағында жүргізеді. Алюминилік фольганы өндіру үшін үздіксіз құйылған дайындаманы қолданады. Осы дайындаманы 6 мм қалыңдықтан микрондық өлшемге дейін «кварто» орнағында илемдейді.
Қаңылтырлы және сортты илемдерді өндіру үшін илемдеу цехторында әр түрлі типтері және белгілеулері бар орнақтарды орнатады. Шартты мынандай бірнеше топты бөліп көрсетеді:
1. Дайындаушы орнақтар: блюмингтер, слябингтер, үздіксіз дайындаушы орнақтар. Блюмингтер мен слябингтер – бұл пішінбіліктерінің диаметрі 850 – 1500 мм тең болатын ірі жаншушы жабдықтар. Осы жабдықтарда илемдеуді 11 – 15 өтімде кері қайтымды режіммен жүргізеді. Қағида бойынша, бұл тікбұрышты (сляб) және квадратты (блюм) дайындамалар түрінде ірі өлшемді дайындамаларды өндіру үшін қолданылатын бірқапасты орнақтар. Үздіксіз дайындаушы орнақтарды тікелей блюмингтен немесе слябингтен кейін орналастырады. Осы орнақ әрбіреуінде алты қапас бар екі үздіксіз топтан тұрады.
2. Дайын илемді (сортты, қаңылтырды, құбырды және арнайы профильдерді) илемдеу үшін қолданылатын орнақтар. Сортты орнақтарға мыналар жатады: ірі сортты, рельсарқалықты, орташасортты және кішісортты. Қаңылтырлы орнақтарға мыналар жатады: қалың қаңылтырды илемдейтін орнақтар; жұқа қаңылтырды (орамды) илемдейтін орнақтар. Құбыр илемдейтін орнақтарға мыналарды жатқызады: тесетін, жаймалайтын орнақтар және құбырды суықтай илемдейтін орнақтар, ал тағы пісірілген құбырды алу үшін қолданылатын орнақтар. Арнайы орнақтарға перидты, иілген профилдерді, шарды, дөңгелекті илемдейтін және басқа да орнақтарды жатқызады.
Сорттыилем орнақтарында негізгі параметр ретінде жұмысшы пішінбіліктердің диаметрін қабылдайды. Мысалы, «Кварто 400» орнағы белгілеуі мынаны білдіреді: орнақта 4 пішінбілік бар; осы пішінбіліктердің 2 тіреуші, ал 2 жұмысшы; жұмысшы пішінбіліктің диаметрі 400 мм. Қаңылтыр өндіретін орнақтарда негізі параметр ретінде пішінбіліктің бөшкесінің ұзындығы қабылданған. Сондықтан «Орнақ 2000» белгілеуі, осы орнақ пішінбілігінің бөшкесінің ұзындығы 2000 мм тең екендігін білдіреді.
Жұмысшы қапастардың орналасуы бойынша илемдеу орнақтарын келесі түрлерге бөледі: бірқапасты; тізбекті; көпқапасты; бір ізді, жартылайүздіксіз және үздіксіз.
Пішінбіліктерді мөлшерлеу деп илемдеу орнағының пішінбіліктерінде орналасып, берілген өлшемі бар профилді алуды қамтамасыз ететін мөлшерлегіштің тізбегін айтады. Орнақтың типіне байланысты әрбір мөлшерлегіште металды бір немесе бірнеші өтіммен илемдейді. Нәтижесінде дайындама керекті қимасы бар илемге айналады. Мөлшерлеу түсінігі мыналарды өзіне тағы да қосады: мөлшерлегіштің пішіні мен өлшемін анықтау; осы мөлшерлегіштерді илемдеу орнағының пішінбіліктерінде орналастыру (яғни пішінбіліктердің мөлшерлегішін жобалау процесі).
