СР-ЫНДАҒЫ ОГПУ БАСҚАРМАСЫНА ТЕРГЕУДЕ ЖАТҚАН ҚОШМҰХАМЕД КЕМЕҢГЕРҰЛЫНАН МӘЛІМДЕМЕ[51]. 17 ШІЛДЕ, 1931 ЖЫЛ. АЛМАТЫ АБАҚТЫСЫ.

Жазықсыз абақтыда отырғаныма, міне, 10 ай өтті. Маған Қылмыс Кодексінің 58 (11-7) бабы бойынша айып тағылыпты. Бірақ мен өзімді кінәлі санамаймын. Кеңес өкіметіне қарсы күресу үшін жекебасылық немесе қоғамдық сипаттағы салмақты негіз болу керек. Менде ондай жағдай болған емес, нақтырақ айтсам, мұғалім кезімде материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етілген едім, бұған қоса Шығыстану факультетінің аспиранты ретінде маған ғылыми перспективалар ашылған-ды. Қоғамдық сипаттағы негізде Кеңес өкіметіне қарсы болу деген – қаражүзділердің реакциялық әрекеттерін, ұлы державалық шовинизмді қайта жандандыру. Мұндай қаскүнемдікті кім жақтайды? «Алаш Орданың» басшылығындағы буржуазиялық-ұлттық қозғалыспен байланысымды 1919 жылдың басында үзгенмін. Содан бастап мен өзімді ілгері ұмтылғандардың қатарындамын деп есептеймін, мұны жарияланған еңбектерім (дұрыстап аударылып, түсінік жасалса) растайды. Ұлтшылдық дүниетаным қалдықтарынан 1922 жылы, Қазақстандағы коллективтендіру мен таптық айырылым қатаң басталған уақытта біржолата құтылдым.

7 жыл ішінде мен Ташкентте түрлі оқу орындарында сабақ бердім. Осы уақытта менен дәріс тындаған шәкірттердің қайсысы болсын сабақ үстінде кеңес өкіметіне қарсы ой білдіргенімді айтса, өзімді айыпты санар едім. Маған Шығыстану факультетінің екі студенті жала жауып, куәлік беруі мүмкін деп ойлаймын, өйткені олар өздерінің жеке карьерасының жолында мені бәсекелес деп пайымдаушы еді. Жыл сайын жазда қымызбен емделу үшін мен Сібір өлкесіндегі ауылыма барамын. Егер туған ауылымдағы біреу мені кеңестік шараларды бұзды, кеңеске қарсы үгіт жүргізді десе, өзімді айыпты санар едім. Қайта мен туған елімде егінді кеңейтуге, жайылымды жақсартуға, колхоз құруға ықпал жасадым. 10 ай ішінде маған шімірікпестен жала жапқандармен жүздестірмеуді заңсыздық деп есептеймін. Мен Сіздерден өз қолыммен жазған куәліктеріме ғана назар аударуларыңызды сұраймын. Ташкентте тергеуші Ағабековке берген жауабымды біржақты деп санаймын. Өйткені ол: қараңғы карцерге саламын, тіпті атқызамын – деп қорқытты. Мен III дәрежелі туберкулезбен ауырамын, мұны анықтаған комиссияның 2 шілдеде берген актісі бар. Олар мені І-топтағы инвалид деп тапты. Абақтының ауыр жағдайында туберкулездің салдарынан ерте жан тапсыруым мүмкін.

Менің осы айтқандарыма назар салып, емделу үшін босатуларыңызды өтінемін. Тіпті болмаған жағдайда қолхат беріп аз-кем сауығып алсам деймін.

17 шілде, 1931 жыл. Алматы абақтысы.

 

*** *** ***

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ 1931 ГОДА АВГУСТА 16 ДНЯ, г.АЛМА-АТА.

 

Я уполномоченный 3-го отделения ОГПП ОГПУ в КАССР Латов вследствие истечения определенных статей 616 ОПК срока обвинения следствием в отношении обвиняемых по статьям 58-7, 58-11 и 59 о подпольной конфиденциальной казахской националистической организации:

Тынышбаева Мухаметжана, Кожамкулова Насыра, Кордабаева Рамазана, Серикханова Нарибека, Султанкулова Насыра, Мусаева Шиналия, Ахметова Ильяса, Кадырбаева Сейдазыма, Досмухамедова Халела, Акбаева Жакыпа, Мурзина Мухтара, Акбаева Абдилхамида, Сулеева Биляля, Кеменгерова Кошмагамбета, Омарова Ашима, Кашкымбаева Ису, Ермекова Алимхана, Буралкиева Мустафу, Ауэзова Мухтара, Кудерина Жумахана, Мангелина Алдабергена, Кенесарина Азимхана, Досмухамедова Жаганшы, Мухаметшина Сейдахмета, Омарова Валихана, Искакова Данияла, Кожекова Коныркожу, Мунайтпасова Абдрахмана, Тлеулина Жумагали, Умбетбаева Алдабергена

и невозможности закончить следствие в срок, в виду необходимости ареста ряда новых лиц, причастных в деятельности вышеназванной организации и в связи с выяснением новых обстоятельств, постановить ПЦИКом продление срока содержания вышеперечисленных обвиняемых по виду 23-70 под стражей до 1-го ноября 1932 года, о чем уведомляю прокурора, наблюдающего за следственным производством округа ОГПУ.

Уполномоченный 5 отделения Латов.

Согласен: Начальник ОПП ОГПУ Хоростяк.

Утверждаю: ПП ОГПУ Костев-Малиновский.

1931 года августа 16 дня, г.Алма-Ата.

*** *** ***