Мөлшерлегіштерді екіпішінбілікті үшін және көппішінбілікті үшін деп екіге бөледі. Сонымен бірге кейбір пішіндері бірдей мөлшерлегіштер екі және одан да көп пішінбіліктермен құрылуы мүмкін. Илемдеу өндірісінің практикасында мынандай мөлшерлегіштер орын тапты: екіпішінбілікті; үшпішінбілікті және төртпішінбілікті (сурет 5.3).
Мөлшерлегіштерді пішіні бойынша, пішінбіліктерде орналасуы бойынша және белгіленуі бойынша топтайды.
Пішіні бойынша мөлшерлегіштерді мынандай екі негізгі топқа бөледі: қарапайым пішінді (жәшікті немесе тікбұрышты, ромбылы, алтыбұрышты, сопақ пішінді, дөңгелек пішінді, квадратты, алтықырлы) және фасонды пішінді (арқалықты, швеллерлі, бұрышты, рельсті, таврлы және т.б.).
а – ойық 1; б – шығыңқылық 2; в – ойық 1 және шығыңқылық 2, г - ойық 1 және шығыңқылық 2
5.2 – сурет. Жылғалармен құрылған мөлшерлегіштер
Пішінбіліктерде орналасуы бойынша мөлшерлегіштерді былай айырады: ашық, жабық, жартылай жабық және диагональді. Ашық мөлшерлегіште пішінбіліктер белдемесі арасындағы көлденең саңылау жуықты мөлшерлегіш биіктігінің ортасында орналасады. Жабық мөлшерлегіште жоғырада айтылған саңлау мөлшерлегіш шегінің сыртында орналасады, ал жартылай жабық мөлшерлегіште – мөлшерлегіш табанына немесе немесе шыңына жақын жерлерде орналасады. Диагональды мөлшерлегіште белдеме арасындағы саңлау диагональ бойынша орналасады (мысалы, сол жақтағы белдемеде мөлшерлегіштің төменгі жағында, ал оң жақтағы белдемеде мөлшерлегіштің жоғары жағында орналасады).
Белгілеуі бойынша мөлшерлегіштерді былай бөледі: жаншитын, қаралай өңдейтін, алдын ала тазалай өңдейтін және тазлай өңдейтін. Жаншитын мөлшерлегіштер бастапқы құймакесектің, блюмнің немесе дайындаманың көлденең қимасының ауданын кішірейту үшін арналған. Жаншитын мөлшерлегіште өңдеудің мақсаты кейінірек керекті профиль жасалатын дайындаманы алу. Жаншушы мөлшерлегіш ретінде әдетте жәшікті мөлшерлегішті қолданады. Осы мөлшерлегіштер блюмингті және дайындаушы орнақтарда, ал тағы да сортты орнақтардың бірінші өтімдерінде илемдеген кезде қолданады. Қаралай өңдейтін мөлшерлегіштер илемденетін фасонды профильдерді (мысалы, екітаврлы арқалықтар, швеллерлер және т.б.) біртіндеп жасауға арналған. Сортты орнақтарда қаралай өңдейтін мөлшерлегіштер жаншушы мөлшерлегіштерден кейін орналасады. Карапайым сортты профилдерді (дөңгелек, кварат, алтықыры бар) илемдеген кезде қаралай өңдейтін мөлшерлегішерге қарапайым пішіні бар мөлшерлегіштерді жатқызады. Осы соңғы мөлшерлегіштерде өңделіп жатқан дайындаманың көлденең қимасының ауданы ары қарай азайады. Осындай да бұл мөлшерлегіштерді ең үлкен кермелеуді қамтамасыз ететіндей ретпен орналастырады, яғни олар кермелеуші ретінде қолданылады. Қаралай өңдейтін мөлшерлегіштер орнақтың қаралай өңдейтін және аралық топтарында қолданылады (сурет 5.3).
|
Бастапқы материалдардан әр түрлі түрде металл шығаратын толық металлургиялық циклі бар металлургиялық завод құрамына келесі цехтар кіреді: доменді цех (шойын өндіру); мартендік, конверторлы, электрбалқыту цехтары (болатты және басқа материалдарды өндіру); ыстықтай илемдеу цехтары (ыстықтай илемделген илем және құбырлар); суықтай илемдеу цехтары (қалыңдығы бойынша өлшемдердің дәлдігімен, бет жағы жақсы тазалай өңделумен, ал тағы да қосымша физика-механикалық қасиетпен айрмашылықта болатын суықтай илемделген қаңылтырды, жолақты және құбырды өндретін); мөлшерлейтін цехтар (бетінің сапасы жоғары және өлшемі бойынша шақтамасы жақсы болатын шыбықты және додалы мөлшерленген металды өңдіретін); антижегіделі және басқа түрлі қаптама цехторы (қалайлылау, мырыштау, алюминдеу, хромдау және т.б.); иілген профилді шығаратын цехтар (қаңылтырлы илемнен кең түржиынды жұқақабырғалы иілген профилдерді шығаратын); термиялық цехтар және металды әр түрлі тазалай өңдейтін цехтар. Осы себептен доменді, болатбалқытатын, илемдейтін және металдарды өндіруге қатысатын басқа цехтар металлургиялық заводтың негізгі цехторы болып саналады.
Егер толық циклі бар металлургиялық заводқа әдетте кіретін кокстық өндіріс кәсіпорынға кіретін болса, онда цехтардың осынлай үйлесуі ең ұтымды болып саналады. Себебі кокстық және домендік пештерден шығатын газдарды, шойынды домендік цехтан болат балқыту цехына берген кезде сұйық шойынның жылуын және болат балқыту цехынан илемдеу цехына құймакесекті берген кезде осы құймакесектің жылуын пайдалануға болады.
Ұзақ уақыт дайын илемді жасау құймакесек – дайын илем технологиялық сұлбасы бойынша орындады (сурет 5.4). Бұндай жағдайда массасы көп емес құймакесектер алынды. Осы құймакесектің массасы, одан бір ғана қыздырумен керекті бұйымды жасау есебімен таңдалады. Бірақта машинажасау мен металлургияның дамуына байланысты (әсіресе болатты балқытудың жоғары өнімді тәсілдерінің пайда болуына байланысты) едәуір массасы бар (6 – 10 т және одан да көп) құймакесектерді құю керектігі пайда болды. Осындай құймакесектен дайын илемді бір ғана қыздырумен алу көптеген жағдайда мүмкін емес болып есептелді.
5.4 – сурет. Қарапайым құймакесектен илем өндірудің технологиялық сұлбасы
Осы себептен жаншу орнақтарын қолдана бастады. Осы орнақта өңдеудің мақсаты болып құймакесекті дайындамаға өңдеу саналады. Осындай жағдайлар мынандай жаңа технологиялық сұлбаны қолдануға алып келді: құймакесек – жартылайөнім (дайындама) – дайын илем.
Сондықтан қағида бойынша илемдеу цехтораның құрамына жаншитын (блюмингтер мен слябингтер) және дайындайтын цехтар кіреді. Осы цехтар болат балқытатын және илемдейтін цехтарды байланыстыратын негізгі агрегаттар болып саналады. Соңғы айтылған илемдеу цехтарында дайын илем шығаратын мынандай жабдықтар орнатылған: сорты орнақтар (рельс-арқалық, ірі, орташа және ұсақсортты орнақтар); қаңылтыр илемдейтін орнақтар; құбыр илемдейтін орнақтары және т.б.
Осындай кең таралған технологиялық сұлбамен қатар, қазіргі уақытта құйылған дайындама – дайын илем сұлбасына көшу байқалады (сурет 1.6). Осыған квадратты және тікбұрышты көлденең қимасы бар дайындамаға болатты құюуды жақсы меңгеру мүмкіндік берді. Айтылған дайындамаға болатты құю алдымен тек түсті металлургияда кең таралған. Болаттан үздіксіз дайындаманы құю құюдың өзінің технологиялық процесін орындау едәуір қиын болғандықтан ұзақ уақыт қолданылмай келді. Бірақта бұл процесс химиялық едәуір біркелкі тығыз дайындаманы алуға мүмкіндік береді. Осы жарамдының шығуын өте үлкен етіп жоғарлатады. Мысалы, тыныш көміртекті болатты сауытқорамға құюмен салыстырғанда слябты үздіксіз құюмен алу жарамдының шығуын 20 % жоғарлатады. Осымен бірге сауытқорам және түп астын дайындау бөлімдерінің керектігі жойылады.
Болатты үздіксіз құю тәсілін қолдану металлургиялық қайта өңдеудің өзіндік құнын азайтады. Өйткені осындай кезді жаншу цехтарының қымбат жабдықтарының керектігі, қызмет көрсететін және басқартын қызметкерлерді қамтамасыз ету шығыны жойылады. Осындай жағдайда болаттың механикалық қасиеті және басқа сипаттамалары көптеген жағдайда жақсарып, илемнің өзіндік құны 8-10% азаятындығы анықталған. Осымен бірге үздіксіз құю болат балқытатын цехтың жұмыс жасау жағдайын едәуір өзгертеді, металлургиялық өндірістің барлығын (шойын мен болатты алу, дайын илем жасау) механикаландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондықтан үздіксіз құю көптеген мемлекеттерде едәуір дамуды алды.
5.5 – сурет. ДҮҚМ-де алынған дайындамалардан илемдер өндірудің технологиялық сұлбасы
Құбырды және арнайы профильдерді өндіру үшін жоғарыда жазылғанға ұқсас технологиялық сұлбаны қолданады, тек айырмашылық дайындаманы жасау сатысында және пішінөзгерту процесінің ерекшелігінде болады. Сөйтіп ыстықтай илемдеумен жіксіз құбырларды өндірген кезде дайындаманы тесіп гильзаны алу және көлденең-бұрандалы илемдеу тәсілі көмегімен гильзаны құбырға айналдыру қолданылады. Жіксіз құбырларды суықтай илемдеу үшін қапасының жұмыс істеу режімі периодты болатын құбырды суықтай илемдейтін орнақтар қолданады. Осы орнақта пішінбілігі бар қапас қозғалады, ал дайындама өзгермелі радиусы бар пішінбілікпен жаншылады.
Жоғарыда айтылған құбырды илемдеу сұлбасында құрал-сайман ретінде конусты пішіні бар түзеткішті қолданады. Пісірілген құбырларды өндірген кезде пішіндеу-пісіру орнағында жолақты (штрипсті) илемдеу қолданылады. Кезектесіп орналасқан көлденең және тік пішінбілігі бар осы орнақтың қапасында жолақ біртіндеп бүктеліп ұзығы бойынша пісіріледі. Шарлар, осьтер, периодты профильдер және т.б. жататын илемнің арнайы түрлерін көлденең-бұрандалы илемдеу орнағында жасайды. Осы орнақтарда жұмысшы пішінбіліктердің орналасуы, пішіндері және сандары әр түрлі.
Ұсынылған әдебиет: нег. 1 [3-8], нег. 2. [16-38].
Бақылау сұрақтары:
1. Бойлық және көлденең илемдеудің айырмашылықтар неде?
2. Сортты илемдеу не үшін қолданылады ?
3. Қандай мақсатпен көппішінбілікті илемдеу қолданылады?
4. «Кварто 400» орнағы деп айту нені білдіреді?
5. Илемдеген кезде қандай көрсеткіш деформация дәрежесін сипаттайды?
6. Илемдеу пішінбілігін мөлшерлеу дегеніміз не?